
- •Семей мемлекеттік медициналық университеті тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар № 1
- •Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар № 1
- •1. Сыртқы тыныс алу жетіспеушілігінің түрлері. Альвеолярлық гипо- гипервентиляция.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •1. Тәжірибе: Ауыртып тiтiркендiрген кездегi егеуқуйрықтын тыныс алуынын
- •6. Әдебиеттер:
- •1. Парин рефлексi неден турады:
- •Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар № 2
- •3. Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиеттер:
- •1. Кiшi қан айналымның гипертензиясының посткапиллярлы формасын ата:
- •2. Парин рефлексі неден тұрады:
- •Қан талдауының нәтижесі:
- •Спирометрия нәтижесі (қалыпты мөлшерден %-ы):
- •Артериялық қанның газдық құрамы мен спирометрияның көрсеткіштері:
- •Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар № 3
- •3. Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиеттер:
- •Қан талдауы: Hb 136 г/л, эритроциттер 5,51012/л; лейкоциттер 9109/л, эозинофилия. Өкпе рентгенограммасында — өкпе суретінің жоғары мөлдірлігі.
Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар № 2
Мамандығы: 051301 “Жалпы медицина”
Модул: 3.Тыныс алу жүйесі
1. Тақырыбы: Альвеолярлы-капиллярлық мембрананың диффузиялық қабілеті төмендеуінің патогенезі. Қанайналымның кіші шеңберіндегі гипертензиясы. Балалардағы ерекшеліктері.
2. Мақсаты: Альвеолярлы-капиллярлық мембрананың диффузиялық қабілеті төмендеуінің патогенезі және қанайналымның кіші шеңберіндегі гипертензиясы білу; тыныс алу жүйесінің патофизиология білімін игеру
3. Оқыту мақсаты:
Студент білуі қажет:
Жасына байланысты аспектін патологиялық тыныс алу жүйесінің негізгі синдромдарының пайда болу және даму тетігінін себебі;
Өкпе тінінің тығыздалу синдромы;
Кіші қан айналым шеңберінің гипертензиясы, себептері, даму механизмдері;
Студент үйрену қажет:
қанның газдық құрамына және спирометриялық ішкі тыныс алу көрсеткіштеріне негізденіп тыныс алу бұзылыстарының түрін анықтау
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Өкпенің диффузиялық қабілетінің бұзылыстары
2. Альвеола-капиллярлық жарғақшаның диффузия қабілеті нашарлауының себептері,
альвеола-капиллярлық бөгет.
3. Өкпеде қан айналымының бұзылыстары. Кіші қан айналым шеңберінің гипертензиясы,
түрлері (прекапиллярлық, посткапиллярлық, аралас), себептері, даму және
компенсациясының негізгі механизмдері.
4. Перфузия-вентиляциясының бұзылыстары.
5. Шала туылған нәрестелердің және жаңа туылған нәрестелердің гиалинды мембрана
ауруы
6. Балалардағы пневмоторакс,өкпе эмфиземасының патогенезі мен этиологиясы
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтардағы жұмыс, пікір- талас,жағдайлық есептерді шығару
6. Әдебиеттер:
Негізгі:
1. Нұрмұхамбетұлы Ә. Патофизиология – Алматы, 2007.
2. Нұрмұхамбетұлы Ә. Патофизиология: оқулық – Алматы, 2000.
3. Дәрістер
Дополнительная:
Вопросы патофизиологии дыхания. / Под редакцией В. Низовцева. Куйбышев., 1985 г.
Абросимов В.Н. Нарушение регуляции дыхания, М., Медицина, 1990 г.
Врожденные и наследственные заболевания легких у детей – Под.редакц. Вельтищева Ю.Е. и др.-М.,Медицина, 1986.-303 с.
Болезни органов дыхания у детей : Руководство для врачей- Под редакц. Рачинского С.В.-М., Медицина, 1987.-493 с.
Тараканов И.А., Сафонов В.А. Гамкергические механизмы нарушений дыхательного ритма (Обзор) //Ж.Патофизиология, 1998, №2, -С.48-54.
Пузырева Н.И. и др. Синдром дыхательных расстройств и сурфактант легких у новорожденных.-М: Медицина, 1987.-142 с.
7. Бақылау: сұрақтар, тест тапсырмалары.
1. Кiшi қан айналымның гипертензиясының посткапиллярлы формасын ата:
1. өкпе капиллярлары және артериолаларында қысымның жоғарылауы
2. өкпе венасында қысымның жоғарылауы
3. өкпе венасы, капиллярлары және артериолаларында қысымның төмендеуі
4. өкпе венасының жүйесi бойынша қан кетуiнiң азаюы
5. жүректiң оң жақ бөлiгiнде қысымның жоғарылауы
2. Парин рефлексі неден тұрады:
1. альвеолярлы гипоксия кезінде өкпе артерияларының спазмы дамиды
2. кіші қан айналымының венасында қысым жоғарылағында өкпе артериолаларының спазмы болған кезде
3. үлкен қан айналымда тамырлы дистония дамиды, яғни өкпе артериялық жүйесінде қысым жоғарылаған кезде
4. өкпе артериясы жүйесінде қысым жоғарылаған кезде жүрек жиырылу ритмі баяулайды
5.жөтелу ұстамасы кезінде өкпе артериясының спазмы болады
3. Экспираторлы ентігудің себебін ата:
1. трахеяның тарылуы, жоғарғы тыныс алу жолдарының
2. бронхиалды астма, асфиксияның 2-ші кезеңі
3. өкпе тінінің фиброзы
4. дауыс саңылауларының спазмы
5. бөгде денелер инспирациясы
4. Инспираторлы ентiгудiң себебiн ата:
1. өкпе тiнiнiң серпiмдiлiгiнiң төмендеуi
2. дауыс санылауларының спазмы
3. көмейдiн iсiнуi, бөгде дененiң инспирациясы
4. бронхиалды астма
5. пневмосклероз
5. Тыныс алуда серпiмдiлiк емес қарсыласудың жоғарылауы немен байланысты:
1. альвеоланың жазылуы және созылғыштығының бұзылуымен
2. аэродинамикалық бронхылардың қарсыласуымен, тіндік үйкеліспен
3. сурфактант өндiрiлуiнiң бұзылуымен
4. ауаға резистивтi қарсылығының жоғарылауымен
5. өкпе тінінің ауалығының жоғарылауы
6. Оттегiнiң диффузионды жолдарының ұзаруы байқалады:
1. мембрана азаюы кезiнде
2. трахеиобронхиалды жолдың бойымен өткiзгiштiктiң бұзылуы кезiнде
3. интерстициальды сұйықтықтың көлемi жоғарлаған кезде , альвеолярлы мембранның iсiнуi кезiнде
4. қанның плазмалық фракциясы төмендеген кезде
5. өкпе тінінің серпімділігінің төмендеуі
7. Вентиляция-қан айналым қатынасын төмендететiн себептердi ата:
1. өкпе артериясының тамырларының стенозы
2. диафрагмалды бұлшықеттiң бiржақты салдануы кезiнде пародоксалды тыныс гиповентиляциясы
3. өкпе артерия жүйесiнiң тамырларының жиырылуы
4. өкпе перфузиясының жоғарылауы
5. қан айналым жетіспеушілігі
8. Вентиляция-қан айналым қатынасын жоғарлататың себептi ата:
1. өкпе артерия жүесiнiң тамырларының жергiлiктi бiтелуi
2. өкпе тiнiнiң серпiмдiлiгiнiң бұзылуы
3. өкпе перфузиясының жоғары жылдамдығы
4. диафрагмалды бұлшықеттiң бiржақты салдануы кезiнде пародоксалды тыныс
5. өкпе-плевралды бiрге өсуi
9. Инспираторлы ентiгу келесi патологиялық жағдайда кездеседi:
1. асфиксияның 1-шi сатысында, көмейдің ісінуі
2. өкпе эмфиземасында
3. пневмосклероз
4. өңеш стенозы
5. жабық пневмоторакс кезінде
10. Экспираторлы ентiкпе келесi патологиялық жағдайда кездеседi:
1. асфиксияның 1-шi сатысында
2. өкпе энфиземасында
3. көмейдің ісінуі
4. өңеш стенозы
5. жабық пневмоторакс кезінде
Мәселелік есеп №1.
Науқас К., 38 жаста, соңғы 12 жыл ішіндекүніне 1,5 қораптан артық шылым шегеді. Жиі бронхит пен трахеитке, қақырығымен қоса үнемі жөтелге, күш-қуаттық жүктеме кезіндегі ентігуге шағым білдіреді. Қарау кезінде: науқастың дене бітімі астениялық типті, кеуде сарайы бөшке тәрізді, тыныс алу кезінде қосалқы бұлшықеттер қатысады. Кеуде сарайының рентгенограммасында өкпенің тамырлық суретінің әлсізденуі, диафрагманың жалпақ күнбезі, бронх қабырғаларының қалындауы.