
- •VI. Жаңа сабақ. Тұрмыс – салт жырлары адамның үш кезеңін қамтиды. Яғни, нәрестенің туылуын, ер жетіп үйленуін, қартайып дүниеден өтуін.
- •Тұрмыс – салт жырлары
- •VII.Бекіту, қорыту.
- •VIII. Үй тапсырмасы:
- •IX. Оқушылардың білімін бағалау.
- •...Жайлау,қыстау жер үшін».
- •Үй тапсырмасын сұрау;
- •2.Үй тапсырмасын сұрау;
- •2. Үй тапсырмасын сұрау;
- •-Өнер таластырған саңлақ ақын қыздың, шешен ділмар жігіттің дарынды айтысының негізгі тақырыбы қандай? Түрі жағынан қандай айтыс?
- •Сара айтыста өзін неге теңейді?
- •Үй тапсырмасын сұрау
- •Үй тапсырмасын сұрау
- •Үй тапсырмасын сұрау.
- •2. Жаңа сабақ.
- •3. Кімнің портреті берілген?
- •1. Үй тапсырмасын сұрау:
- •6 Баласы
- •Семантикалық карта №1
- •Семантикалық карта №2
- •Үй тапсырмасын сұрау (5-7)
- •II. Үй тапсырмасын сұрау.
1-тоқсан №3
Айы-күні ____________________________________________
Тақырыбы: «ТҰРМЫС – САЛТ ЖЫРЛАРЫ»
I. Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Тұрмыс – салт жырларына жалпы мағлұмат бере отырып, жырлардың мазмұнын ашу.
2. Дамытушылық: оқушылардың өлеңдерді мәнерлеп оқуын, сабаққа қызығушылығын ынтасын, ізденушілік белсенділігін арттару.
3. Тәрбиелік: Халық педагогикасын пайдалана отырып, оқушыларды әдептілікке, отансүйгіштікке, достыққа тәрбиелеу.
II. Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызбалары, суретті қима қағаздары, тұрмыс – салт, дәстүрге байланысты жасаған альбом, бейнетаспаға басылған әдет – ғұрып фильмі, қуыршақ – нәресте, бесік.
III. Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
IV. Әдіс – тәсіл: Сұрақ – жауап, баяндау, сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы. Төрт түлікке байланысты әңгіме құрастыру.
V. Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: а) Сабақты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен бастап, сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.
ә) назарларын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
Төрт түлік малға байланысты оқушыларды төрт топқа бөлу. Әр топ өз түлектерінің пірлерін айтып, өз түлектері жайлы өлеңді жатқа айтады.
- Төрт түлік жайында қандай мақал – мәтелдер білеміз? Әр топ оқушылары мал шаруашылығына байланысты мақалдар айтып, мазмұнын ашады.
- Бұл төрт түліктердің адам өміріндегі орны қандай?
Әр топ берілген малдардың пайдасы, олардан өндірілетін өнімдер жайлы әңгімелейді. Осылайша үй тапсырмасын пысықтап, жаңа сабаққа көшу.
VI. Жаңа сабақ. Тұрмыс – салт жырлары адамның үш кезеңін қамтиды. Яғни, нәрестенің туылуын, ер жетіп үйленуін, қартайып дүниеден өтуін.
Тұрмыс салт жырлары екі топқа төрт түлік шаруашылығына байланысты және әдет – ғұрыпқа байланысты бөлінеді дей келе оқушыларды қазақ халқының әрбір салт дәстүрлерін таныстыра отырып өзбек халқының дәстүрлерімен салыстыру.
Тұрмыс – салт жырлары
әдет-ғұрып егіншілік
беташар малшылық
жар-жар шаруашылық
сынсу төрт
түлік
ж
айындағы
жырлары
шілдехана саятшылық
қоштасу аңшылық
жоқтау
сүндет той төрт түлікті шақыру
Сабақ түсінікті болу үшін бейне таспадан салт – дәстүрлер бейнематериалдарын көрсету. Сергіту сәтінде балалар қоржыннан асық алып, сап бойынша сөзжұмбақтар шешеді.
VII.Бекіту, қорыту.
Оқулықпен жұмыс жүргізіп, оқушылардың өздеріне жаңа сабақты қорытындылату.
