Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ом силабус каз 2013-14 уч год.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
4.24 Mб
Скачать

Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Гигиена / Под ред акад. РАМНГ.И.Румянцева. – М.:ГЭОТАР Медицина.2000. – С.360-392.

  2. Пивоваров Ю.П.,Королик В.В., Зиневич Л.С. Гигиена и основы экологии человека.- Ростов н/Д: «Феникс»Ю,2002.-С.280-290.

  3. Пивоваров Ю.П. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене и основам экологии человека., 3-е изд.- М.:ГОУ ВУНМЦ МЗ РФ, 2004. – С.153-189.

  4. Гурова А.И., Горлова О.Е. Практикум по общей гигиене.-М.:Изд-во Унив. Дружбы народов,1991.- 107-115

Қосымша:

  1. Анамбаева А.Н. Гигиена лечебно-профилактических организаций. /Учебное пособие. – Алматы, 2003.- 66с.

  2. Минх А.А. “Общая гигиена”, 1984. -С. 198-201.

  3. Пивоваров Ю.П. и др. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене М.: Медицина, 1983.- С. 59-64.

  4. Румянцев Г.И. и др. Общая гигиена, М.: Медицина, 1985.- С. 230-245

  5. Санитарные правила и нормы РК «Требования к устройству и содержанию больничных организаций и организаций охраны материнства и детства» от 4.06 2002 г.

Бақылау сұрақтары:

  1. ЕАБ-ң негізгі құрылымдық бөлімшелері, олардың қолданылуы. ЕАБ қабылдау бөліміне, секциялық палатаға, емдік-диагностикалық бөлімшеге, рентгенологиялық функционалдық диагностикалық, анестезиология және реанимация, қайтадан қалпына келтіру, операциялық блокты жоспарлауға, бөлмелер құрамына және орналастыруға қойылатын гигиеналық талаптар.

2. Ас блоктарының орналастырылуына, жабдықталуына гигиеналық баға беру.

3. Ас блогының санитарлық тәртібіне қойылатын гигиеналық талаптар. Ыдыстар мен жабдықтарды зарарсыздандыру тәртібі. Ас блогының құжаттары.

4. Хирургиялық бөлімшелердің жоспарлануына және орналастырылуына қойылатын гигиеналық талаптар.

5. Жұқпалы бөлімшелер мен ауруханаларды жоспарлау және орналастыру принциптері. Қарау-қабылдау бокстары, жабдықталуы.

6. Акушерлік бөлімшелер мен перзентхана үйлерін жоспарлау қағидалары.

7. Балалар бөлімшелерін жоспарлау және орналастыру принциптері.

8. Емханалық бөлімшелерді орналастыру және жоспарлау ерекшеліктері.

9. аурухана ішілік инфекциялардың алдын алудағы санитарлық дәрігердің атқаратын жұмысы. АІИ алдын алу шаралары: арнайы және арнайы емес.

Ситуациялық есептер:

Есеп 1

Аудандық аурухананың 2 қабатты павильонында жер учаскесінің түпкірінде, басқа аурухана ғимараттарынан асфальталынған жол арқылы бөлінген, жеке кіретін жолы бар, жұқпалы аурулар бөлімі орналасқан. Барлық аурулар бір қабылдау-қарау боксында қабылданды. Әрбір науқастан соң, бокс және науқасты әкелген санитарлық машина арнайы бөлмеде дезинфекциядан өтеді. Өте қауіпті инфекциямен ауырған науқастарды қабылдау-қарау боксынан өткеннен кейін, бөлімше дәлізі арқылы 1-қабатта орналасқан бокстарға аустырады. Тәуір болғаннан соң, олар бокстан сыртқы есік арқылы шығады. Ауа-тамшылық инфекциясымен аурғандар 1- қабаттағы бокстарда жайластырылған, ал басқа инфекциялармен аурғандар - 2-қабатта. Әртүрлі инфекциямен сырқаттанғандардың бәрі бір бөлімде орналасқан. Диагнозы анықталмаған науқастар, диагнозын анықтағанға дейін бөлек палаталарда орналастырылады, екі қабатқа да бір ғана жедел көтергіш пен шығып-түсу басқышы бар. «Таза» және «лас» жолдарға бөлуді, уақыт бойынша шектеу арқылы іске асырылады. Дәліздер екі жақты орналасқан, палаталар мен бокстар солтүстік шығысқа және оңтүстік батысқа бағытталған, палаталық және боксты бөлімшелерде асхана мен балалар ойнайтын бөлме бар. Асқазан–ішек инфекцияларымен ауратын науқастар бәрі бір канализация жүйесін пайдаланылады. Тағам қалдықтары залалсыздандырылып, ыдыс-аяқ жуғыш заттармен өңделеді, 80 градус ыстық сумен шайылады. Төсек - орындар бөлімінің ішінде жуылады. Аурулардың ауруханада болған кездегі жағдайы, оның микроклимат, жарық режимінің, желдету жүйесінің жұмысы мен жылыту, және сумен қамтамасыз етілуінің, ауаның химиялық және бактериялық ластануы көрсеткіштері бойынша бағаланды.

