Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ом силабус каз 2013-14 уч год.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
4.24 Mб
Скачать

2 Есепке мысал:

Ауа алмасу қысқалығын 4.1. тарауда келтірілген формула бойынша анықтаймыз, бұл үшін желдетудің фактілі көлемі мен бөлменің көлемін есептеу қажет. Желдетудің фактілі көлемін есептеу үшін мына формуланы қолданамыз: Q=(22,6·n) / (Cфакт-0,4), (тарау4.3) Q=22,6·2 = 0,50

2,4-0,4

Бөлменің көлемі 15·3= 45 (метр куб), ал Q=22,6 тең болғандықтан, ауа алмасу қысқалығы

P=22,6=0,50.

45

Гигиеналық талаптарға сәйкес желдетудің қажетті көлемі 1 науқасқа сағатына 80 метр кубты құрауы керек. Сонда 2 науқасқа ол 160 метр кубқа тең болады. Қажетті ауа алмасу қысқалығы P=160 = 3,5. Осыған орай, ауа алмасу қысқалығы палатада жеткіліксіз.

45

Одан басқа, берілген ауа кубы нормативтен аз. Осыған байланысты, бір науқасты басқа палатаға ауыстырып, бөлмені желдету ұсынылады.

Есеп 3

Ауданы 30 метр кв, биіктігі 3 метр 4 төсектік палатада желдету табиғи жолмен ауданы 0,3те 0,4 м форточка арқылы әр сағат сайын 20 минутқа іске асырылады. Ауаның қозғалу жылдамдығы -0,6метр/сек

  1. Ауа алмасу қысқалығын есептеңіз.

  2. Гигиеналық нормалармен салыстырыңыз

Есеп 4

Ауданы 21 метр кв және биіктігі 3 м бокста 1 науқас жатыр. Желдету түрі алып келетін-әкететін. Ауаның келуі ауданы 0,2х0,3 м 0,8 м/сек жылдамдықта тесіктер арқылы

жүреді, ал ауаның шығарылуы ауданы 0,8 метр кв 1м/сек жылдамдықта тесіктер арқылы іске асырылады.

1. Келетін және кететін ауаның көлемін есептеңіз

2. Ауа алмасу қысқалығын есептеңіз.

  1. Гигиеналық нормалармен салыстырыңыз

Есеп 5

Операциядан кейінгі палата кубатурасы-45 метр куб бір науқасқа, СО2 концентрациясы 1,2 промиль. 1 сағаттағы ауа алмасу қысқалығын есептеңіз. Егер, гигииеналық норма бойынша операциядан кейінгі палатада ауа алмасу қысқалығы 10-ға тең болса, онда бөлмеге ауаның қанша санын беру қажет?

Есеп 6

Ауданы 36 метр кв және биіктігі 3 м операциялық палатада 6 адамнан тұратын бригада жұмыс істейді. Желдету түрі әкелетін-әкететін. Ауаның келуі ауланы 0,25 0,4 м/сек жылдамдықта тесіктер арқылы жүреді. Ауаның кетуі ауданы 0,5 метр кв, 0,3м/сек жылдамдықта іске асырылады.

1. Ауа алмасу қысқалығын есептеңіз.

2. Келуі және кетуі бойынша ауаның көлемін есептеңіз

3. Гигиеналық нормалармен салыстырыңыз және желдету жұмысын қалай жақсартуға болатынын көрсетңіз.

Есеп 7.

Ауданы 30 м кв биіктігі 3,2 метр 4төсектік палатада СО2 концентрациясы 1,8 промиль

1. ауа алмасу қысқалығын есептеңіз.

2. келуі және кетуі бойынша ауаның көлемін есептеңіз

3. ауада СО2 концентрациясы гигиеналық нормативтерден аспаған жағдайдағы (1 промиль тең 1,0 л/м куб) ауа алмасу қысқалығының қажетті мөлшерін есептеңіз

Есеп 8.

1 операциялық столға 112 м куб кубатуралы операциялық бөлмеде 4 адамнан тұратын хирургиялық бригада жұмыс істейді. Ауданы 0,4 м кв болатын 2 фрамуга арқылы 20 минут көлемінде желдету іске асырылады. Ауаның қозғалу жылдамдығы 1,2м/сек. Ауаның шығуы тесік арқылы ауданы 0,25 мкв, 0,4 м/сек жылдамдықта жүреді.

1. Түсетін ауаның көлемін есептеңіз.

2.Ауа алмасу қысқалығын есептеңіз.

3. Гигиеналық нормалармен салыстырыңыз және көрсетіңіз: операциялық бөлмеде желдету жеткілікті ұйымдастырылған ба?

Есеп 9

Ауданы 22 мкв, биіктігі 3 м бокста 2 науқас жатады. СО2 концентрациясы ауада 1,5 промильді құрайды, яғни 1,5 л/ мкуб. Анықтаңыз:

  1. Бөлмеге түсетін ауа көлемін

  2. ауа алмасу қысқалығын

  3. гигиеналық нормамен салыстырыңыз

  4. Реанимациялық залған түсетін ауаның қажетті санын есептеңіз

  5. Желдетудің жұмысы жеткілікті болған жағдайдағы реанимациялық залдағы СО2 концентрациясын есептеңіз

Есеп 10

Кубатурасы 110 мкуб реанимациялық залда 2 науқас жатыр және 6 медицина қызметкері жұмыс істейді. СО концентрациясы 1,2 промиль, яғни 1,2 л/м куб. Анықтаңыз:

1. Бөлмеге түсетін ауа көлемін

  1. ауа алмасу қысқалығын

  2. гигиеналық нормамен салыстырыңыз

  3. Реанимациялық залған түсетін ауаның қажетті санын есептеңіз

  4. Желдетудің жұмысы жеткілікті болған жағдайдағы реанимациялық залдағы СО2 концентрациясын есептеңіз

Есеп 11

Ауданы 24 мкв және биіктігі 3 м радиологиялық бөлімшенің ем қабылдау бөлмесінде (радиоактивті изотоптарды енгізуге арналған) 2 мед қызметкер жұмыс жасайды. Сағатына 10 адамға қызмет көрсетеді. СО концентрациясы 1,4 промильді құрайды. Есептеңіз:

  1. Түсетін ауаның санын;

  2. ауа алмасу қысқалығын;

  3. гигиеналық нормамен салыстырыңыз;

  4. желдетудің жұмысы жеткілікті болған жағдайдағы қажетті ауа мөлшерін есептеңіз

Есеп 12

Кубатурасы 66 м кв таңу бөлмесінде 2 мед. Қызметкер жұмыс істейді, сағатына 4 науқасқа қызмет көрсетеді. Бөлмедегі СО2 концентрациясы 2,4 промиль

  1. таңу бөлмесіне түсетін ауаның санын есептеңіз;

  2. ауа алмасу қысқалығын;

  3. гигиеналық нормамен салыстырыңыз;

  4. К= 2 болған жағдайдағы, желдетудің жұмысы жеткілікті болған жағдайдағы қажетті ауа мөлшерін есептеңіз

Тақырып № 3. Ересектер мен балалардағы ультра күлгін жеткіліксіздігінің алдын алу. Бөлмелерді санациялау үшін УК сәулелерінің жасанды көздерін қолдану. -4 сағат.

Мақсаты: Бөлмені залалсыздандыру үшін және УК жеткіліксіздігінің алдын алу үшін УК сәулесінің жасанды көздерін қолдануы жөнінде білімдерін қалыптастыру.

Оқыту міндеттері:

  • Түрлі диапазондағы УК сәулелердің биологиялық және гигиеналық маңызы жөніндегі білімді қалыптастыру.

  • балалар мен жасөспірімдердегі УК тапшылығының алдын алу үшін қолданылуы жөніндегі білімді қалыптастыру

- Бөлмелерді санациялау үшін УКС қолдану жөнінде білімін қалыптастыру;

- Сәулелену дозасын есептеуді және балалар мен ересек тұрғындарды УК профилактикалық сәулелендіруді жүргізу жөніндегі білімді қалыптастыру.

Өткізу түрі: ситуациялық есептерді шешу, кіші топпен жұмыс істеу

Тақырып бойынша тапсырма:

Тапсырма № 1. Бөлмелерді зарарсыздандыру үшін және УК сәулелерінің жеткіліксіздігінің алдын алу үшін УКС жасанды көздерін қолданумен танысу.

Тапсырма № 2. Бөлмелерді санациялау бойынша ситуациялық есептерді шешу

Таратылатын материал: жоқ