Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОБЖ лек.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
113.53 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының Азаматтық қоғаныс және төтенше жағдайлар саласындағы заңдарының ролі мен маңызы

Қазақстан Республикасында Халқты және мемлекеттің экономикасын болуы мүмкін төтенше жағдайлардың зардаптарынан қорғауды ұйымдастыруға ерекше назар аударылды.

Заң шығарушы және атқарушы билік органдар қызметінің, барлық деңгейдегі басшылардың және халықтың құқықтық және заңды негізі құрылды.

Республикада АҚ және ТЖ саласында қабылданған заңдар құқықтық негізі болып табылады.

Төтенше жағдайлар бойынша қаржыландыру тәртібі бойынша қосқанда, заңдарда анықталған реті енгізілген, резервтерді жасау және қолдану, шұғыл медициналық көмек, авариялық-құтқару қызметтер, оқыту, жоспарлау және қорғаныс іс-шараларды жүзеге асыру.

Осы заңдардың маңызын бағалау өте қиын, өйткені олар ҚР аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша қоғамдық қатынастарды, авариялық-құтқару қызметтерінің жәе құрылымдарының жұмысын реттейді, орталық, жергілікті өкілетті және аиқарушы органдардың, ұйымдардың негізгі міндеттерін және өкіліттілігін, Қазақстан Республикасы азаматтарының төтенше жағдайлар саласындағы құқықтары мен міндеттерін анықтайд.

Республика ТЖ алдын алу және оларды жоюдың мемлекеттік біртұтас жүйесі жұмыс істейді. Оған әртүрлі - жағдайды байқау, бақылау, болжау және хабарлау қызметтері мен авариялық – құтқару бөлімшелеріне дейін кіреді.

Қазақстан Республикасының Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы Заңы

1996 жылғы 5 шілде

Заңның негізгі ережелері халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізуші нысандарды; халықтың құқықтарын және міндеттерін қорғауға, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелеріне байланысты. Осы салада пайданылатын терминдер мен ұғымдар анықталған:

Төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкелiп соққан немесе әкелiп соғуы мүмкiн, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге нұқсан келтiрген немесе келтiруi мүмкiн, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тiршiлiк жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкiн авария, зiлзала немесе апат салдарынан белгiлi бiр аумақта туындаған жағдай;

Авария - технологиялық процестiң бұзылуы, механизмдердiң, жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануы;

Зiлзала - төтенше жағдайдың пайда болуына әкелiп соққан жойқын құбылыс;

Апат - аймақтық және iрi ауқымды төтенше жағдайдың пайда болуына әкелiп соққан жойқын құбылыс;

Заң мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін өзі басқару органдарының өкілеттілігін анықтайды, ТЖ кезіндегі шығындар мен зиянды қатерін барынша азайту, құтқару мен өзге шұғыл ұмыстарды жүргізу бойынша негізгі іс-шараларды заңды түрде бекітеді.

Қазақстан Республикасының Авариялық – құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы Заң

1997 жылғы 27 наурыз

Бебіт уақытта ТЖ жиі болуы ТЖ зардаптарын жою кезінде жоғары кәсіптілігімен және арныйы білімімен ерекшеленетін арнайы қызметті құруды қажет етеді.

Осы Заң табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жлю үшін құрылған авариялық-құтқару қызметі мен құрамаларының ұйымдастырылуы мен қызметі кезінде қоғамдық қатынастарды реттейді.

Заңда құтқарушылар қызметінің құқықтық кепілдері, олардың мәртебесі, құқықтар мен міндеттері, сондай-ақ жұмыс пен демалыс және еңбекақы төлеу тәртібі анықталған.

