- •Семей мемлекеттік медициналық университеті тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар № 1
- •Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар № 1
- •1. Сыртқы тыныс алу жетіспеушілігінің түрлері. Альвеолярлық гипо- гипервентиляция.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •1. Тәжірибе: Ауыртып тiтiркендiрген кездегi егеуқуйрықтын тыныс алуынын
- •6. Әдебиеттер:
- •1. Парин рефлексi неден турады:
- •Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар № 2
- •3. Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиеттер:
- •1. Кiшi қан айналымның гипертензиясының посткапиллярлы формасын ата:
- •2. Парин рефлексі неден тұрады:
- •Қан талдауының нәтижесі:
- •Спирометрия нәтижесі (қалыпты мөлшерден %-ы):
- •Артериялық қанның газдық құрамы мен спирометрияның көрсеткіштері:
- •Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар № 3
- •3. Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиеттер:
- •Қан талдауы: Hb 136 г/л, эритроциттер 5,51012/л; лейкоциттер 9109/л, эозинофилия. Өкпе рентгенограммасында — өкпе суретінің жоғары мөлдірлігі.
Қан талдауының нәтижесі:
раО2 |
83 мм.сын.бағ. |
раСО2 |
49 мм.сын.бағ. |
Өкпенің оттектік сыйымдылығы |
19,0 көлемдік % |
SaO2 |
96,1% |
Спирометрия нәтижесі (қалыпты мөлшерден %-ы):
Өкпенің қалдық сыйымдылығы (ӨҚС) 119
Өкпенің өмірлік сыйымдылығы (ӨӨС) 80
Дем алудың резервті көлемі 86
Дем шығарудың резервті көлемі 88
Өкпенің функциялық қалдығының сыйымдылығы (ФҚС) 112
Өкпе қалдығы көлемінің сыйымдылығы (ҚКС) 114
Тиффно коэффициенті 85
Өкпенің диффузиялық қабілеттілігінің төмендеуі. Тыныс алу жиілігі 20.
Бронхонхолитикалық препаратты (эуфиллин) енгізу Тиффно көрсеткішінің 7%-ына жоғарылауына әкелді.
СҰРАҚТАР
Науқаста альвеолалы вентиляция бұзылыстарының белгілері бар ма? Егер бар болса, қай түрі (обструкциялық па, рекстрикциялық па?). Оның себебі қандай? Жауабын негіздеңіз.
Осы жағдайда өкпе перфузиясының бұзылыстары бар ма? Егер бар болса, оның мүмкін болатын себебін және даму тетіктерін атаңыз? Жауабын негіздеңіз.
Науқаста ұсақ бронх пен бронхиолалардың экспираторлы компрессияның көлемі жоғарылауының белгілері бар ма? Егер бар болса, немен тудырылған? Егер жоқ болса, неге екенің дәлелдеп беріңіз.
Науқастағы сыртқы тыныс алу жүйесінің жағдайы туралы сіздің жалпы қорытындыңыз қандай?
Мәселелік есеп №2.
Науқас Ч., 36 жаста, таулық-кеніштік өнеркәсіп жұмысшысы, силикоз күдіктігімен емдеу мекемесіне түсті. Жаяу жүрген кезде және күш-қуаттық жүктеме кезіндегі ентігуге, үнемі болатын құрғақ, кейде біраз қақырығы бар жөтелге, кеуде сарайының ауырсынуына шағым білдіреді.
Артериялық қанның газдық құрамы мен спирометрияның көрсеткіштері:
Артериялық қанның газдық құрамы |
|
раО2 |
90 мм сын.бағ. |
Өкпенің өз еркімен гипервентиляциясының сынамасынан кейін |
92 мм сын.бағ. |
раСО2 |
40 мм сын.бағ. |
Оттектік сыйымдылық |
19,2 көлемдік % |
SaO2 |
94,3% |
Спирометрия |
|
ӨӨС |
4,2 л |
ӨФӨС 1 |
2,6 л |
ӨӨС (%қалыпты мөлшерден) |
92 |
Тиффно коэффициенті |
? (есептеу) |
ТМК (%қалыпты мөлшерден) |
124 |
Қосымша көрсеткіштері |
|
Тыныс алу жиілігі |
минөтіне 19 рет |
СҰРАҚТАР
Науқаста өкпенің газ алмасу қызметтері бұзылыстарының белгілері бар ма? Егер бар болса, қайсысы? Жауабын негіздеңіз.
