Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ом силабус каз 2013-14 уч год.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
4.24 Mб
Скачать

2.10 Оқыту мен сабақ беру әдістері:

  • Дәрістер: шолулық, мәселелік

  • Тәжірибелік (машықтық) сабақтар:

  • Семинарлар, презентациялар, «миға шабуыл», жағдайлық есептер шешу, нақты гигиеналық жағдайларды талдау, гигиеналық нормативтер сақталмаған жағдайларды талқылау, жағдайларды моделдеу, жұптасып жұмыс істеу, пікір сайыстары.

  • СӨЖО: кіші топтармен жұмыс істеу, пікір сайыстары, жағдайлық есептер шешу.

  • СӨЖ: әдебиеттермен, электрондық мәліметтер базасымен жұмыс істеу, жағдайлық есептер шешу; аналитикалық шолулар, тест құрастыру, тест тапсырмаларын шешу, ғылыми рефераттар дайындау.

2.12. Білімдерін бағалау көрсеткіштері мен ережелері

2.12.1 Оқыту жетістіктерін бақылау жүйесі:

  • Ағымдық бақылау:

  • Машықтану сабақтары:

  • - ауызша сұрау

  • - тестілеу - нұсқалар бойынша ауызша немесе жазбаша түрде;

  • - Өзіндік жұмыстар бойынша тапсырмалардың орындалуын бақылау.

  • СӨЖ:

  • Рефераттарды қорғау, жағдайлық есептерді, тесттерді шешу және құру, оларды бағалау, тестілеу нәтижелері бойынша өзін-өзі бақылау.

  • Рубеждік бақылау: тестілеу немесе ауызша сұрау арқылы аралық бақылау.

Ағымдық бақылау:

Машықтану сабағы, аралық бақылау, СӨЖ – максималды 100 балл

Дәстүрлі баға

Көрсеткіштері

Балл

«А» 4

Сабаққа қатысуы, ауызша сұраққа толығымен жауап беру, тестілеу«95-100%», тапсырмалардың барлық түрлерін орындау.

95-100 б.

«А-» 3,67

Сабаққа қатысуы, сұрау барысында аздаған қателіктер жіберу, тестілеу «90-94%»

90-94 б.

«В+» 3,33

Сабаққа қатысуы, сұрау барысында аздаған қателіктер жіберу, тестілеу «85-89%»

85-89 б.

«В» 3,0

Сабаққа қатысуы, сұрау барысында мақсатты түрде қателіктер жіберу, тестілеу «80-84%»

80-84 б.

«В-» 2,67

Сабаққа қатысуы, сұрау барысында мақсатты түрде қателіктер жіберу, тестілеу «75-79%», тасырмаларды толық орындамау

75-79 б.

«С+» 2,33

Сабаққа қатысуы, сұрау барысында мақсатты түрде қателіктер жіберу, тестілеу «70-74%»

70-74 б.

«С» 2,0

Сабаққа қатысуы, тестілеу «65-69%», тапсырмаларды толық орындамау

65-69 б.

«С-» 1,67

Сабаққа қатысуы, тестілеу«60-64%», тапсырмаларды толық орындамау

60-64 б.

«D+» 1,33

Сабаққа қатысуы, тестілеу «55-59%», тапсырмаларды орындамау

«D-» 1,0

Сабаққа қатысуы, сұрау барысында мақсатты түрде қателіктер жіберу, тестілеу «50-54%», тапсырмаларды орындамау.

«F» 0

Тапсырмаларды орындамау

0-49

Сабақта болмауы

0

2.12 Білімдерін бағалау критерийлері мен ережелері

2.12.1 Оқыту жетістіктерін бақылау жүйесі:

2. Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау жүйесі

2.1. Ағымдағы бақылау t – құзіреттілікті қалыптастыру деңгейін бағалау

T = Z+N+K+P+S/n, n - мұндағы барлық құзіреттілік бойынша тапсырмалар саны

    1. Білім Z|z1+z2+…+zn

    2. Дағдылар N n1+n2+…nn

    3. Коммуникативтік құзіреттілік K k1+k2+…kn

    4. Құқықтық құзіреттілік P p1+p2+…pn

    5. Өз бетімен білім алу (СӨЖ) S 1+s2+..sn

Әрбір құзіреттілік 100 балдық шкала бойынша бағаланады, бағалау формасы, әрбір құзіреттілік бойынша берілген тапсырмалар саны Жұмыс бағдарламасында анықталған ( п.2.9 Білім алушылардың білімі мен құзіреттілігін бағалау әдісі) және Силлабуста ( п. 2.10 Білімді бағалау критерийлері мен ережелері).

2.2. Аралық бақылау r – саны мен өткізу формасы пәннің саясатымен анықталады.

