Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ом силабус каз 2013-14 уч год.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
4.24 Mб
Скачать

2.2. Пәнді оқыту мақсаты:

Медициналық қызметкерлерге, оның келешектегі кәсіптік жұмыстарының барлық аспектілеріне қажетті аурудың алдын алу жөнінде ойлауын қалыптастыру.

Тек қана жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың біріншілік және екіншілік алдын алу сұрақтарын шешуге мүмкіндік беретін ғана емес, сонымен қатар, дұрыс диагноз қою, ауруларды адекватты емдеу және қалпына келтіру, халықтың гигиеналық салауаттылығын арттыру үшін де қажетті гигиеналық білімдерінің негізін қалыптастыру.

2.3. Пәнді оқыту міндеттері:

  • Адамның тіршілігі мен өндірістік жұмыс жағдайындағы қоршаған ортаның әртүрлі факторларының жеке адамның денсаулығына және қоғам денсаулығына әсер ету табиғаты мен сипаты туралы түсінікті қалыптастыру.

  • Аурулардың алдын алу, сау адамдардың денсаулығын сақтау және нығайту үшін гигиеналық білімді қалыптастыру.

  • Аурулардың этиологиясы немесе қауіп-қатер (риск) факторы ретінде қоршаған орта факторларының рөлін атап көрсетуді және бұл білімдерін өзінің кәсіптік жұмысында қолдану дағдысын қалыптастыру.

  • Гигиеналық сұрақтар жөнінде жаңа ақпараттар табуды және оны нақты кәсіптік міндеттерін шешу үшін қолдану дағдысын қалыптастыру.

  • Гигиеналық білімдерін халықтың гигиеналық сауаттылығын арттыру үшін қолдану дағдысын қалыптастыру

2.4. Оқытудың соңғы нәтижелері:

Білімдерін қалыптастыру:

1. Ауаның гигиеналық маңызын. Атмосфералық ауаның физикалық қасиеттерінің, табиғи химиялық және биологиялық құрамының және ластануының адам ағзасына әсерімен байланысты аурулардың алдын алу жөніндегі шараларды.Ауа райы мен климат жағдайларының адамның денсаулық жағдайына әсерін.

2. Әртүрлі бағытта жұмыс істейтін жабық бөлмелерге қойылатын гигиеналық талаптар. Қолайсыз микроклимат жағдайының, ауаның химиялық, бактериялық ластануының ағзаға әсер етуін алдын алу жөніндегі шараларды.

3. Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың пайда болуы мен таралуындағы су факторы мен топырақтың және олардың алдын алу жөніндегі гигиеналық шараларды

4. Жеке және ұжымдық рационалды тамақтану мен оған медициналық бақылау жүргізудің гигииеналық негіздері.

5. Балалар мен жасөспірімдердің дене дамуы мен денсаулық жағдайларының мәселелері. Балалардың денсаулығының жоғарғы деңгейі мен дұрыс дамуын қамтамасыз етудің гигиеналық негіздері.

6. Өнеркәсіп кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығындағы жұмыс үрдістері мен жұмыс ортасының ең көп таралған зиянды факторларының гигиеналық сипаттамасын. Өндірістегі кәсіптік патологиялардың, өндірістік жарақаттанулардың алдын алу және жалпы ауру-сырқауды төмендету жөніндегі шараларды.

7. Иондағыш сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде медицина қызметкерлерінің радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар мен радиациялық қорғаныс принциптерін

8. Елді мекендерді жоспарлаудың гигиеналық негіздерін.

9. Жеке бас гигиенасы мен салауатты өмір салты негіздерін.

10. Санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу әдістері мен түрлерін.

11. Соғыс уақытында медициналық қызметке жүктелген санитарлық-гигиеналық шараларды жүргізудің тәртібі мен көлемінің мазмұнын.

Дағдыларын қалыптастыру:

1. Тұрғын және қоғамдық үйлердегі микроклимат параметрлерін, ауа ортасының сапасын, желдетуді, жылытуды,жарықты зерттеуді және бақылау жүргізуді.

2. Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың дамуындағы су факторының және топырақтың рөлін бағалауды және олардың алдын алу жөнінде шаралар жүргізуді.

3. Суды зарарсыздандыру үшін құрамында хлоры бар препараттардың дозасын есептеуді және зарарсыздандыру жүргізуді.

4. Жеке адамның және халықтың ұйымдастырылған топтарының тамақтануы ұйымдастырылуын және құндылығын бағалауды және оларға медициналық бақылау жүргізу және дозиметрлерді қолдануды орындай алуы тиіс.

5. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы мен дене дамуының жағдайын бағалауға, күн тәртібін ұйымдастыруға, оқу-тәрбиелік үрдісіне медициналық бақылау жүргізу.

6. Кәсіптік зияндылықтардың адам ағзасына әсер ету қауіпін бағалауды, қажетті алдын алу шараларын ұсынуды

7. Радиоактивті заттармен және иондағыш сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі барлық гигиеналық талаптарды іске асыруды. Науқастардың медициналық сәулеленуге ұшырауын шектеу.

8. Белгілі бір жұмыс жағдайында сәулеленуге ұшыраудан алған дозаны және қауіпсіз жұмыс параметрлерін есептеуді Ауруханалардың орналасуы, жоспарлануы жабдықталуы және күтіп ұстауы гигиеналық талаптарға сәйкес келуін бағалауды. АІИ-ң алдын алу шараларын және ауруханалардың санитарлық режиміне бақылау жүргізуді орындай алуы тиіс.

9. Әскери уақытта лабароторияға зерттеу үшін, дайын тағам мен суға сынама алу, тағамдық азықтарға санитарлық сараптама жүргізу, сонымен қатар, олардың радиоактивті заттармен ластануы кезінде зерттеулер жүргізу.

10. Дала жағдайында суды залалсыздандыруға және түссіздендіруге бақылау жүргізуді іске асыру.

11. Әскери уақыттағы аурулар, соның ішінде жұқпалы аурулардың дамуы мен таралу факторларын анықтау және олардың алдын алу шараларын ұйымдастыру. Қарулы күштерде санитарлық бақылау нысандарының санитарлық жағдайын бағалау. Гигиена аумағында алынған білімдерді тұрғындар арасында ағарту шараларын жүргізу барысында қолдану.

2.5. Пререквизиттер:философия, политология, социология, құқық негіздері, информатика, экология, медициналық биофизика, химия, молекулярлық биология және медициналық генетика, биохимия, қалыпты анатомия, қалыпты физиология, патологиялық физиология, микробиология, клиникаға кіріспе, ішкі аурулар пропедевтикасы.

2.6. Постреквизиттер: эпидемиология, коммуналдық гигиена, тамақтану гигиенасы, еңбек гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, қоғамдық денсаулық сақтау, ішкі аурулар, балалар аурулары, жұқпалы аурулар, жалпы хирургия, акушерство және гинекология, неврология, оториноларингология, онкология, жалпы тәжірибе.