Қыста бокстың ішіндегі температура 15 - 20 град., температураның ауытқыуы көлденеңі боынша - 3,8 град., тігі бойынша - 2,6 град. Ауаның ылғалдылығы 80 %, ауа қозғалысының жылдамдығы- 0,06 м/сек, ауаның құрамындағы СО2 -0,30%.Бокста бір науқас бар, ауданы 15 м2,биіктігі-3 м.. Терезелері солтүстік-шығысқа бағытталған. ЖК-1:10. ТЖК- 0,5%. Палатадағы шамдардың меншікті қуаты- ­20 вт/м2. Ауаны дезинфекциялау БУВ-15 бактерицидтік шамы арқылы іске асырылады. Жасанды желдету: барлық бокстарға және палаталарға ауа берілуі және одан сорып акетуі бір каналмен жүргізіледі.. Ауа алмасу есесі: +1,5/ -2. Жылытатын құралдардың температурасы 56 град. аспайды. Сумен қамтамасыз ету - жергілікті, артезиан суынан. Судың сапасы :

Түсі - 20 град.

Мөлдірлігі – 20 см.

Иісі- 2 б

Дәмі - 3 б

сульфаттар - 520 мг/л

Хлоридтер - 120 мг/л

Жалпы кермектілігі - 10 ммоль/л

Аммиак - жоқ

Нитраттар - 10 мг/л

Фтор - 2,3 мг/л

Жалпы микроб саны - 150

Лямблий цисталары 50 мл суда –1.

Сұрақтар:

  1. Жұқпалы аурулар бөлімін жоспарлаудын қандай принциптерін білесіз?

  2. Аурухананың жер учаскесінде жұқпалы аурулар бөлімі дұрыс орналасқан ба?

  3. Жұқпалы аурулар бөлімі басқа бөлімдерден қалай қоршалуы тиіс? Шешілетін есепте ережелер сақталған ба?

  4. Жұқпалы аурулар бөліміне өз алдына жеке көлік кіретін жолы болуы керек пе.Неге?

  5. Жұқпалы аурулар бөлімінің қабылдау бөлімшесі қалай ұйымдастырылуы керек?

  6. Жұқпалы ауруларды басқа қабылдау бөлімі арқылы қарауға болады ма ?

  7. Қабылдау-қарау боксы дегеніміз не? Қандай бөлмелері болуы керек? Шлюз бен 2 шығатын есік болуы, оның сыртқысы екі есікті және тамбурлы болуы не үшін қажет?

  8. Әртүрлі инфекциямен ауырған науқастар қалай қабылданады? Барлық ауруды бір бокста қабылдауға болады ма? Есептегі ауруларды қабылдау дұрыс ұйымдастырылған ба ?

  9. Қандай ауруларды қабылдау-қарау боксында қалдырады немесе емдеу үшін басқа бөлімдердің бокстарына ауыстырады? Ауруды бөлімге жатқызуды қалай жүргізеді: ішкі дәлізі арқылы ма, әлде қарайтын-қабылдайтын сыртқы есігі арқылы жибереді ме? Есепте ауруды жатқызу дұрыс жүргізілген бе?

  10. Жұқпалы аурулар бөлімін жоспарлаудың ерекшеліктері. Барлық ауруларды бокстарда орналастыру керек пе?

  11. Аурулардың жұқпалы ауруларының таралу жолдарына байланысты науқастар қалай орналасуы тиіс ? Берілген есепте дұрыс орналастырылған ба?

  12. «Таза»ң және «лас» жолдар дегеніміз не ? Оларды қалай бөледі? Берілген есепте бұл талап орындалған ба ? Ондай талаптарды орындалмау неге акеп соғыу мүмкін?

  13. Жұқпалы аурулар бөлімінде дәліздердің қандай құрылысы оптималды болады, неліктен? Берілген есепте қандай?

  14. Жұқпалы ауралар бөлімінің терезелері қай жаққа қарай бағытталауы тиіс, неліктен? Терезелердің солтүстікке, солтүстік –шығысқа бағытталуы неге акеп соғуы мүмкін?

  15. Бөлімшедегі тағам қалдықтары мен ыдыс-аяқтар дұрыс өнделеді ме?

  16. Аурлардың жалпы тұрмыстық канализацияны пайдалануылына болады ма, егер болатын болса, қандай жағдайларда ?

  17. Бокста микроклимат жағдайы қолайлы ма? Гигиеналық талаптарға сәйкес емес ауытқуларды атаңыз? Орын алып отырған микроклимат жағдайлары аурулардың ағзасына кандай әсер етуі мүмкін? Қолайлы микроклимат қамтамасыз ету үшін қандай шаралар жүргізу керек?

  18. Бөлімде желдетуіш дұрыс ұйымдастырылған ба? Оның тиімділігін қандай көрсеткіштер бойынша анықтауға болады? Ауаның құрамындағы СО2 концентрациясы нені көрсетеді?

  19. Жұқпалы аурулар бөлімдегі желдетудін мұндай неге әкеп соғуы мүмкін? Теріс салдарының алдын алу үшін қандай шаралар жургізу керек?

  20. Бөлмелердің ауасын залалсыздандыру үшін бір экрандалмаған бактерицидті БУВ-15 шамы жеткілікті ме? Адамдар бар кезде оны қолдануға бола ма? Осы бөлмені зарарсыздандыру үшін қанша экрандалған БУВ-15 бактерицидтік шамы керек?

  21. Судың сапасын бағалаңыз, медицина қызметкерінің жұмыс жағдайына және науқастардың ағзасына қандай әсерін күтуге болады? Судың сапасын жақсарту үшін қандай шаралар ұсынасыз?

  22. Жұқпалы аурулар бөлімі жоспарлануы мен ішкі ортасының гигиеналық талаптарға сәйкес келуі туралы қорытынды беріңіз, жағдайды жақсартуға мүмкіндік беретін шараларды көрсетініз..

2 есеп

4 қабатты аудандық аурухананың бас корпусының оң жақ шетінің 1-ші және 2-ші қабатында хирургия бөлімі орналасқан. 1-ші қабаттың сол жақ шетінде біріктірілген хирургия және терапия бөлімдерінің қабылдау бөлімшесі, анестезиология және реанимация бөлімі және операциядан кеінгі палаталар орналасқан; 2-ші қабатта – балалар бөлімі. Жоғарғы қабаттарында терапия, эндокринология, зертханалар және функционалды диагностика бөлімшелері орналасқан.