2.3. Жіберілу рейтингі студенттің білімін қорытынды бағалауда 60 % кем емес, мына формуламен анықталады:

RД=t+r1+r2 ×0,6

3

мұндағы-r1- бірінші рейтинг,r2-екінші рейтинг,t-ағымдағы бақылау

2.4. Қорытынды бақылау: интегралды эмтихан, екі этаптан тұрады: 1) тестілеу,

2) ауызша (билет бойынша, тәжірибелік дағдыларын тексеру және т.б)

E=E1 х0,2+E2 х0,2

мұндағы Е1- I этаптағы эмтихан балы

Е2- ІІ этаптағы эмтихан балы

Пәні бойынша құзіреттілікті бағалау

Сабақ тақырыбы

Бағаланатын құзіреттіліктер

Білімі

Тәжірибелік дағды

Коммуника-тивтік дағды

Құқықтық дағды

Өзіндік даму

1

Гигиена- медицинадағы негізгі алдын алу пәні ретінде.

+

+

+

+

2

Бөлменің микроклиматын гигиеналық бағалау. Жылытуды бағалау.

+

+

+

3

Инсоляциялық тәртіпті және бөлмедегі табиғи және жасанды жарықты

гигиеналық бағалау.

+

+

4

Ауыз су сапасын және сумен қамтамасыз ету көздерін гигиеналық бағалау.

+

+

+

+

5

Топырақты санитарлық-гигиеналық бағалау.

+

+

6

Рационалды тамақтану, принциптері. Сүт, ет және банкідегі консервілердің залалсыздығын бағалау.

+

+

+

+

7

Ауруханалардың бас жоспары мен жағдайлық жоспарын гигиеналық бағалау.

+

+

+

+

8

Балалар мен жасөспірімдердің физикалық дене дамуы мен денсаулық жағдайын гигиеналық бағалау. Мектептер және балабақшаларда оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру және күн тәртібін гигиеналық бағалау.

+

+

9

Өндірістік шаңның гигиеналық маңызы. Қолайсыз әсерлерінің алдын алу.

+

+

+

+

10

Өндірістік шу мен дірілдің гигиеналық маңызы. Қолайсыз әсерлерінің алдын алу.

+

+

+

+

+

  • Өзіндік даму құзіреттілігі Жұмыс бағдарламасы мен силлабустағы СӨЖ тақырыптарына сәйкес жазылған СӨЖ жұмысын қабылдау барысында бағаланады.

  • Студент 2 СӨЖ тапсыру керек. СӨЖ тақырыбы студенттің өз еркімен таңдалады.

Мамандығы: Жалпы медицина

ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

Құрастырғандар: каф. меңг. Ү.И. Кенесариев

м.ғ.к., аға оқытушы Ержанова А.Е.

оқытушы Адилова М.Т.

Алматы, 2013 жыл

Кафедра мәжілісінде мақұлданған

Хаттама № «_____» __________2013 ж.

Жалпы гигиена және экология

кафедрасының меңгерушісі,

м.ғ.д., профессор Ү.И. Кенесариев

Тақырып №1. Кіріспе. Гигиена - медицинадағы алдын алу пәні ретінде. Гигиенаның мақсаты мен міндеттері – 1 сағат.

Мақсаты: Аурудың алдын алу жөніндегі пән және ғылым ретиндегі гигиена туралы, оның мақсаты мен негізгі міндеттері, зерттеу нысандары мен әдістері туралы түсінікті қалыптастыру.

Дәріс тезисі: Гигиена - медицинадағы негізгі алдын алу пәні. Оның іске асуы кезінде адамның өмір сүруі үшін қолайлы жағдай, денсаулығының сақталуын, аурулардың алдын алуды қамтамасыз ететін гигиеналық нормативтерді, ережелер мен шараларды негіздеу мақсатында қоршаған орта факторларының адам ағзасына және қоғам денсаулығына әсер ету заңдылықтарын зерттейді.

Гигиена өзінің аталуын «һygіеnos» - денсаулық әкелуші деген грек сөзінен алды. Ертедүниедегі грек мифологиясына сәйкес емдеумен айналысатын құдайы Асклепияның (Эскулаптың) Гигиея деген қызы болған. Ол, аурулардын алдын алып, адамдарға ден саулық силаған. Ерте дүниедегі гректер Гигиеяны «денсаулық құдайы» деп таныған, оны денсаулық құдайы деп санаған. Осы денсаулық құдайының атымен аурудың алдын алу жөніндегі медицина ғылыми гигиена деп аталған.

Гигиенаның мақсаты адамның денсаулығын сақтау және нығайту, аурулардың алдын алу. Мазмұны мен міндеттері бойынша біріншілік, екіншілік, үшіншілік аурулардың алдын алу деп бөледі.

