Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Угол право ч Общая каз 2012.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
652.29 Кб
Скачать

19 Тақырып. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі кәселетке толмағадардың қылмыстық жауапкершілігі мен жазасына арналған дербес бөлімі бар (6 бөлім). Бұл бөлімде жазаның жүйесі мен түрлерін, олардың кәмелетке толмағандарға тағайындалуы және қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босатылуын реттейтін ережелер бар.

Кәмелетке толмағандар деп Қылмыстық кодекске сәйкес қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бiрақ он сегiзге толмаған адамдар танылады (ҚР ҚК-нің 78 бабы).

Қылмыстық кодекс тек кәмелектке толмағандарға ғана арналған арнайы жазалар түрлерін қарастырмайды. Дегенмен, ҚР ҚК-нің 39 бабында қарастырған жазалардың барлық түрлері кәмелетке толмағандарға қолданылмайды.

ҚК-нің 79 бабында кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалардың тізімі берілген:

а) айыппұл;

б) белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру;

в) қоғамдық жұмыстарға тарту;

г) түзеу жұмыстары;

д) бас бостандығын шектеу;

е) бас бостандығынан айыру болып табылады.

Негізгі әдебиеттер:1.8 тараудың № 14, 15, 19, 39 әдебиеттерді қараңыз

Қосымшы әдебиеттер:1.8 тараудың № 73, 74, 76 әдебиеттерді қараңыз

Интернет көздер: 1.8 тараудың №104, 108, 110, 111, 113 қараңыз

20-ТАҚЫРЫП МЕДИЦИНАЛЫҚ СИПАТТАҒЫ МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫ

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түсінігі, заңдық тегі, мақсаттары мен түрлері. Олардың жазадан айырмашылығы. Жан ауруына шалдыққан адамдарға қолданылатын шаралар, олардың түрлері. Маскүнемдерге, нашақорларға және уытқұмарларға қолданылатын шаралар. Оларды қолдану негіздері мен тәртібі. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды создыру, өзгерту және тоқтату. Бұл шараларды қолданған соң жаза тағайындау.

Негізгі әдебиеттер:1.8 тараудың № 47, 48, 49, 49 әдебиеттерді қараңыз

Қосымшы әдебиеттер:1.8тараудың № 75, 80 әдебиеттерді қараңыз

Интернет көздер: 1.8 тараудың №104, 105, 109, 110, 111 қараңыз

2.3. Семинарлық сабақтар жоспары

Тақырыбы: Қылмыстық құқықтың түсінігі, міндеттері мен жүйесі. Қылмыстық құқық ғылымы

Сұрақнама:

  1. Қылмыстық құқықтың түсінігі, пәні, әдістері. Қылмыстық құқығының жүйесі.

  2. Қылмыстық құқықтың мақсаттары

  3. Қылмыстық құқық ғылымы.

Тапсырма: Қылмыстық құқықтың сабақтас құқық салаларымен ара қатынасын зерттеу.

Тапсырмаларды орындау үшін қажетті әдістемелік нұсқаулар: Қылмыстық құқық өзінің ерекше мақсаттары, пәні, қоғамдық қатынастарды реттеу тәсілдері және заңнама жүйесі бойынша дербес құқық саласы етіп бөлінген қазақстандық құқықтың бір бөлігі болып табылады. Қылмыстық құқықтық реттеудің пәні қылмыстық-құқықтық қатынастың үш түрін құрайтынына назар аудару қажет: қорғаушылық, реттеушілік және жалпы алдын алушылық құқықтық қатынастар. Қылмыстық құқықтың әдістерін анықтау барысында қылмыстық құқықтың негізгі әдісі - императивті әдісімен қатар, өзге де әдістер, нақтылап айтсақ, көтермелеу және рұқсат ету әдістері бар.

Негізгі әдебиеттер:1.8 тараудың № 1, 2, 3, 6, 8, 9, 13, 14, 15 әдебиеттерді қараңыз

Қосымшы әдебиеттер:1.8 тараудың № 55, 76 әдебиеттерді қараңыз

Интернет көздер: 1.8 тараудың №104, 105,122,108 қараңыз

Тақырыбы: Қылмыстық заң

Сұрақнама:

  1. Қылмыстық заңның түсінігі мен негезгі белгілері

  2. Қылмыстық-құқықтық норманың құрылысы. Қылмыстық-құқықтық норманың диспозияция мен санкцияның түрлері

  3. Қылмыстық заңның кеңістікте таралуы

  4. Қылмыстық заңның уақыттағы әрекеті

Тапсырма: Қылмыстық заңнды талқылаудың түсінігі мен түрлері.

Тапсырмаларды орындау үшін қажетті әдістемелік нұсқаулар: Қылмыстық заңның түсінігін, оның негізгі беліглерін, сонымен бірге қылмыстық-құқықтық норманың құрамының ерекшеліктерін білу қажет. Қылмыстық заңның кеңістікте таралуы туралы сұрақты зерттеуген уақытта, оның негізгі әрекетінің қағидаларын білу қажет: территориалды және азаматтық қағидасы, сонымен қатар универсалды және нақты (реалды) қағидаларының маңызы мен шарттары. Қылмыстық заңның кері күшіне басты назар аудару қажет.

Негізгі әдебиеттер:1.8 тараудың № 2, 3, 18, 21,24, әдебиеттерді қараңыз

Қосымшы әдебиеттер:1.8 тараудың № 54, 79, әдебиеттерді қараңыз

Интернет көздер: 1.8 тараудың №104, 105,107,108, 109 қараңыз

Тақырыбы: Қылмыстың түсінігі

Сұрақнама:

  1. Қылмыстық құқықтағы қылмыс ұғымы

  2. Қылмыс белгілері мен олардың мазмұны

  3. Қылмыс санаттары жәе олардың маңызы

Тапсырма: Қоғамға қауіпті әрекеттердің криминализация мен декриминализация негіздерін анықтау.

Тапсырмаларды орындау үшін қажетті әдістемелік нұсқаулар: ҚР ҚК 9 бапта қылмыстың жете түсінігін береді. Қылмыс құқық бұзушылықтардан ерекшеленетін белгілі бір елеулі белгілермен сипатталады. Мұндай белгілер болып табылады: құқыққа қайшылық, қоғамға қауіптілік, кәнілілік және жазаланушылық. Белгілердің әрбіреуінің жеке мазмұнын меңгеру қажет.

Қылмыстың санаттары туралы сұрақты қарастырғанда қылмысты санаттарға бөлудің критерийі болып әрекеттің қоғамға қауіптіліктің сипаты мен дәрежесін анықтауымыз керек. Белгілі бір қылмыс санаты құқық қолданушының өз бетімен анықтауға болмайтынын ескетуіміз керек. Ол тиісті баптың санкциясында белгілі бір жазаны белгілеу жолымен қылмыстық заңды жобалау мезетінде заңшығарушымен анықталдын. Сонымен қатар қалмыстың санаттарының тәжірибелік маңызына назар салуын айтып кеткен жөн.

Негізгі әдебиеттер:1.8 тараудың № 2, 3, 13, 14, 15 әдебиеттерді қараңыз

Қосымшы әдебиеттер:1.8 тараудың № 16, 57, 56 әдебиеттерді қараңыз

Интернет көздер: 1.8 тараудың №104, 105,107,108, 109 қараңыз

Тақырыбы: Қылмыстың құрамы

Сұрақнама:

  1. Қылмыс құрамының түсінігі және мәні

  2. Қылмыс құрамының белгілері мен элементтері

  3. Қылмыс құрамының түрлері

Тапсырма: Қылмыс құрамы мен қылмыс ұғымдарының ара қатынасы сұрағы бойынша аналитикалық баяндама дайындау.

Тапсырмаларды орындау үшін қажетті әдістемелік нұсқаулар: Қылмыс құрамы сұрағын ашу барысында қылмыс құрамының жалпы түсінігі жалпы қылмыс түсінігінен бастау алып, қылмыстық құқық ғылымымен тұжырымдалғана зейін салу қажет. Қылмыс құрамының құрылымын, қылмыс құрамының элементі мен белілердің түсінігін анықтау қажет. Қылмыс құрамының әрбір элементін сипаттайтын белгілерін міндетті түрде білу қажет. Сонымен қатар белгілердің негізгі және қосымша (факультативті) белгілеріне бөлінуін ескерту қажет. Әрекеттің қоғамға қауіптілік дәрежесі, заңда сипатталу тәсілі, объективтік жағының құрылымы сияқты критерийлері бойынша қылмыс құрамын жіктей алу қажет.