VIII. Үй тапсырмасы:
Төрт түлік малдың суреттерін салу, салт – дәстүрге байланысты мақалдар жазып келу.
IX. Оқушылардың білімін бағалау.
1-тоқсан №6
Айы-күні ____________________________________________
Сабақтың тақырыбы: Мақал- мәтелдер. Жұмбақтар.
Сабақтың мақсаты:
А) Интерактивті тақтаны пайдалана отырып мақал- мәтелдер, жұмбақтар түрлерін, құрылымдық ерекшеліктерін меңгеру. Мақал- мәтелдерді күнделікті өмірде қолдана білу. Олардың тіліміздегі сөздің көркі екенін ұғындыру.
Ә) Тәрбиелік: Мақал- мәтелдер арқылы оқушылырды адамгершілікке, отаншылдыққа, елжандылыққа, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбелеу.
Б) Дамытушылық: Оқушылырды сөздік қорын, тіл байлығын арттыруына ықпал жасау. Шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілетін арттыру.
Сабақта қолданылатын әдіс: түсіндірмелі, сұрақ- жауап, интерактивті, топтастыру.
Пән аралық байланыс: тарих, қазақ тілі
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгеру.
Сабақтың көрнекілігі. Сызба жұмбақты суреттер. Сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, қорыту.
І. Сұрақ- жауап әдісі арқылы. (оқушы бір- біріне)
1. Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не?
2. Ауыз әдебиетің жазба әдебиетінен айрмашылығы неде?
3. Жанрдың неше түрі бар еді?
4. Ауыз әдебиетінің түрлері қандай жанрлардан тұрады?
5. Халық ауыз әдебиетінің түрлері.
ІІ. Тұрмыс- салт жырлардың түрлерін топтастыру.
Баланың дүниеге келуіне байланысты
Үйлену салтына байланысты
Көңіл- күйді білідретін өлең- жырлар
Бата- тілектер
ІІІ. Көрініс
ІІІ. Жаңа сабақ.
І. Мақал- мәтелдер туралы жалпы түсінік. Мақал- мәтелдер, жұмбақтар бір ғасырдың ғана жемісі емес. Олардың алғашқы үлгілері есте қалмаған ерте заманда туып, өзінің қалыптасу, даму, өсу процесінде талай ғасырмен бірге жасасқан. Бұл жолда әртүрлі қоғамдық, топтық өзгерістерге сай өзгеріп жаңарып отырған.
ІІ. Мақал- мәтелдер түрлері.
Отан, туған жер, атамекен туралы.
Еңбек туралы
Ерлік батырлыққа арналған
Ынтымақ, бірлік, татулыққа арналған
Достық, жолдастық туралы
Оқу, білім, өнерге арналған
Адамгершілікке және жақсы- жаман мінезге байланысты.
Отбасын, ата- ананы қадірлеу, үлкенді сыйлауға байланысты.
Төр түлік малға, кәсіпке, егіншілікке байланысты.
ІІІ. Мақал- мәтелдердің құрылымдық ерекшеліктері
А) Мақал- мәтелдің өн бойында поэзияға тән жинақалық, үнділік, саздылық, ұйқас, ырғақтылық байқалады.
Ердің ісі- келіс, ездің ісі керіс
Ә) Мақал- мәтелдерде халық сөзді барынша үнем деген
Сөз тастап кетіп те отырған
«Ақыл- жастан, асыл- тастан» дегенде «шығады» сөзі қалып қойған. Бірақ түсіп қалған сөз өзінен- өзі ойға оралып, ишарамен білінеді.
«Ағаш тамырымен, адам досымен мықты»
Б) Мақал- мәтелдер тура және ауыспалы мағынада қолданылады.
«Өнер алды, қызыл тіл», «Ер қанаты- ат», «Елін сүйген ер болар»
Ауыспалы мағынада.
«Қызым саған айтам, келінім сен тыңда», «Не ексең, соны орасың»
В) Мақал- мәтелдерде бейнелі көркем сөз айшықтарының нелер асылы кездеседі.
V. Жұмбақ адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді. Жұмбақ- ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Ол баланы жастайынан қиялдай білуге, табиғатты, қоршаған ортаны бақылап, аңғарымпаздыққа, тапқырлыққа баулуды көздеуден туған.
