
- •Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
- •1. Пәнінің оқу бағдарламасы - syllabus
- •1.1. Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2. Пән туралы мәліметтер:
- •1.9. Баға туралы ақпарат:
- •Рейтинг – шкала
- •1.9. Курстың саясаты мен процедурасы:
- •2.Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2.1. Күндізгі бөлімнің тақырыптық жоспары Барлығы 2 несие
- •2.2. Лекциялық сабақтар тезистері
- •19 Тақырып. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
- •2.3. Семинарлық сабақтар жоспары
- •2.5. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студеттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •2.6. Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •1.Тақырып Қылмыстық құқықтың түсінігі, міндеттері мен жүйесі. Қылмыстық құқық ғылымы
- •2.Тақырып Қылмыстық заң
- •3.Тақырып Қылмыстың түсінігі
- •4.Тақырып Қылмыстың құрамы
- •5.Тақырып Қылмыс объектісі
- •6.Тақырып Қылмыстың объективтік жағы
- •7. Тақырып Қылмыс субъектісі
- •8. Тақырып Қылмыстың субъективтік жағы
- •9.Тақырып Қылмыстық жауаптылық және оның негізі
- •10.Тақырып Қылмыс жасау сатылары
- •11.Тақырып Қылмысқа қатысу
- •12.Тақырып Қылмыстардың көптігі
- •13. Тақырып Әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлар
- •14.Тақырып Жаза түсінігі және мақсаттары
- •15.Тақырып Жаза жүйесі мен,түрлері
- •16.Тақырып Жаза тағайындау
- •17. Тақырып Қылмыстық жауаптылықтан босату
- •18.Тақырып Жазадан босату. Соттылықты жою және алу
- •19 Тақырып Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
- •20 Тақырып Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары
- •2.6.1. Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •1.Рефераттардың тақырыптары
- •2.6.2.Курстық жұмыстардың тақырыптары
- •2.8. Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •2.9. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •1.1Оқытушылар туралы мәліметтер 3
- •1.2 Пән туралы мәліметтер 3
- •Уалиева Жанна Борашевна
- •470061, Қарағанды қ.,Гоголь к-сі, 38
2.8. Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
1. Қылмыстық құқықтың пәніне қандай қоғамдық қатынастар кіреді?
A) қылмыстық жазаны орындау барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар
B) мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастар
C) қылмыстарды тергейтін органдардың қызметінің тәртібі мен нысандарын реттейтін қоғамдаық қатынастар
D) қылмыстық жаза қолдану қаупінің көмегімен адамды қылмыс жасаудан алдын алумен байланысты қоғамдық қатынастар
E) сотталғандарға түзеу шараларын қолдану барысында туындайтын қоғамдық қатынастар
2. Қылмыстық жауапкершіліктің негізі болып табылады:
A) кінә
B) адамның жеке қасиеттері
C) қылмыс құрамының белгілері бар әрекет
D) қоғамдық қауіпті зардаптар
E) әрекеттің объективтік белгілері
3. Қылмыс жасалған уақыт болып танылады:
A) қоғамдық қауіпті зардаптар пайда болған уақыт
B) қоғамдық қауіпті әрекет (әрекетсіздік) жүзеге асырылған уақыт
C) дайындық әрекеттер жүзеге асырылған уақыт
D) аяқталмаған оқталу жүзеге асырылған уақыт
E) аяқталған оқталу жүзеге асырылған уақыт
4. Қай қылмыстық заңның кері күші болмайды?
A) іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын
B) қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін
C) іс-әрекетті қылмыс деп танитын
D) іс-әрекеттің жазалылығын жоятын
E) қылмыс жасаған адамның жағдайын жақсартатын
5. Жасағаны үшін нақты жаза қарастырылатын әрекетті айқындайтын, көрсететін және сипаттайтын қылмыстық-құқықтық норманың бөлігі аталады:
A) санкция
B) норманы қолдану шарты
C) гипотеза
D) диспозиция
E) жазаның түрі мен мөлшері
6. Қылмыстарды санаттарға бөлудің критерийлерін атаңыз:
A) қоғамға қауіптіліктің сипаты мен дәрежесі
B) кінә нысаны
C) қоғамға қауіпті зардаптарды сипаты
D) келтірілген зардаптын мөлшері
E) субъектілері бойынша
7. Қылмыс құрамының элементі болып не табылмайды:
A) Қылмыс құрамының объективтік жағы
B) Қылмыс құрамының субъективтік жағы
C) Қылмыс субъектісі
D) Қылмыс заты
E)Қылмыс объектісі
8. Әрекет етуші қылмыстық заңнама қандай кінә нысандарын анықатйды?
A) қасақаналық, абайсыздық, қос кінә
B) қасақаналық, абайсыздық
C) тікелей қасақаналық, жанама қасақаналық, қылмыстық менмендік, қылмыстық немқұрайдылық
D) тікелей қасақаналық, эвентулды қасақаналық, қылмыстық менмендік, қылмыстық немқұрайдылық
E) тікелей қасақаналық, жанама қасақаналық, алдын ала ойластырған қасақаналық, аяқ астынан пайда болған қасақаналық, нақты қасақаналық, нақты емес қасақаналық.
9. Қылмыс жасау уақытында қандай жасқа толған тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылады?
A) 18-жас
B) 15-жас
C) 16-жас
D) 13-жас
E) 21-жас
10.Төмендегі көрсетілген қасақана қылмыстың кезеңдерінің қайсысы қылмыс жасау сатыларына жатпайды?
A) қасақаналықты анықтау
B) қылмысқа дайындалу
C) аяқталмаған қылмыс
D) аяқталған оқталу
E) аяқталған қылмыс
11. Қылмыс жасаудан өз еркімен бас тартуды тану үшін қандай белгі міндетті емес болып табылады?
A) Бас тартудың еріктігі
B) Бас тартудың нақтылығы
C) Бас тартудың мотиві
D) Бастаған қылмысты аяғына дейін істеудің мүмкіндігін сезіну
E) Бастаған қылмысты аяғына дейін жеткізбеу
12. Қылмысқа қатысудың қай белгісі міндетті емес болып табылады?
A) қылмыстық жауапкершілікті атқаруға қабілетті қылмысқа екі немесе одан да көп тұлғалардың қатысуы
B) Қатысушылардың әрекеттерді бірігіп жасауы
C) бір қылмыстық нәтижеге бағытталған мазмұны бойынша жалпы ниеттің болуы
D) қылмысты бірігіп жасаудың жалпы, бірдей ниеттің болуы
E) қылмыстың әрбір қатысушының әрекеті мен қылмыс зардабымен себептік байланыстың болуы
13. Қай белгісі бойынша қылмыстық қауымдастық ұйымдасқан топтан айырықшыланады?
A) Топ ішінде рольдерді бөлу
B) Тұрақтылық
C) Ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасауға бағытталғандығы және бірлігі
D) Қылмыстарды жоспарлау және дайындау
E) Әрекеттердің бағытталғандығы
14. ҚР Қылмыстық заңнамасы бойынша көптіктің нысандарын анықтаңыз:
A) бірнеше мәрте, жиынтығы
B) күрделі бірлік қылмыс, бірнеше мәрте, жиынтығы
C) қайталануы, жиынтығы
D) қайталануы, жиынтығы, рецидив, кәсіп ретінде қылмыс жасау
E) бірнеше мәрте, жиынтығы, рецидив
15. ҚР Қылмыстық заңнамасы бойынша іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлардың нақты тізімін анықтаңыз:
A) қажетті қорғану, аса қажеттілік, орынды тәуекел
B) қажетті қорғану, аса қажеттілік, орынды тәуекел, жәбірленушінің келісімі немесе психикалық мәжбүрлеу
C) жәбірленушінің келісімі, қажетті қорғану, өкімді немесе бұйрықты орындау, қылмыс жасаған тұлғаны ұстау кезінде зиян келтіру.
