
- •Мазмұны
- •1.1 Өндіріс ерекшеліктері және олардың шығындар есебін ұйымдастыруға тигізетін әсерлері
- •1.2 Өзіндік құнның экономикалық мәні және оны үнемдеу жолдары
- •1.3 Экономикалық элементтер бойынша өндірістік шығындар және олардың есеп саясатындағы көрінісі
- •2.1 Материалдық шығындар есебі
- •2.2. Еңбек ақы шығындарының есебі
- •2.3. Үстеме шығындарды есептеу және оларды бөлуді жетілдіру
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Мазмұны
Кіріспе ...............................................................................................................3
ТАРАУ І.НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ӨНДІРІС ОРНЫНЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІГІ…...................................................................5
1.1. Өндіріс ерекшеліктері және олардың шығындар есебін ұйымдастыруға тигізетін әсерлері .................................................................................................5
1.2. Өзіндік құнның экономикалық мәні және оны үнемдеу
жолдары .............................................................................................................10
1.3.Экономикалық элементтер бойынша өндірістік шығындар және олардың есеп саясатындағы көрінісі ...............................................................................13
ТАРАУ ІІ. ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ.......................................................................................................17
2.1. Материалдық шығындар есебі ..................................................................17
2.2. Еңбек ақы шығындарының есебі ...............................................................22
2.3. Үстеме шығындарды есептеу және оларды бөлуді жетілдіру ................27
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ............................................34
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Автокөлік жолдары – Қазақстан Республикасының жалпы транспорт жүйесінің маңызды саласы бола отырып, олардың даму деңгейі мен техникалық жағдайы жалпы мемлекеттің, сондай-ақ жеке аймақтардың экономикалық және әлеуметтік дамуына ерекше ықпал етеді. Автокөлік жолдары тауарлар мен өнімдер, жүктер мен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын негізгі қатынас құралы болып есептеледі.
Қазақстан Республикасында саяси – экономикалық және әлеуметтік қатынастардың тұрақтану жағдайында пайдаланудағы жолдарды қалыпты жағдайда күтіп – ұстау маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Автокөлік тасымалдарының қарқынды дамуы автокөлік жолдарының жай – күйіне және олар көрсететін қызметтердің сапасына қатаң талаптар қойып отыр. Соған байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі 2001 жылдың 29 мамырында «Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2001-2008 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» қаулы қабылдады [1]. Осы қаулының негізінде «Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қабылданды [2].
Қазақстан Республикасы территориясының көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орынды алады, ал тұрғындарының саны тек 15 млн-нан сәл артып түседі. Осы тұрғыдан алғанда транспорттық – коммуникациялық кешеннің маңызы ел экономикасы мен оның мемлекеттік тұтастығы үшін алатын орны өте жоғары.
Қазіргі уақытта өнеркәсіп пен ауылшаруашылығының, өңдеуші орындардың тұрақты дамуы, транзиттік қатынастардың өрістеуі, коммуникациялар мен ақпараттың ғаламдық жүйелері, халықаралық экономикалық және қаржылық ұйымдар мен корпарациялардың іс – қимылдары, жүк және жолаушы тасымалдар көлемінің өсуі, сондай-ақ барлық елді – мекендер, аудандар мен облыстар арасында тұрақты автомобиль қатынастарын қамтамасыз етудің қажеттілігі республикада автомобиль жолдары желісін дамытудың маңыздылығын айқындата түседі.
Халықаралық ынтамақтастықты кеңейту, кірігу процестерін тереңдету және халықаралық сауда көлемін ұлғайту мемлекетаралық экономикалық және мәдени байланыстарды қамтамасыз етуге қатысты транзиттік жүк және жолаушылар ағындарын кедергісіз өткізуге қолайлы жағдайларды талап етеді. Транзиттік тасымалдардың өсуі ұлттық көлік жүйелерінің тасу мүмкіндіктерінің резервтерінің пайдалану тиімділігін арттырады, олардың ұдайы өндірісі мен жетілдіруін ынталандырады. Транзиттік тасымалдардың өсуінің нәтижесі бюджеттік түсімдердің, көлік ұйымдары кірістерінің ұлғаюы мен олардың тиімді дамуына ықпал ете алады [2].
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекетіміздің көп салалы секторлары, соның ішінде орта және кіші бизнес, мұнай және газ өнеркәсібі, құрылыс кешендері экономиканың тұрақтануына елеулі әсер етіп отыр.
Осы салалардың ішінде жалпы пайдаланудағы автокөлік жолдарының маңыздылығы олардың техникалық жай – күйі мен көрсететін қызметтерінің сапасы халықаралық стандарттардың талаптарына жауап берген жағдайда ерекше орын алады. Сондықтан да, қазіргі таңда жол шаруашылығының тұрақты дамуына және автомобиль жолдарының тиімді пайдалануына саладағы өндіріс шығындары есебі мен аудиттің дұрыс ұйымдастырылуы маңызды әсер етеді. Яғни, саладағы дұрыс ұйымдастырылған бухгалтерлік есеп арқылы материалдық ресурстар мен ақшалай қаражаттарды үнемді пайдалануға, жолдарды салу және жөндеу жұмыстарының өзіндік құндарын төмендетуге, сонымен қатар өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік болады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмыстың негізгі мақсаты нарықтық қатынастар жағдайында жолдарды салу мен жөндеу жұмыстары бойынша өндіріс шығындарының қалыптасуының теориялық ерекшеліктерін, олардың есебін жүргізу әдістерін, сонымен бірге өндіріс шығындарына талдау жүргізуді ұйымдастыруды жетілдіру болып табылады.
Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін зерттеу барысында мына төмендегідей міндеттер алға қойылды:
Жол шаруашылығының технологиялық және салалық ерекшеліктеріне байланысты өндіріс шығындарының баптары мен элементтеріне қарай жіктелуін жетілдіру бойынша ұсыныстар беру;
Нарықтық қатынастар жағдайында өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру мен саладағы қызметтің өзіндік құндарын төмендету жолдарын жетілдіру мәселелеріне байланысты ұсыныстар жасау;
Автокөлік жолдарын салу және жөндеу жұмыстары бойынша материалдық, еңбек ақы және техника пайдалануға байланысты шығындар есебі мен үстеме шығындарды есептеу және бөлуді жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар беру:
Жолдарды салу мен жөндеу жұмыстарына жұмсалған өндірістік шығындарға талдау жүргізіп, тиімді жолдарын ұсыну;
Орындалған жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарына және оларға жұмсалған шығындар бойынша сыртқы және ішкі аудитті ұйымдастырудың ұтымды әдістемелерін ұсыну.
Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қортындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
ТАРАУ І.НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ӨНДІРІС ОРНЫНЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІГІ