Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Эдистемелик усыныстар Тыныс алу (ДС) К.М.М..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
208.38 Кб
Скачать

G-041.07.01.13-2007

Ред. 2.

Бет 17 тен 17

Семей мемлекеттік медициналық университеті тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар № 1

Мамандығы: 051301 “Жалпы медицина”

Пәні: Патологиялық физиология-2

Кафедра: Физиологиялық пәндер кафедрасы

Курсы: 3, V семестр

Модул: 3.Тыныс алу жүйесі

Тақырыбы: Сыртқы тыныс алу жетіспеушілігінің түрлері. Альвеолярлық гипо-

гипервентиляция.

Құрастырушы:

аға оқытушы ________ М.М.Канафина

Семей – 2009 г.

Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар № 1

Мамандығы: 051301 “Жалпы медицина”

Модул: 3.Тыныс алу жүйесі

1. Сыртқы тыныс алу жетіспеушілігінің түрлері. Альвеолярлық гипо- гипервентиляция.

2. Мақсаты: Сыртқы тыныс алу жетіспеушілігінің түрлерін оқу, тыныс алу жүйесінің патофизиология білімін меңгеру

3. Оқыту мақсаты:

Студент білуі қажет:

  • Жасына байланысты аспектін патологиялық тыныс алу жүйесінің негізгі синдромдарының пайда болу және даму тетігінін себептері

  • бронхтар өткізгіштігі бұзылысының синдромы

  • жедел және созылмалы тыныс алу жетіспеушілік синдромдары

Студент үйрену қажет:

Сыртқы тыныс алу бұзылыстарын өзгешелік түрлерін тәжірибеде үлгілеу

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Тыныс алу жүйесінің бұзылыстарының жалпы этиологиясы және патогенезі.

  2. Тыныс алу жетіспеушілік туралы тұсініктер, сыртқы тыныс жетіспеушігінің түрлері.

  3. Тыныс алу жетіспеушіліктің спирометриялық белгілері.

  4. Өкпе вентиляциясының бұзылыстары: гипервентиляция, гиповентиляция,біркелкі

емес вентиляция.

  1. Альвеолярлық гиповентиляция, негізгі себептері, және көріністері.

  2. Альвеолярлық гиповентиляция, обструкциялық және рестрикциялық түрлері.

  3. Өкпеішілік және өкпе сырттай ықпалдар әсер ету нәтижесінде өкпе керілуінің шектелінуы, өкпе ұлпасының серпімділік қасиеттерінің, тыныс алу жолдарының өткізгіштігінің бұзылыстары.

  4. Өкпе вентиляциясын сипаттайтын көрсеткіштерінің өзгерістері.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтардағы жұмыс, пікір- талас

Машықтық жұмыс

1. Тәжірибе: Ауыртып тiтiркендiрген кездегi егеуқуйрықтын тыныс алуынын

рефлекторлық бұзылысы.

Тәжiрибе арнайы жасалған столге байланған егеуқуйрыққа жасалады.

Тыныс алуы бiр қалыпты болғаннан кейiн, егеуқуйрықтын құйрығының ұшын қысқышпен 5 секунд қысып тұрып, тыныс алу өзгерiстерiн бақылау.

Нәтижесi:

Қорытындысы:

Тәжiрибе 2. Жоғары тыныс алу жолдарының кiлегей қабатының рецепторларын

тiтiркендiрген кездегi рефлекторлық апноэ.

Тәжiрибелiк жануардың кеуде клеткасының тыныс алу қозғалысын санайды. Сосын мүсәтiр спиртiне батырылған мақтаны жануардың мұрнына апарып тыныс алу өзгерiстерiн бақылайды.

Нәтижесi

Қорытындысы

Тәжiрибе 3. Гидроторакстың тыныс алуға әсері.

Тәжірибені стөлшеге ішімен жоғары қаратып байланған егеуқұйырыққа жасайды. Алдымен бастапқы тыныс алуды, сосын оң жағынан ортаңғы қолтық сызығы арқылы тесе отырып, шприцпен өкпеге 0,5 мл ыстық суды жібереді (70-800 С).

Нәтижесi

Қорытындысы