Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ әдебиеті 9-сынып 1-2 тоқсан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
246.78 Кб
Скачать
  1. -Өнер таластырған саңлақ ақын қыздың, шешен ділмар жігіттің дарынды айтысының негізгі тақырыбы қандай? Түрі жағынан қандай айтыс?

  2. Айтыстағы Біржан мен Сара өзді-өзін қалай таныстырады?

  3. Екі ақын да айтыста бір-бірін тамаша өнер иесі деп бағалайды. Өнер мен өнерпаздыққа бас иеді. Біржан Сараны, Сара Біржанды айтыста қалай бағалайды?

  4. Айтыстағы өршілдік. «Менің өнеріммен сөз таластыра алмайсың»,- деген рух, асқақ сөз нөсері қай ақында басым. «Қысқартам адымыңды бір-ақ аттап ...» деп үрейлендіретін кім?

  5. Біржан Орта жүздің бұлбұлымын деп қарсыласымен қаймықпай айтысса, әрі өнерің ұлдан артық екен деп жігер бере сөйлесе,Сара сөзінде де «Кестенің бізі сала алмас» соны өрнектер кездеседі Ол қандай өрнектер?

( Оқулықпен жұмыс)

  1. Біржан айтыста өзін неге теңейді?

Ақ иық, мұзбалаққа

Бұлбұл

Аспандағы аққу

Біржан Бәйге атына

Кең қолтық, жібек жал арғымақ

Байпаң жорға

Қыранға

  1. Сара айтыста өзін неге теңейді?

Ақ тұйғын

Тоты құс

С ара Ақ иық бұлбұл

Арғымақ

Наркескен

8.–Біржаннан Сара не себептен жеңіледі? Біржан Сараны жеңгенімен, Сараға қандай қолдау көрсетті?

9.–Айтыс мәтінінде қандай сөз образдары бар?

(Мәтінмен жұмыс, әдеби теориялық талдау)

Көрінсін Біржан салға ай секілді Кісі емес ел намысын ұққандай-ақ,

Ақ құйрық көңіл ашар шай секілді. Ербиер елсіз тауға шыққандай-ақ.

Ұсынса қол жетпейтін арғымағым Жиенқұл күжірейіп келер ме екен

Арғынға баламаймын тай секілді. Он мата арқасына тыққандай-ақ.

(Ирония –зілді кекесін-асыра мақтау) (Сарказм- ащы мысқыл)

10.–Айтыс Әріп Тәңірбергеновтікі деген пікірге көзқарастарың қандай?

ІҮ. Үйге тапсырма: Ой толғау жазу

«Біржан» тобы – Біржан- азамат ақын

«Сара» тобы -Сара- үздік өнер иесі

Ү. Сабақты пысықтау: Топтастыру стратегиясы.

Біржан кім? Сара кім?

Атағы несімен қалды? Атағы несімен қалды?

ҮІ. Қорытынды.

Айтыс- өнерлілер жарысы. Айтыс- қазақ сөз өнерінің мектебі.Тарлан ақын-елдің еркесі. Олар қысылмаған, көңілдегісін бүкпеген, батыл,айқын айтқан. « Дүниеге бір сызат түсетін болса, ол ең алдымен ақын жүрегі арқылы өтеді» деген сөзді Гете көрегендікпен айтып өткен.

ҮІІ. Бағалау.

2-тоқсан №1

Айы, күні_________________________________________________________

Тақырыбы: Осы күнгі айтыстар

Мақсаты: 1. Осы күнгі айтыстарды бұрынғы айтыстармен салыстыру арқылы түсіндіру.

2. Шынайы өмір мысалдарын, әлеуметтік өмірді тілек тиек етудегі шеберлікті байқай білуге дағдыландыру.

3. Шешен сөйлеуге, сөз қадірін түсіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді игеру сабағы.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Оқыту әдісі: инсерт, сұрақ-жауап, проблемалық әдіс.

Сабақ барысы: