Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
12 apta.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
37.95 Кб
Скачать

Баға белгілеу

8.1. Баға және баға түрлері

Баға – нарықтық экономикалық тұрғыдан, сатушы тауар бірлігін сатуға келіскен, ал сатып алушы сатып алуға, ақысын төлеуге дайын тұрған ақша мөлшерін көрсететін экономикалық санат.

Саяси экономиканың көзқарасы жағынан баға – тауар құнының ақшалай тұлғалануы, яғни тауардың бір өлшемі үшін төленетін және алынатын ақша мөлшері. Өндіріс пен пайдаға жұмсалатын шығындарды қамтиды.

Баға өндірістік шығынның, авансыланған капиталға шаққандағы орташа пайданың сомасына, сұраныс пен ұсынысқа, басқа да факторларға байланысты қалыптасады.

Бағаны белгілеу (құру) дегеніміз − бағаның деңгейлерін, ара салмағы мен құрлымын қалыптастыру және өзгерту процесі. Еңбектің қоғамдық қажетті шығындары, тауардың құны, бағалардың объективтік негізі болып табылады, олар ақшалай нысан арқылы бағада көрініс табады.

Тауар өндіруші банкрот болып, қарызға батпау үшін өзі тауарының бағасын дұрыс белгілеуі қажет. Баға оған өндіріске және тауар өткізуге жұмсалған шығындардың орнын толтырып, пайда әкеліп, бәсекелік күресте жетістікті қамтамасыз етуі қажет.

Мақсатты таңдау.

Кәсіпорынның баға саясатының үш негізгі мақсаттары бар: өткізуді қамтамасыз ету; пайданы барынша көбейту; рынокты ұстау.

Егер баға бойынша тұтынушылардың сұранысы икемді, ал төмен бағалар бәсекешілерді сескендіретін (қорқытатын) болса, онда кәсіпкерге (іскер) рынокқа кіруге (енуге) төмен бағаны пайдаланып, өткізу көлемі мен өз үлесін рынокта ұлғайтып алуға мүмкіншілік береді. Егер компанияның жағдайы рынокта тұрақты болса, онда ол пайданың жоғары деңгейіне ұмтылуға тырысады.

Өндіріс қуаты төмендеуіне және ашық бәсекеге құштар емес фирмалар бәсекешілер бағаларының қозғалысын бақылап, өндіріс шығындарын төмендетуге тырысады.

Сұранысты бағалау.

Тауарға сұранысты анықтамай, бағаны белгілеуге болмайды. Сұраныс мөлшеріне әр түрлі факторлар: олардың арасында тауардың қажеттілігі, тауарды басқа ұқсас тауармен алмастыру, потенциалды сатып алушылардың төлем қабілеті, олардың мінез-құлқы мен психологиялық ерекшеліктері әсер етеді.

Шығындарды талдау.

Жалпы шығындар – тауардың ең төмен деңгейін айқындайды. Бағаның төмендеуін ескерген жөн, әйтпесе тауарларды шығындардан төмен бағамен сату мүмкіншілігі тууы ықтимал.

Бәсекешілер бағасы.

Бәсекешілер бағасын талдау қажет. Үлкен сұраныс ­ тауардың жоғарғы деңгейін көрсетеді, ал ең төмен баға ­ жалпы шығындармен анықталады.

Баға белгілеу әдісін таңдау.

Сұраным графигін, есептелген шығындар сомасын, бәсекешілер бағаларын біле тұра, фирма өз тауарының бағасын таңдауға дайын болады.

Ақырғы баға белгілеу.

Баға белгілеу әдістемесін таңдап, бағаның ең жоғарғы, ең төмен аралығын біле отырып, фирма түпкілікті бағаны белгілеуге кіріседі.

Баға түрлері.

