Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ом силабус каз 2013-14 уч год.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
4.24 Mб
Скачать

Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Гигиена / Под ред. акад. РАМН Г.И. Румянцева. - М.: ГЭОТАР МЕДИЦИНА,2000ж.309-360 беттер.

Қосымша:

  1. Общая гигиена: Пропедевтика гигиены / Гончарук Е.И., Кундиев Ю.И., Бордов В.Г.и др. – К.: Вища шк., 1999ж. –155-162 беттер.

  2. Неменко Б.А., Кенесариев У.И. Коммунальная гигиена. – Алматы: НИЦ «Ғылым», 2003ж. – 34-42 беттер.

Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

1. Ағзада заттардың жиналуын туғызған осы норматив жетілдірілген бе?

2.Барлық факторлар міндетті нормалауға жата ма?

3. Қоршаған ортаның әртүрлі нысандарында болатын бір заттың түріне сол бір ғана нормативті қолдануға бола ма

Мамандығы: Жалпы медицина

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Курс: 3

Пән: Жалпы гигиена

Құрастырған: м.ғ.к., аға оқытушы Ержанова А.Е.

оқытушы Адилова М.Т.

Алматы, 2013 ж

Кафедра мәжілісінде мақұлданған

Хаттама № «____»_______2013 ж

Жалпы гигиена және экология

кафедрасының меңгерушісі,

м.ғ.д., проф. Ү.И.Кенесариев

Тақырып №1. Гигиена – медицинадағы негізгі алдын алу пәні ретінде - 3 сағат.

Мақсаты: Гигиена ғылым ретінде, оның фундаментальдық негіздері, принциптері және әдістері жөнінде түсінікті қалыптастыру. Гигиеналық тарауларды оқу барысында сақтық санитарлық бақылау мен күнделікті бақылаудың теориялық және қолданбалы аспектілерін меңгеру үшін қажетті базистік әдістемелік білімдерін қалыптастыру. Гигиеналық ойлау қабілеттерін жетілдіру жөніндегі білімін қалыптастыру болып табылады.

Міндеттері

  • Пәні, мақсаты, негізгі міндеттері мен гигиенада қолданылатын зерттеу әдістері, басқа пәндермен байланысы жөніндегі білімін қалыптастыру.

  • СЭҚ дәрігерінің жұмысын ұйымдастыру негіздерін. Өндірістегі сақтық және күнделікті санитарлық бақылаудың мазмұны жөніндегі білімді қалыптастыру.

  • Санитарлық ағарту жұмыстарының әдістері мен түрлері жөніндегі білімді қалыптастыру.

  • Зиянды фактордың мүмкіндік рөлін аурудың этиологиялық немесе қауіп қатер факторы ретінде бөлу дағдыларын қалыптастыру.

  • Гигиенада қолданылатын негізгі зерттеу әдістері жөніндегі дағдыларын қалыптастыру.

  • Гигиена бойынша нормативтік құқықтық және әдістемелік құжаттарды қолдану дағдысын қалыптастыру.

  • Тұрғындар арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу үшін гигиена аумағында алынған білімдерді қолдану дағдысын қалыптастыру.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Гигиенаның мақсаты мен міндеттері. Аурудың екіншілік, үшіншілік алдын алу шаралары.

2. Гигиенаның әдістері.

3.Қоршаған орта факторларының қолайсыз әсерлерінің алдын алуда күнделікті және алдын алулық санитарлық бақылаудың рөлі.

Оқыту және сабақ беру әдістері: кіші топтарда дискуссия, жағдайлық есептерді шешу.