
- •Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
- •1. Пәнінің оқу бағдарламасы - syllabus
- •1.1. Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2. Пән туралы мәліметтер:
- •1.9. Баға туралы ақпарат:
- •Рейтинг – шкала
- •1.9. Курстың саясаты мен процедурасы:
- •2.Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2.1. Күндізгі бөлімнің тақырыптық жоспары Барлығы 2 несие
- •2.2. Лекциялық сабақтар тезистері
- •19 Тақырып. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
- •2.3. Семинарлық сабақтар жоспары
- •2.5. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студеттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •2.6. Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •1.Тақырып Қылмыстық құқықтың түсінігі, міндеттері мен жүйесі. Қылмыстық құқық ғылымы
- •2.Тақырып Қылмыстық заң
- •3.Тақырып Қылмыстың түсінігі
- •4.Тақырып Қылмыстың құрамы
- •5.Тақырып Қылмыс объектісі
- •6.Тақырып Қылмыстың объективтік жағы
- •7. Тақырып Қылмыс субъектісі
- •8. Тақырып Қылмыстың субъективтік жағы
- •9.Тақырып Қылмыстық жауаптылық және оның негізі
- •10.Тақырып Қылмыс жасау сатылары
- •11.Тақырып Қылмысқа қатысу
- •12.Тақырып Қылмыстардың көптігі
- •13. Тақырып Әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлар
- •14.Тақырып Жаза түсінігі және мақсаттары
- •15.Тақырып Жаза жүйесі мен,түрлері
- •16.Тақырып Жаза тағайындау
- •17. Тақырып Қылмыстық жауаптылықтан босату
- •18.Тақырып Жазадан босату. Соттылықты жою және алу
- •19 Тақырып Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
- •20 Тақырып Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары
- •2.6.1. Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •1.Рефераттардың тақырыптары
- •2.6.2.Курстық жұмыстардың тақырыптары
- •2.8. Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •2.9. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •1.1Оқытушылар туралы мәліметтер 3
- •1.2 Пән туралы мәліметтер 3
- •Уалиева Жанна Борашевна
- •470061, Қарағанды қ.,Гоголь к-сі, 38
2.2. Лекциялық сабақтар тезистері
1-ТАҚЫРЫП. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ЖҮЙЕСІ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ
Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қылмыстық құқық туралы сөз болғанда оның үш түрлі мағынасын ескеруіміз керек. Қылмыстық құқық – бұл жалпы құқық жүйесінің негізгі бір саласы және пән болып табылады. Осы ұғымдардың бәрінің жиынтығы қосылып қылмыстық құқық курсы деген түсінікті білдіреді.
Қылмыстық құқық пәнін құқық саласы ретінде қарастырғанда жалпы құқық теориясына тнә белгілердің, негізгі принциптердің осы құқық саласына да тән екендігін ескеру керек. Сонымен бірге қылмыстық құқық өзінің ерекшеліктерін белгілейтін және өзін жеке құқық саласы ретінде қарастыруға негіз болатын өзіндік мазмұн, өзгешелік белгілері мен принциптері бар құқық саласы болып табылады.
Басқа құқық салалары сияқты қылмыстық құқықтың да негізгі заңдық базасы – Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Қылмыстық құқықтың ережелері мен мазмұны қолданылып жүрген қылмыстық құқықтың нормаларында анық көрсетілген. Қылмыстық құқық нормалары мазмұнына қарай екі түрлі қызметті жүзеге асырады. Оның бірінішісі қылмыстық құқықтың жалпы ережелерін, принциптері мен институттарын белгілеу арқылы негізгі екі ұғым – қылмыс пен жазаны анықтайды.
Белгілі бір әрекетті немесе әрекетсіздікті қылмыс қатарына жатқызып, оған жаза тағайындау, қоғамға, жеке адамға және мемлекетке қарсы қылмыстық іс-әрекетке тыйым салып, оны бұзғаны үшін қылмыстық жауапқа және жазаға тартатын нормаларды белгілеу – мемлекеттің құзыреті. Осы тұрғыдағы қоғамдық қатынастарды ретке келтіру қылмыстық құқыққа тән ғана әдіс болып табылады.
Қылмыстық құқық Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады. Қылмыс пен жаза туралы ұғым, қылмыстық заңның түсінігі, міндеттері, қылмыстық жауаптылықтықтың негіздері, одан босату, қылмыс құрамының түсінігі, қылмыстық заңның кеңістіктегі және мезгілдегі күші, іс-әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлар туралы түсініктер, сондай-ақ қылмыс істеу сатылары туралы ұғыммен, қылмысқа бірге қатысу, жазаның мақсаттары мен жүйесі, жаза тағайындаудың немесе қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың мәселелері осы Жалпы бөлімде зерттеледі.
Ерекше бөлімде нақты қылмыс құрамдары және оларды істегені үшін белгіленген жаза түрлері көрсетіледі. Жалпы және Ерекше бөлімдер өзара тығыз байланысты, осы екі бөлімнің жиынтығы қылмыстық құқықты құрайды. Жалпы және Ерекше бөлімдердің бірлігі олардың алға қойған мақсаты мемлекетті, қоғамды, азаматтарды және құқық тәртібін қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау арқылы айқын көрінеді.
Қылмыстық кодексте қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірінде орын алған сапалық өзгерістер еске алынған. Яғни, азаматтардың жеке басы, олардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау бірінші кезекке қойылған. Қылмыстық-құқылық қорғау объектісінің қатарына қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау, Республиканың Конституциялық құрлысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделрін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету міндетттері енгізілген. Яғни, қылмыстық құқықтың негізгі міндеті қылмыстық құқықтық құралдардың көмегімен заңда көрсетілгеносы маңызды объектілерді қорғау, қылмыстылықпен барынша пәрменді күрес жүргізу болып табылады. Қылмыстық заңдарда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру үшін Қылмыстық кодекс қылмыстық жауаптылықтың негізгін белгілейді.