Негізгі әдебиеттер:1.8 тараудың № 2, 3, 5, 13, 14, 24 әдебиеттерді қараңыз

Қосымшы әдебиеттер:1.8 тараудың № 55, 56, 57, 72 әдебиеттерді қараңыз

Интернет көздер: 1.8 тараудың №110, 111, 117, 118, 109 қараңыз

Тақырыбы: Қылмыстың объектісі

Сұрақнама:

  1. Қылмыс объектісінің түсінігі және оның мәні

  2. Қылмыс объектілерінің түрлері

  3. Қылмыстың заты, зардап шегуші және қылмыс объектісі.

Тапсырма: Қылмыстық құқық теориясындағы қылмыс объектісі түсінігі туралы аналитикалық баяндама дайындау.

Тапсырмаларды орындау үшін қажетті әдістемелік нұсқаулар: Қылмыстық құқық теориясындағы қылмыс объектісінің түсінігі даулы мәселелерінің бірі және қазіргі уақытқа дейін біртұтас анықтама ретінде қалыптаспағанын айтып кеткен жөн. Қылмыс объектісінің “тігінен” және “көлденең” жіктелуін қарастырған дұрыс. Тігінен объектілер үш түрге бөлінеді: жалпы, арнайы және тікелей. Кейде түрлі объектілер ерекшеленеді. Көлденең тікелей объектінің үш түрі ерекшеленеді: негізгі, қосымша және факультативті. Аталған жіктеудің теориялық және тәжірибелік анықтау. Тікелей объектісінен қылмыс затын, қылмыс құралдарын және қылмыстың жәбірленушісін ажырату керек. Қылмыстың затын қарастырған кезде қылмыс затының талқылауқылауында бір мағыналы емес екендігін айтып кету керек.

Негізгі әдебиеттер:1.8 тараудың № 2, 5, 13, 15, 16, 17, 20, 24, 25 әдебиеттерді қараңыз

Қосымшы әдебиеттер:1.8 тараудың № 26, 32, 37, 57, 72 әдебиеттерді қараңыз

Интернет көздер: 1.8 тараудың № 104, 105,107, 120, 121 қараңыз

Тақырыбы: Қылмыстың объективтік жағы

Сұрақнама:

  1. Қылмыс құрамының объективтік жағының түсінігі, белгілері және мәні

  2. Әрекет және әрекетсіздік түсінігі. Әрекетсідзік жолымен жасалынған әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершіліктің шарттары

  3. Қоғамға қауіпті зардап. Зардаптың түрлері

  4. Себептік байланыс және оның қылмыстық құқықтағы мәні

Тапсырма: Қылмыс құрамының объективті жағының факультативті белгілеріне сипаттама беру, ҚК-ң Ерекше бөлімінің нақты баптарына сілтеме жасай отырып, олардың мәнін ашу.

Тапсырмаларды орындау үшін қажетті әдістемелік нұсқаулар: Қылмыс құрамының объектиік жағын сипаттаған кезде оныңі міндетті және факультативті белгілерін анықтай білу қажет. Кез келген қылмыс құрамы үшін ең маңызды белгісі қоғамға қауіпті әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) екендігін ескерткен жөн, ал материалдық құрамдағы қылмыстар үшін қосымша міндетті белгілер қоғамға қауіпті зардап және әрекет пен зардаптың арасындағы себепті байланыс болып табылады.

Қоғамға қауіпті зардап пен қылмыстың объективті жағының заңды белгісі ретіндегі зардаптың ерекше белгілерін қарастыру қажет. Зардапты ауырлық пен сипаты бойынша ажырату. Заңшығарушының зардапты қылмыстың объективтік жағына кіргізудің тәсілдері әр түрлі болып келетінін есте сақтау керек.

Себепті байланысты сипаттаған уақытта, себепті байланыс жайындағы жалпыфилософиялық ілім қылмыстық құқықта қолданылуы мүмкін. Құқыққа қайшы әрекет пен қоғамға қауіпті зардап арасындағы себепті байланыстың бары анықталатын критерийлерін анықтау қажет.

