Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ ОСНОВЫ ЭКОНОМИКИ (ОПОРНЫЙ КОНСПЕКТ).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
793.6 Кб
Скачать

Тақырып 5.2: «Ұлттық шаруашылықтың экономикалық өсімі».

Жоспар.

1. Экономикалық өсім. Экономикалық өсімді анықтайтын факторлар.

2. Экономикалық өсімнің түрлері.

§1. Экономикалық өсім. Экономикалық өсімді анықтайтын факторлар.

Экономикалық өсу қарқынының негізгі көрсеткіштері:

  • ВНП (ВВП), НД көлемінің өсуі;

  • ВНП (ВВП) және НД бір адамға шаққандағы өсу екпіні;

  • бүтіндей өнеркәсіптік өндірістің, салалар бойынша және бір адамға шаққандағы өсу қарқыны болып табылады.

Экономикалық өсім, өндірістік күштердің дамуының әсерінен өндірістің шынайы көлемі деңгейінің ұзақмерзімді өзгерісін көрсетеді. Экономикалық өсімді физикалық және құн түрінде де өлшейді.

Экономиканың өсу қабілеттілігі факторлардың бірқатарына тәуелді. Ықпал ету тәсілі бойынша экономикалық өсімнің тікелей және жанама факторларын ажыратады. Өсімді физикалық түрде мүмкін ететін факторлар тікелей факторлар деп аталады.

Оларға:

  • еңбек ресурстарының саны мен сапасының ұлғаюы;

  • негізгі капиталдың көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы;

  • өндіріс технологиясы мен ұйымдастырылуының жетілуі;

  • шаруашылық айналымға тартылатын табиғи қорлардың саны мен сапасының жоғарылауы;

  • қоғамда кәсіпкерлік қабілеттің дамуы жатады.

Жанама факторлар – бұл қоғамда экономикалық өсімге қажетті мүмкіндіктерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жағдайлар. Мұндай жағдайлар сұраныс факторларымен құрылады. Оларға:

  • нарықты монополизациялау деңгейінің төмендеуі;

  • өндірістік қорларға бағаның төмендеуі;

  • салық салу жүйесінің өзгеруі;

  • несие алу мүмкіндігін кеңейту;

  • шаруашылық әрекеттің субъектілері арасында кірістерді бөлудің қоғамда әрекет ететін тәртібі және т.с.с.

Өнімнің өсу екпіні мен өндіріс факторлері көлемдерінің өзгеруі арасындағы қатынас, экономикалық өсудің типіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін.

§2. Экономикалық өсудің типтері.

Экономикалық өсімнің екі түрін ажыратады: экстенсивті өсім, интенсивті экономикалық өсім.

Экономикалық өсудің экстенсивті типінде материалдық игіліктер мен қызметтердің көлемі келесі факторлардың есебінен қол жетімді болады:

  • жұмыс істейтін жұмысшылар санының артуы;

  • тұтынылатын шикізаттардың, материалдардың, отынның және айналым капиталының басқа да элменттері көлемдерінің өсуі;

  • қолда бар технология деңгейін сақтау кезінде инвестиция көлемінің артуы.

Экономикалық өсудің қарқынды типі, керісінше, өндірістің кеңейюі өсімнің тікелей факторларының сапалық жетілуі есебінен қамтамасыз етілуімен сипатталады:

  • үдерістік технологияларды қолдану;

  • жұмысшылардың біліктілігін жоғарылату;

  • негізгі және айналымдағы қорларды пайдалануды жақсарту;

  • шаруашылық қызметті ұйымдастыруды жақсартудың есебінен оның нәтижелілігін жоғарылату;

Шынайы өмірде экономикалық өсудің экстенсивті немесе интенсивті типтері таза күйінде болмайды. НТП жетістіктерін енгізу негізінде өсу факторлерінің сандық жетілуі, өндіріс құралдарына немесе жұмыс күшіне үнемі инвестицияны талап етеді. Өз кезегінде, жұмыс күшінің және өндіріс құралдарының өсуі сапалық сипаттамаларының өзгеруімен қатар жүреді.

САБАҚ №18

Тақырып 5.3: «Макроэкономикалық теңсіздік».

Жоспар.

1. Макроэкономиканың циклдік тербелістері.

2. Жұмыссыздық және оның формалары.

3. Инфляция. Жалпы ұғым.