Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ ОСНОВЫ ЭКОНОМИКИ (ОПОРНЫЙ КОНСПЕКТ).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
793.6 Кб
Скачать

§3. Ақша –несие саясаты.

АНС – бұл ақша айналымы және несие саласында мемлекеттік іс-шаралардың жиынтығы.

Ақша айналымы қолма-қол (ақша, банкнот) және ақшасыз есеп айырысудан (банк есебіндегі қаржы, депозит сертификаттары және мемлекеттік құнды қағаздар) тұрады.

Несие – қайтару, өтеу және жеделдік шартында жеке меншік иесінен заемшыға ақшаның қозғалысы.

Ақша-несие саясаты несиені және ақша эмиссиясын (несие эмиссиясы) ынталандыруға, немесе оларды ұстап тұруға және шектеуге (несиелік рестрикция) бағытталады. Өндірістің төмендеу және жұмыссыздықтың ұлғаюы жағдайында орталық банктер несиені кеңейту және пайыз нормасын төмендету жолымен конъюнктураны тірілтуге тырысады.

§4. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты.

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты— азаматтардың қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне бағытталған әлеуметтік шаралардың жиынтығы. Мемлекеттің әлеуметтік саясатында басты тізбекті халықтың кірісін қалыптастыру саясаты алады, өйткені халықтың өмір сүру деңгейі көп жағдайда мемлекет азаматтарымен алынатын кірістерге тәуелді болады.

САБАҚ №20

Тақырып 5.5: «Қазіргі дүниежүзілік экономика».

Жоспар.

1. Әлемдік сауда.

2. Еңбектің Халықаралық бөлінісі.

3. Капиталдың миграциясы.

4. Жұмыс күшінің миграциясы.

5.Дүниежүзілік валюталық жүйе.

6. Протекционизм және еркін сауда.

§1. Әлемдік сауда.

Халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі формалары дүниежүзілік сауда, капиталдардың және жұмыс күшінің миграциясы, валюталық ынтымақтастық.

Дүниежүзілік сауда тауарлар мен қызметтерді мемлекет шекарасына тыс шығаруды қарастырады. Ол мамндану мен айырбасқа әкеп соғады. Мамандану және айырбас өмір сүру деңгейін екі тәсіл арқылы жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Біріншіден, сауданың көмегімен әртүрлі елдерде шығындардағы айымшылықтардан кіріс алынады. Бұндай кіріс технологиялардағы айырмашылықтардан, шикізат немесе басқа да өндірістік факторлардың қол жетімділігінің әртүрлі дәрежесінен шығады. Осындай кірісті сипаттаған алғашқы экономист А.Смит болды. Ол әрбір мемлекет өзі абсолюттік басымдылыққа ие бола алатын тауар өндірісіне мамандану қажет деп сендірді. Д.Рикардо осы ойды жалғастыра отырып, салыстырмалы басымдылық принципін қалыптастырды: тауар өндірісіне маманданған мемлекеттер, басқа елдермен салыстырғанда өте аз шығындармен жасай алатын тауарларды өндіру керек.

Екіншіден, сауданың көмегімен масштабтан эконом жасау, яғни өнімді шығаруды ұлғайту есебінен шығындарды төмендету жеңіл.

§2. Еңбектің халықаралық бөлінісі.

Ұлттық шаруашылықтар мен олардың арасындағы байланыс негізінде қалыптасқан дүниежүзілік шаруашылық негізінде, мемлекеттер айырбасқа салатын белгілі бір өнім түрлерінде жеке елдердің өндірісін мамандардыруды қарастыратын еңбектің халықаралық бөлінісі (ЕХБ) жатыр. Ол дүниежүзілік шаруашылықтың әртүрлі даму кезеңдерінде әртүрлі мәндері бар келесі факторлерге негізделеді: мемлекеттер арасындағы табиға-географиялық айырмашылықтар, атмосфералық-климаттық жағдайлар, пайдалы қазбалардың қорлары, топырақ құнарлылығы, территория көлемі, халық саны, ғылыми-техникалық революция және т.б.

Тауар айналымы құрылымында және негізгі сыртқы сауда ағымдарының бағыттарында үздіксіз қозғалыстар болып жатады, ол дүниежүзілік нарықта әртүрлі мемлекеттердің қалпын өзгертеді. Олар шикізат тауарларының үлес салмағы қысқарып, жоғарытехнологиялық тауарлар үлесінің артуымен сипатталады; қызмет көрсету саудасы нығаюда: көліктік, туристік, қаржылық.