Негізгі әдебиеттер:
1.8 тараудың № 1, 2, 3, 6, 8, 9, 13, 14, 15 әдебиеттерді қараңыз
Қосымша әдебиеттер:1.8 тараудың № 55, 76 әдебиеттерді қараңыз
Интернет көздер: 1.8 тараудың №104, 105,122,108 қараңыз
2-ТАҚЫРЫП. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ
Қылмыстық заң – Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес республика Парламенті қабылдаған құқықтық акт болып табылады.
Қылмыстық заң – қылмыстық құқықтың ең негізгі қайнар көзі. Сот үкімі, ұйғруы, қаулысы құқықтың қайнар көзі болып саналмайды. Олардың нақты қарастырылып отырған қылмыстық іс бойынша ғана заңдық күші болады.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғары соты Пленумының басшы қаулылары да құқық нормасы болып табылады. Мұндай қаулылр белгілі бір қылмыстық құқықтық норманың түпкі мәнін ашып көрсетеді, оларды түсіндіреді. Сондықтан да ондай қаулылардың республиканың бүкіл аумағында күші болады. Сот прецеденті біздің республикамыдза құқық көзі саналмайды. Ол Ұлыбритания мен Канада сияқты ғана елдерде құқық нормасы болып саналады.
Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші Қылмыстық кодекстің 6-бабындағы (аумақтық), 7-бабындағы (азаматтық) және 8-бабындағы (қылмыскерді ұстап беруді туралы халықаралық шарт) принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады. Қылмыстық кодекстің 6,7,8-баптарында бекітілген осы принциптердің кеңістіктегі қолданылуын жүзеге асыру үшін төмендегі мынадай түсініктерді анықтап алу қажет.
Негізгі әдебиеттер:1.8 тараудың № 2, 3, 18, 21,24, әдебиеттерді қараңыз
Қосымша әдебиеттер:1.8 тараудың № 54, 79, әдебиеттерді қараңыз
Интернет көздер: 1.8 тараудың №104, 105,107,108, 109 қараңыз
3-ТАҚЫРЫП. ҚЫЛМЫСТЫҢ ТҮСІНІГІ
Адамның қылмыстық құқықтық норма тыйым салған іс-әреекттерді істеуін қылмыстық құқыққа қайшылық дейміз. Адамның қылмыстық заң тыйым салмаған, осы заңда көрсетілмеген іс-әрекеттерін істеуін қылмыс қатарына жатқызуға болмайды. Тек заң шығарушы ғана белгілі бір іс-әрекеттерді қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін оның мәнді белгілерін анықтайды. Қылмыстық құқыққа қайшы болудың міндетті белгісі болып осы заңда көрсетілген іс-әрекетті істеген жағдайда нақты нормада көрсетілген қылмыстық құқықтық санкция белгілеген жазаның белгілі бір түрінің тағайындалуы болып табылады. Іс-әрекеттің қылмыстық құқыққа қайшылығын белгілеген тиісті заңның жариялаған уақытынан бастап ондай іс-әрекеттер қылмыс қатарына жатқызылады. Мұндай реттерде мемлекет осындай іс-әрекеттермен қылмыстық құқықтық нормалар арқылы күрес жүргізуге мүмкіндік алады. Керісінше, белгіленген тәртіппен күші жойылған қылмыстық құқықтық норма қылмыс қатарынан шығарылады. Қылмыстың негізгі сапалық белгісі қоғамға қауіптілігі болып табылады. Бұл белгі қылмыстың материалдық мәнін білдірумен бірге не себепті осы немесе басқадай іс-әрекеттер қылмыс болып табылатынын түсіндіреді. Қоғамға қауіптілік белгісінің болуының өзі іс-әрекеттің қоғамдық қатынастарға зиян келтіруін немесе зиян келтіру қаупін туғызатынын білдіреді. Қоғамға қауіптілік – қылмыстың объективтік белгісі. Ол заң шығарушының санасы мен еркіне байланыссыз қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді және өзінің ішкі мәні жөнінен қоғамның бірқалыпты өмір сүру жағдайларына қайшы болады. Заң шығарушының міндеті сол кезеңде, дәуірде қоғамның өмір сүру жағдайларын дұрыс бағалап, осыған байланысты іс-әрекеттің қайсысының қылмыстар қатарына жататыны туралы шешім қабылдау болып табылады.
Қылмыстың тағы бір белгісі кінә болып табылады. Яғни бұл жерде заң қорғайтын объекттерге әрекет немесе әрекетсіздік арқылы кінәлі түрде қасақаналық немесе абайсыздықпен қол сұғушылық туралы әңгіме болып отыр.
Қылмыстың тағы бір міндетті белгілерінің бірі қылмыстық жолмен жазаланушылық болып табылады. Өйткені, қылмыс дегеннің өзі, қылмыстық заң жазамен қорқытып тыйым салған әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Мұның өзі қылмыс құрамы туралы сипаттама басқадай құқылық актілерде емес, тек қылмыс заңда ғана көрсетілетіндігін және осы іс-әрекет үшін қылмыстық заңның санкциясындажазалау қатері қарастырылатынын көрсетеді. Бұл жерде нақты істелген қылмыс үшін қолданылатын жаза мен қылмыстық құқық нормасының санкциясында көрсетілген жазалау қатері, жазалау мүмкіндігі туралы түсініктерді шатастыруға болмайды. Сонымен, біз қылмыстың қоғамға қауіпті, кінәлі, құқыққа қайшы және жаалаушылық сияқты қажетті белгілері бар екендігі әсте естен шығамауымыз керек. Осы белгілер арқылы қылмысты іс-әрекетті бақа да құқық бұзушылықтан ажыратамыз.