Жұмбақтың тақырыбы алуан түрлі болып келеді.
Жұмбақ шешу
Қобдиында қайырлы
Қазынаның бәрі бар
Тауыссаң көз майыңды
Қалағаның табылар (кітап)
Тал басында түндіксіз отау (ұя)
Қалқиып ұзын құлағы
Елеңдеп ылғи тұрады. (қоян)
Көзіңе көрінбейді
Қолыңа ілінбейді
Бірақ- та құлағыңа
Ұдайы күбірлейді (жел)
Өмірді өлшейді, ешкімнен сұрамайды
Тіліңді алмайды, тетігін бұрмай (сағат)
Он көзі бар өзінде,
Он цифр бар көзінде
Көзіне саусақ саласың
Жырақтан хабар аласың (телефон)
Теңізді шайқайды,
Егісті жайпайды (жел)
Ең биікке шығады
Кешке қарай бұғады (күн)
Таң қаламын кейде мен
Шалбарыммен жейдемді
Түсірді қағазға
Өзгертпей бейнемді (фотоапарат)
VІІ. Шығармашылық жұмыс
Оқушылар өздері жұмбақ жасырады.
VІІІ. «Жалғасын тап» мақал- мәтел айтқызу
«Мен білемін» ойыны
2 оқушы кезек- кезек мақал айтады.(2минут)
Сабақты қорыту:
Мақал- мәтелдердің тақырыптары қандай болады?
Мақал- мәтелдер бізге не үшін қажет?
Мақал- мәтелдердің өзіне тән қандай ерекшеліктері бар?
Мақал мен мәтелдің қандай айырмашылығы бар?
Жұмбақтың адам өміріндегі орны қандай?
Үй тапсырмасы: М.Әлімбаев «Өрнекті сөз- ортақ қазына» кітабын оқу әзірлеме жазамыз.
Өздерің жұмбақ құрастырыңдар.
Бағалау
1-тоқсан №7
Айы, күні_________________________________________________________________
Тақырыбы: Ертегілер.
Мақсаты:1. Ертегілер жайлы ұғымды тереңдету;
2.Оқушы қиялын дамыту;
3. Сөз байлығын, көркем туындыны құрметтеуге үйрету.
Әдіс: пікіралмасу, ауызша баяндау.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру.
2.Үй тапсырмасын сұрау (құрастырған жұмбақтарды сұрау)
3.Жаңа сабақ, бекіту.
- Ертегілер туралы оқулықтағы шолуды оқыту;
- Соңындағы тапсырманы орындау;
- Ертегінің түрлеріне мысал келтіріп, қысқа ертегілерді мазмұндату;
- Хрестоматиямен жұмыс.
4. Үйге:
Шыншыл ертегі оқу «Аяз би»
Тақырыбы: Ертегілердің құрылымы
Мақсаты:
Ертегілер мақсатының құрылымының ерекшелігін ашу;
Сюжет, компазиция туралы ұғымдарды кеңейту.
Көңіл- күйлерін шыңдап, жақсы істі бағалай білуге үйрету.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру.
Үй тапсырмасын сұрау «Аяз би» мазмұны
Жаңа сабақ.
Ертегінің құрылымы;
Басталулары ұқсас;
Оқиғаның байланысы, ерекше мақсаты орындауға шығады.
Дамуы ұқсас.(қиындықтарға кездеседі)
Оқиғаның шешілуі де ұқсас (басты кейіпкерлер)
Ертегінің жанрлық ерекшелігі- оның мазмұны, идеясы, құрылымы ұқсас. Мазмұны мен оқиғасы ерекше әсерлі, әдеттігіден айрықша болады;
Идеясы – жақсылық жамандықты жеңеді.
Түрлері:
- Жан-жануар туралы;
- Қиял- ғажайып
- Шыншыл.(Тұрмыстық)
Үйге: Бірнеше ертегінің композициясына талдау жасау (Керқұла атты Кендебай)
Идея- көркем шығармада айтылатын ой.
Сюжет- оқиғаның дамуы және өзгеріп, ауысып отыруы.