Негізгі ұғымдары

авариялық-құтқару қызметi - негiзiн өзiне құрылымдық жағынан авариялық-құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды орындайтын атқарушы-құтқарушыларды, кiшi, орта және жоғары құрамдағы осы жұмысты басқарушы-құтқарушыларды және осы жұмысты техникалық жағынан қамтамасыз ететiн көмекшi қызметтердi қамтитын авариялық-құтқару құрамалары , оның iшiнде аэроұтқыр отрядтар құрайтын, қызмет мiндеттерi жағынан бiртұтас жүйеге бiрiктiрiлген, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi мiндеттердi шешуге арналған басқару органдарының, күштер мен құралдардың жиынтығы;

құтқару жұмыстары - төтенше жағдайлар аймағында адамдарды, материалдық және мәдени қазыналарды құтқару, қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайларды бiр шектен шығармау және соларға тән қауiптi факторлардың ықпалын басу немесе мүмкiн болатын ең төменгi деңгейiне түсiру жөнiндегi iс-қимылдар;

құтқарушы - құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге арнайы даярлық пен аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) өткен азамат;

құтқарушылардың мәртебесi - Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген құтқарушылардың құқықтары мен мiндеттерiнiң жиынтығы;

Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс туралы Заңы

1997 жылғы 7 мамыр

Осы Заң Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының негiзгi мiндеттерiн, құрылуы мен жұмыс iстеуiнiң ұйымдық принциптерiн, Қазақстан Республикасы орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының, ұйымдарының азаматтық қорғаныс саласындағы құзыретiн, азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен мiндеттерiн белгiлейді

Негізгі ұғымдар

Азаматтық қорғаныс - басқару органдарының мемлекеттік жүйесі мен бейбіт уақытта және соғыс уақытында халықты, шаруашылық жүргізу объектілері мен ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдау (қирату) факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиынтығы;

"Баршаңыздың назарыңызға!" дабылы - Азаматтық қорғаныстың дабылдамалармен және басқа да дабыл беру құралдарымен берілетін бірыңғай дабылы. Осы дабыл бойынша халық теледидарларды, радионы және басқа да ақпарат қабылдау құралдарын іске қосып қоюға, беріліп жатқан ақпаратты мұқият тыңдап, іс-әрекет тәртібі мен жүріс-тұрыс ережелері жөніндегі талаптарды орындауға міндетті;

шаруашылық жүргізу объектілері - өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өндірісінің және қоғам қызметінің басқа да салаларының мүдделері үшін пайдаланылатын үйлер, ғимараттар және басқа да құрылыстар;

Қазақстан Республикасының Өрт қауіпсіздігі туралы Заңы

1996 жылға 22 қараша

Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк қызметтiң ажырамас бөлiгi болып табылады.

Осы Заң мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы аумағында өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарын реттейдi

негізгі ұғымдар

өрт қауіпсіздігі - адамдардың, мүліктің, меншіктің, қоғам мен мемлекеттің өpттeн қорғалу жай-күйі;

өрт - адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне зиян, материалдық залал келтіретін бақылаусыз жану;

өртке қарсы қызмет - белгіленген тәртіппен құрылған басқару органдарының,  мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы), облыстық маңызы бар қалалардағы, аудандардағы  күштері мен құралдарының, соның ішінде өрттің алдын алу мен оны сөндіруді ұйымдастыруға, бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің  жиынтығы;

өрт қауіпсіздігінің талаптары - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген әлеуметтік және (немесе) техникалық сипаттағы арнаулы шарттар;

өртті сөндіруге байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстары - адамдарды, мүлікті, меншікті құтқару мен басқа жерге көшіру, өрт кезінде зардап шеккендерге дәрігер келгенге дейінгі алғашқы көмек көрсету жөніндегі жауынгерлік іс-әрекеттері;

Қазақстан Республикасының Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы Заңы

1998 жылғы 23 сәуір

Осы Заң халықтың денсаулығын иондаушы сәуле соққысына ұрынудың зиянды әсерiнен қорғау мақсатында оның радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.