1-ші қабатта іріңді хирургия бөлімі орналасқан, 2-ші қабатта - травматология бөлімі. Бұл екі бөлімде өтпелі емес, палаталар дәліздердің бір жағында орналасқан. Палаталардың терезелері оңтүстік-шығысқа бағытталған. Бөлімнің құрамына палаталар, аурулардың күндізгі демалатын орны, дәрігерлер бөлмесі, емшара бөлмесі, медбике орындары, буфет, асхана, төсек-орын, шаруашылық бике бөлмесі, аға медбике және санитарлық бөлмелелер. Іріңді бөлімшесінде жара таңу бөлмесі бар, таза бөлімшедегі ауруларға жара таңулар процедура бөлмесінде жүргізіледі. Бөлімде 9 палата бар, әрқайсысының ауданы 30м2, 6 науқастан жатады, сондай-ақ, ауданы 10м2 2 төсекке есептелген 2 палата бар. Палатаның сыртқы қабырға мен төсектің арасындағы қашықтық - 0,3 м, төсектердің арасындағы қашықтық -1 м. Палаталардың биіктігі- 3,3, м. ЖК-1:8 ТЖК-1%. Жасанды жарық люминисцентік шамдардан тұрады, жарық деңгейі – 60 лк. Палаталардағы температура -28 градус, ылғалдылық - 55%, ауа қозғалысының жылдамдығы – 0,05 м/сек. Желдетілуі табиғи, 1 сағатта 1 рет 15мин. форточка арқылы (ауданы 40 см, ауа қозғалысы-0.5 м/сек) желдетіледі. Санитарлық жүйелер тек екі төсекті палаталарда ғана бар, басқа палаталардағы аурулар дәліздің шетінде орналасқан жалпы санитарлық жүйені пайдаланады. Палаталық дәліздің ені- 2м. Медбикенің орны бөлімге кіре берісте орналасқан. Оперблок ғимараттың оң жақ шетінде, хирургиялық палата бөліміне қарсы орналасқан, одан дәліз арқылы бөлінеді. Бірінші қабатта іріңді бөлімнің оперблогі, 2-ші қабатта таза бөлімнің оперблогі орналасқан. Науқастар оперблокқа операция алдындағы бөлме арқылы өтеді. Операция алдындағы бөлмеде хирургтар мен медицина қызметкерлері қолдарын дезинфекциялық өңдеуден өткізеді, киімдерін стерилді киімдерге ауыстырады. Ауруды операцияға соңғы дайындауды операциялық бөлмеде анестезиолог жүргізеді. Оперблоктың құрамында 3 операциялық бөлме бар, әрқайсысының аудандары-36 м2, биіктігі-3 м, 2 операциялық столға есептелген. Операциялық бөлмелердің арасында стерильдеу бөлмелері бар. Операциялық бөлмелерідің терезелері солтүстік-батысқа бағытталған ЖК- 1:7, ТЖК- 1%. Бөлмелер люминисценттік шамдармен жарықтанады. Жасанды жарық деңгейі - 280 лк. Желдету, кондиционер арқылы, ауа алмасу есесі +5 / -10, ауа төменнен беріледі. Операцияға дейін және операциядан соң дезинфекциялаушы заттармен өңдеу жүргізіледі және төрт экрандалмаған БУВ-30 бактерицидті шаммен 15 минут бойына сәлелендіру жүргізіледі.Операция жасайтын бөлменің температурасы 18-20 градус, ылғалдылығы-60-70 %, ауа қозғалысының жылдамдығы -0,3 м/сек. Температураның ауытқыуы көлденеңі боынша жазда – 2,6 град, қыста -2,1, тігі бойынша жазда - 3,1 град. және қыста - 1,8 град. Ауаның құрамындағы СО2 жазда -0,15% . Микроорагинзмдердің жалпы саны операцияға дейін-800, операциядан соң 2000, оның ішінде операцияға дейін1м3 ауда алтын түсті стафилококк -0, гемолитикалық стрептококк - 1, операциядан кейін әрқайсысы -6-дан. Сумен қамтамасыз ету –жергілікті су құбырынан, оларда авариялық жағдайлар болып тұрады.

Сынамаға алынған су сапасы:

Жалпы микробтар саны – 200

Ішек таяқшасы түрендігі бактериялардың жалпы саны 100 мл суда - 5

Нитраттар - 25 мг/л

Фтор - 1,2 мг/л

Аммиак - 0,25 мг/л

Нитриттер - 0,03 мг/л

Тотыққыштығы – 5 мг/л

Хлоридтер -150 мг/л

Сульфаттар - 80 мг/л

Жалпы кермектілігі - 5 ммоль/л

Иісі -3 балл

Дәмі-2 балл

Түсі -28 град

Мөлдірлігі-30 см

Кейінгі 2 жылда хирургия бөлімде операциядан кейінгі іріңді асқынулар мен асқазан ішек инфекцияларының саны көбейді.

