Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ ОСНОВЫ ЭКОНОМИКИ (ОПОРНЫЙ КОНСПЕКТ).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
793.6 Кб
Скачать

§6. Протекционизм және еркін сауда

Сауда саясаты — бұл макроэкономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған үкіметтік бюджеттік-салық саясатының салыстырмалы түрде дербес бағыты. Мемлекет сауда балансын реттей отырып, әдістер мен құралдардың жүйесін қолданады, олар мемлекетте болатын таңдалған саясатқа, міндеттер мен мүмкіндіктерге байланысты өзгереді.

Тауар алмасу саласында мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған әртүрлі мемлекеттердің экономикалық саясатын талдау, сыртқы сауда саясатының келесі түрлерін ерекшелеуге мүмкіндік берді:

Протекционизм — өзіндік экономиканы дамытуды ынталандыру мақсатында тауарларды тікелей және жанама түрде енгізуді шектеу арқылы бәсекелестіктен ішкі нарықты қорғауға бағытталған саясат.

Фритредерство (еркін сауда саясаты) — сауда еркіндігін қамтамасыз етуге, жеке тұлғалар мен әртүрлі елдердің фирмалары арасындағы саудада жасанды бөгеттерді жоюға бағытталған және мемлекеттің жеке кәсіпкерлік қызметке араласпауын қарастыратын саясат.

5-бөлім бойынша бақылау сұрақтары:

  1. Макроэкономика ұғымы, оның мақсаттары мен құралдары.

  2. Қандай негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер болады?

  3. Экономикалық өсімге түсініктеме беріңіз, оны қандай факторлер анықтайды?

  4. Экономикалық өсімнің экстенсивті және интенсивті типтеріне түсініктеме беріңіз?

  5. Экономикалық цикл дегеніміз не? Экономикалық циклдің фазалары қандай?

  6. Жұмыссыздықтың мәні және оның формалары?

  7. Инфляция дегеніміз не және оның түрлері қандай?

  8. Экономиканы мемлекеттік реттеу неге негізделеді?

  9. Фискальдық саясат және мемлекеттік бюджет туралы не білесіз?

  10. Мемлекет ақшалай несиелік саясатты қалай жүргізеді?

  11. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары қандай?

  12. Халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың қандай негізгі формаларын сіз білесіз?

Сабақ №21. Сынақ сабақ

Міндетті бақылау жұмысына арналған үлгілік сұрақтар

1-нұсқа.

  1. Экономикалық теория пәнін түсіндіру амалдары.

  2. Утопиялық және ғылыми социализм. Экономикалық теориядағы жаңа бағыттар.

  3. «Еңбек» - экономикалық категория ретінде. Адамның еңбек әрекеттері жауап беруі тиіс жағдайлар. Мысалдар келтіру.

  4. Еңбек қатынастарында және нарықтық экономикада еңбекті төлеу мәселелеріндегі мемлекеттің рөлі.

  5. Экономикалық теорияда кірістердің ұғымы мен түрлері.

  6. Макроэкономикадағы циклдік тербелістер.

2- нұсқа.

  1. Экономикалық теорияда негізгі бағыттардың мәні (макро-, микро-, мегаэкономика, позитивтік, нормативтік және болжамдық экономика);

  2. Экономикалық ғылымда физиократизм мектебі және маржиналдық теория.

  3. Нарықтық экономикада мемлекеттік социализм дәуірінде еңбекке деген қатынас және негізгі еңбек қағидалары.

  4. Экономикалық теорияда шығындар: ұғымы, түрлері. Мысалдар келтіру.

  5. Экономикалық теорияда несие және несие қатынастары.

  6. Жұмыссыздық, оның себептері мен негізгі формалары.

3- нұсқа.

  1. Экономикалық теорияның функциялары мен әдістері. Түсініктемелер мен мысалдар келтіру.

  2. Экономикалық теорияда меркантилистер мектебі және неоклассикалық мектеп.

  3. Экономикалық теорияда еңбек нарығы және еңбек қатынастарының келісім-шарты.

  4. Өнімнің өзіндік құны: экономикалық элементтер және калькуляциялық баптар бойынша шығындардың ұғымы мен жіктелуі;

  5. Ұлттық есеп жүйелері (негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер).

  6. Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні.

4- нұсқа.

  1. Экономикалық көрсеткіштер: ұғымы, қызметі, құрамы мен экономикалық көрсеткіштердің жүйесі. Мысалдар келтіру.

  2. Экономикадағы классикалық мектеп және Кейнс теориясы.

  3. Еңбекті төлеудің мәселелері: еңбекті төлеудің қағидалары, жалалық формалары, жалақының функциялары мен түрлері.

  4. Экономикалық теориядағы кіріс: ұғымы, функциялары, түрлері.

  5. Экономикалық өсудің ұғымдары мен түрлері.

  6. Қазіргі халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі формаларын сипаттаңыз.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Мамедов О.Ю. Қазіргі экономика. Ростов-на-Дону, 1995ж.

  2. Экономикалық теория курсы. Оқулық. проф. Чепурин М.Н., проф. Киселева Е.А. жалпы редакциясымен, Киров 1999ж.

  3. Экономика курсы. проф. Райзберг Б.А. жалпы редакция басшылығымен, Москва, 1997ж.

  4. Борисов Е.Ф., Волков Ф.М. Экономикалық теория негіздері. Москва, 1996ж.

  5. Котлер Ф. Маркетинг негіздері, М., Прогресс, 1990ж.

  6. Шеденов У.Н. «Жалпы экономикалық теория», Ақтөбе, 2004ж.

  7. Нуреев Р.М. Микроэкономика курсы. Москва, 1999ж.

  8. Назарбаев Н.А. «Қазақстан – 2030» Алматы. Бiлiм, 1997ж.

  9. Назарбаев Н.А. «ХХІ ғасыр табалдырығанда». Алматы. «Өнер», 1996ж.

47