
Шығындарды бағалау
Баға құрылу тәжірибесінде (іс жүзінде) өндіруші шығындары бойынша баға анықтау көбірек таралған. Баға саясатын жүзеге асыру үшін мынаны қарастыру керек:
шығындардың деңгейі мен құрлымын талдау;
өнім бірлігіне шаққан орта шығындарды бағалау;
орта бағаларды жобалайтын өндіріс көлемі мен рыноктағы қолданылып жүрген бағаларды салыстыру. Ал өндіріс шығындары, бағаның төменгі шегін құрады.
Шығындар
ТС (толық шығындар)
Рм
Пайда
P MR=FC VC (өзгермелі шығындар)
VC
Q Өнім көлемі Q
8.2-сурет. Залалсыздық бағаны (Р) анықтау кестесі
Толық шығындар:
ТС = FC + VC. (8.13)
Залалсыздық нүктеде пайда нөлге тең, яғни өнім өткізуден алынған табыс өндірістің толық шығындарына тең, яғни:
В = F C + V C, (8.14)
мұндағы В - өнім өткізуден түскен түсім.
В = P · Q, (8.15)
[QP = (F C + V C)]/ Q.
P = (F C / Q) + (V C / Q) = (F C / Q) + A V C, (8.16)
мұндағы AVC – орта өзгермелі шығындар.
Баға
МС
P1
D
ATC
A
AVC
P0
P2 Өндірісті тоқтату бағасы
Q1 Өнім көлемі
8.3-сурет. Кәсіпорынның қысқа мерзімдегі ұсыныс қисығы, мұндағы
Р0 – залалсыздық баға.
А нүктеде залалсыздық баға ATC-ке тең:
Р0 = A T C .
Ал өнім өндіруді арттыру үшін:
Р0 ³ AVC, өндірісті тоқтатуда Р0 < AVC.
Ұзақ мерзімді кезеңде, онда шығындардың барлық түрлері өзгермелі, фирманың ұсыным қисығы LMC қисығының бөлігі болады да, LMC қисығының ең төмен деңгейі нүктесінен жоғары орналасады.
QA Qb Өнім көлемі
8.4-сурет. Кәсіпорын ұсынысының ұзақ мерзімді қисығы.
мұндағы РА – залалсыздықтың ұзақ мерзімдегі бағасы;
РА=LACmіn (ұзақ мерзімдегі орташа шығындардың ең төменгі деңгейі).
РА – дан жоғары бағада фирма табыс таба бастайды, оны мына теңдеу арқылы есептейді:
Э = (Рв - Рf) · QB , (8.17)
мұндағы Э – кәсіпорынның үнемділігі.
Бәсекелес нарықтық экономикада баға ресурстарды оңтайлы пайдалануға бағыттайды. Айталық, бәсеке жағдайында өнім өндіруші, тағы да 10 мың т руда шығаруға шешім қабылдағанда, сол руданың сату бағасын басшылыққа алып зерттейді. Баға тұтынушыға да сол кенді сатып алуға керек негізі шешім болып саналады. Айталық, сұраныс қисығы D жағдайдан D1 жағдайға жылжып барды.
Q0 Q1 Өнім көлемі
8.5-сурет. Бәсекелес салада өнімге сұраныстың жылжуы
Осы кезде фирма кен өндіруді сол көлемде жалғастыра береді де, Р2 бағамен сатып, қосымша пайда табады:
Э = (P2 - P0) · Q0 . (8.18)
Кен бағасы шекті шығындардан жоғары болғандықтан, фирма өз өнімін ұлғайта беруге мүмкіншілігі бар, бірақ сала тепе-тең жағдайға Е1 нүктеде тепе-тең Р1 баға мен өнім көлемі Q1.
Осы процесте тұтынушылар да, өндірушілер де, толық бағаға көңілді жұмылдырылады. Тұтынушылар өндіріс шығындарын білуді қажет етпейді, ал өндірушілер тұтынушылардан сол қосымша кенге ақы төлеуге дайын. Олардың барлығына керекті ақпаратты кен бағасы береді.