
- •5В072900 «құрылыс» мамандығының студенттеріне арналған
- •5В072900 «Құрылыс» мамандығының студенттеріне арналған
- •Мазмұны
- •1 Жолдың үстіңгі құрылысы
- •Балласт қабаты
- •1.2 Рельстер
- •1.3 Шпалдар
- •1.4 Бұрмалы бағыттама және оның түрлері
- •1.5 Жекеленген бұралмалы бағыттама
- •1.6 Рельстік жолдардың бірігулері мен қиылысулары
- •1.7 Рельс табанының ені
- •1.8 Жолды жөндеу түрлері. Жол және жол шаруашылығы
- •2 Есептеу жұмыстары
- •2.1 Жол табан енін анықтау
- •2.2 Сыртқы рельстен ішкі рельстің биіктігін анықтау
- •2.3 Бұрмалы бағыттама маркасын анықтау
- •2.4 Қысқартылған рельсті төсеу
- •2.5 Жер қабаты
- •2.6 Кірме теміржолдарын күрделі жөндеу
- •«Теміржол жолы»
1.3 Шпалдар
Шпалдар рельс астындағы негіздердің басты түрі болып саналады және рельстен түскен қысымды балласт қабатына жеткізеді. Шпалдарға рельстер бекітіліп, жол табанының бір қалыпта болуын қамтамасыз етеді.
Шпал материалдарына ағаш, темір бетон және металл жатады. Дүние жүзіндегі теміржолдардың (80-85%-ін) ағаш шпалдар құрайды, оларға майлы антисептик сіңіріледі. Бұл шпалдың артықшылығына: жеңілдігі, серпінділігі, дайындауының оңайлығы, рельске бекітудің ыңғайлылығы, рельс тізбегіндегі токқа кедергісінің жоғарылығы жатады. Оның кемшіліктеріне: қызмет ету мерзімінің аздығы және халық шаруашылығына қажет ағаштың көп жұмсалуы жатады. Ағаш шпал дайындауға негізінен қарағай, қайың, шырша, майқарағай, балқарағай, сағызқарағай, шамшат ағаштары қолданылады.
Сурет 1.4 - ағаш шпал түрлері
Ш
палдар
жолдарға қатаң түрде төселеді. Шпалдардың
рельс буынына салыну тәртібін шпалдар
жаймасы деп атайды. Жаймада белгіленген
1- рельс ұзындығы, а- аралық ұзындық, с-
түйіспелі және в- түйіспе алдындағы.
в=а деп алынған; белгілі с кезінде а=1-
c/п- 1 тең болады, мұнда п- буындағы шпал
саны.
Сурет 1.5 - ағаш шпалдар
Ағаш шпалдар бойлық қимасы келесі түсініктен қорытындылай келе орнатылады:
шпалдардың үстіңгі төсеніші оларға жолдық төсемдерді орнату үшин жеткілікті болу қажет;
балластқа түсетин қысым баяу түрде болуы үшін шпалдардың төменгі төсеніші жеткілікті түрде кең болуы қажет және баластты шпалдардың астына жеңіл түрде тығыздау үшін шамадан тыс болмауы қажет;
шпалдың қалыңдығы оларды пайдалану кезінде қажетті жөндеу жұмыстарын және шпалдардың шіруін және тозуды ескерумен қоса кедергіні және оларға инерцияның қажет кездерін қамтамасыз етуі қажет;
шпалдардың пішіні олардың шамшат ағаштардан өңдеу кезінде ағаш қалдықтары аз мөлшерде болатын және басқа да мақсаттарға пайдалана алатындай болуы қажет.
Стандарт бойынша шпалдар төрт жағынан кесілген пішінді және екі жақты кесілген пішінді және жартылай пішінді шпалдар үш түрге бөлінеді.
1957 ж. бастап теміржолда алдын ала кернелген шегенді темірбетон шпалды пайдалану кеңінен тарай бастады. Олардың құндылығы: төзімділігіне, жолдың орнықтылығының жоғарылығында, мұны олардың бірдей мөлшерлігімен және бірдей серпімділігімен түсіндіруге болады. Оларды оқтама, сымдардан өрілген арматуралармен арматуралайды.
Алдын ала кернелген арматуралы темір бетонды шпалдар МЕСТ 10629-88 және ТУ 5864-019-11337151-95 талаптарына сәйкес келуі қажет.
Шпалдардың көлденең қимасы жоғарғысы бойынша ені 160-170-182 мм-ге тең, ал төменгі бойынша ені 250-300 мм болатын трапециалды көрініске ие. Шпалдағы негізгі бетінің нақты дамуы балластың тығыздалуының ең аз кедергісі болатын балластық призманың жиектерінде оларға әсер ететін деформация мен қысымды төмендетеді. Негізінде түйіспесіз жолға қажетті болатын көлденең бағытқа жақындауындағы жолдың кедергісі жоғарлайды.
Аралық бекітпелер негізінен тұтас, аралас және бөлек бекітпелер болып үш түрге бөлінеді.
Рельс буындарын өзара жалғастыру түйіспе бекітпелердің көмегімен жүзеге асырылады. Екі шүйделі жапсырмаларды беріктігі жоғары болаттан жасап, суарады. Жапсырмалар сияқты бұрандалары да берік болуы тиіс. Олардың арасына серіппелі тығырықтар салады.
Тұтас және аралас бекітпелерді пайдаланғанда жол ығысуын болдырмау үшин қарсы бекітпелер пайдаланады. Рельстерді қумалауға қарсы серпінді бекітпе түрі көрсетілген.Ол- рельс табанына қарсы қысып бекітілген және өзінің төменгі иінімен шпалға тіреліп тұратын серпінді бекітпе.