
- •«Экономика негіздері» пәні бойынша Базалық (тірек) конспектісі
- •0703000 – "Гидрогеология және инженерлік геология"
- •0704000 – «Пайдалы қазба кен орындарын іздеу мен барлаудың геофизикалық әдістері»
- •1305000 – «Жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпараттық жүйелер»
- •Мазмұны
- •§1. Экономика ұғымы және оның мәні.
- •§2. Экономикалық теория пәні
- •§3. Экономикалық теорияның функциялары.
- •§4. Экономикалық көрсеткіштер
- •§5. Ғылыми таным әдістері
- •§1. Көне дәуір мен орта ғасырлардағы экономикалық оқытулар.
- •§2. Хіх ғасырдың экономикалық оқытулары.
- •§3. Қазіргі экономикалық теория.
- •§1. Меркантилизм и физиократизм.
- •§2. Экономикалық теориядағы классикалық мектеп
- •§3. Утопиялық социализм және коммунизм.
- •§1. Экономикалық жүйе
- •§2. Негізгі экономикалық субъектілер.
- •§3. Жеке меншіктің экономикалық категория ретіндегі мәні.
- •§1. Табиғи және тауарлы өндіріс.
- •§2. Өндіріс қорлары мен факторлары.
- •§3. Игілік және олардың жіктелуі
- •§4. Тауар және оның қасиеттері.
- •Ақшаның пайда болу тарихы.
- •§1. Ақшаның пайда болу тарихы.
- •§2. Ақшаның мәні және қызметі.
- •§1. Нарық ұғымы. Нарықтың жіктелуі.
- •§2. Сұраныс. Сұраныс заңы.
- •§3. Ұсыныс. Ұсыныс заңы.
- •§4. Нарықтық тепе-теңдік
- •§1. Нарықтардың жіктелуі (қосымша).
- •§2. Сұраныс заңының нәтижелері мен парадокстері.
- •§3. Сұраныс пен ұсыныс деңгейіне әсер ететін бағадан тыс факторлар
- •§1. Бәсеке. Негізгі ұғымдар.
- •§2. Жетілген бәсеке.
- •§3. Жетілмеген бәсеке және олардың түрлері
- •§1. Кәсіпкерліктің мәні
- •§2. Кәсіпкерлік қызметтің жіктелуі
- •§1. Кәсіпкерлік тарихынан.
- •§2. Кәсіпкерліктің экономикалық сипаты.
- •§3. Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі
- •§1. Капитал – оның мәні мен мағынасы. Капитал айналымы.
- •§2. Негізгі қорлар – олардың қызметі, құрамы және құрылымы.
- •§3. Негізгі қорлардың тозуы
- •§4. Айналыс капиталы – оның қызметі, құрамы мен құрылымы.
- •§1. Еңбекақыны төлеудің мәні және принциптері.
- •§2. Еңбекақыны төлеудің формалары мен жүйелері.
- •§1. Шығындар және өзіндік құн.
- •§2. Кіріс және оның түрлері.
- •§3. Маркетинг. Негізгі ұғымдар.
- •§1 Экономикалық теорияда кірістер ұғымы мен түрлері.
- •§2. Несие және несие қатынастары
- •§3. Жер рентасы.
- •§1. Макроэкономиканың мәні.
- •§2. Ұлттық есеп жүйелері.
- •§3. Ұлттық байлық.
- •Тақырып 5.2: «Ұлттық шаруашылықтың экономикалық өсімі».
- •§1. Экономикалық өсім. Экономикалық өсімді анықтайтын факторлар.
- •§2. Экономикалық өсудің типтері.
- •§1. Макроэкономиканың циклдік тербелістері.
- •§2. Жұмыссыздық және оның формалары.
- •§3. Инфляция. Жалпы ұғым.
- •§1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні мен қажеттілігі.
- •§2. Фискальдық саясат және мемлекеттік бюджет.