Негiзгi ұғымдар

радиациялық қауiпсiздiк - белгiленген нормаларға сәйкес қызметшiлерге, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсердi шектейтiн шаралар кешенiмен қамтамасыз етiлген радиациялық жағдайдың жай-күйi;

иондаушы сәулелендiру - ортамен өзара әрекет кезiнде түрлi белгiлердегi иондар түзетiн, зарядталған, зарядталмаған бөлшектер мен фотондардан тұратын сәулелендiру;

табиғи радиациялық ая - ғарыш сәулесi және жерде, суда, ауада, биосфераның басқа элементтерiнде, тамақ өнiмдерi мен адам организмiнде өздiгiнен бөлiнген табиғи радионуклидтердiң сәулесi шығаратын сәулелендiру мөлшерi;

техногендiк өзгертiлген радиациялық орта - адам қызметiнiң нәтижесiнде өзгерген табиғи радиациялық орта;

радиациялық авария - атом энергиясын қолдану объектiсiн қауiпсiз пайдалану шегiнiң бұзылып, бұл орайда адамдардың белгiленген нормалардан тыс сәуле алуына немесе қоршаған ортаның радиоактивтi ластануына әкеп соғуы мүмкiн немесе әкеп соққан радиоактивтi өнiмдердiң және/немесе иондаушы сәулелендiрудiң қалыпты пайдалану жобасында көзделген шектен асып кетуi;

радиациялық қорғаныш - радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған радиациялық-гигиеналық, жобалау-конструкторлық, техникалық және ұйымдық шаралар жиынтығы;

Төтенше жағдай туралы Қазақстан Республикасының Заңы

8 ақпан 2003 жыл

Осы Заң төтенше жағдайды Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде енгiзудiң және оның қолданылуының негiздерiн, мерзiмдерiн, тәртiбiн белгiлейдi.

Негiзгi ұғымдар

төтенше жағдай енгiзiлетiн жерлердiң шекаралары - Қазақстан Республикасының бiр немесе бiрнеше әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнiң аумағы;

жергiлiктi жердiң комендатурасы - төтенше жағдай енгiзiлген жерлерде төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Президентi құратын уақытша арнаулы орган;

жергiлiктi жердiң коменданты - Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын, төтенше жағдай енгiзiлген жердегi комендатураның қызметiне басшылық жасайтын және төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ететiн күштер мен құралдарды бiрыңғай басқаруды жүзеге асыратын лауазымды адам;

төтенше жағдай - азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын қорғау мүдделерiнде ғана қолданылатын және мемлекеттiк органдар, ұйымдар қызметiне, азаматтардың, шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарына жекелеген шектеулер белгiлеуге жол беретiн және оларға қосымша мiндеттер жүктейтiн ерекше құқықтық режим болып табылатын уақытша шара;

Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы Қазақстан Республикасының Заңы

2002 ж. 3 сәуір

Осы Заң қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарды реттейді және қауіпті өндірістік объектілерде авариялардың алдын алуға, олардың салдарын шектеуге және зардаптарын жоюға ұйымдардың әзірлігін, авариялардың жеке және заңды тұлғаларға, қоршаған орта мен мемлекетке келтірілген залалдарын кепілдікпен өтеуді қамтамасыз етуге бағытталған.

Негiзгi ұғымдар

қауіпті өндірістік объектідегі авария - адамдардың қаза табуына, олардың денсаулығына, қоршаған орта мен шаруашылық жүргізуші объектілерге зиян тигізуге, едәуір материалдық шығындарға және халықтың тіршілік жағдайларының бұзылуына әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, құрал-жабдықтардың және ғимараттардың зақымдануы;

өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету - авариялардың алдын алуға, қауіпті өндірістік объектілерде авариялар туындаған кезде және оларды жою жағдайында ұйымдасқан іс-қимылға әзір болуды қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдық-техникалық, экономикалық және құқықтық сипаттағы шаралар жүйесін әзірлеу мен жүзеге асыру;

өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелері - қауіпті өндірістік объектілердегі қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер;

қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік - жеке және заңды тұлғалардың, қоршаған ортаның қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардан және аталған авариялардың зардаптарынан қорғалуының жай-күйі;

өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары - Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңдарымен белгіленген, сақталуы өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін нормалар;

өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]