Негізгі әдебиеттер:1.8 тараудың № 2, 3, 13, 14, 15 әдебиеттерді қараңыз
Қосымшы әдебиеттер:1.8 тараудың № 16, 57, 56 әдебиеттерді қараңыз
Интернет көздер: 1.8 тараудың №104, 105,107,108, 109 қараңыз
4-ТАҚЫРЫП. ҚЫЛМЫСТЫҢ ҚҰРАМЫ
Қылмыстық заңда қылмыстың жалпы түсінігі берілген, сонымен бірге Ерекше бөлімінде нақты қылмыстар жеке-жеке көрсетілген. Қылмыстық заң қылмыс құрамы түсінігін нақты ашып көрсетпейді. Бұл түсінікті қылмыстық құқық теориясы ғана береді. Қылмыс құрамы деп қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз.
Қылмыс құрамының әрқайсысы оның субъективтік және объективтік белгілерімен сипатталады. Барлық жүйелер секілді қылмыс құрамы да белгілі бір элементтерден тұрады. Осы белгілердің қосымша жүйелерінің ең болмағанда біреуінің жоқ болуы жүйенің болмауына, яғни қылмыс құрамының тұтастай жоқ болуына әкеп соғады. Бұл жерде қылмыс құрамының элементтері деп қылмыс құрамының жүйелерін құрайтын бастапқы компоненттерді айтамыз. Қылмыс құрамының белгілеріне мынадай төрт түрлі элементтер жатады: объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы.
Негізгі әдебиеттер:1.8 тараудың № 2, 3, 5, 13, 14, 24 әдебиеттерді қараңыз
Қосымшы әдебиеттер:1.8 тараудың № 55, 56, 57, 72 әдебиеттерді қараңыз
Интернет көздер: 1.8 тараудың №110, 111, 117, 118, 109 қараңыз
5-ТАҚЫРЫП. ҚЫЛМЫС ОБЪЕКТІСІ
Кез келген қылмысты іс-әрекеттің мәнін ашу үшін қылмыстың объектісін анықтаудың маңызы ерекше.
Әрбір істелген қылмыс белгілі бір объектіге қол сұғумен қатар оған белгілі бір зиян келтіру қауіпін туғызады. Қылмыстық заң нормасымен қорғалатын объектіге қылмыстың қол сұқпауы мүмкін емес. Сондықтан да қылмысты қол сұғушылықтың объектісін дұрыс анықтаудың теориялық, практикалық маңызы ерекше.
Қылмыстың объектісін дұрыс анықтау ұқсас қылмыстарды бір-бірінен, қылмысты қылмыс емес әрекеттерден ажыратуға жәрдемдеседі. Өйткені қылмыстық-құқылық қорғау объектісіне әрқашан да өзінің мәні мен дәрежесене қарай ерекшеленген маңызды қоғамдық қатынасатр жатады. Объекті маңызды болса соған сәйкес істелген қылмыс та қауіпті болып саналады, соған орай оны қылмыстық-құқылық қорғау да қатаң түрде жүзеге асырылады. Қылмыстық құқық бойынша қылмыстың объектісі деп қылмысты қол сұғушылықтан қылмыстық заң бойынша қорғалатын қоғамдық қатынастарды айтамыз. Әрбір істелген қылмыс белгілі бір жағдайларда қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе зиян келтіру қауіпін туғызады. Сондықтан да қылмыстық құқық ғылымы қорғалатын қоғамдық қатынастарды барлық қатынастардың жалпы объектісі деп таниды. Қылмыстың заңмен қол сұғушылықтан қорғалатын қатынастардың тізбегі Қылмыстық кодекстің оның заңдарының міндеттерін айқындайтын 2-бабында атап көрсетілген.
Қоғамдық қатынастар – бұл өте күрделі және әр түрлі жан-жақты әлеуметтік, өз бойына бірнеше элементтерді қамтитын құрылым болып табылады. Оған жататындар қатынастардың субъектілері, материалдық заттар, игіліктер, қоғамдық қатынастардың өзара байланысы, олардың іс-әрекеті жағдайы және т.б. Бұл элементтер өзара тығыз байланысты, осы элементтердің өзара біртұтас бірлігі қоғамдық қатынастардың тұтастығын құрайды. Қылмыс жасаған адам осы қоғамдық қатынастардың белгілі бір элементтеріне қол сұғады. Ол қол сұғушылық осы қоғамдық қатынастардың қатынасушылардың біріне (заңды немесе жеке тұлға) белгілі бір қауіп келтірілуі әсері арқылы көрінеді.
Негізгі әдебиеттер:1.8 тараудың № 2, 3, 5, 13, 14, 24 әдебиеттерді қараңыз
Қосымшы әдебиеттер:1.8 тараудың № 55, 56, 57, 72 әдебиеттерді қараңыз
Интернет көздер: 1.8 тараудың №110, 111, 117, 118, 109 қараңыз
6-ТАҚЫРЫП. ҚЫЛМЫСТЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫ
Қылмыстың объективтік жағы қылмысты істеген адамның мінез-құлқының сыртқы көрінісін білдіреді.
Қолданылып жүрген қылмыстық заңға сәйкес (9-бап) ондай мінез-құлықтың біріншіден, қоғамға қауіпті, екіншіден, қылмыстық заңға қайшы болуы керек.