- •§3. Ақша –несие саясаты.
- •§4. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты.
- •§1. Әлемдік сауда.
- •§2. Еңбектің халықаралық бөлінісі.
- •§3. Капиталдың миграциясы.
- •§4. Жұмыс күшінің миграциясы
- •§5. Дүниежүзілік валюта жүйесі.
- •§6. Протекционизм және еркін сауда
- •Сабақ №21. Сынақ сабақ
§1. Көне дәуір мен орта ғасырлардағы экономикалық оқытулар.
Экономикалық ғылым – ең көне ғылымдардың бірі. Алғаш рет «экономия» («ойкономия») термині б.з.д. III ғасырда көне грек ойшылдары Ксенофонттың (б.з.д. 430-335 жж.) және Аристотельдің (б.з.д. 384-322жж.) еңбектерінде пайда болды. «Ойкономия» сөзі ретінде (үй, шаруашылық) Аристотель құлиеленушілік шаруашылық жүргізуді ұйымдастыру бойынша насихаттар жинағын түсінді.
Біртіндеп, осы мәлімттерге сүйеніп, феодалдық жер иеліктерін жүргізуге де насихаттар жиынтығы құрастырылады.
Экономикалық (тауар-ақша) байланыстардың дамуы феодалдық тұйықтықтың бұзылуына және мемлекеттің пайда болуына әкелді. Сол кезде жеке жер иелігін ғана емес, жалпы ұлттық, бүкіл мемлекеттік шаруашылықты жүргізудің жалпы ережелерін анықтауға алғашқы ұмтылыстар жасалды.
Мемлекеттік шаруашылықты жүргізу бойынша жалпы ережелер «саяси экономия» атауына ие болды. «Саяси» терминін алғаш рет француз сарай адамы Антуан Монкретьен қолданды. Ол 1615 ж. Францияның шаруашылығын мемлекеттік басқарудың субъектісі ретінде қарастырған «Саяси экономия трактатын» жазды. Бірақ мұны ғылым деп атауға болмас еді.
Ғылым ретінде жалпы экономикалық теория XVI-XVII ғасырлар шегінде туындады. Бұл кезде тауар-ақша қатынастары кең дамыды, бұл олардың даму заңдылықтарын зерттеуге бастама болды.
Алғашқы экономикалық ілім «меркантилизм» (итальяндық «mercante» - саудагер, көпес). Бұл ілімнің негізгі мазмұны: қоғам байлығының және молшылығының көзі деп, меркантилистер материалдық игіліктерді өндіруді емес, тауар және ақша айналымының өрісін есептеді. Олардың пікірінше, қоғамның жақсы тұрмысына сыртқы сауданы реттеу жолымен, тауарларды шеттен әкелуден шетке шығарудың басымдығымен және елдегі ақша капиталын (алтын, күміс) жинақтаумен жетуге болады.
Меркантилистік саясат елге алтын мен күмістің мүмкіндігінше көп мөлшерін тартуға бағытталған. Меркантилизм мектебінің өкілдері – Вильям Стаффорд (1554-1612жж.), Томас Мен (1571-1641жж.).
Қоғамның байлығы саудада емес, өндірісте пайда болады деген ой алғашқыда физиократтар мектебінің еңбектерінде пайда болды. «Физиократтар» сөзі екі грек сөзінен құралған: «физис» (physys) – табиғат; «кратос» (kratos) – билік, табиғат билігі. Ф.Кенэ (1694-1774) бастамасымен ұлт байлағының көзі ауылшаруашылық еңбек, бұдан соң А.Смит (1723-1790жж.) және Д.Рикардо (1172-1823жж.) еңбектерінде ұлт байлығының көзі тек ауылшаруашылық еңбек емес, өндірістің барлық өрістеріндегі: ауылшаруашылық өндірісіндегі, өнеркәсіптік өндірістегі, құрылыс өндірісіндегі еңбек болып табылады дейді. Бұл идеялар «классикалық» (үлгілі) атауына ие болды, сондықтан бұл ілімнің өкілдері классикалық экономикалық мектеп негізін қалаушылар деп аталады.
