Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ ОСНОВЫ ЭКОНОМИКИ (ОПОРНЫЙ КОНСПЕКТ).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
793.6 Кб
Скачать

§2. Экономикалық теориядағы классикалық мектеп

Классикалық мектеп 17 ғасырда дүниеге келді және 18 ғ. басы мен 19 ғасырда дамып өркендей түсті. Классикалық мектепте негізгі орынды «еңбек» категориясы насихаттаушы күш және еңбек құндылығының көрінісі «құн» алады. Осыдан құнның еңбек теориясы басталды. Негізінен, барлық экономикалық ғылым классикалық мектеп қойнауларында дүниеге келді.

Классикалық мектептің негізгі теориялық ережелері келесідей:

  • ұлттың байлығы осы мемлекеттің халқымен жасалып, тұтынылатын өнімде;

  • бір адамға санағанда өнім неғұрлым көп болған сайын, материалдық байлық деңгейі де соғұрлым жоғары;

  • егер еңбек өнімділігі өсетін болса, өндірілетін өнімнің саны да өсетін болады;

  • еңбек өнімділігі ең бөлінісінің дәрежесі мен капиталды жинау деңгейіне тәуелді болады;

  • еңбек бөлінісінің дәрежесі неғұрлым жоғары болған сайын, нарық айналымы соғұлым қарқынды, ол сатып алушы мен сатушыға тиімді.

  • тауар бағасы негізінде құн яғни тауарды өндіруге жұмсалған еңбек көлемі жатыр.

А.Смит (классикалық мектептің негізін салушы) мемлекеттің экономикалық өмірге араласпауын қолдаушылардың бірі болды, ол экономика өзін-өзі реттейтін жүйе болып табылады деп санады, яғни нарықтың «көрінбейтін қолы» нарық механизмін өзі реттейді деп санады.

§3. Утопиялық социализм және коммунизм.

Социалистік және коммунистік идеялар қоғамда 15 ғасырда дүниеге келді, алайда олардың дамуы үшін ең қолайлы кезең 18 ғ. аяғы – 19 ғ. басына қалыптасты, сол кездері капитализмнің бірен-сарандарда ғана капиталдың жинақталуы, жеке меншікті тереңдету, жұмысшылардың ауыр жағдайы тәрізді жағымсыз жақтары толығымен байқала бастады. Бұның барлығы капитализмнің сыналуына әкеп соқты. Утопист-социалистер оқулар ұйымдастырды, онда қоғам коллективизм, әділеттілік, ағайындық принциптерге негізделіп, бұржуазиялық құрылым табалдырықтары болмауды көздеді.

Утопиялық социализмнің негізгі өкілдері – ағылшын гуманисті және жазушы – Т.Мор, итальяндық философ және саяси қызметкер - Т.Кампанелла болды. Утопиялық социализмнің биік шыңында А.Сен-Симон, Ш.Фурье және ағылшындық Р.Оуэн тұр. Олардың барлығы қоғамдық құрылымды өзгертудің және гармония немесе коммунизм деп атаған жаңа қоғамды жасау қажеттілігін айтты.

Бұл қоғамның негізгі белгілері:

  • тапсыз қоғам;

  • барлық азаматтар үшін міндетті еңбек;

  • өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісінің үйлесімділігі;

  • шаруашылықты ғылыми жоспарлау;

  • ғылым мен өндірістің бірлігі;

  • қоғамдық өнімді бөлу болды.

Утопиялық социализмнің ізбасарлары К.Маркс, Ф.Энгельс, В.Ленин болды. Бұл теория ғылыми социализм деп атала бастады. Жаңа теорияның негізгі көзқарастары «Коммунистік партияның манифесті» және «Капитал» еңбектерінде сипатталды.

Коммунистік қоғамның принциптері:

  • жерге деген жеке меншікті жою және өндіріс құралдары;

  • бүкіл қоғамға жататын ұжымдық жеке меншік;

  • барлығы үшін бірдей еңбектену міндеті.

1- бөлім бойынша бақылау сұрақтары

  1. Экономика ұғымы. Макро- және микроэкономика.

  2. Экономикалық көрсеткіштер және олардың жіктелуі.

  3. Экономикалық теорияның функциялары.

  4. Экономикалық теория заты.

  5. Экономикалық теорияда таным әдістері.

  6. Экономикалық теорияда негізгі экономикалық оқулар мен бағыттарды сипаттау (меркантилизм, физиократизм, классикалық мектеп, утопиялық социализм).

БӨЛІМ 2.

Экономикалық жүйелердің жалпы негіздері.

САБАҚ №4

Тақырып 2.1: «Меншік және қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылысы».

Жоспар.

1. Экономикалық жүйе

2. Негізгі экономикалық субъектілер.

3.Жеке меншіктің экономикалық категория ретіндегі мәні.