Негізгі әдебиеттер:1.8 тараудың № 2, 5, 13, 15, 16, 17, 20, 24, 25 әдебиеттерді қараңыз

Қосымшы әдебиеттер:1.8 тараудың № 26, 32, 37, 57, 72 әдебиеттерді қараңыз

Интернет көздер: 1.8 тараудың № 104, 105,107, 120, 121 қараңыз

Тақырыбы: Қылмыстың субъектісі

Сұрақнама:

  1. Қылмыс субъектісінің түсінігі мен белгілері

  2. Есі дұрыс еместігінің түсінігі мен критерийлері

  3. Қылмыс субъектісінің бір белгісі ретіндегі жас мөлшері

  4. Қылмыстық арнайы субъектісі

Тапсырма: Қылмыстық жауапкершілікке тарту субъектілерінің қатарына заңды тұлғаларды қосудың қажеттілігін негіздеу.

Тапсырмаларды орындау үшін қажетті әдістемелік нұсқаулар: Қылмыс субъектісінің міндетті белгілерін анықтау: есі дұрыстық және заңмен белгіленген белгілі бір жасқа жету. Сонымен бірге үшінші міндетті белгіні айтып кеткен жөн – тұлға жеке тұлға болуы керек. Қылмыс субъектісінің белгісі есі дұрыстық қылмыстық жауапкершіліктің негізі болы отырып, ҚК-ң есі дұрыс еместік ұғымы екі критерйімен сипатталады: медициналық ( биологиялық) және заңдық (психологиялық). Медициналық критерийдің төрт белгісі, ал заңдық критерийдің екеуі бар. Тұлғаны ес дұрыс емес деп тану және оны жауапкершіліктен босату үшін міндетті түрде екі критерийдің болуы талап етіледі, олардың әрбіреуі бір белгісі ретінде танылуы мүмкін.

Негізгі әдебиеттер:1.8 тараудың № 1, 3, 5, 13, 15, 17, 19 әдебиеттерді қараңыз

Қосымшы әдебиеттер:1.8 тараудың № 37, 46, 53, 56, 74, 78, әдебиеттерді қараңыз

Интернет көздер: 1.8 тараудың №108, 109, 111, 112, 113 қараңыз

Тақырыбы: Қылмыстың субъективтік жағы

Сұрақнама:

  1. Қылмыс құрамының субъективті жағының түсінігі мен белгілері

  2. Қылмыстық құқықтағы кінә түсінігі мен мәні

  3. Ниет және оның түрлері

  4. Абайсыздық және оның түрлері

Тапсырма: Қылмыс құрамының субъективті жағының факультативті белгілерінің қылмыстық құқықтық мәні және түрлеріне сипаттама беру: мотив, мақсат және эмоциялық жағдайы.

Тапсырмаларды орындау үшін қажетті әдістемелік нұсқаулар: Қылмыс құрамының субъективтік жағының түсінігін және мәнін, оның міндетті (кінә) және факультативті (мотив, мақсат және эмоциялық жағдайы) белгілерін анықтау. Кінә түсінігіне, оның мәніне, психологиялық мазмұнына, әлеуметтік мәні мен нысанына назар аудару керек. Ниеттің тікелей және жанама түрлерінің, қылмыстық менменділік пен немқұрайдылықтың интеллектуалдық және еріктілік мазмұнын меңгеру.

Сонымен қатар теория мен тәжірибе ниеттің өзге де жіктелімі бар: пайда болу мезеті бойынша – алдын ала ойластырылған және аяқ астынан пайда болған, анықталу дәрежесі бойынша – анықталған (жай немесе альтернативті) және анықталмаған. Қылмыстық менмедік пен жанама ниетті, сонымен қатар абайсыздық пен зардапты абайсызда келтіруді ажырата білген жөн. Абайсыздықпен материалдық құрамдас қылмыстарда ғана болуы мүмкін, оның қылмыстың кейбір сараланған түрлерінде болатынын айтып кету керек. ҚК-ң 23 бабында көрініс тапқан жазықсыз зиян келтіру түрлеріне назар аудару қажет.