Баға мынадай түрлерге бөлінеді:

Сауда-саттық барысында белгіленетін биржалық баға;

Хабарлар етілген және тәуелсіз тараптар арасында белгіленген әділ баға;

Келісімді және шартты тіркелген шарттық, өзара шарттық баға;

Лицензия бағасы – ноу-хауға, т.б. жасалған лицензиялық шарттық жария бағасы;

Көтерме сауда бағасы – көтерме саудада сатылатын тауар бағасы, бөлшек сауда бағасынан біраз төмен;

Босату бағасы - өндіруші өзінің тауарын сататын бағасы;

Сатып алу бағасы – ол осы бағаға тауарды сатып алуға дайын, келіседі және сатып алуға қабілетті;

Сатушы бағасы – оның өз тауарын сатқысы келетін, сатуға дайын, сатуға ұсынатын бағасы;

Бөлшек сауда бағасы – жеке тұтынуға дара мөлшерде сатылатын тауардың бағасы;

Еркін баға – шаруашылықты жүргізуші субъект өндіріс шығынын, сұраныс пен ұсынысты, көтерме сауда мен жай сауда үстемесін, жеткізілім, төлем жағдайларын, нарық жағдаятын, маусымдық сұранысты, т.б. факторларды басшылыққа ала отырып қалыптастыратын баға;

Шарттық (келісімді) баға – сатып алушы мен сатушы арасындағы шарт бойынша белгіленетін баға (еркін бағасының бір түрі);

Прейскуранттық баға – баға белгілеу органдары өздерінің өкілеттіктеріне орай белгілейтін және арнаулы жинақтарға – прейскуранттарға енгізілетін баға;

Атаулы баға – тауардың прейскурантта немесе тауардың өзінде көрсетілген бағасы;

Сырғымалы баға – сұраныс пен ұсыныстың ара салмағына және нарықтың осы тауармен молығуына қарай ұдайы төмендеп отыратын баға;

Икемді баға – рыноктағы сұраныс пен ұсыныстың өзгеруіне тез икемделіп отыратын баға;

Трансферттік баға – халықаралық және ірі ұлттық корпорация-лардың шеңберінде, соның ішінде олардың түрлі елдерде орналасқан құрлымдық бөлімшелері арасында қолданылатын тауар, қызмет бағасы. Ол коммерциялық құпия болып табылады.

СИФ баға (cost, іnsurance, freіght) – сыртқы саудадағы сатып алу- сату шартының түрі; шеттен әкелінетін тауардың шекаралық бағасы, онда шетелден сатып алуға жұмсалатын шығын, тауарды келетін портына жеткізу, кеме бортынан айлаққа түсіру үшін қажетті халықаралық тасымал мен сақтандыру төлемі қамтылады. Сонымен, тауарды СИФ шартымен жеткізу кезінде оның шартта көрсетілген сату бағасына тауардың құны, сақтандыруға және апарылатын портқа дейін тасымалдауға жұмсалатын шығыны кіреді.

КАФ баға (cost and freіght) – тауарды тасымалдауға жұмсалатын шығындарды толық қамтитын, бірақ сақтандыруға жұмсалған шығындарды қамтымайтын баға.

ФАС бағасы (Free Alongsіde Shіp) – ФАС (“борт бойында азат”) базистік шарттарын қамтитын баға, яғни сатушы тауарды кеме бортына белгіленген мерзімде жеткізуге тиіс.

ФОБ баға (Free on Board) – сатушыға тауарды тасымалдау мен сақтандыру шығындарының бір бөлігі үшін ғана, атап айтқанда, тек кеме бортына жеткізу сәтіне дейін ғана жауапкершілік жүктеледі дегенді білдіретін баға.

Франко” баға - өнімді тапсырыс берушіге жеткізуге байланысты көлік шығынының орнын толтыру тәртібін ескере отырып белгіленген көтерме сауда бағасы. Өнім жеткізілетін ақырғы бекетпен бірге таңбаланған жағдайда терминал сатып алушы осы бекетке дейін тасымалдау шығынынан босатылады. Ал бұл шығында жеткізуші мойнына алады деген мағынаны білдіреді. Мұндай бекет вагон, қойма, кеме борты, теміржол станциясы, мемлекеттік шекара, нақты аталған елді мекен болуы мүмкін. Сыртқы сауда мәселесінде көлік шығынына сақтандыру шығыны, т.б. қосылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]