Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ әдебиеті 9-сынып 1-2 тоқсан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
246.78 Кб
Скачать

2.Үй тапсырмасын сұрау;

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

1. Сабақ мақсаты- Қыз Жібек пен Төлеген арасындағы сүйіспеншіліктің, бір- біріне деген мөлдір махаббат сезімінің бүгінгі біздің жастарымызға үлгі тұтуымызға болатын, тәрбиелік мәні зор тамаша жыр екендігін дәріптеу.

«Қыз Жібек» жырына 500 ден астам жыл болған екен. Бұл – қазақтың өткен ғасырлардағы өмір тіршілігін, салт-дәстүрін, көшпелі ғұмырын, күнделікті әдет-ғұрпын, халықтың мінез-құлқын, киім-киісін, жүріс-тұрысын көз алдымызға алып келетін, тамаша сөз айшықтарымен өрнектеген ғашықтар жыры. Әсіресе, қазақ қыздарының сұлу келбеті, ақылдылығы, биязылығы, махаббатқа беріктігі теңдесі жоқ теңеулермен сипатталып, қазақ жігіттерінің батырлығы, бірсөзділігі, шешендігі, алғырлығы шебер суреттеледі.

Ғашықтардың бір-біріне деген пәк сезімдерінің кіршіксіз тазалығы бүгінгі жастарымызды еріксіз ойландырады. Бір-біріне деген сүйіспеншілік сезімдерінің берік болуына, махаббат жолында қандай қиындықтар кездессе де төзімділікпен жеңе білуге жол сілтейді. Жыр- дастанның құндылығы да осында. «Қыз Жібек» опера жанрында, сахна төрінде, кино өнерінде де ғасырдан- ғасырға жаңарып, жасарып, маңыздылығын жоймай, ұлтымыздың алтын қазынасында мол мұра болып қала береді.

  1. Бекіту үшін:

  1. «Қыз Жібек» жырына көз-қарасыңды өлеңмен білдір.

  2. «Қыз Жібек» дастанындағы дәстүрлердің озығы мен тозығы жайлы өз ойыңды білдір

  3. Жырдағы кейіпкерлер бейнесін суретпен бейнелеп көрсет. Үйге: Батаның түрлері. «Қыз Жібек» жырындағы баталарды жазу.

1-тоқсан №23

Айы, күні___________________________________________________________________

Тақырыбы: Қаз дауысты Қазыбек би

Мақсаты: 1.Қаз дауысты Қазыбек бидің өмірін тарихи оқиғамен байланыстыра түсіндіру

2.Шешен сөйлеуге үйрету

3. Шешендіктің қыр-сырын түсінуге үйрету, логикаларын дамыту.

Сабақ түрі: Жаңа білімді игерту сабағы.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру;

2. Үй тапсырмасын сұрау;

3. Жаңа сабақ

- оқулықтағы 64- бет.

- хреостоматиядағы 48,52-бет

-Төле мен Қазыбек би тапқырлығын салыстыру.

4. Қазыбек бидің әр сөзін саралап талдау арқылы оқушының ой-өрісін, логикасы дамыту.

5. Үйге: Қазыбек бидің шешендігінен үзінді жаттау.

1-тоқсан №26

Айы, күні___________________________________________________________________

Сабақтың тақырыбы: Айтыс туралы жалпы түсінік.

Сабақтың мақсаты: білімділік- айтыс туралы ойларын тереңдету. Оқушыларды ізденімпаздылыққа, шығармашылыққа деген ынталарын арттырып, білімдерін кеңейту.

Дамытушылық- оқушылардың айтыс туралы білімдерін шығармашылыққа жинақтап, ойлау қабілеттері мен тіл байлықтарын молайту.

Тәрбиелік- оқушыларға айтыстың ерекшеліктерін таныта отырып, шешен сөйлей білуге, ізеттілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: өнеге сабақ

Сабақтың әдісі: іздендіру, баяндау, жинақтау, салыстыру, талдау,пікірлесу, ой қозғау.

Сабақтың көрнекілігі: қосымша оқулықтар, плакаттар, парақшалар

Сабақтың жүру барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу

Сабаққа қатысымын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Шешендік сөз дегеніміз не?

  2. Шешендік арнау, шешендік толғау дегенді қалай түсінесің?

  3. Сол кезеңдегі би- шешендерден кімдерді білесің?

ІІІ. Жаңа сабақтың мазмұны.

  1. Ой шақыру.

    1. Ақындары айтысының өзіне тән ерекшеліктері

    2. Айтыстың адам тәрбиелеудегі ролі

    3. Айтыстың көркемдік ерекшелігі

  2. «Венн» диаграммасы . Бұрынғы айтыс және осы күнгі айтыстар

Бұрынғы айтыс Ұқсастығы Қазіргі айтыс

Халық ауыз әдебиетінің түрі, көркемдік ерекшеліктері, сөз шеберліктері

Демократиялық тақырыптар Көкейтесті мәселелер,

жариялылық басым, мерейтой иесіне

әлеуметтік мәселелер, арналады, бір- бірін

елдегі қоғамдық тартыстар сынау басым

  1. Парақшамен жұмыс

    1. Айтыс жырларының көне түрі- бәдік айтысы туралы не білесің?

