Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Халықаралық гуманитарлық құқықтың түсінігіМПлек...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
84.48 Кб
Скачать

Халықаралық гуманитарлық құқықтың түсінігі, мәні және қағидалары.

Соғысты жұмсарту және оның қиратқыш әсерлерін азайту әрекеттері соғыстың өздері сияқты ертеден келе жатыр. Бірақ олар ұзақ уақыт бойы елеулі нәтижелер көрсетпеді.

    Үлкен өзгеріс XIX ғасырда болды. Мұнда гуманизмнің кең өріс алуы, сонымен қатар қоғамдық құқықтық санасында, әскери істерде өзгерістердің болуы, техникалық прогрестің өсуі үлкен роль атқарды.

Қоғам, сонымен қатар үкіметтік және әскери топ соғыста өз құрамының көбісі қарсыластың талқандалуынан емес, ал жаралыларды ешқандай көмексіз қалдырғаннан, аурудан қырылатынын ұғынды.

1863 жылдан бастап мемлекеттерде жаралыларға көмек көрсететін қоғамдар құрыла бастады. Қоғамдар ең бастапқыда аз болды, ұйымдастыруда нашар болды, және бір бірімен байланысы болмады. Бірақ бастамасы салынды. Енді халықаралық өзгешелікке ие болған қоғамдық қозғалысқа құқықтық негіз қажет болды.

     1864 жылы Женевада соғыс майданында жаралылардың халін жақсарту туралы Конвенцияға қол қойылды. Конвенция соғыс майданында жаралыларға арнайы дайындалған персоналмен көмек көрсетілетінін, және оларды госпитальға жеткізілетінін бекітті. Көмек дұшпандарды қоса алғанда бүкіл жаралыларға көрсетілуі тиіс. Жаралыларға көмек көрсететін персонал бейтарап және қол сұғылмайды. Оны тұтқынға алуға болмайды. Оны тану үшін арнайы белгі – ақ алаңда Қызыл Крест қабылданды. (Швейцариялық тудың трансформациясы)

Женевалық конвенция соғыс және басқа да қарулы қақтығыстардың құрбандарын қорғауды реттейтін гуманитарлық құқықтың бастамасын салды.

1864 жылғы Женевалық конвенцияны гуманитарлық құқықтың бастамасы ретінде санайды, дегенмен оның басқа қайнар көзін яғни, соғыс жүргізудің белгілі бір ережелерін және қарудың белгілі бір түрлерін қолдануға шектеуді бекіту туралы ұмытылып жатады.

Бұл бағытта үлкен өзгеріс болып 1899 жылғы дүниежүзілік Бірінші Гаага конференциясымен қабылданған Құрлықта соғыс жүргізу заңдары мен әдет – ғұрыптары туралы конвенция болып табылады. (Ол кейін 1907ж екінші Дүниежүзілік Гаага конференциясымен бекітілді.)

Ең алдымен Гаага конференциясы соғысушының (комбатант) мәртебесін анықтады. Гаага конвенциясының арнайы бөлімі әскери тұтқындардың мәртебесі, құқықтары мен міндеттеріне арналған.

1864 жылғы Жаралылар туралы Женева конвенциясы және соғыс әдет ғұрыптары мен заңдары туралы Гаага конвенциясы бір мақсатты көздеді: соғысты адамгершілікке бұру, оның зардаптарын жұмсартуды көздеді.

Айтып өту қажет, «гуманитарлық құқық» түсінігі жақында пайда болды. Ұзақ уақыт бойы Гаага конвенциялары «Гаага құқығы»,ал Женева конвенциялары - «Женева құқығы» деп аталды. Бірақ біртіндеп гуманитарлық құқық ерекшеленді. Мұнда маңызды роль атқарған 1929 жылғы екі Женева конвенциялары болып табылады. Гуманитарлық құқықтың нормалары абсолютті және жалпыға бірдей міндетті.

       1929 жылғы Конвенцияның қабылдануымен гуманитарлық құқықтың қалыптасуы басталды. Оны соғыс құқығының жеке саласы ретінде қарастыра бастады.

Халықаралық гуманитарлық құқықтың дамуына байланысты мәселелер.

Женева конвенциялары толығымен бірінші дүниежүзілік соғыстың және одан кейінгі қақтығыстардың сынағы болды. Орындалмай қалған бір бап болды: тұтқынға алынған медициналық персоналды қарсылас тарап қайта жібермей, ал оны өзінің жаралылары мен ауруларды емдеуге пайдаланды. Барлық соғысушы мемлекеттер осылай жасады.

Гаага конвенциялары орындалды, дегенмен кейбір жекелеген баптар өрескел бұзылды. Мысалы: 23-баптың уды пайдалануды шектеуіне қарамастан кең масштабта олар улы газдарды қолданылып жатты.

Дегенмен халықаралық құқықтың прогрессивті дамуын да есепке алуымыз керек. Бұл міндетті 1949 жылғы төрт Женева конвенциялары және 1977 жылғы қосымша хаттамалар атқарды.

Көрсетілген төрт Конвенция және екі Хаттама қазіргі халықаралық гуманитарлық құқықтың негізін құрайды. Олар көптеген адамзаттың өзара қарым қатынасының реттейтін жүйелендірілген және кодификацияланған қағидалар мен нормалардың жиынтығын қамтиды. Осы төрт конвенцияның көмегімен қазіргі кезде гуманитарлық құқық халықаралық құқықтың кодификацияланған саласына жатады.

     Бұған жағдай жасаған гуманитарлық құқықтың ерекшелігі және оның Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қозғалыстарымен үзілмес байланысы болып табылады. Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қозғалыстары 3 автономдық құрылымнан тұрады: Халықаралық Қызыл Крест Комитеті, Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай Халықаралық Федерациялары және өзінің қоғамдары. Қазіргі кезде дүние жүзінің басым санында Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдары бар. «Халықаралық гуманитарлық құқық» терминін айналысқа алғаш рет 50-жылдары швейцар профессоры Ж. Пикте, енгізді. Женева конвенциялары Халықаралық Гуманитарлық құқықты нақты құрылымға әкелді. Олар ХГҚ-ты шын тәжірибемен анықталған келесі бөлімдер бойынша топтарға жіктеді:

         1. Санитарлық персонал және мекемелер

         2. Жаралылар және аурулар

         3. әскери тұтқындар

         4. азаматтық тұрғындар және азаматтық объектілер.

         5. Оккупацияланған территориялар.

         6. Интернирование.

         7. Азаматтық қорғаныс.

         8. әскери әрекеттерді жүргізу құралдары мен тәсілдері.

Халықаралық Гуманитарлық құқықтың ең басты мақсаты – қарулы қақтығыстарды гуманизациялау, оның идеалы – қарулы қақтығыссыз халықаралық қатынастар.