§2. Хіх ғасырдың экономикалық оқытулары.
А.Смит пен Д.Рикардоның саяси экономиясының классикалық мектебінің теориялық концепцияларын дамыта және тереңдете отырып, Карл Маркс (1818-1883жж.) және Ф.Энгельс (1820-1895жж.) «марксизм» деген жалпылама атауға ие болған теориялық концепцияны құрды. К.Маркс жасаған басты ашулары: қоғамдық-экономикалық формациялар туралы ілім қалыптасты, капитализмнің даму заңдары ашылды, жаңа экономикалық жүйе ретінде социализс (коммунизм) пайда болды, қайта өндіру және экономикалық дағдарыстар теориялары, тауарда іске асқан еңбектің екі жақты табиғаты туралы ілім қосымша құн туралы ілім құрылды; абсолютті рентаның, жалдамалы еңбектің мәні ашылды. К.Маркстың негізгі еңбегі «Капитал» оны әлемнің әйгілі экономистерінің біріне айналдырды.
Бұл ілім жеке кемшіліктерсіз емес. Тек пайдалану қоғамы болып табылатын капиталистік қоғамның таусылуы туралы К.Маркстың қорытындылары тарихпен дәлелденбеді. Сонымен қатар, марксизмді қатаң сынға алумен қатар, әлемдік экономикалық ғылым пікірінше, марксизм экономикалық теорияның дамуындағы маңызды кезең болып табылады.
Соның ішінде, әйгілі америкалық ғалым, экономист Пол Самуэльсон экономикалық теорияның дамуына белгілі бір ықпал еткен үш атақты ойшылды ажыратады: А.Смит, К.Маркс және Дж.Кейнс.
К.Маркстың еңбектерінде баяндалған ойлар шетелдерде де, Ресейде де жеке ізбасарларын тапты. Соның ішінде Ресейде К.Маркс пен Ф.Энгельстің идеялары В.И.Ленинмен (1870-1924жж.) белгілі бір деңгейде толықтырылды және бірақ өзгертілді.
В.И.Ленин К.Маркстың қоғамдық капиталды қайта өндіру және экономикалық дағдарыстар туралы теориясын талдауға басты назар аударды. Бұл жайтты оның «Ресейдегі капитализмнің дамуы» (1899ж.) және «Нарықтар туралы мәселе жайлы» (1893ж.) еңбектері дәлелдейді. Соның ішінде, осы еңбектерінде В.И.Ленин ірі өнеркәсіп үшін ішкі нарықтың қалыптасу үрдісіне талдау жасады және нарықтың ұйымдастырущы және біріктіруші күшінің маңызын анықтады. Бұл ТМД нарықтық экономикаға көшудің қазіргі жағдайларында да өзекті болып табылады.
XIX ғасырдың екінші жартысында «маржинализм» теориясы құрылды. Бұл теорияның негізін қалаушылар австриялық мектептің экономистері Карл Менгер (1840-1921), Фридрих фон Визер (1851-1926жж.), Эйген фон Бум-Баверк (1851-1914жж.), сонымен қатар ағылшын экономисті Уильям Стенли Джевонс (1835-1882жж.) және басқалар болды.
Маржинализм (ағылшын. «marginal» - шекті). Маржинализмнің негізгі санаттары: шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар. Маржинализм экономикалық-математикалық әдістер мен үлгілерді кең қолданады. Математикалық мектептің әйгілі теоретиктерінің бірі швейцар экономисті Леон Вальрас (1834-1910жж.) болып табылады. Ол негізінде сұраныс пен ұсыныс талдауы жатқан жалпы-нарықтық тепе-теңдік үлгісін құрастырды.