Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ әдебиеті 9-сынып 1-2 тоқсан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
246.78 Кб
Скачать
  1. Ұйымдастыру (сәлемдесу), кабинет тазалығы, түгелдеу.

  2. Үй тапсырмасын сұрау

- «Біржан-Сара айтысынан теріп жазған көркемдік тәсілдерді сұрау;

- Айтыстан жаттаған үзінді сұрау;

3. Жаңа материалды игерту;

- әдісі бойынша қазіргі айтыскерлерден кімдерді білетіні, оның ерекше сипаты жайлы әңгімелеу.

- 93-беттегі мәтінді оқу

- сұрақ; (бекіту үшін)

1. қазіргі ақындар айтысының өзіне тән ерекшеліктері неде?

2. айтыстың болашағы туралы не ойлайсыңдар?

3. қазіргі айтыстар мен бұрынғы айтыстардың суреттеу тәсіліндегі ұқсастықтарға мысал келтіріңдер.

Қорытынды:

Айтыскер ақынға тән қасиеттер: Парасат білім, сөзге тоқтау, намыс, жігер, қызу шабыт, талант арқа, тапқырлық ұтымды ой, қолма-қол суырып-салушылық.

Үйге: 1. Соңғы айтыстардан үзінділер жаттау;

2.«Айтыскер қыздардың әсемдік әлемі» атты эссе жазу.

2-тоқсан №3

Айы, күні_________________________________________________________

Тақырыбы: Ежелгі дәуір әдебиеті

Мақсаты:

  1. Түркі тектес халықтарға ортақ асыл мұра жайлы толық түсінік беру.

  2. Ежелгі мұралардың тәрбиелік тағылымдарын тани білуге баулу.

  3. Тәрбиелік нақылдарды бойына сіңіру.

Сабақтың типі: жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың түрі: түсіндіру сабағы.

Оқыту әдісі: түсіндіру, оқыту, пікірлесу.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Үй тапсырмасын сұрау

  3. Жаңа білімді игерту

  4. Бекіту

  5. Қорытынды

  6. Бағалау

  7. Үй тапсырмасы.

Қосымша әдебиет: Х. Сүйіншіәлиев «VIII-XVIIIғ.ғ қазақ әдебиеті»

  1. Сәлемдесу, кабинет тазалығы, оқушыларды түгендеу.

  2. 97-беттегі 6-тапсырманы сұрау.

Қазақ: Өзбек, Қырғыз, Әзірбайжан, Түркімен, Ұйғыр, Қарақалпақ, Хакас, Башқұрт, Татар↓

Түркі тайпалары

  1. Еділ бойы;

  2. Каспий жағалауы;

  3. Қазақстанды;

  4. Орта Азияны;

  5. Оңтүстік шығыс сібір.

Ежелгі дәуір Жазба әдебиеті (VII-XIV ғ.ғ)

І

  1. Орхон ескерткіштері VII ғ.

  2. «Қорқыт ата» кітабы VIII ғ.

  3. «Оғыз нама» - IX ғ.

ІІ

  1. Мұхаммед Хорезми,

  2. Әбу наср Әл-Фараби,

  3. Әбу райхан әл-Бируни,} X-XII ғ.ғ

  4. Махмуд Қашқари,

  5. Қожа Ахмет Яссауи,

  6. Сүлеймен Бақырғани,

ІІІ

  1. «Кодекс Куманикус»

  2. Махаббатнама»

  3. «Жүсіп – Зылиха»} XIII – XVI ғ.ғ.

  4. «Гүлстан»

  5. «Домбауыл»

Зерттеушілер:

  1. Ә. Марғұлан, Ә. Қоңыратбаев, Б. Ысқақов, Х. Сүйіншіәлиев, А. Қыраубаева, М. Жолдасбеков,

А. Егеубаев т.б.

4.Мәтін мазмұнын сұрау, қорыту.

5.Білетін ескерткіштерін мазмұндау.

6.Үйге: Күлтегін жырларын оқу.

2-тоқсан №4

Айы, күні_________________________________________________________

Тақырыбы: Күлтегін жырлары

Мақсаты:

  1. Түркі халқының атақ-даңқын әлемге паш еткен Күлтегін жыры туралы нақты деректермен түсіндіру.

  2. Өз бетінше іздену арқылы, шығармашылыққа баулу.

  3. Ерік, патриоттық рухқа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді игеру сабағы.

Сабақтың түрі: іздену, шығармашылық сабақ.

Оқыту әдісі: іздендіру, пікірлесу, әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Қосымша әдебиет: «Қазақстан әйелдер» журналы 2002-2003 жыл

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру-сәлемдесу, кабинет, түгендеу

  2. Үй тапсырмасын сұрау.

Күлтегін жырының мазмұны.

    1. Жаңа сабақты түсіндіру. Оқушылар оқып келген мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындауы тиіс.

- Күлтегін жырлары қайда табылған?

- Орхон ескерткішін не себепті ерлік жыры дейміз?

- Білге қағанға сипаттама беріңдер.

- Күлтегін батырдың ерлік бейнесін айтыңдар?

- Тоныкөк жырау дегенді дәлелдеңдер.

- «Орхон ескерткіштері» - көркем туынды екенін дәлелде.

5. Қорыта айтқанда, 1) Күлтегін жыры – ежелгі түркі халықтарына ортақ көркем шығармалардың үлгісі.

2. Ол қазақ әдебиетінің алтын қорына енетін әдеби мұра.

6. Белсенді оқушыларды бағалау.

7. Үйге: «Қорқыт ата» кітабынан үзінділер оқу, оқулыққа шолу.

2-тоқсан №5

Айы, күні_________________________________________________________

Сабақтың тақырыбы: Қорқыт ата кітабы

Сабақтың мақсаты: а) Қорқыттың білімдар, ақылгөй, ойшыл, зиялы, ірі тұлға екенін оқушыларға жеткізу. Қорқыт кітабы, ондағы жырлар жөнінде түсініктер беру;

ә) Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау, ойларын еркін жеткізуге баулу;

б) өнер адамына, еліне, тарихына, табиғатына, тілге деген сезімдерін ояту.

Сабақта қолданылатын әдістер. Ойқозғау, баяндау, топтастыру, ұжымдық, жеке жұмыстар.

Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгеру сабағы

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта арқылы көрсетілетін слайдтар, қобыз суреті, сабақ эпиграфына алынған сөз.

Пәнаралық байланыс: музыка, тарих

Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып өту

Сабақтың эпиграфы: «Қорқыт алғаш қобыз тартып, сарын айтуда үйреткен ең бірінші бақсы». Ш.Уалиханов

1. Ойқозғау

а) Қорқытты кімдер зерттеді?

ә) Ол туралы аңыздар?

б) Қорқыттың күйлері, шығу тарихы