- •Халықаралық гуманитарлық құқықтың түсінігі, мәні және қағидалары.
- •Халықаралық гуманитарлық құқықтың дамуына байланысты мәселелер.
- •Халықаралық гуманитарлық құқықтың қағидалары .
- •Әскери іс-әрекеттерді жүргізу әдістері мен тәсілдері.
- •Бейтарап мемлекет құқылы:
- •Халықаралық гуманитарлық құжаттарда орындау, бақылау, санкциялар мәселесі.
- •Соғыс құрбандарын қорғау
- •Мәдени құндылықтарды қорғау
Бейтарап мемлекет құқылы:
қарулы күштерімен өзінің егемендігіне қастандық білдіруге
соғысушы тараптардың жаралылары мен ауруларын өз территориясы арқылы өткізуге рұқсат етуге құқылы
бейтарап мемлекеттің тұлғалары соғысушы тараптардың біреуінің армиясына ерікті кіруіне болады.
Теңіз соғысындағы бейтараптылық. Соғысушы мемлекеттерге бейтарап мемлекеттің аумақтық теңізінде соғысуға болмайды:
басқа соғысып жатқан тараптың сауда кемелерін басып алуға;
оларда, порттарда, рейдтерде әскери-теңіз операцияларын жүргізу үшін құруға;
өз қарулы күштерімен байланыс жасау үшін радиостанциялар жасауға; ж.т.б
Әуе соғысындағы бейтараптылық. Бейтарап мемлекеттің аумағы жоғарысындағы кеңістікке қол сұғылмайды. Ол аумақ арқылы соғысушылардың ұшу аппараттарын ұшыруға, қарсыластың ізіне түсуге немесе онымен соғысуға тыйым салынады. Соғысушы мемлекеттерге бейтарап мемлекеттің әуе кеңістігі арқылы әскерлерді және әскери мүлікті тасуға жол қойылмайды. Дегенмен ұшақтарда аурулар мен жаралыларды тасымалдауғы рұқсат етіледі.
Халықаралық гуманитарлық құжаттарда орындау, бақылау, санкциялар мәселесі.
1949 жылғы барлық төрт Женева конвенциялары мына ережеден басталады: «Жоғарыда Келісуші Тараптар кез келген жағдайда осы Конвенцияны сақтауға және сақтауға мәжбүр етуге міндеттенеді.» (1б). Орындамауды бір тараптың осы конвенцияда қатыспауы ақтау ретінде қызмет ете алмайды.
Дегенмен, басқа халықаралық құқық сияқты ХГҚ мәжбүрлеуші күшке ие емес. Сондықтан, ХГҚ орындау мақсатында 3 тәсілді қолданады: сыртқы бақылау, бұзушылық үшін жауапкершілік, және үйрету. Гуманитарлық құқық 1929 жылғы конвенцияда Қорғаушы –Держава институтын енгізді, ал 1949 жылғы конвенцияларда осы жаңа институтын толық жасап шықты.
Женевалық конвенциялар мен Хаттамалар тек қана құқықбұзушылықтарға көңіл бөліп қана қойған жоқ. Әсіресе олар қылмыстық тергеуге алынатын «қатаң бұзушылықты» бөлді. Бұл бұзушылықтар нақты және арнайы тізімде белгіленген.
ХГҚ құжаттары өз ережелерін қатаң бұзушылықтар үшін жазалау шараларын және тиісті әділет органдарын белгілемейді. Коенвенциядан шығатынындай, бұлардың барлығы тиісті мемлекетпен, сонымен қатар олардың қызметтесуі шегінде белгіленеді.
Сонымен қатар, қарулы қақтығыстар кезінде жасалынған қылмыстарға қатысты халықаралық трибуналдардың құрылуы туралы прецеденттер де бар.
Бірінші прецедентті халықаралық процесс Нюрнбергте 1945-1946 жылдардағы басты нацист қылмыскерлердің үстінен құрылды. Нацистік басшыларды КСРО, АҚШ, Англия арасындағы келісіммен құрылған Халықаралық Әскери Трибунал бейбітшілікке қарсы қылмысы, әскери қылмыс және адамзатқа қарсы қылмысы үшін соттады. Жекелеген жағдайда, Гаага конвенциясының өрескел бұзылуына айып тағылды. Егер айыптаудың нақты пункттеріне қарасақ, онда процесс уақытына тиісті дәрежеде құрылмаған ХГҚ-тың көптеген ережелерін білуге болады.
Халықаралық гуманитарлық құқықтағы жауапкершілік.
Барлық соғысушы мемлекеттер халықаралық гуманитарлық құқықтың нормаларын кез келген жағдайда орындауы міндетті. Бұл ереже әсіресе 1949 жылғы Женева конвенцияларында екерше атап өтілген.
Мемлекеттің халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын орындауындағы ролі төмендегіден көрінеді:
Бар шарттарды ратификациялау;
Олардың мазмұны туралы білімді тарату;
Алдын ала белгіленген міндеттемелерді орындау
Халықаралық гуманитарлық құқық нормаларының сақталуынҚорғаушы- Державалар немесе өз құзыреті шегінде ХҚКК атқаруы мүмкін
Халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын бұзған мемлекеттер шығындарлы өтеу керек, егер оған толық негіз болса.
Бәрімізге белгілі, қарулы қақтығыстар кезінде жасалынған кейбір әрекеттер халықаралық қылмыс ретінде қарастырылады және ол үшін әскери әрекеттер қатысушылары жеке жауаптылыққа тартылады.
Халықаралық өзгешеліктегі қылмыстардың ішінде әскери қылмыстар да бар, яғни соғыс кезінде халықаралық гуманитарлық құқықты өрескел бұзушылық. (бейбітшілікке қарсы, террористік актілер, қинау, жалдамашылық ж.т.б.)