Науқаста альвеолалы вентиляцияның бұзылыстары бар ма? Егер бар болса, қай түрі (обструкциялық па, рекстрикциялық па?).
Пневмокониоз дамуының мүмкіншілігін ескере отырып, өкпенің диффузиялық қабілеттілігін бағалауды қалай ұсынасыз?
Сыртқы тыныс алу жүйесінің газ алмасу қызметінің мүмкін болатын сипаты туралы сіздің жалпы қорытындыңыз қандай?
Мәселелік есеп №3.
Науқас К., 56жаста, миокард инфарктын өткіргеннен кейін 4 аптадан соң ентік күшейе түсті, осы кезде біраз мөлшердегі қақырығы мен қан араласқан жөтелі пайда болған. ЭКГ-да миокард инфарктын сипаттайтын белгілерден басқа қосымша бүліністер байқалған жоқ.
Сыртқы тыныс алу жүйесі қызметніңі көрсеткіштері:
Тыныс алу жиілігі 26
ӨӨС (қалыпты мөлшерден %-ы) 76
ӨҚК (қалыпты мөлшерден %-ы) 70
ТМК (қалыпты мөлшерден %-ы) 140
ӨФӨС1/ӨӨС (%) 76
СҰРАҚТАР
Науқаста альвеолалы вентиляцияның бұзылыстарының белгілері бар ма? Обструкциялық па, рекстрикциялық па? Жауабын негіздеңіз.
Науқаста өкпе перфузиясының бұзылыстарының белгілері бар ма? Егер бар болса, оның мүмкін болатын себебін және даму тетіктерін атаңыз? Жауабын негіздеңіз.
Осы жағдайда өкпенің альвеолдық-капиллярлық тосқауылдың диффузиялық қабілеттілігінің бұзылыстары бар ма? Егер бар болса, дәлелдеп беріңіз. Өкпедегі газ диффузиясының жағдайын қандай сынамалар арқылы бағалауға болады?
Осы науқастағы сыртқы тыныс алу жүйесінің жағдайы туралы сіздің жалпы қорытындыңыз қандай?
Мәселелік есеп №4.
Науқас А., 65жаста, түнде болатын және күндіз ұйықтаған кезде болатын тұншығу ұстамалары шағымдарымен дәрігерге қаралуға келді. Ұстамалар жан тапсыру қорқыныш сезімімен, жүректің қатты соғуымен, кейде ауырусынудың сол жақ жауырынына жаңғырылуымен болатын төстің артындағы ауырсунуымен ілесін жүреді. Нитроглицеринді тұншығу ұстамасы мен жүректің ауырсынуы кезінде қолдану ешқандай әсер бермейді. Бірақ, егер науқас ояна салып, бірнеше реет белсенді терең дем алса, барлық жағымсыз сезімдер жойылады. Қан талдауында, ҚСҮ-те (қышқылдық-сілтілік үйлесімділігі), ЭКГ-да барлық көрсеткіштер жас мөлшері қалыптысымен бірдей. Сыртартқысынан: бір ай бұрын науқас полиневрит құбылысымен бірлескен вирусты жұқпаны басынан кешкен; бала кезінде полиомиелитпен ауырған.
СҰРАҚТАР
Науқаста сыртқы тыныс алу дертінің қай түрі бар? Берілген есептерге сүйеніп жауабын дәлелдеңіз. Қажет болса, оларды толықтырыңыз.
Осы дерт түрінің себебі қандай болуы мүмкін? Ол сыртқы тыныс алудың реттелу жүйесінде қандай өзгерістерді тудырады және оның қандай деңгейінде, яғни афференттік, орталық, эфференттік деңгейлерінің қайсысында?
Неге осы науқастың тыныс алу бұзылыстары стенокардия ұстамаларымен ілесіп жүреді?
Сергектік жағдайда тұншығу ұстамаларының болмауын қалай түсіндіре аласыз?
