
5. Баға прейскурант (бағанама) негізінде өнім бағасын есептеп шығару.
Көтерме сауда бағасы бұл баға бойынша кәсіпорындар мен басқа шаруашылық жүргізуші субъектілер бағыныштығылығы, меншік нысанына қарамастан, өндірістік-техникалық мақсаттағы өнім мен тауарларды халықтан басқа, барлық сатып алушыларға өткізеді (босатады, сатады).
Көтерме сауда бағаларды мына түрлерге ажыратуға болады:
1) өндірушінің көтерме сауда бағасы (Р0) – кәсіпорынның өндіріс шығындарының орнын толтырып, қалыпты өндіріс қызметін жүргізу үшін жеткілікті пайда алуды қамтамасыз ететін баға:
Р0 = ӨӨҚ + П , (8.8)
мұндағы ӨӨҚ - өнімнің өзіндік құны;
П – кәсіпорынның қалыпты қызмет атқаруына жеткілікті пайда мөлшері.
2) көтерме сауда сату бағасы (Рс) - өнім өткізу бағасы:
Рс = Ро + ҚСС + АК, (8.9)
мұндағы ҚҚС – қосылған құн салығының сомасы;
АК – акциздер сомасы.
Акциздер сомасы мына формула бойынша анықталады:
АК = Рс · а / 100 немесе а · Ро / (100 – а); (8.10)
мұндағы а – акциз ставкасы (мөлшерлемесі).
Қосылған құн салығының сомасын мына формуламен есептеп шығаруға болады:
ҚҚС
= ӨӨ · в - (М+Э) · в /
, (8.11)
мұндағы ӨӨ – кәсіпорынның көтерме сауда бағамен өткізілген өнімі;
в – қосылған құн салығының ставкасы, 0,13 (ҚҚС проценттік
ставкасы 13);
М – материал шығындары;
Э – энергия, отын шығындары.
3) жабдықтау - өткізу ұйымдарының көтерме сауда бағасы - бұл өнеркәсіптің көтерме сауда бағасы (Рп), оның құрамына кәсіпорынның көтерме сауда бағасы (Рк) және жабдықтау - өткізу ұйымдардың шығындары мен пайдасы. сондай-ақ, қосылған құн салығы мен акциз сомалары кіреді, яғни:
Рп=Рк+Жабдықтау- +Жабдықтау- +ҚҚС +Акциздер. (8.12)
өткізу өткізу
ұйымдардың ұйымдардың
ш
ығыны
пайдасы
көтерме сауда-өткізу үстемесі (шегерімі)
Көтерме сауда үстемесі – айналыс саласының көтерме сауда буынында құралатын үстеме ақша. Тараптардың жабдықтау-өткізу, көтерме сауда және басқа кәсіпорындар атынан жасалынған келісімі бойынша белгіленуі. сонымен қатар, тауар қозғалысымен байланысты шығынның орнын толтыру, осы операциялардан пайда алу мақсатын көздейді.
8.3 Кәсіпорынның баға саясаты
Баға саясаты – негізгі рынок түрлерінде шаруашылық қызмет мақсаттарына жету үшін кәсіпорындардың мінез-құлқы туралы шешім қабылдау үлгісі. Кәсіпорынның даму мақсаттары мен міндеттеріне, ұйымдық құрылымына, басқару әдістеріне, өндіріс шығындарының деңгейіне, т.б. ішкі факторларына сүйеніп, өзі дербес баға саясатын, сұлбасын құрады. Сондай-ақ, кәсіпкерлік ортаның жағдайы мен дамуын, яғни сыртқы факторларын есепке алады.
Сұраныс заңдылықтары
Баға саясатын құруда, шығарылатын өнімге сұраныс қалыптастыру заңдылықтарын зерттеу – маңызды кезең болып табылады. Осы заңдылықтар төменде сұраныс пен ұсыныс қисықтар арқылы және баға бойынша икемділік коэффициентімен талданады.
Баға бойынша = Сұраныс пен ұсыныс / Бағаның пайыздық
икемділік коэффи- көлемдерінің пайыздық өзгеруі
А нүктеде тепе-тең бағада Р0 сұраныс көлемі ұсыныс көлеміне тең. Баға бойынша сұраныс икемділігі арқылы есептелген бағаны оның жоғарғы деңгейі деп қарастыруға болады. Неғұрлым сұраныс икемді болса, солғұрлым өндірілген өнім бағасын түсіруге мүмкіндік болады, ал ол өнім өткізу көлемін ұлғайтады. Мысалы, өнім бағасын Р1 ге дейін түсірген кезде, сұраныс көлемі Q1-ге дейін ұлғаяды.