D) қажетті қорғану, аса қажеттілік, жәбірленушінің келісімі
E) қажетті қорғану, аса қажеттілік, қылмыс жасаған тұлғаны ұстау кезінде зиян келтіру, орынды тәуекел, дене немесе психикалық мәжбүрлеу, өкімді немесе бұйрықты орындау, жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру.
16. Жазаның дұрыс анықтамасын таңдаңыз:
A) Қылмыстық заңда көрсетілген мемлекет атынан уәкілетті органдардың қылмыстық деп тану үшін жасаған әрекетіне баға беру, сонымен қатар оны жасаған тұлғаны ұятқа қалдыру
B) қылмысты жасаған тұлғаны белгілі бір игіліктерден айыру, өзінің кінәсін мойындау үшін мойнына міндет жүктеу
C) қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған және тұлғаның құқықтар мен бостандықтарынан айыру және шектеумен байланысты сотпен тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы
D) қылмыстық-құқықтық санкцияларды жүзеге асыру
E) мемлекет алдында қылмыстық-құқықтық тыйымды бұзғандығы үшін тұлғаның жауап беру міндеті
17. “Қылмыстық кінәлаушылық” институты ҚК Қылмыстық кодексінің қай бөлімінде қарасытырылады?
A) “жаза”
B) “қылмыстық заң”
C) “жаза тағайындау”
D) “қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босату”
E) “қылмыс”
18. қылмыстық жауапкершіліктен босатудың түрлеріне не жатпайды?
A) жәбірленушімен ымыраға келу
B) қажетті қорғану шегінен асу
C) ескіру мерзімнің өтуі
D) амнистия (кешірім)
E) қайырымдылық
19. Қылмыстық заңнама бойынша кім кәмелеткетолмаған болып танылады?
A) қылмыс жасау уақытында 14 жасқа толған, бірақ 21 жасқа толмаған тұлғалар
B) 16 жасқа толған тұлғалар
C) қылмыс жасау уақытында 14 жасқа толған, бірақ 16 жасқа толмаған тұлғалар
D) қылмыс жасау уақытында 14 жасқа толған, бірақ 18 жасқа толмаған тұлғалар
E) қылмыс жасау уақытында 14 жасқа толмаған тұлғалар
20. Медициналық сипатындағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың негізі болып аталған мән-жайлардың қайсысы табылмайды?
A) есі дұрыс емес тұлғаның қылмыс жасауы
B) есі дұрысты жоққа шығармайтын психикалық аурумен ауыратын тұлғаның қылмыс жасауы
C) жазаны тағайындау және жазаны орындауды мүмкіндгі болмайтын, қылмыс жасаудан кейін психикалық ауытқулар пайда болған тұлғаның қылмыс жасауы
D) ВИЧ/СПИД ауруын емделуге қажеттігі танылған тұлғаның қылмыс жасауы
E) нашақорлық және маскүнемдіктен емделу қажеттігі танылған тұлғаның қылмыс жасауы.
Дұрыс жауаптың кілті
Сұрақтың саны |
Дұрыс жауабы |
1 |
D |
2 |
C |
3 |
B |
4 |
C |
5 |
D |
6 |
A |
7 |
D |
8 |
B |
9 |
C |
10 |
A |
11 |
C |
12 |
D |
13 |
C |
14 |
E |
15 |
E |
16 |
C |
17 |
C |
18 |
E |
19 |
D |
20 |
D |
Студенттердің білімін бағалау критерийлері:
Студенттердің білімін бағалау критерийлері болып тапсырмаларды орындаудың толықтығы мен дұрыстығы, ағымдық, аралық, үйдегі және қорытынды бақылау рейтингтері табылады. Студенттердің білімін бағалау студенттердің белсенділігінің бүкіл нысандарын ескеруді көздейтін объективтік, жариялылық, икемділік қағидаларына негізделген.
Дұрыс жауаптар саны |
Бағасы |
19-20 |
Үздік |
16-18 |
Жақсы |
10-15 |
Қанағат |
Ниже 10 баллов |
Қанағаттандырылмады |