Қылмыстың объективтік жағының мазмұны көптеген белгілердің жиынтығынан тұрады. Ең бастысы қылмыстық заң құрайтын қоғамдық қатынастарға қиянатпен қол сұғатын және оған қол сұғу қаупін тудыратын қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік).
Қылмыстық құқықтағы зиян қылмыстың объективтік жағының белгісі болып табылатын «қоғамға қауіпті зардап деген ұғымды білдіреді».
Қоғамға қауіпті іс-әрекет пен одан туындайтын зардаптың арасын байланыстыратын белгіні себепті байланыс деп атайды. Сонымен, қоғамға қауіпті іс-әрекет, қылмыстық зардап, себептік байланыс қылмыстың объективтік жағының белгілері болып табылады. Адамның мінез-құлқының сыртқы көрінісі болып табылатын қауіпті іс-әрекет белгілері бір кеңістікте және уақытта орын алатын нақты көрініс болып табылады. Көптеген жағдайларда қоғамға қауіпті іс-әрекеттен міндетті түрде туындайтын зардаптың (мысалы, ауыр немесе ауыр емес дене жарақаты) болуын заңның өзінде атап көрсетеді. Мұндай реттерде заң шығарушы объективтік жақтың – уақыт, орын, жағдай, тәсіл немесе басқа да белгілерін заңда көрсетпейді.
Қылмыстың объективтік жағының маңызы біріншіден, оның белгілерін дәлме-дәл анықтау арқылы істелген қоғамға қауіпті әрекетті дұрыс саралаудың негізі болып табылады. Екіншіден объективтік жағының белгілері арқылы өзара жақын, ұқсас қылмыстарды бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік туады. Осыған байланысты қылмыстың объективтік жағы қылмыс құрамының ішіндегі ең маңызды элементтері қатарына жатады.
Негізгі әдебиеттер:1.8 тараудың № 2, 5, 13, 15, 16, 20, 24, 25 әдебиеттерді қараңыз
Қосымшы әдебиеттер:1.8 тараудың № 26, 32, 37, 57, 72 әдебиеттерді қараңыз
Интернет көздер: 1.8 тараудың № 104, 105,107, 120, 121 қараңыз
7-ТАҚЫРЫП. ҚЫЛМЫС СУБЪЕКТІСІ
Қылмыс субъектісі болып қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған және заңға сәйкес сол үшін қылмыстық жауаптылықты көтеруге қабілетті адам танылады. Қылмыстық кодекстің 4, 6, 7-баптарының талаптарына сай Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің күші Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағындағы азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ шетелдіктерге қолданылады. Бұдан туатын қорытынды, қоғамға қауіпті іс-әрекет үшін қылмыстық жауаптылыққа тек қана тірі адам – азамат тартылады. Заттар, жануарлар дүниесі, табиғат күштері келтірілген зиян үшін олар қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды, яғни бұл аталғандар қылмыс субъектісі деп саналмайды. Егер адамдар жануарларды немесе табиғат күштерін пайдаланып қасақана немесе абайсыздықта басқаға зиян келтіретін болса, онда қылмыстық жауаптылыққа сол адамның өзі тартылады. Мысалы, қабаған итке адамды қасақана әдейілеп қаптырса, онда сол адам жөнінде қасақана денеге зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық мәселесі қарастырылады, ал мұндай жағдайда ит қылмыс субъектісі емес, қылмыс істеу құралы болып табылады.
Сондай-ақ заңды тұлғалар – мекеме, ұйым, кәсіпорын және басқа да заңды ұйымдар қылмыс субъектісі болып танылмайды. Қайсыбір кәсіпорын, мекеме, ұйымда еңбек қорғау ережелерінің елеулі бұзылуы үшін қылмыстық жауаптылыққа мекеме, ұйым, кәсіпорын емес, сол еңбек қорғау ережелерін кінәлі түрде бұзған лауазымды адам, егер соның салдарынан адамдар қайғылы жағдайға ұшыраса жауаптылыққа тартылады. Жаңа Қылмыстық кодекстің 14-бабында «есі дұрыс, осы Кодексте белгіленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиіс» деп тура айтылған. Осыған орай, яғни қылмыс субъектісі болып тек қана жеке тұлға – адам саналады. Бұл субъектінің бірінші белгісі болып табылады.
Негізгі әдебиеттер:1.8 тараудың № 2, 5, 13, 15, 16, 20, 24, 25 әдебиеттерді қараңыз
Қосымшы әдебиеттер:1.8 тараудың № 26, 32, 37, 57, 72 әдебиеттерді қараңыз
Интернет көздер: 1.8 тараудың № 104, 105,107, 120, 121 қараңыз
8-ТАҚЫРЫП. ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЪЕКИВТІК ЖАҒЫ
Қылмыстың субъективтік жағы бұл негізінен адамның психикалық іс-әрекетінің қылмыс істеуге тікелей байланысты жағының көрінісі болып табылады.
Қылмыстың сыртқы жағын бейнелейтін объективтік жаққа қарағанда субъективтік жақ қылмыстың ішкі мәнін, мазмұнын білдіреді. Бұл жерден шығатын қорытынды қылмыстың объективтік және субъективтік жағының белгілері өзара тығыз байланысты, белгілі бір бірлікте болады. Сондықтан да қылмыстың субъективтік жағына барынша тығыз талдау жасау қажет.
Қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын мынадай заңдылық белгілері: кінә, қылмыстық ниет, мақсат құрайды. Осы белгілердің жиынтығы қылмыс істеген, яғни қоғамға қарыс іс-әрекет жасаған адамның жан-дүниесінде орын алған ішкі өзгерістерді, оның санасы мен еркінің өзара байланысын бейнелеп береді.