Сұрақтар

  1. Хирургиялық бөлімдерді жоспарлаудың қандай қағидаларын білесіздер?

  2. Хирургиялық бөлім қандай бөліктерден тұрады?

  3. Хирургиялық бөлімнің қабылдау бөлімшесі қалай ұйымдастырылуы керек?Басқа бөлімдердің қабылдау бөлімшесінде хирургиялық аурулдарды қабылдауға бола ма?

  4. Аурухана корпусында хирургия бөлімі дұрыс орналасқан ба?Хирургиялық палата бөлімін қандай жерде орналастыру ұсынылады? Олар өтпелі болуы мүмкін бе?

  5. Палаталық хирургиялық бөлімнің құрамында қандай бөлмелер болу керек ? Есептегі бөлмелер құрамы талаптарға сәйкес келе ме?

  6. Таза және ірінді ауруларды бір бөлмеде орналастыруға бола ма? Болмаса, қалай орналастырады? Берілген есепте осы талаптар сақталған ба? Талаптардың орындалмау неге әкеп соғуы мүмкін?

  7. Көпшілік палаталарда талаптар бойынша қанша төсек болу қажет? 1 және 2 төсектік палаталар қанша болу керек? Еепте бул талаптар орындалған ба? Палаталардағы төсек санының көбеюі неге әкеп соғуы мүмкін?

  8. Төсектердің және төсек пен қабырғаның аралықтары жеткілікті ме? Қандай болу керек?

  9. Медбикенің орны қай жерде орналасу тиіс, неліктен? Есепте дұрыс берілген бе?

  10. Дәліздер неге кең болу керек? Есептегі ені дұрыс па?

  11. Есептегі сан. жүйенің орналасуы дұрыс па?

  12. Оперблок қай жерде орналасуы қажет? Таза және іріңді аурулар үшін бір опер блокты пайдалануға болады ма? Есептегі берілген оперблок гигиеналық талаптарға сәйкес пе?

  13. Тазалық дәрежесі бойынша оперблокта қандай зоналарды бөліп көрсетеді? Есепте қандай кемшіліктерді байқадыңыздар?

  14. Бір столға есептелген операциялық бөлменің ауданы қандай? Бірнеше столға есептелген бір операциялық бөлме дұрыс па немесе бір столға есептелген бір операциялық бөлме дұрыс па?

  15. Операциялық бөлмелердің биіктігі неге 3,6 м болуы тиіс? Операциялық бөлменің терезелерін қай бағытка бағыттайды? Неліктен?

  16. Операциялық бөлмеде табиғи және жасанды жарыққа қойылатын гигиеналық талаптар сақталған ба?

  17. Операциялық бөлмеде желдету қалай ұйымдастырылуы тиіс және неге олай? Кондиционирлеудің артықшылықтары мен кемшіліктері? Есептегі желдетудің ұйымдастырылуы гигиеналық талаптарға сәйкес келе ме?

  18. Операциялық бөлмелердегі дезинфекциялық өндеу дұрыс жүргізіледі ме? Есепте ол қаншалықты тиімді, оның тиімділігі туралы сіз қандай көрсеткіштер бойынша пікірге келесіз?

  19. Залалсыздандыру үшін қанша БУВ-30 шамдары керек, және оны қанша уақыт жүргізу керек?

  20. Есептегі операциялық бөлмелер мен палаталардағы микроклимат жағдайына қанадай баға беруге болады?

  21. Ауруханаға берілетін су қауіпсіз бе? Қандай көрсеткіштері юойынша қауіпсіз?

  22. Операциядан кейінгі іріңді асқынулардың және аурухана ішілік ішек инфекциялардың көбеюнің себептері қандай деп ойлайсыздар?