Негізгі әдебиеттер:1.8 тараудың № 1, 3, 5, 13, 15, 17, 19 әдебиеттерді қараңыз

Қосымшы әдебиеттер:1.8 тараудың № 37, 46, 53, 56, 74, 78, әдебиеттерді қараңыз

Интернет көздер: 1.8 тараудың №108, 109, 111, 112, 113 қараңыз

Тақырыбы: Қылмыс жасау сатылары

Сұрақнама:

  1. Аяқталмаған қылмыстың түсінігі мен түрлері

  2. Қылмысқа дайындалу

  3. Қылмысқа оқталу

  4. Қылмыс жасаудан өз еркімен бас тарту

Тапсырма: ҚК-ң бабы 1т. көрсетілен қылмыстық әрекеттерді жасау сатылардың түсінігін анықтау керек. Қылмыс түсінігіне негізделе отырып, қылмысқа дайындалу мен қылмысқа оқталу қылмыс болып табылатынын, ал ниетті қалыптастыру және оны анықтау қылмыс болып табылмайтынын анықтау қажет. Қылмысқа дайындалу және оқталу сатылары жоқ қылмыс топтарын көрсету. Аяқталған қылмысқа түсінік беру.

Тапсырмаларды орындау үшін қажетті әдістемелік нұсқаулар: Аяқталмаған қылмыстың түсінігін, бұл институттың мақсатын анықтау керек. Қылмыстық жауапкершіліктің негізі қылмысқа дайындалу мен оқталу болып табылатынын, ал тұлғаның әрекеттері аяқталмаған қылмыстың құрамын жете түсіну керек. Қылмыстық құқықтың теориясы мен тәжірибесі қасақана қылмыстың үш сатысын айқындайды: қылмысқа дайындалу, оқталу және аяқталған қылмыс. Ниетті анықтау қылмыс жасау сатысы болып табылмайтынын ескерту керек. Қылмысқа дайындалу сұрағын зерттеген кезде дайындалу әрекеттері басқа аяқталған қылмыстың сатысы және қылмыстардың жиынтығы ретінде саралануы мүмкін. Теория мен тәжірибе қылмысқа оқталудың екі түрін бекітеді: аяқталған және аяқталмаған.

Қылмыс жасаудан өз еркімен бас тарту мүмкіндігінің жағдайларын анықтау керек. Қылмыс жасаудан өз еркімен бас тарту мен кінәні мойындауды дұрыс ажырата білу қажет.

Негізгі әдебиеттер:1.8 тараудың № 14, 15, 16, 25, 26 әдебиеттерді қараңыз

Қосымшы әдебиеттер:1.8 тараудың № 33, 36, 37, 55, 68 әдебиеттерді қараңыз

Интернет көздер: 1.8 тараудың №104, 105,107,108, 109 қараңыз

Тақырыбы: Қылмысқа қатысу

Сұрақнама:

  1. Қылмыстық құқықтағы қатысудың түсінігі мен белгілері

  2. Қылмысқа қатысушылардың түрлері

  3. Қылмысқа қатысу нысандары

  4. Қылмысқа қатысушылардың қылмыстық жауаптылықтың тәртібі мен шектері

Тапсырма: Қылмысқа қатысушылардың жауапкершілігіне сараланған қылмыс белгілерінің ықпалын көрсету. Жаза тағайындау кезінде сотың қатысу нысанын қандай жолмен анықтайтынын түсіндурі. Қылмысқа қатыстылығы институтын зерттеу. Қатысушылардың өз еркімен бас тартудың ерекшеліктерін анықтау.

Тапсырмаларды орындау үшін қажетті әдістемелік нұсқаулар: Қылмысқа қатысу түсінігі ҚК-ң 27 бабында берілген. Қатысу деп кез келген бірлескен қылмыстық әрекет танылмайды, ал субъективтік және объективтік міндетті белгілері бар әрекет танылатынын ескерту керек. Қылмысты бірлесіп жасау ретіндегі мұндай белгінің мазмұнына, ал қатысудың субъективтік белгілері - қылмысқа қатысудың ниетіне, сонымен бірге білу және келісу сияқты субъективтік белгілеріне назар аудару керек.

Қылмысқа қатысу үшін қылмыстық жауапкершіліктің негізі болып кез келген қылмыстық әрекет сияқты тұлғаның әрекетінде қылмыс құрамының болуын қарастыратынын ескерту керек. Сонымен қатар қатысу эксцесі, қылмысқа арнайы субъектісі қатысуы, орындалмаған қатысу үшін жауапкершілік, қылмысқа қатысудан өз еркімен бас тарту сияқты қылмысқа қатысудың арнайы сұрақтарына назар аудару керек.