Аталып өткен қылмыстың субъективтік жағының осы белгілерінің заңдылық маңызы біркелікі емес, керісінше әр түрлі. Кінә кез келген қылмыс құрамының субъективтік жағының міндетті белгісі болып табылады. Кінәсіз қылмыстың құрамы болмайды. Мұның өзі кінәсіз жағдайда қылмыстық жауаптылық туралы сөз болуы мүмкін емес дегенді білдіреді. Қылмыстық ниет және мақсат, кінәға қарағанда, кейбір құрамдар үшін заңда көрсетілген реттерде қажетті белгі болады. Ал олай болмаған жағдайларда, ниет пен мақсат қылмыс құрамының факультативті белгісі ғана болып саналады.
Негізгі әдебиеттер:1.8 тараудың № 3, 13, 14, 30, 31, 33, 35, 36, 37 әдебиеттерді қараңыз
Қосымшы әдебиеттер: 1.8 тараудың № 39, 48, 59, 60, 61, 62 63, 64, 66, 67 әдебиеттерді қараңыз
Интернет көздер: 1.8 тараудың №108, 109, 111, 112, 113 қараңыз
9-ТАҚЫРЫП. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗІ
Қылмыстық жауапкершілік құқықтық жауапкершіліктің бір түрі ретінде. Қылмыстық жауапкершілік түсінігі және ерекшеліктері, жауапкершіліктің басқа түрлерінен айырмашылығы. ҚР-ның заңы бойынша қылмыстық жауапкершілік негіздері. Қылмыстық жауапкершілік негіздерінің мазмұнын айқындайтын нормалардың қылмыстарды саралау мен заңдылықты нығайтудағы маңыздылығы. Қылмыстық құқықтық қатынастар. Қылмыстық жауапкершіліктің пайда болуы, жүзеге асырылу және аяқталуы. Қылмыстық жауапкершілік жаза және соттылық. Қылмыстық жауапкершілік және қылмыстық құқықтың ықпал етудің басқа да шаралары.
Негізгі әдебиеттер:1.8 тараудың № 3, 13, 14, 30, 31, 33, 35, 36, 37 әдебиеттерді қараңыз
Қосымшы әдебиеттер: 1.8 тараудың № 39, 48, 59, 60, 61, 62 63, 64, 66, 67 әдебиеттерді қараңыз
Интернет көздер: 1.8 тараудың №108, 109, 111, 112, 113 қараңыз
10-ТАҚЫРЫП. ҚЫЛМЫС ЖАСАУ САТЫЛАРЫ
Қылмысты істеу сатылары деп қасақана істелетін қылмысқа дайындалу, оқталудан біткенге дейінгі өтетін кезеңдерін айтамыз. Қасақаналықпен істелетін қылмыста бірнеше саты болады. Олар: қылмыс істеуге дайындалу, қылмыс істеуге оқталу және қылмысты аяқтау.
Кез келген қылмысты істеу үшін адам өзін соған итермелейтін қоғамға зиянды мүдделерді, қажеттіліктерді, зұлымдық пиғылдарды басшылыққа алады. Яғни, адам қылмыс істеу үшін ең алдымен өзінің психологиялық ой-ниетін қалыптастырады. Бұл адам ішкі сезімін, ойын, ниетін білдіреді. Бірақ, осы сезім, ой-ниет адамның мінез-құлқы, қимылы, әрекеті арқылы сырттай көрініс бермеуі де мүмкін. Сондықтан да адамның мұндай сыртқа шықпаған ішкі жан-дүниесінің белгілі бір іс-әрекет арқылы сырттай көрініс бермеуін қылмыс қатарына жатқызуға болмайды. Яғни, мұндай психологиялық сана-сезім, жалаң ой, қиял, қылмыстық құқық нормасынан тысқары болады, ол үшін қылмыстық жауаптылық жоқ.
Сондықтан да сөз жүзінде жай айтылған, түсінде көрген, қиял пиғылдар қылмыс деп саналмайды. Өйткені, мұндай жалаң ойдан, қасақаналық ниеттен қылмыстық заң қорғайтын объектіге ешқандай зиян келмейді және зиян келтірілу қаупі болуы да мүмкін емес. Сондықтан да қылмыстық ойдың болуы қылмыс істеу сатысына жатпайды. Өйткені, ондай ой, ниет нақты іс-әрекет арқылы сыртқа шықпай іште қалады, сондықтан да қылмыс сатысына жатпайды.
Негізгі әдебиеттер:1.8 тараудың № 5, 13, 15, 20, 25, 31, әдебиеттерді қараңыз
Қосымшы әдебиеттер:1.8 тараудың № 37, 46, 53 әдебиеттерді қараңыз
Интернет көздер: 1.8 тараудың №104, 105,107,108, 109 қараңыз
11-ТАҚЫРЫП. ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУ
Қылмыс бір адам арқылы немесе бірнеше адамдар арқылы бірлесіп жасалуы мүмкін. Бірнеше адамның қылмыс істеуінің нәтижесінде қылмыстың мәні мен оның зардабының мөлшері жеке дара адам істеген қылмысқа қарағанда едәуір өзгереді және мұндайда қылмыс істегені үшін жауапты болатын адамдардың санын тура анықтау қажеттігі туындайды.
