Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ ОСНОВЫ ЭКОНОМИКИ (ОПОРНЫЙ КОНСПЕКТ).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
793.6 Кб
Скачать

§3. Жер рентасы.

Аграрлық қатынастардың құрылымында басты экономикалық қатынастар ренталық қатынастар болып табылады.

Жерді ауылшаруашылық кәсіпкерлеріне жерді жалға бере отырып, жер иелері ол үшін белгілі бір төлем – рента алады. Жер рентасы жер иесіне арендалық төлем түрінде төленеді. Алайда жал рентасын жер рентасымен сәйкестендіруге болмайды. Арендалық төлем жер рентасынан көбірек – ол мыналардан тұруы мүмкін: жер рентасы, жерде тұрғызылған ғимараттардың амортизациясы, жерге салынған капиталдың пайызы, а/ш жұмысшылары еңбекақысының бөлігі.

Жер рентасы – бұл қосымша құнның (пайданың) жалға алушы капиталының орташа пайдасынан артықшылығы есебінен жер учаскесін уақытша пайдалану үшін төлем.

Дифференциалды рента мен абсолютті рентаны ажыратады.

Дифференциалды рента екі формада болады: дифференциалды рента I және II.

I дифференциалды рентаның пайда болу себебі шаруашылық объектісі ретіндегі жер монополиясы болып табылады.

I дифференциалды рента құнарлығы бойынша, нашар учаскенің жағдайларымен анықталатын, а/ш өнімдерін өндірудің қоғамдық бағасы мен олардың құнарлырақ жерлерде өндірудің жеке бағасы арасындағы айырмашылыққа тең.

I дифференциалды рента сату нарығына және а/ш өнімдерін өңдеу орнына қатысты жер учаскелерінің орналасуындағы айырмашылықтардың салдарынан туындауы мүмкін.

Егер I дифференциалды рента жердің табиғи құнарлылығымен байланысты болса, II дифференциалды рента, топырақтың құнарлылығын жақсарту үшін қосымша капитал жұмсауға негізделген, топырақты жасанды құнарландырумен байланысты.

Абсолютті рента – бұл пайданың барлық, соның ішінде сапасы бойынша нашар жер учаскелерінде де, пайда болатын орташа пайдадан артықшылығы. Ал жақсы және орташа жер учаскелерінен қосымша I және II дифференциалды рента алынады.

Дифференциалды және абсолютті рентадан басқа, кейбір жеке жер учаскелерінде монопольді рента болуы мүмкін. Оның пайда болуының себебі монополиялық баға болып табылады. Ол кейбір а/ш сирек өнімдеріне белгіленеді. Мысалы, цитрустарға және сирек пайдалы қазбаларға.

4-бөлім бойынша бақылау сұрақтары:

  1. Жалақы дегеніміз не және оның деңгейіне қандай негізгі факторлар әсер етеді?

  2. Көрсетілген және шынайы жалақы дегеніміз не?

  3. Өндіріс шығындары және олрадың түрлері?

  4. Кіріс ұғымы және оның қызметтері?

  5. Нарықтық шаруашылықта жалақының қандай негізгі формалары болады?

  6. Өндіріс шығындары және олардың түрлері?

  7. Кіріс түрлері?

  8. Маркетинг ұғымы, оның мәні мен категориялары?

  9. Кредит ұғымы және оның принциптері?

  10. Жер рентасы және оның формалары?

БӨЛІМ 5.

Макроэкономикаға кіріспе.

САБАҚ №16

Тақырып 5.1: «Ұлттық шаруашылық: оның ерекшеліктері мен көрсеткіштері».

Жоспар.

1. Макроэкономиканың мәні.

2. Ұлттық есеп жүйелері.

3.Ұлттық байлық.

§1. Макроэкономиканың мәні.

Макроэкономика — бұл мемлекеттің біртұтас экономикасы туралы ғылым. Ол экономикалық жүйенің барлық қатысушыларының агрегирленген іс-әрекетін зерттейді. Макроэкономика дербес ғылым саласы ретінде ХХ ғ. 30-жылдары қалыптаса бастады. Дж. М. Кейнс макроэкономика негізін қалады.

Макроэкономика нақтылы мақсаттарды көздейді және сәйкес құрал-жабдықтарды қолданады:

  1. ұлттық өндірістің жоғары және өрлеу деңгейі;

  2. кішігірім мәжбүрлі жұмыссыздық кезінде жоғары жұмыс бастылық;

  3. еркін нарықта сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттестігі жолымен бағалар мен жалақыны анықтаумен байланыста бағалардың тұрақты деңгейі.

  4. төлем балансының нөлдік сальдосына қол жеткізу.

Ұлттық экономикаға әсер етудің макроэкономикалық құралдары:

  • салықтық-бюджеттік саясат;

  • ақшалай-несиелік саясат;

  • кірістер саясаты;

  • сыртқы экомикалық саясат болып табылады.

Ұлттық экономика – бұл салалық және территориалық құрылымға ие күрделі экономикалық жүйе. Кез-келген мемлекеттің ұлттық экономикасы салалық принцип бойынша бөлінуі мүмкін. Бұл тұрғыдан алғанда ол екі ірі саланы қамтиды:

  1. материалдық өндіріс саласы;

  2. әлеуметтік сала.