Біріншілік алдын алу аурулардың себебі немесе қауіп-қатері болатын факторларды жоюға немесе қауіпсіздеңгейге дейін төмендеуге бағытталған. Ол қоршаған ортаны саықтыруды, халықтың салауатты өмір салтын, рационалды жұмыс және демалу режимін және басқаларды ұйымдастыру жөніндегі шаралар жүргізуді алдын ала қарастырады.

Екіншілік алдын алу сырт көрінісі жағынан дені сау адамдарда патология алдындағы жағдайды ерте анықтау және бұл жағдайлардың ауруларға өтуінің алдын алу жөніндегі шараларды жүргізуден тұрады. Мұндай шараларға, мысалы, жеке басты қорғайтын заттарды қолдану, қолайсыз экологиялық жағдайларға жұмысшыларды, халықты қауіпсіз жұмыс және өмір сүру тәсілдеріне, антидоттық тамақтануға және басқаларға үйрету.

Үшіншілік алдын алу (реабилитация) ауырған адамдарда жүргізіледі. Гигиена біріншілік және екіншілік аурулардың алдын алумен айналысады.

Гигиена өзінің мақсатына жетуді, адамды қоршаған ортаны – тіршілік және өндірістік іс-әрекет ортасын қорғауға және сауықтыруға бағытталған гигиеналық нормативтерді, санитарлық ережелерді, алдын алу шараларын дайындау және практикаға енгізу арқылы іске асырады. Бұл үшін гигиена ғылымымен келесі міндеттер шешіледі:

1. Адамның денсаулығына әсер ететін қоршаған ортаның табиғи және антропогенді факторларын зерттеу.

2. Бұл факторлардың адамның немесе популяцияның денсаулығына әсер ету заңдылықтарын зерттеу.

3. Адам ағзасына қолайлы әсер ететін қоршаған орта факторларын максимальды пайдалану және қолайсыз әсер ететін факторларды жою немесе қауіпсіз деңгейге дейін шектеу жөніндегі гигиеналық нормативтерді, ережелерді, шараларды тұрғыдан негіздеу және дайындау.

4. Дайындалған гигиеналық ұсыныстарды, ережелерді және нормативтерді денсаулық сақтау практикасына және халық шаруашылығына енгізу, олардың тиімділігін бағалау және жетілдіру.

5. Жақын және қашық болашақтағы санитарлық жағдайды болжау.

Гигиенаның зерттейтін тақырыбы іс жүзінде дені сау адамдар, олардың жеке, ұжымдық, қоғамдық денсаулығы және белгілі бір әлеуметтік жағдайларда адам ағзасына әсер ететін: физикалық, химиялық, биологиялық, психогендік қоршаған ортаның факторлары. Физикалық, химиялық, биологиялық, психогендік қоршаған ортаның факторлары табиғи немесе антропогендік болуы мүмкін.

Әлеуметтік жағдайдың адам денсаулығына әсері де әлеуметтік ортаның химиялық, физикалық, биологиялық және психогендік факторлары арқылы жүреді. Мысалы, темекі шегу химиялық фактор ретінде табактың әсері салдарынан оның себебінен дамитын аурулардың пайда болуына әкеліп соғады. Адам өзінің өмір сүру жағдайында бір мезгілде көп факторлардың әсеріне ұшырауы мүмкін және олардың қабаттасып әсер етуінің сипаты әртүрлі болуы мүмкін: қолайлы, бейтарап немесе зиянды және қауіпті. Қазіргі кездегі гигиена көп бөлімдерді қамтиды, олардың әрқайсысы гигиена ғылымы мен практикасының жеке салаларын қамтиды, атап айтқанда, коммуналдық гигиенаны, тамақтану гигиенасын, енбек гигиенасын, балалар мен жасөспірімдер гигиенасын, емдеу алдын алу мекемелерінің, әлеуметтік, радиациялық, әскери гигиенаны және басқаларды. Өзінің міндеттерін шешу үшін гигиена тек өзіне тән әдістерді де және басқа медициналық және медициналық емес пәндердің әдістерін де қолданады. Гигиенаның өзіне тән әдістеріне: санитарлық тексеру, эпидемиологиялық, санитарлық сараптау, гигиеналық эксперимент әдістері жатады. Бұл әдістердің бірі қоршаған орта факторларын бағалауға мүмкіндік берсе, басқалары олардың адам денсаулығына әсерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әдістердің бәрі физикалық, химиялық, биологиялық, статистикалық, клиникалық және басқа да спецификалық емес әдістердің кең спектрін қолдануды ойлайды.

Иллюстративті материал Мультимедийлі презентация.