  23. Хирургия бөлімінің жоспарлануы мен ішкі ортасының гигиеналық талаптарға сәйкес келуі туралы қорытынды беріңіз, жағдайын жақсарту туралы шараларды ұсыныңыз ?

3 есеп

Облыстық аурухана құрамына кіретін перзентхана жеке 2 қабатты ғимаратта, негізгі емдеу корпусынан 10м қашықтықта және шаруашылық алаңынан 20м қашықтықта орналасқан. Ұзындық осі бойынша ғимарат батысқа бағытталған, басқа ғимараттардан 3м қашықтықта отырғызылған ағаштардың жасыл жолағымен қоршалған. Перзентхананың акушерлік бөлімінде 40 төсек, жүкті әйелдердің патология бөліміне 20 төсек және гинекология бөлімінде 40 төсектік орын бар.

Перзентханаға босанатын әйелдер бас есіктен кіреді, вестибюльден қаралу кабинетіне бағытталады, ол жерден дәрігер тексергеннен және туу жоспарын жасағаннан кейін санитарлық өңдеуге бағытталады, содан кейін физиологиялық немесе обсервациялық бөлімге түседі. Обсервациялық бөлімге дене қызуы көтерілген және терінің іріңді аурулары бар, сонымен қатар жұқпалы ауруларға күдікті босануға келген әйелдер бағытталады. Негізгі кіретін есік арқылы гинекологиялық бөлімге де аурулар түседі. Босанған әйелдерді перзентхананың физилогиялық және обсервациялық бөлімінен шығару бір бөлмеде жүргізіледі. Обсервациялық бөлімі бірінші қабатта, физиологиялық екінші қабатта орналасқан. Бір бөлімнен екінші бөлімге өту үшін баспалдақ немесе лифт пайдаланылады. Бұл бөлімдердің әрқайсысының құрамына босану алдындағы палаталар, босану блогы, операция блогы, қарқынды терапия палаталары, босанғаннан кейінгі палаталар және қосалқы бөлмелер кіреді. Емдік-диагностикалық және қосалқы бөлмелер екі бөлімге де бірдей, бірақ график бойынша әртүрлі уақытта қолданылады. Медицина персонал әр бөлімге қатал бекітілмеген. Әр бөлімде, 4 төсекке есептелінген, ауданы 4м2 босану алдындағы бір палатадан бар. Босану залы мен операциялық блогі бір бөлікте орналасқан, босанғаннан кейінгі палаталардан кеңдігі 1,5 м коридормен бөлінген.

Босану залының ауданы 36м2, биіктігі 2,7м, босану 2 креслода кезекпен жүргізіледі, бұл креслолар әрбір босанғаннан кейін жуу ерітіндісі бар сумен өңделеді. Босану залы мен операциялық блоктағы операция жасайтын бөлме батысқа бағытталған. ЖК 1:7, ЖЖК -1,3%. Люминисцентті шам есебінен жасанды жарықтануы 300 лк. Жаз мезгілінде ауа температурасы – 29 Сº. Желдетілу- таза ауаны төменнен беріп кондиционерлеу арқылы жүргізіледі. Ауа алмасу еселігі -+5/-5. Ауысым соңында ылғалды жинаудан кейін БУВ-30 2 экрандалмаған шамдарымен 15 мин бойы зарарсыздандырды.

Ауданы 20м2 босанғаннан кейінгі палаталарда әр палатада 4 босанған әйелдер нәрестелерімен орналасады. Палаталардың толтырылуы босанатын әйелдердің түсуіне байланысты жүргізіледі. Терезелері шығысқа бағытталған. Ауа температурасы - 29-30 ºС, желдетілуі табиғи фрамуга арқылы табиғи түрде күшейтіп жүргізіледі. Ауа алмасы еселігі 2-ге дейін жетеді. Палаталарды зарарсыздандыру аптасына 1 рет концентрацияланған хлорамин ерітінділерімен өңделеді, кейін сумен жуады. Күніне 2 рет босанған әйелдердің және жаңа туған нәрестелердің болуы кезінде әрбір палатада бір шамнан орнатылған БУВ-30 экрандалған шамымен зарарсыздандыру жүргізіледі. Босану залының ауасында СО2 -1,8%. Ауысым басталарда жалпы микроорганизмдер саны -500, ауысым соңында 1500, соның ішінде алтынды стафилокок пен гемолитикалық стрептококк жұмыс басталар алдында 1м³ -қа 0 және 1 сәйкес болған, ауысым соңында 5 және 10. Сумен қамтамасыз ету – апаттық жағдайлар болып тұратын жергілікті су құбырымен қамтамасыз етіледі.

