
- •Халықаралық гуманитарлық құқықтың түсінігі, мәні және қағидалары.
- •Халықаралық гуманитарлық құқықтың дамуына байланысты мәселелер.
- •Халықаралық гуманитарлық құқықтың қағидалары .
- •Әскери іс-әрекеттерді жүргізу әдістері мен тәсілдері.
- •Бейтарап мемлекет құқылы:
- •Халықаралық гуманитарлық құжаттарда орындау, бақылау, санкциялар мәселесі.
- •Соғыс құрбандарын қорғау
- •Мәдени құндылықтарды қорғау
Соғыс құрбандарын қорғау
Соғыс құрбандарына халықаралық гуманитарлық құқық : 1) жаралыларды; 2) ауруларды; 3) теңіздегі теңіз апатынан қарулы күштерінің зардап шегуі; 4) әскери тұтқындар; 5) азаматтық тұрғындар.
Жаралылар мен аурулардың құқықтық мәртебесі 1949 жылғы конвенциялармен белгіленген. «Жаралылар» және «аурулар» түсінігі комбатанттар мен комбатан еместерге де терейды.
Дұшпанның билігіне түскен соғысушы армияның жаралылары мен аурулары әскери тұтқындар деп саналады, және оларға әскери тұтқынның режимі белгіленеді.
Әскери тұтқындарға тұтқынға түскен соғысушы тұлғалар, яғни комбатанттар жатады. Олар қарсы мемлекеттің билігінде жатады. Әскери тұтқындарға күш көрсетуге, қорқытуға, азаптауға болмайды. Олардың жеке басы мен ар ожданын құрметтеуі тиіс.
Тұтқынға алынғаннан соң әскери тұтқындар соғыс әрекеті болып жатқан зонадан алыс жердегі лагерлерге жіберіледі. Әскери тұтқындар ерекшеленетін және мемлекеттік тиістілігін белгілейтін белгілерді киіп жүруге құқылы. Оларға хат алысып тұруға, азық- түліктермен, медикаменттермен посылкалар алып тұруға құқылы.
Әскери тұтқынның азаматтық құқыққабілеттігі толық сақталады. Әскери әрекеттер біткеннен соң егер олар әскери қылмысы үшін жауаптылыққа тартылмайтын болса әскери тұтқындар босатылады.
Азаматтық тұрғындар соғысқа қатыспайтын комбатанттарға жатпайтын тұлғалар. Азаматтық тұрғындардың құқықтық мәртебесі 1949 жылғы конвенциямен реттеледі.
Азаматтық тұрғындарға расалық белгісі, ұлты, саяси пікірі бойынша дискриминациясыз құқықтар мен бостандықтар беруі тиіс.
Қарулы қақтығыс кезінде азаматтық тұрғындарға физикалық азап келтіруге тыйым салынады. Халықты құртуға әкелетін кез келген шараға тыйым салынады: кісі өлтіру, дене жазалары, медициналық және ғылыми тәжірибелер.
Мәдени құндылықтарды қорғау
Халықаралық гуманитарлық құқық мәдени құндылықтарды қорғауға бағытталған. 1954 жылы14 мамырда Қарулы қақтығыс кезінде мәдени құндылықтарды қорғау туралы конвенция қабылданды. Мәдени құндылықтарды қорғау мақсатында мемлекеттер:
Мәдени құндылықтарды қорғаныс ретінде пайдалануға тыйым салынады, себебі ол олардың құртылуына, жойылуына әкелуі мүмкін.
Осы құндылықтарға қатысты вандализм актілеріне тыйым салынады.
Мәдени құндылықтарды кез келген репрессивті шараларды қабылдауға және реквизициялауға тыйым салынады .
1977 жылғы Қосымша Хаттамаға сәйкес тарихи естеліктерге, өнер туындысына, немесе халықтардың мәдени және рухани мұрасы болған нәрселерге қарсы дұшпандық әрекеттерге тыйым салынады. ЮНЕСКО Бас Директоры әлеуметтік қорғанысқа алынатын мәдени құндылықтардың Халықаралық реестрін жүргізеді. Осы реестрге қоса барлық мәдени құндылықтар әскери иммунитетке ие және соғысушылармен қорғалуы тиіс.
Мемлекеттер бейбіт уақытта мәдени құндылықтарды сақтауға қатысты жарғылар мен инструкцияларды енгізіп, әскерлерді барлық халықтың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеп, қарулы күштер құрамында мәдени құндылықтардың сақталуы мен қорғалуын бақылап тұратын қызметтер мен арнайы персонал дайындауы немесе құруы керек.