
- •5В072900 «құрылыс» мамандығының студенттеріне арналған
- •5В072900 «Құрылыс» мамандығының студенттеріне арналған
- •Мазмұны
- •1 Жолдың үстіңгі құрылысы
- •Балласт қабаты
- •1.2 Рельстер
- •1.3 Шпалдар
- •1.4 Бұрмалы бағыттама және оның түрлері
- •1.5 Жекеленген бұралмалы бағыттама
- •1.6 Рельстік жолдардың бірігулері мен қиылысулары
- •1.7 Рельс табанының ені
- •1.8 Жолды жөндеу түрлері. Жол және жол шаруашылығы
- •2 Есептеу жұмыстары
- •2.1 Жол табан енін анықтау
- •2.2 Сыртқы рельстен ішкі рельстің биіктігін анықтау
- •2.3 Бұрмалы бағыттама маркасын анықтау
- •2.4 Қысқартылған рельсті төсеу
- •2.5 Жер қабаты
- •2.6 Кірме теміржолдарын күрделі жөндеу
- •«Теміржол жолы»
1.8 Жолды жөндеу түрлері. Жол және жол шаруашылығы
Техникалық және коммерциялық атқарылатын қызметіне байланысты станция түрлері.
Жолаушы тасымалы, атқаратын қызметі жолаушыларды тосып алу, аттандыру, жүгін қабылдау, тапсыру және почта тасымалы.
Жүк тасымалы, атқаратын қызметі жүкті қабылдап алу, тасымалдау, түсіру, өткізу.
Біріктірілген, атқаратын қызметі жолаушы тасымалдау және жүк тасымалы. Сонымен қатар қызметіне байланысты станция сұрыптау, телімдік, аралық болып бөлінеді. Жүк тасымалдайтын станция деп негізгі жүк тасымалдау операцияларын орындайтын станцияны айтады.
Cұрыптау стансаларына негізгі белгілері жүк поездарын жаппай құрастыру және тарқату болып табылатын стансалар жатады. Осы стансаларда құрама және телімдік поездардан басқа, алыс қашықтықтарға жөнелтілетін поездар: жедел жүктік, техникалық маршруттар, өтпелі, және де берілісті және шығарма поездары құрастырылады.
Телімдік стансаларға негізгі белгісі транзиттік поездарды өңдеу болып табылатын стансалар жатады, оларда құрамдарды техникалық және коммерциялық тексеру, поездық локомотивтер мен бригадалардың ауысым жұмыстары жүргізіледі.
Жолаушылар стансалары үлкен қалаларда, өндіріс және курорттық орталықтарда, ірі теңіздік және өзендік порттары бар пункттерде орналасады және де жолаушылар тасымалын ұйымдастыру мен жолаушылар құрамдарын өңдеу жұмыстарын атқарады.
Аралық стансалар жолаушылық және жүктік оталарды атқаруға, поездарды қабылдау, жөнелту және өткізуге, құрама және өткерме поездардың вагондарын тіркеу және ажыратуға, құрама-тарқатпа вагондарда ұсақ жөнелтілімдермен тасымалданатын жүктерді тиеу және түсіруге арналған.
Жолды жөндеудің негізгі жұмыстары мен кайта жөндеуден өткізу келесі түрде жүргізіледі:
а)жер төсемін толық жаңартылуын және жердің беткі құрылысын ауыстыру жұмыстарын, күшті локомотивтердің конструкциялық жылдамдығына сай жолдың жасанды құрылыстарды қайта қалпына келтіруді қамтитын жолды қайта жөндеуден өткізу ;
б) Рельстерді жаңарту, балластық қабатты жаңарту, жарамсыз шпалдарды және мерзімі 3 жылдан асқан шпалдарды ауыстыру, әрбір 1 км жолға 1600-1840 дана шпал болатындай етіп толықтыру, жасанды құрылыстарды жөндеуден өткізу, яғни күрделі жөндеу жүргізу ;
в)Балластық қабатты сауықтыру , жердің жоғарғы құрылысындағы ақауы бар элементтерді ауыстыру және 2 жылдық мерзімі бар шпалдарды алдын ала ауыстыру жұмыстарын қамтитын орташа жөндеу;
г)жолды жаппай түзетуді, балластық қабатты 150 м2 –ға дейін толықтыру, және орташа есеппен 1 км жолға 200 дана болатындай толықтыра отырып шпалдарды орналастыру және жол бойында пайда болатын жұмыстарды қосымша орындауды қамтитын жолдың көтермелі жөндеуі.
2 Есептеу жұмыстары
2.1 Жол табан енін анықтау
Рельсті жол табаны өзінің ені мен деңгейі бойынша рельстік желілердің жағдайымен және рельстердің еңістігімен анықталады.
Жолдың түзу бөлігінде қос рельс шүйдесінің беті бір деңгейде болуы қажет; ±5 мм-ге ауытқу рұқсат етіледі. Жолдығң түзу бөліктерінің барлық ұзындығында рельс желісінің біреуін екіншісіне қарағанда +8 және -4 мм-ге жоғары орналастыруға рұқсат етіледі.
4С2™ электровозын радиусы R=210 м қисықтан өткізу үшін тиімді және ең аз қажетті жол табан енін анықтау, оның доңғалақ радиусы r= 625 м, қатты базаның үшосьті арбашығының ұзындығы L=3000 м, осьтің көлденең өтуі
Жол табан енін тиімді анықтау келесі формуламен табылады:
,
мм
Берілген
кестеге сәйкес доңғалақ жұптарының ең
жоғарғы жол табанының енінің
=1509
мм.
Бағыттама мәні мына формуламен анықталады:
=
Мұндағы λ=L=3000 мм арбашықтың айналу центрінен бірінші доңғалақ жұптарының геометриялық осьіне дейнгі қашықтық; в-доңғалақ жұптарының осьінен рельсті жанау нүктесіне дейінгі қашықтық мына формуламен анықталады:
=25
мм
tgτ=tg70º=2.474
=
1535 мм
Енді жол табан енін анықтаймыз:
Шарт орындалды.