Су сапасының анализі:

Жалпы микроб саны- 130

Колиформды бактериалардың жалпы саны 100 мл -2

Нитраттар- 45мг/л

Тотықсыздануы – 5мг/л

Хлоридтер -450мг/л

Сульфаттар -380 мг/л

Жалпы тұтқырлығы -7,5 ммоль/л

Дәмділігі -2 б, Иісі- 3 б, Түстілігі -20 град.

Сұрақтар

  1. Акушерлік бөлімдердің жоспарлануының қандай қағидаларын білесіз?

  2. Перзентхана аурухана территориясында дұрыс орналасқан ба? Ауруханадан тыс басқа емдеу корпустарынан және тұрғын үйлерден қандай қашықтықта орналасуы қажет?

  3. Перзентханалар үшін ғимараттың қайда бағытталуы ең қолайлы болып табылады? Сіз тапсырмадағы ғимараттың бағытталуы жайлы не айта аласыз?

  4. Ғимараттан қандай қашықтықта ағаштар отырғызылуы қажет және неліктен? Тапсырмада талаптар сақталған ба?

  5. Перзентхананың физиологиялық және обсервациялық бөлімдеріндебосанатын әйелдерді қабылдауды қай бөлмеде және кім жүргізуі тиіс? Тапсырмада босанатын әйелдерді бөлу дұрыс жүргізіле ме?

  6. Қарау кабинетінде қандай сұрақтар шешіледі? Ауру және сау босанатын әйелдерді қабылдауды бір қарау кабинетінде жүргізу мүмкін бе?

  7. Сіздің ойыңызша тапсырмада белгіленбеген қандай аурулар обсервациялық бөлімге бағыттауға тікелей көрсеткіштері бола алады?

  8. Физиологиялық және обсервациялық бөлімдер дұрыс орналасқан ба?

  9. Қабылдау бөлімі мен шығару бөлімі қалай ұйымдастырылуы керек? Гинекологиялық аурулары бар әйелдерді босанатын әйелдермен бірге қабылдауға болады ма?

  10. Перзентхананың ішкі ортасы мен жоспарлануының гигиеналық талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды беріңіздер, жағдайды жақсартуға болатын шараларды көрсетіңіздер.

Тақырып № 9. Балалар мекемелерін жабдықтау және жоспарлаудың гигиеналық принциптері, санитарлық ережелері мен қалыптары. – 2 сағат

Мақсаты: Мектеп мекемелерін жоспарлауға, орналастыруға және жабдықтауға қойылатын гигиеналық талаптармен таныстыру және мектеп жиһаздарын дұрыс таңдауды бағалау жөніндегі білімдерін қалыптастыру.

Оқыту міндеттері:

  • мектепке дейінгі және мектеп мекемелеріндегі жабдықтарды орналастыруға,жоспарлауға қойылатын гигиеналық талаптар жөніндегі білімді қалыптастыру.

  • Мектеп жиһазына қойылатын талаптар жөніндегі білімді қалыптастыру

  • Мектепке дейінгі және мектеп мекемелерін орналастыру және жоспарлауды бағалау дағдысын қалыптастыру

  • Мектепке дейінгі және мектеп мекемелерін қолайлы орналастыру және жабдықтауды бағалау дағдысын қалыптастыру

Өткізу түрі: дискуссия

Тақырып бойынша тапсырма:

Тапсырма № 1. Мектептерді санитарлық-гигиеналық зерттеу тәсілімен танысу (Гурова А.И..1991,С.128-137, В.Н.Кардашенко,1983.-С.179-189)

Таратылатын материал: жоқ