    2. Салт айтысы неше түрге бөлінеді, қалай аталады?

    3. Қазіргі айтыс ақындарынан кімдерді білесің?

    4. Бұрынғы айтыс ақындары кімдер?

  2. Инсерт.

Білетінім

Үйренгенім

Нені білгім келеді

Айтыс- қазақ сөз өнерінің үздік үлгісі, айтыс- сөз барымтасы, ұлттық өнер екенін

Қазақ ауыз әдебиетінің бірнеше түрі бар: бәдік, жар- жар, жануарлар мен адамдар айтысы, өлі мен тірі айтысы, жұмбақ айтысы, салт айтысы, осы күнгі айтыстар

Болашақта бұрынғы және қазіргі айтыс түрлерінің ерекшеліктерін, олардың айтыс шеберліктері мен тарихы туралы білгім келеді

5.Ой қозғау «Айтыс дегеніміз не?» (топтастыру әдісі)

Әр түрлі тақырыпты қамтиды Халық ауыз әдебиетінің бір түрі

Айтыс - Ұлттық өнер . Екі ақынның өлеңмен тартысы. Халық өмірінің көрінісі.

Өнер жарысы Сөз сайысы

6. Сәккууэй. Бес жолдан тұратын қорытынды

    1. Зат есім. Айтыс

    2. Сын есім. Киелі өнер

    3. Етістік. Айтысады

    4. Сезіну. Айтыс- сөз барымтасы

    5. Синоним. Ақындар айтысы- ұлттық өнер падишасы

ІҮ. Сабақты қорытындылау

Оқушыларды бағалау

Ү. Үйге тапсырма

1. «Айтыс – киелі өнер» тақырыбында шығарма жазу

1-тоқсан №27

Айы, күні_________________________________________________________

Тақырыбы: «Біржан-Сара айтысының көркемдік ерекшелігі.

Мақсаты: 1. Айтыстың көркемдік ерелшелігін ашу, троп пен фигура түрлерін талдау. 2.Айтыстағы көркемдегіш тәсілдерді тани білуге баулу.

3.Өмірдің қиындығымен бетпе-бет келуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: алған білімді дамыту сабағы.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Оқыту әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру.

2.Үй тапсырмасын сұрау. Біржан мен Сараға берген жазбаша сипаттамаларын тексеру.

3.Алған білімді дамыту.

Үзінді оқыту, онда қандай көркемдегіш тәсілдер қолданғанын сұрау.

«Ақиық, мұзбалақпын жерге түспес,

Кең қолтық, арғымақпын,алқымы іспес- эпитеттік метафоралар.

«Көрінсін Біржан салға ай секілді,

Ақ құйрық көңіл ашар шай секілді.

Ұсынса қол жетпейтін арғымағым,

Біржанға болмаймын тай секілді...

Ақ құйрық, көңіл ашар шай секілді.

Ұсынса қол жетпейтін арғымағым

Біржанға болмаймын тай секілді.

- ирония, саркази. Құрылысы, түрі жағынан алғанда, бұл айтыс-салт айтыстың ең биігі.

Үйге:

Айтыстағы көркемдік тәсілдерді теріп жазу.

1-тоқсан №28

Айы, күні___________________________________________________________________

Сабақтың тақырыбы: Айтыстағы Біржан мен Сара сипаты

(«Біржан мен Сара» айтысы)

Мақсаты: 1.Айтыстағы Біржан мен Сараның адамгершілік,ақындық, әншілік қасиетін таныту,тіл шеберлігін ұғындыру.

2. Өнерді құрметтеуге тәрбиелеу.

3. Оқушылардың белсенділіктерін, шығармашылықтарын, өз ойын тұжырымды айта білуге үйрету.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

әдіс-тәсілдері: топтастыру, ойландыру,іздендіру, еркін жазу,сұрақ-жауап

пәнаралық байланыс: тарих,музыка

көрнекілігі: плакат, маркер,сызба-кестелер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. «Біржан-Сара» айтысы

1) Өмір-дерек. Біржан мен Сара өмірі

2) Біржан әндері. «Жанбота» әнінің шығу тарихы.

3) «Ұрланған шідер», «Ләйлім шырақ» әндерінің шығу тарихы.

4) Біржан әндері...

ІІІ. Жаңа сабақ. Айтыстағы Біржан мен Сара сипаты.

Сынып екі топқа бөлінеді:

Ұлдар- «Біржан» тобы. Қыздар-«Сара» тобы.

Құрлысы мен көркемдігі жағынан өз дәуірінде ақындар айтысы ішінде үздігі саналатын Біржан мен Сара айтысы. Бірі Арғын руы атынан шығып сөз таластырса, енді бірі Найман елінің намысын қорғап ақындық шабытын қосқан екі ақынның айтыстағы сипатын бүгінгі сабақта саралайық.