Қылмысқа қатысу қылмыстық құқық бойынша қылмыс істеудің ерекше нысаны ретінде қарастырылады, өйткені жеке дара қылмыс жасауға қарағанда қылмысты осы нысанда істеудің қауіптілік дәрежесі және келтіретін залалы да зор. Бірнеше адамның күш біріктіріп бір немесе бірнеше қылмыстарды істеуі олардың – қылмысқа ортақ қатысушылардың - өзара бірін-бірі қолдауы қылмыс істеуді жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен бірге қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға үлкен қауіп келтіреді немесе соның келтіруінің қауіпін туғызады. Қылмыс істеуді осылай іске асыру қылмысты іс-әреекттің өзін жоюға, қайсыбір жағдайларда бір адамның қолынан келмейтін қлымысты істеуді дайындауға немесе жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасында қылмысқа қатысу ұғымы Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінің 27-бабында «екі немесе одан да көп адамдардың қасақана қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады», - делінген.
Қылмыс істеудің ерекше нысаны болып табылатын қылмысқа қатысудың өзіндік объективтік және субъективтік белгілері бар. Қылмысқа қатысудың объективтік жағының бір белгісі бір қылмысқа екі немесе одан да көп адамдардың қатысуы болып табылады.
Негізгі әдебиеттер:1.8 тараудың № 13, 14, 20, 25, 33 әдебиеттерді қараңыз
Қосымшы әдебиеттер:1.8 тараудың № 37, 43, 66, 71 әдебиеттерді қараңыз
Интернет көздер: 1.8 тараудың №111, 112, 113, 118, 119 араңыз
12-ТАҚЫРЫП. ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ КӨПТІГІ
Бір адамның бір (жеке) немесе бірнеше қылмыс істеуі мүмкін. Жеке қылмыс деп қылмыстық заңда көрсетілген бір әрекеттен, зардаптан, кінәнің нысанынан құралатын бір құрамды білдіретін және Ерекше бөлімнің бір бабымен ғана сараланатын қылмысты айтамыз.
Кейде бір адам бірнеше қылмыстарды істеуі мүмкін, мұндай жағдайларда оның әрекеттерін дұрыс саралау үшін қылмыстардың көптігінің түсінігін дұрыс анықтау керек. Қылмыстық жауапқа тарту мерзімі ескірмеген немесе сотталғандықтан арылмаған немесе сотталғандығы жойылмаған жағдайда бір адамның екі немесе одан да көп қылмыстарды істеуі қылмыстардың көптігі деп атаймыз. Қылмыстардың көптігінің өзіндік белгілері: бір адамның екі немесе одан да көп әрқайсысы жеке-жеке құрамдар болатын қылмыстарды істеуі болып табылады. Сондық әкімшілік құқықбұзушылық іс-әрекеттері қылмыстар көптігіне жатпайды. Сондай-ақ қылмыстық жауапқа тарту мерзімі ескірген немесе сотталғандықтан арылған не онысы жойылған іс-әрекеттер де қылмыстардың көптігіне жатпайды.
Негізгі әдебиеттер:1.8тараудың № 24, 27, 32, 47, 48, 49 әдебиеттерді қараңыз
Қосымшы әдебиеттер:1.8 тараудың № 55, 57 әдебиеттерді қараңыз
Интернет көздер: 1.8 тараудың №104, 105,107, 108, 109 қараңыз
13-ТАҚЫРЫП. ӘРЕКЕТТІҢ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҒЫН ЖОЯТЫН МӘН-ЖАЙЛАР
Әрбір азаматтың конституциялық борышы - қоғамдық қатынастарды қылмыстық жолмен келтірілген зияннан қорғау. Осы міндетті жүзеге асыруда жеке адамға,қоғамға, мемлекетке қарсы юағытталған іс-әрекеттерді дер кезінде тыюдың, тойтарудың маңызы ерекше. Қоғамға қауіпті іс -әрекетті тойаруда, оның зияндылығын тыюда, сол қауіпті төндірген адамға материалдық, моральдық және басқа да зиян келтіруі мүмкін. Мұндай әрекетттер формальдық жағынан алғанда Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жекелеген баптарында көрсетілген қылмыс құрамына жатуы мүмкін. Бірақ та бұл әрекеттер белгілі бір жағдайларда қылмыс болып табылмайды. Өйткені мұндай әрекетте қылмыстың материалдық белгісі болып табылатын басты белгі – қоғамға қауіптілік жоқ. Керісінше, мұндай жағдайларда, қоғамдық қатынастарға зиян келтіруге бағытталған қауіпті жою, тойтару қоғамға пайдалы іс - әрекет деп танылады. Қолданылып жүрген қылмыстық заң бойынша бұларға қажетті қорғану; аса (мәжбүрлі) қажеттілік; қылмыскерді ұстау; орынды кәсіби тәуекел; күштеу немесе психикалық мәжбүрлуе; бұйрықты немесе өкімді орындау әрекеттері жатады.
Осы аталған жағдайларда істелген әрекет немесе әрекетсіздік сырттай қылмыс белгілеріне ұқсағанымен, лоарда қоғамға қауіптілік болмағандықтан,қылмыс қатарына жатпайды. Өйткені бұл аталған институттар қоғамға пайдалы іс - әрекеттер қатарына жатады.