Негізгі әдебиеттер:1.8 тараудың № 13, 14, 20, 25, 33 әдебиеттерді қараңыз

Қосымшы әдебиеттер:1.8 тараудың № 37, 43, 66, 71 әдебиеттерді қараңыз

Интернет көздер: 1.8 тараудың №111, 112, 113, 118, 119 араңыз

Тақырыбы: Қылмыстардың көптігі

Сұрақнама:

  1. Қылмыстардың көптігінің түсінігі, оның бірлік қылмыстардан айырмашылығы

  2. Қылмыстардың бірнеше рет жасалуы

  3. Қылмыстардың жиынтығы

  4. Қылмыстардың қайталануы (рецидив).

Тапсырма: Қылмыстардың көптігінің қылмытық-құқықтық салдарын анықтау.

Тапсырмаларды орындау үшін қажетті әдістемелік нұсқаулар: Қылмыстардың көптігінің түсінігін, оның нысандары мен түрлерін дұрыс анықтау қажет. Қылмыстардың көптігін бірлік қылмастардан ажырату үшін күрделі бірлік қылмыстардың түрлері мен түсінігін дұрыс анықтау керек. Қылмыстардың көптігі бойынша жаза тағайындаудың заңмен қарастырылған тәртібіне назар аударған жөн. 5 мамыр 2000 жылғы заң бойынша ҚК-ң 12 бабына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың есепке алу керек.

Негізгі әдебиеттер:1.8 тараудың № 24, 27, 32, 47, 48, 49 әдебиеттерді қараңыз

Қосымшы әдебиеттер:1.8 тараудың № 55, 57 әдебиеттерді қараңыз

Интернет көздер: 1.8 тараудың №104, 105,107, 108, 109 қараңыз

Тақырыбы: Әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлар

Сұрақнама:

  1. Әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлардың түсініг мен түрлері

  2. Қажетті қорғану

  3. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу.

Тапсырма: Келесі әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайларды зертеу керек: қол сұғушылықты жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру, аса қажеттілік, жедел іздестіру шараларын жүзеге асыру, Орынды тәуекел, бұйрықты немесе өкімді орындау.

Тапсырмаларды орындау үшін қажетті әдістемелік нұсқаулар: Әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлардың құқықтық табиғатын зертеген кезде мұндай мән-жайлары бас олардың қылмыспен формальды түрде сәйкес клетініне қарамастан қалмыс болып табылмайды. Бұл мән-жайлардың түсінігі, олардың құқықтық жағдайы ҚК-ң 32-37 баптарында көрсетілген. Қылмыстық құқық теориясында оларға толық сипаттама беріледі. Әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлардың жекелеген түрлерін зертегенде қол сұғушылыққа және әрбір мән-жайдың түріне қатысты олардың құқықтылығын ескерткен жөн.

Негізгі әдебиеттер:1.8 тараудың №13, 14, 26, 33, 39, 51 әдебиеттерді қараңыз

Қосымшы әдебиеттер:1.8 тараудың № 4, 56, 57, 64, 65 әдебиеттерді қараңыз

Интернет көздер: 1.8 тараудың №104, 105, 127, 128, қараңыз

Тақырыбы: Жаза түсінігі және мақсаттары

Сұрақнама:

  1. Жазаның түсінігі мен белгілері

  2. Жазаның мақсаттары

Тапсырма: Қылмыстық жазалардың басқа мемлекеттік мәжбүрлеу шараларынан айырмашылығын ашу. Мемлекеттік қылмыстық саясатын жүзеге асырудағы қылмыстық жазаның ролін анықтау. Жазаның белгіленген түрлерін, олардың түсінігін, мазмұнын, минималды және максималды мөлшерлерін анықтау.

Тапсырмаларды орындау үшін қажетті әдістемелік нұсқаулар: тақырыпты зертеген уақытта мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы ретіндегі жазаның түсінігін, жазаның айырықша белгілерін анықтау керек. Қылмыстан сақтандырудың мақсаты жйында сөз қозғаған кезде жаза қылмыспен күрестің басты құралы болып табылмайтынын айтып кету қажет.

Жазаның белгіленген түрлерін зертеген кезде ҚК-не 5 мамыр 2000 жылғы №47 және 21 желтоқсан 2002жылғы заңдармен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды есепке алған жөн.