Компазиция- сюжеттің белгілі бір құрылымы.
Олар: басталуы (байланыс), дамуы, шиеленісуі, шарықтауы, аяқталуы,шешімі.
Кейіпкер – шығармадағы адамдардың көркем бейнесі.
1-тоқсан №12
Айы, күні_________________________________________________________________
Тақырыбы: «Ер Тарғын» жырында образдың жинақталып берілуі.
Мақсаты: 1. Образды ашу арқылы жырдың мамұнын түсіндіру;
2. Елін, жерін сүюге, табандылыққа тәрбиелеу;
3. Шығармашылықпен жұмыс жасауға үйрету, дағдыландыру;
III. Әдіс-тәсілдері: әңгіме, сұрақ-жауап, риторикалық сөз айшықтарын жаттату, іздендіру;
Сабақтың түрі: шығармашылық ізденіс.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру-сәлемдесу, сынып тазалығы, түгендеу,
Үй тапсырмасын сұрау: «Ер Тарғын» жырының мазмұнын бірнеше оқушыдан сұрау.
Сұрақ-тапсырма:
Тарғын батырдың елі үшін туған ер екенін, оның батырлық қимылдарын жыршы қандай оқиғалар арқылы суреттеген?
Тарғынды өздерің білетін ертегі кейіпкерлерімен салыстырып көріңдер? Мәселен, Ер Төстікпен...
Қартқожақпен кездесу оқиғасы жыршы не үшін алған, онан Қартқожақ пен Ер Тарғын бойындағы қандай қасиеттерді танимыз?
Ақжүністің келісті келбетін суреттеген үзіндіні тауып оқып бер.
3.Жаңа сабаққа көшу үшін Тарғынның ерлігін қайтадан еске түсіреміз. Оның ханның қызын алып қашуын, қуғыншы болып барған Қартқожақтың қызды алмай бос қайтуы, Тарғынның ханнан кек алуы, тоқтамға келу үшін Сыпыра жыраудың келуі т.б. егжей-тегжей түсіндіру: Бұдан соң: оқулықтың 38-бетіндегі мәтінді оқушыларға оқыту.
Аттанбадым олжа үшін,
Сыңсып жатқан мол үшін...
Аттанғаным
Атамның ежелгі кегі үшін,- деген шумақ тақтада болу керек, оның мәнін оқушылар ашуға тырысу;
Тақтадағы проблемалық сұраққа кесте бойынша жауап беруге тырысу;
Тақтада:
Тарғынның ерлік бейнесін, оның адамгершілік қадір-қасиеті жырда қалай мүсінделген? Ақын оны қалай нанымды, дәлелді етіп өрнектей алған?
Тарғын: қамал бұзар аруақты батыр, ақылды терең ойлы намысты батыр, адамгершілігі мол, арлы, мәрт, қызба, аңғал, қас батыр, ел қорғаны, ез емес нағыз ер мінез, дәстүрді сақтаушы, жалмауыздай емінген батыр.
Бекіту үшін: Тарғын образын ашуға негіз болған айшықты сөздер:
-« Сары ала түн салбырап,
Шапты батыр тебініп,
Жалмауыздай емініп...»
- «Жасы үлкен ағам деп,
Ақсақалды бабам деп,
Кезегін Бабай алсын деп...»
- « Атала сөзге арсыз ғана таласады» дегендей Тарғын ағат кеткенін аңғарып:
« Мұнысы рас екен, бұл ғой менің өзімді байлап атса, таудай өзіме, таудай атыма тигізбей ме? Аяғаны рас екен, мен мұның қадірін білейін» деді де Ақжүністі тастап жүре берді.
-« Жақсылыққа-жақсылық»-Ер Тарғынның ақылды, терең ойлы, ерлік мінезінен хабардар етеді.
- «Бұл шамаға келгенде
Ажалым аштан болды ма...»
- «Қадір білмес сен итке, қараша болып не етемін»
-« Ақжүністей аруым,
Алғанынан айырылып,
Сөнгені ме шырағы»
-« Айналайын Тарланым,
Мінбей, түспей арыған».
5.Үйге тапсырма: Тарғын монологынан үзінді жаттау.
«Бұлғыр-бұлғыр, Бұлғыр тау...