Негізгі әдебиеттер:1.8 тараудың №13, 14, 26, 33, 39, 51 әдебиеттерді қараңыз
Қосымшы әдебиеттер:1.8 тараудың № 4, 56, 57, 64, 65 әдебиеттерді қараңыз
Интернет көздер: 1.8 тараудың №104, 105, 127, 128, қараңыз
14-ТАҚЫРЫП. ЖАЗА ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МАҚСАТТАРЫ
Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттің қылмыстылыққа қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде қолданылады. Мемлекет қылмыстылыққа қарсы күрес жүргізуде әртүрлі ұйымдастырушылық, тәрбиелік, рухани, экономикалық шаралардың барлық түрлерін кеңінен қолданады, сөйтіп қылмыстылықтан қорғану мәселесіне ерекше көңіл аударады. Сондықтан біздің жас, тәуелсіз мемлекетіміз қылмыстылыққа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең басты күрес деп саналмайды, бұл құбылысқа қарсы күресте шешуші мәселе жоғарыда аталып өткен экономикалық, ұйымдастыру, қоғам мүшелерінің белсенділігін, құқықтық сана-сезімін жетілдіру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек арнайы заңда көрсетілген жағдайларда ғана іске асырылады. Қылмыс істеген адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттің атқаратын фнукцияларының бірі ретінде қарастырылады. Әсіресе, ауыр не аса ауыр қылмыс істегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық құқықтық күштеу шараларын қолдану мемлекеттің міндеті болып табылады. Мемлекеттің күштеу шаралары саналуан. Оларға тек қылмыстық құқықтық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік шалара да жатады. Қылмыстық құқықтық шара мемлекеттің күштеу шараларының бірі бола отырып, өз ерекшеліктерімен сипатталады.
Жаза сотталған адамға белгілі бір зардап келтірумен тікелей байланысты болады. Мысалы, соттың кінәліні бас бостандығынан айыруы немесе белгілі бір кәсіппен шұғылдануға немесе белгілі бір лауазым иесі болуға тыйым салуы, мүлкін тәркілеуі мүмкін. Ерекше ауыр қылмыс жасағанда кінәліге заңда көрсетілген реттерде ерекше жаза - өлім жазасы да тағайындалуы мүмкін. Кез келген қылмыстық жаза тағайындағанда сотталған адам моральдық, материалдық, мүліктік зардаптар шегеді. Өйткені жаза өзінің мәні жөнінен кінәліні жазалау болып табылады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 38-бабының екінші бөлімінде жазаның мақсаттары - әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзеу, сотталғандарды да, басқа адамдарды да жаңа қылмыстарды істеуден алдын ала сақтандыру екендігі аталған.
Негізгі әдебиеттер:1.8 тараудың № 3, 5, 7, 11, 12, 15, 16, 35, 36 әдебиеттерді қараңыз
Қосымшы әдебиеттер:1.8 тараудың № 69, 71 әдебиеттерді қараңыз
Интернет көздер: 1.8 тараудың №104, 106, 107, 118, 120 қараңыз
15-ТАҚЫРЫП. ЖАЗА ЖҮЙЕСІ МЕН ТҮРЛЕРІ
Жаза жүйесі деп қолданыстағы қылмыстық заңда белгіленген соттар үшін міндетті және тұжырымды, ауырлығына қарай белгілі бір тәртіпте орналасқан жаза түрлерін айтамыз.
Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар үшін міндетті болып табылатын жекелеген жазаларды қолдану шарттары, шектері мен тәртіптері анықталған. Мұның өзі республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сотталған адамға келтірілетін айырудың мәніне қарай жаза түрлері мынады түрлерге бөлінеді:
Сотталғандарға моральдық әсер ететін жазалар. Бұған жататындар: қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан, мемлекеттік наградаларынан айыру.
Сотталған адамдардың құқықтарына шек қоюмен байланысты жаза түрлері: белгілі бір лауазым орнына ие болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, әскери қызметі бойынша шектеу.
Сотталған адамдарды материалдық жағынан айыруға байланысты жазалар: түзеу жұмыстары, айыппұл, мүлкін тәркілеу.
Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға байланысты жазалар: өлім жазасы, бас бостандығынан айыру, қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау.
Жаза түрлерін топтастырудың бұдан басқа да түрлері бар. Жаза жүйесіне кіретін барлық жаза түрлерін негізінен үш топқа ажыратады. Бірінші топты негізгі жазалар құрайды. Негізгі жазалар дегеніміз заң бойынша жеке дара жаза ретінде жазаның мақсатын іске асыру үшін қолданылатын жаза түрлері. Қылмыс жасады деп танылған адамдарға келесі негізгі жазалар қолданылуы мүмкін:
а) айыппұд салу;
б)белгілі бір лауазым орнына ие болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
в) қоғамдық жұмыстарға тарту;
г) түзеу жұмыстары;
д) әскери қызметі бойынша шектеу;
е) бас бостандығын шектеу;
ж) абақтыда ұстау;
и) бас бостандығынан айыру;
к) өлім жазасы.
Негізгі әдебиеттер:1.8 тараудың № 3, 5, 7, 11, 12, 15, 16, 35, 36 әдебиеттерді қараңыз
Қосымшы әдебиеттер:1.8 тараудың № 69, 71 әдебиеттерді қараңыз
Интернет көздер: 1.8 тараудың №104, 106, 107, 118, 120 қараңыз
16-ТАҚЫРЫП. ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ
Қылмыстық құқық жаза тағайындағанда кінәлінің жеке-дара жауапкершілігі қағидасын басшылыққа алады. Сотталушының нақты қылмыс істеудегі кінәсі анықталған жағдайда сот оған жазаны істеген қылмысы үшін жауапкершілік қарастырған заңның тиісті баптарында көзделген шектен шықпай тағайындайды. Мұндайда істелген қылмыстың ерекшелігі және кінәлінің жеке басының ерекшеліктері ескеріледі.
Жаза тағайындау қылмыстық құқықтың жалпы құқықтық және салалық арнайы қағидаларының нақты көрінісі болып табылатын белгілі бір қағидаларға негізделеді. Жаза тағайындау негізінде келесі қағидалар жатыр: заңдылық, жазаның адамгершілігі, әділділігі, жазаның дәйектілігі мен оның үкімде дәлелденуі, жазаның жеке-даралануы, қылмыстық қудалау шараларының үнемділігі. Бұл қағидалар ҚК-тің нормаларында көрініс тапқан.
