Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ әдебиеті 9-сынып 1-2 тоқсан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
246.78 Кб
Скачать

Семантикалық карта №1

Мақалдар

Би басына дау келсе, Билігі кетер басынан

Құс жаңылып торға түсер.

Ер жарамсыз болмас.

Шешен тар жерде сөз бастайды.

Ел шарасыз болмас,

Батыр мың қол бастайды,

Ер басына дау келсе, Ерлігі кетер басынан.

Ер жаңылып қолға түсер,

Семантикалық карта №2

Мақалдар

Бақ-бақ еткен текені Қар жауғанда көрерміз.

Арыстан болсаң жау үшін,

Тәуекел ет те тас жұт,

Арғымақ аттың құйрығы, Әрі жібек, әрі қыл,

Түлкідей болсын әдісің

Ер жігіттің белгісі, Әрі мырза, әрі құл.

Батырсынған жігітті жау келгенде көрерміз.

Ажал жетпей өлмек жоқ.

Тест жұмысы: 10 сұрақ. (5минут). Дұрыс жауаптары тақтаға ілініп, тексеріледі. Бағалау көрсеткіші арқылы тексеріп, бағалау.

ІІІ. Қорытынды (10 минут).

А) Шығармашылық жұмыс (5 минут) Арнайы жасалған кеспе қағаздарды алып, ондағы сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақты қорытып, бекіту, (Сұрақ-жауап әдісі).

Ә) Үйге тапсырма (2минут). «Оғыз-нама» жыры бойынша сурет салып келу, жырды оқып, мазмұнын айтып беру.

Б) Оқушылардың білімдерін бағалау (2 минут). Сабаққа белсене қатысып отырған оқушыларды мадақтау, бағалау. Бағаларын естірту, журналға, күнделіктеріне қою.

2-тоқсан №7

Айы, күні_________________________________________________________

Тақырыбы: Ахмет Яссауи өмірі

Мақсаты:

  1. Ахмет Яссауидің білімдар, ақылгөй, ойшыл, зиялы тұлға екенін оқушыларға жеткізу;

  2. Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау, ойларын еркін жеткізуге баулу;

  3. Өнер адамына, еліне, тарихына, табиғатына, тілге деген сезімін ояту;

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс: тарих, саз өнері, дінтану.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып өту.

Ахмет Яссауи – Түркістан қаласының тұрғыны. Өз кезегіндегі сауатты, білімді адамның бірі. Жасынан исламдық тәрбие алған, діни мистиканы жақтаушы ақын. Ол – софылық идеядағы поэзияның көрнекті өкілі. Оның бізге мәлім шығармасы – « Диуани Хикмет» аты діни уағыз, ғибрат өлеңдер жинағы. Туған және тұрған қаласы Яссы (Түркістан) атымен өзі де Яссауи атанып кеткен. Оның ата-бабалары Қарақан мемлекетіне қызмет етіп, Сайрам төңірегін мекендеген адамдар. Қожа Ахметтің ата-анасы Ибраһи мен Қарашаштың күмбездері Шымкент облысы, Сайрам қаласына жақын жердегі ескі қауымда.

Е.А Маловтың жариялаған дерегі бойынша – Яссауи 592 жылы қайтыс болған. Ол өзінің ата мекені Сайрамда дүниеге келген.

Оның әкесі Ибраһим сауатты ақын, еңбек адамы болыпты. Жас Яссауи ақындық жолға әуелі әке үлгісі бойынша түседі. Кейін Сайрам имамы Арыстан бабтан оқиды. Бұхарға барып, Шайх мүфти Жүсіп Хамаданидан софылық тәлім алады. Ұстазы өлген соң, бірнеше жыл қазы, Шайх мүфти болып істейді. Софылықпен шұғылданады. Ол 73 жасында қайтыс болады. Қарахан үкіметі әдемі күнбез орнатса да, ол XIII ғ. Шыңғыс ханның кезінде құлап қалады. Ақсақ Темір ескі күмбез үстінен жаңадан сәулетті күмбез, әрі мешіт орнатады. Содан бері Түркістан қаласы қазақ тайпалары арасында ислам дінін таратудың белгілі орны болып саналады. Яссауи дәруіштік ағымды жақтады.

Үйге: «Диуани хикмет» оқу.

2-тоқсан №8

Айы, күні_________________________________________________________

Тақырыбы: «Даналық кітабының» пәлсапалық мәні.

Мақсаты:

  1. «Диуани хикметтің» тақырыбын, идеясын түсіндіру.

  2. Өсиет сөздерді оқыту арқылы таным-қабілеттерін шыңдау.

  3. Имандылыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді игерту сабағы.

Сабақтың түрі: түсіндіру, лекция сабақ.

Оқыту әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, оқыту, ой бөлісу.

Сабақ барысы: