Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ әдебиеті 9-сынып 1-2 тоқсан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
246.78 Кб
Скачать

II. Үй тапсырмасын сұрау.

Үй тапсырмасын сұрау мақсатында «Зымыран сұрақтарына» жауап алу.

1) Жоғары қарап оқ атпа,

Жуық түсер қасыңа

Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа

Күндердің күні болғанда

Сол жаман айғақ болар басыңа.

2) Қазтуған жыраудың қандай жырларын білесің?

3) Жыраулар поэзиясы қай кезеңнен басталады? Оның басты өкілдері кім?

4) «Көшпенділер философы» деген сөз кім туралы айтылған? Бұл сөзді кім айтты?

5) «Айналайын Ақ жайық

Ат салмай өтер күн қайда,

Еңісі биік боз орда

Еңеке кірер күн қайда», - деп арман айтқан жырау?

6) Есім ханның «қолына сүйесін; қолтығына демесін» болған кім еді?

7) Балпаң, балпаң кім баспас,

Басарға балтып шыдамас,

Батырмын деп кім айтпас,

Барарға жүрек шыдамас.

Кімнің жыры?

8) Жыраулар поэзиясынан қандай ой аңғарылады. Ерекшелігі қандай?

9) ХVIII ғасырдағы тарихи жағдай қандай болды?

10) Бұқардың өмірі мен жыраулық өмірі туралы кім сыр шертеді?

11) Бұқар аталарыңның қандай өмір туралы толғаулары бар?

12) Хронологиялық кесте

Жылдары

Болған оқиғалар

Жоңғар қалмақтары қазақ жеріне шабуыл жасады

Бұланты өзенінің бойында болған шайқаста қалмақтар жеңіледі

Балқаш көлінің оңтүстігінде қайтадан айқас болады, бұл айқаста қазақтар жеңеді

Қалмақтар қазақтарға шабуыл жасайды

Тұтқындарын босатып, әр түрлі дипломатиялық қарым – қатынаста болады

Жоңғар қалмақтарына шабуыл жасайды

Қазақтар соңғы рет қалмақтарға қатты соққы беріп, жерлерін қайтарып алады

1 3 2 6 4 5 7

1723 жылы, 1729 жылы, 1726 жылы,1755 жылы, 1741 жылы,1749 жылы, 1723 – 1741 жылдары

III. Жаңа сабақ.

Әуелі мына тақтада тұрған сөзді жазып алайық. Бұл сөз бүгінгі сабағымыздың эпиграфы болады:

«Айнала алмай ат өлсін,

Айыра алмай жат өлсін,

Жат бойынан түңілсін,

Бәріңіз де бір енеден туғандай болыңыз» - Бұқар жырау.

Ел бірлігі – Бұқар толғауларының басты тақырыбы. «Тілек» өлеңі.

Бұқар жырау толғауларын үлкен төрт топқа бөлуімізге болады.

1. Өмір жайлы толғаулары.

2. Адам өмірінің кезеңдері жайлы.

3. Ел бірлігі жайлы.

4. Абылай ханға арнаған толғаулары жайлы.

IV. Сабақты бекіту.

Бұқар ел тағдырын, ел бүтіндігін, бейбіт өмірін, тәуелсіздігін өз жырына арқау еткен. Соған дәлел бүгінгі біздің өтетін Бұқардың «Тілек» өлеңі.

  1. Бұқар жыраудың «Тілек» өлеңін жатқа оқып беремін.

  2. «Тілек» өлеңін оқушыларға оқытамын.

  3. «Тілек» өлеңіндегі он бір тілектің мағынасын аштыру.

5. Бұқар толғауларының өзектілігі неде? Топтастырып жазу.

V. Қорытындылау.

VI. Үйге тапсырма.

  1. Тілек” өлеңін жаттау.

  2. Бұқар – ел бірлігі туралы жырлаған жырау” тақырыбында шығарма жазу.

VII. Бағалау.