Жаза тағайындаудың жалпы негіздері – бұл сот әрбір нақты іс бойынша жаза тағайындағанда басшылыққа алуы қажет болатын заңда бекітілген критерийлер. Істің қалайша қарастырылғанына қарамастан, оның мазмұны қандай болуына қарамастан, сот әрқашан осы критерийлерді басшылыққа алуы керек.
ҚК-тің 52-бабына сәйкес жаза тағайындаудың жалпы негіздері келесі критерийлерден тұрады. Сот жазаны: 1) осы қылмыс үшін жаза орнататын ҚК-тің Ерекше бөлімінің бабының санкциясының шегінде; 2) ҚК-тің Жалпы бөлімінің ережелерін ескере отырып; 3) қоғамға қауіпті іс-әрекеттің сипаты мен дәрежесін, кінәлінің тұлғалық қасиеттерін, оның ішінде кінәлінің қылмысқа дейінгі және қылмыстан кейін орын алған мінез-құлқын, жауапкершілік пен жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды, сонымен қатар тағайындалған жазаның сотталушының түзелуіне, оның отбасының немесе асырауындағы адамдардың өміріне әсерін ескере отырып тағайындайды.
Негізгі әдебиеттер:1.8 тараудың № 3, 5, 7, 11, 12, 15, 16, 35, 36 әдебиеттерді қараңыз
Қосымшы әдебиеттер:1.8 тараудың № 69, 71 әдебиеттерді қараңыз
Интернет көздер: 1.8 тараудың № 104, 105, 117, 118, 119 қараңыз
17-ТАҚЫРЫП. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУ
Қылмыстық жауапкершіліктен босату қылмыстық құқықтық қудалау шараларының біртіндеп жеңілдеуін көрсетеді. Босатудың бүкіл түрлері іс мұқият қарастырылған соң ғана қолдануы керек.
Қылмыстық заңда қылмыстық жауапкершіліктен босатудың келесі түрлері қарастырылған:
- шын көңілімен өкінуіне байланысты (ҚК-тің 65-бабы);
- қажетті қорғану шегінен асқанда (ҚК-тің 66-бабы);
- жәбірленушімен татуласуына байланысты (ҚК-тің 67-бабы);
- жағдайдың өзгеруіне байланысты (ҚК-тің 68-бабы);
-мерзім ұзақтығының өтуіне байланысты (ҚК-тің 69-бабы).
Бірінші рет кішігірім немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, егер ол қылмыс жасағаннан кейін айыбын мойындап өз еркімен келсе не қылмысты ашуға жәрдемдессе, немесе қылмыстан болған зиянды өзгеше түрде қалпына келтіретін болса, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
Жеке адамға қарсы ауыр және аса ауыр қылмыстарды қоспағанда, қылмыс жасаған адам, егер ол ұйымдасқан топ немесе қылмысты сыбайластық жасаған қылмыстарда болғызбауға, ашуға немесе тергеуге, ұйымдасқан топ немесе қылмысты сыбайластық жасаған қылмысқа басқа да қатысушыларды анықтауға жәрдемдессе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы м.мкін.
Қоғамға қауіпті іс-әрекеттерден болған үрейлену, қорқу немесе сасқалақтау салдарынан қажетті қорғану шегінен асқан адамды сот істің мән-жайларын ескере отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін (ҚК-тің 66-бабы).
Ауыр емес қылмыс жасаған немесе адамның қаза болуымен немесе оның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауырлығы орташа қылмысты бірінші рет жасаған адам, егер ол жәбірленушімен татуласса және келтірілген зиянның есесін толтырса, онда ол қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
Қылмыс белгілері бар әрекет жасаған адамды егер істі сот қараған кезде жағдайдың өзгеруі салдарынан ол жасаған әрекет қоғамға қауіпті емес деп танылса, онда оны сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.
Негізгі әдебиеттер:1.8 тараудың № 3, 5, 7, 11, 12, 15, 16, 35, 36 әдебиеттерді қараңыз
Қосымшы әдебиеттер:1.8 тараудың № 69, 71 әдебиеттерді қараңыз
Интернет көздер: 1.8 тараудың № 104, 105, 117, 118, 119 қараңыз
18-ТАҚЫРЫП ЖАЗАДАН БОСАТУ. СОТТЫЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖӘНЕ АЛУ
Жазадан босату – бұл сотталған адамды жазаның мазмұны болып саналатын құқытарынан белгілі бір реттерде айырудан босатуды білдіреді. Ондай шараны қолданудың негізі болып сот тағайындаған жазаны атқарудың мүмкін еместігі немесе мақсатқа лайық еместігі саналады. Қылмыстық заңда қылмыстық жазадан босатудың келесі түрлері қарастырылған:
жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату (ҚК-тің 70-бабы);
жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру (ҚК-тің 71-бабы);
жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жазаны өтеуін кейінге қалдыру (ҚК-тің 72-бабы);
ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату (ҚК-тің 73-бабы);
төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеуді кейінге қалдыру (ҚК-тің 74-бабы);
айыптау үкімінің мерзімінің ескіруіне байланысты жазадан босату (ҚК-тің 75-бабы).
Негізгі әдебиеттер:1.8 тараудың № 31, 39, 44 73, 81 әдебиеттерді қараңыз
Қосымшы әдебиеттер:1.8 тараудың № 70, 72, 73, 74, 76, 77, 78, 79 әдебиеттерді қараңыз
Интернет көздер: 1.8 тараудың №104, 105, 115, 116, 129 қараңыз