Негізгі әдебиеттер:1.8 тараудың № 3, 5, 7, 11, 12, 15, 16, 35, 36 әдебиеттерді қараңыз

Қосымшы әдебиеттер:1.8 тараудың № 69, 71 әдебиеттерді қараңыз

Интернет көздер: 1.8 тараудың №104, 106, 107, 118, 120 қараңыз

Тақырыбы: Жаза тағайындау

Сұрақнама:

  1. Жаза тағайындаудың жалпы бастаулары

  2. Қылмыс үшін белгіленген жазадан гөрі жеңілдеу жазаны тағайындау

  3. Қылмыстардың жиынтығы және үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау.

  4. Қылмыстық соттылықты қолданудың түсінігі, мәні мен негіздері.

Тапсырма: Жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар туралы, аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындау туралы, қылмысқа қатысу және қылмыстың қайталануы кезіндегі қылмыс жасау туралы сұрақтарын зерттеу.

Шартты түрде соттаудың мүмкіндігі, сынақ мерзімі мен оның мәні, оның жойылау мен шартты соттаудың салдары туралы сұрақтарды қарастыру.

Тапсырмаларды орындау үшін қажетті әдістемелік нұсқаулар: Жаза тағайындаудың бастаулары бекітілген ҚК-ң 52 бабының мазмұнын меңгеру, сонымен қатар заңның бұл ережелерін және жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың тізімін ескерту (ҚК-ң 53, 54 б.).

Студент “қылмыстардың жиынтығы” және “үкімдердің жиынтығы” ұғымдарын дұрыстап ажыратуы қажет. 5 мамыр 2000 жылғы №47 ҚР заңымен ҚК-ң 58 ,59, 61, 62 баптарына енгізілген қылмыстарды жиынтығы бойыша жаза тағайындау, қылмыстың қайталануы, жазаларды қосу кезінде мерзімді анықтау, жаза мерзімдерін есептеу және жазаны есепке алу туралы өзгерістер мен толықтыруларды есепке алған жөн. Шартты түрде соттау туралы сұрақты зерттеген кезде ҚК-ң 63 бабына 21 желтоқсан 2002 жылғы енгізген өзгерістер мен толықтыруларды есепке алу керек.

Негізгі әдебиеттер:1.8 тараудың № 3, 5, 7, 11, 12, 15, 16, 35, 36 әдебиеттерді қараңыз

Қосымшы әдебиеттер:1.8 тараудың № 69, 71 әдебиеттерді қараңыз

Интернет көздер: 1.8 тараудың № 104, 105, 117, 118, 119 қараңыз

Тақырыбы: Қылмыстық жауаптылықтан босату.

Сұрақнама:

  1. Қылмыстық жауапкершіліктен босатудың түсінігі және түрлері

  2. Жазадан босатудың түсінігі мен түрлері

Тапсырма: Қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босатудың мазмұны, негіздері, құқықтық салдар бойынша ара қатынасын ашу. Соттылықты өтеу және оның жойылу түсінігі, мәні мен шарттары сұрағына жауап беру. Қайырымдылық пен кешірім институттарының түсінігін зерттеу. Қылмыстық әрекеті үшін қылмысты жасаудан кейін шыққан қылмыстық заң бойынша жазаланушылығы тұлғаның соттылықтың болу сұрағын шешу бойынша өз ойын анықтау.

Тапсырмаларды орындау үшін қажетті әдістемелік нұсқаулар: Қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босатудың түсінігін, негіздерін және түрлерін, бұл институттардың айырмашылығын анықтау қажет. ҚК-ң Ерекше бөлімінде көрсетілген қылмыстық жауапкершіліктен босатудың қылмыстық заңңамасының арнайы түрлерін меңгеру. ҚК –ң 65, 67, 70, 71, 72баптарына 21 желтоқсан 2002 жылғы заңмен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды есепке алу керек.

Негізгі әдебиеттер:1.8 тараудың № 31, 39, 44, 73, 81 әдебиеттерді қараңыз

Қосымшы әдебиеттер:1.8 тараудың № 70, 72, 73, 74, 76, 77, 78, 79 әдебиеттерді қараңыз

Интернет көздер: 1.8 тараудың №104, 105, 115, 116, 129 қараңыз