Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ ОСНОВЫ ЭКОНОМИКИ (ОПОРНЫЙ КОНСПЕКТ).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
793.6 Кб
Скачать

§1 Экономикалық теорияда кірістер ұғымы мен түрлері.

Кірістер – бұл нарықтық экономиканың әр белсенді мүшесі әрекетінің соңғы мақсаты. Жоғары кірістер нақты бір адамға ғана тиімді емес, олар қоғамдық мәнге де ие. Экономикалық теорияда «кіріс» деп нарықтық субъектінің тікелей билігіне үнемі және заңды түрде түсетін ақшалай соманы атайды. Кіріс үнемі ақшалай түрде көрінеді. Бұл, оны алудың басты шарты қоғамның экономикалық өміріне нәтижелі қатысуы болатындығын білдіреді.

Ең алдымен кірісті өндіріс факторларының меншік иелері алады. Өндіріс факторының әр меншік иесі нарық өндірісінде белгілі бір қызмет атқаратындықтан, онда кірістерді бастапқы қалыптастыру «кірісті функционалдық бөлу» атауына ие болды. Функционалдық кірістер келесі түрлер бойынша көрсетілген:

- нарық секторында жалдамалы жұмысшылардың жалақысы;

- мемлекеттік секторда жұмысшылардың жалақысы;

- кәсіпкерлердің кірісі;

- жер иелерінің рентасы;

- ұсақ меншік иелерінің кірістері (жалақы, кіріс, рента, пайыз және дивиденттер комбинациясы).

Халықтың жеке топтары бойынша кірістерді нақтылы бөлу жүзеге асқан кезде, «кірістерді тігінен бөлу» туралы айтады. Тігінен бөлу мемлекеттің кіріс саласына араласуының нәтижесі болып табылады, соның арқасында кірістерді, тіпті егер кірістерді функционалдық бөлу болатын болса оларға ие бола алатын топтар (мысалы, еңбекке жарамсыздар немесе жұмыссыздар) басқара алады.

Кірістер саласында нарықтық стратегия қағидаларын осылайша құруға болады: «Барлығы бай бола алмайды, бірақ ешкім кедей болмау керек».

§2. Несие және несие қатынастары

Несие ссудалық капиталдың, яғни белгілі уақыт мерзіміне қайтарымдылық және заемшының қажеттілігін қанағаттандыру шартында берілген ақшалай қаржылардың қозғалыс формасы болып табылады.

Несиелік қатынастар жалға алушы мен несие берушінің болуын көздейді.

Несиенің көмегімен кәсіпорынның; жеке сектордың, мемлекеттің еркін ақшалай капиталдары мен кірістері шоғырланады, ақыға уақытша пайдалануға берілетін, ссудалық капиталға айналады.

Несиелік қатынастар келесі принциптер негізінде құрылады:

1. сенім принципі;

2. несиенің қамсыздандырылу принципі, яғни ссудалар кепілдікке немесе қаржылық кепілдемелерге беріледі;

3. несиенің қайтарымдылық принципі заемшы пайдаланғаннан кейін, несие берушіден алған қаржылық ресурстарды уақытында қайтаруды көздейді;

4. жеделдің принципі келісіммен анықталған мерзімде оны қайтарудың қажеттілігін бейнелейді;

5. ақылық принципі несиелік ресурстарды алу және пайдалану құқығын төлеу қажеттілігін бейнелейді. Бұл рольді банктік пайыз атқарады;

6. несиелік ресурстарды мақсатты пайдалану принципі.

Кредиттің формалары:

1) төлемі кейінге қалдырылған тауарларды сату түрінде бір қызмет ететін кәсіпорынның басқа кәсіпорынға беретін несиесі коммерциялық несие деп аталады.

2) банк несиесі ақшалай ссуда түрінде кәсіпкерлерге және басқа заемшыларға ақшалай капиталмен, банктермен және өзге несиелік-қаржылық мекемелермен беріледі.

3) негізгі формалардың бірі тұтыну несиесі болып табылады, ол коммерциялық (төлемі кейінге қалдырылған тауарларды сату) және банк (тұтыну мақсаттарындағы ссудалар) несиелер формасында беріледі.

4) мемлекеттік несие заемшы органдары тарапындағы мемлекет, ал несие берущі жеке және заңды тұлғалар болып табылатын, несиелік қатынастардың болып табылады.

5) ипотекалық несие, жылжымайтын мүлік кепіл болып табылады.

6) халықаралық несие.

Банк – бұл ақшалай қаржыларды тарту және қайтарымдылық, төлемділік және жеделдік шарттарында өз атынан орналастыру үшін құрылған ұйым.

Банктің негізгі міндеті – несие берушілерден заемшыларға және сатушылардан тұтынушыларға ақшалай қаржыларды тасымалдаудағы делдалдық.

Банк – бұл заңды және жеке тұлғалардың ақшалай құралдарын тартудың және өз атынан олардың қайтарымдылық, төлемділік, және жеделдік шарттарында орналастырудың, сонымен қатар есептік, комиссиялық-делдалдық және өзге операцияларды жүзеге асырудың ерекше құқығына ие, несие беретін ұйым. Несие беретін ұйым – бұл орталық банктің арнайы рұқсаты (лицензия) негізінде әрекеттің негізгі мақсаты болып табылатын, пайда алу үшін құрылған заңды тұлға. Яғни «несие беретін ұйым» ұғымы «банк» ұғымына қарағандай әлдеқайда кең.

Банк жүйесі келесі деңгейлерден тұрады:

  1. Орталық банк

  2. Саудалық банк

Бағалы қағаздар нарығы – бұл бағалы қазағдарды сату және сатып алу жүзеге асатын орын.

Бағалы қағаздардың бастапқы және екінші қатарлы нарықтарын ажырату қабылданған. Бағалы қағаздардың бастапқы нарығы тікелей эмиссиядан кейін бағалы қағаздарды сату арқылы оларды орналастыру болып табылады.

Екінші қатарлы БҚН айналымында бұрыңғы шығарылған бағалы қағаздар болады. Ол биржалық және биржадан тыс деп бөлінеді

БҚН-да өзара әрекет етеді:

1) бағалы қағаздың элементі – бағалы қағаздарды шығаратын тұлға;

2) бағалы қағаздың иесі – меншік құқығында немесе басқа заттық құқықта бағалы қағаз тиесілі тұлға;

3) инвестор – ұзақ мерзімді салымдарды жүзеге асыру мақсатында ұзақ мерзімге бағалы қағаздарды сатып алады;

4) БҚН-ң кәсіби мүшелері заңды және жеке тұлғалар болып табылады, олар БҚН-да заңмен анықталған әрекет түрлерін жүзеге асырады.