
- •«Экономика негіздері» пәні бойынша Базалық (тірек) конспектісі
- •0703000 – "Гидрогеология және инженерлік геология"
- •0704000 – «Пайдалы қазба кен орындарын іздеу мен барлаудың геофизикалық әдістері»
- •1305000 – «Жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпараттық жүйелер»
- •Мазмұны
- •§1. Экономика ұғымы және оның мәні.
- •§2. Экономикалық теория пәні
- •§3. Экономикалық теорияның функциялары.
- •§4. Экономикалық көрсеткіштер
- •§5. Ғылыми таным әдістері
- •§1. Көне дәуір мен орта ғасырлардағы экономикалық оқытулар.
- •§2. Хіх ғасырдың экономикалық оқытулары.
- •§3. Қазіргі экономикалық теория.
- •§1. Меркантилизм и физиократизм.
- •§2. Экономикалық теориядағы классикалық мектеп
- •§3. Утопиялық социализм және коммунизм.
- •§1. Экономикалық жүйе
- •§2. Негізгі экономикалық субъектілер.
- •§3. Жеке меншіктің экономикалық категория ретіндегі мәні.
- •§1. Табиғи және тауарлы өндіріс.
- •§2. Өндіріс қорлары мен факторлары.
- •§3. Игілік және олардың жіктелуі
- •§4. Тауар және оның қасиеттері.
- •Ақшаның пайда болу тарихы.
- •§1. Ақшаның пайда болу тарихы.
- •§2. Ақшаның мәні және қызметі.
- •§1. Нарық ұғымы. Нарықтың жіктелуі.
- •§2. Сұраныс. Сұраныс заңы.
- •§3. Ұсыныс. Ұсыныс заңы.
- •§4. Нарықтық тепе-теңдік
- •§1. Нарықтардың жіктелуі (қосымша).
- •§2. Сұраныс заңының нәтижелері мен парадокстері.
- •§3. Сұраныс пен ұсыныс деңгейіне әсер ететін бағадан тыс факторлар
- •§1. Бәсеке. Негізгі ұғымдар.
- •§2. Жетілген бәсеке.
- •§3. Жетілмеген бәсеке және олардың түрлері
- •§1. Кәсіпкерліктің мәні
- •§2. Кәсіпкерлік қызметтің жіктелуі
- •§1. Кәсіпкерлік тарихынан.
- •§2. Кәсіпкерліктің экономикалық сипаты.
- •§3. Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі
- •§1. Капитал – оның мәні мен мағынасы. Капитал айналымы.
- •§2. Негізгі қорлар – олардың қызметі, құрамы және құрылымы.
- •§3. Негізгі қорлардың тозуы
- •§4. Айналыс капиталы – оның қызметі, құрамы мен құрылымы.
- •§1. Еңбекақыны төлеудің мәні және принциптері.
- •§2. Еңбекақыны төлеудің формалары мен жүйелері.
- •§1. Шығындар және өзіндік құн.
- •§2. Кіріс және оның түрлері.
- •§3. Маркетинг. Негізгі ұғымдар.
- •§1 Экономикалық теорияда кірістер ұғымы мен түрлері.
- •§2. Несие және несие қатынастары
- •§3. Жер рентасы.
- •§1. Макроэкономиканың мәні.
- •§2. Ұлттық есеп жүйелері.
- •§3. Ұлттық байлық.
- •Тақырып 5.2: «Ұлттық шаруашылықтың экономикалық өсімі».
- •§1. Экономикалық өсім. Экономикалық өсімді анықтайтын факторлар.
- •§2. Экономикалық өсудің типтері.
- •§1. Макроэкономиканың циклдік тербелістері.
- •§2. Жұмыссыздық және оның формалары.
- •§3. Инфляция. Жалпы ұғым.
- •§1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні мен қажеттілігі.
- •§2. Фискальдық саясат және мемлекеттік бюджет.
- •§3. Ақша –несие саясаты.
- •§4. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты.
- •§1. Әлемдік сауда.
- •§2. Еңбектің халықаралық бөлінісі.
- •§3. Капиталдың миграциясы.
- •§4. Жұмыс күшінің миграциясы
- •§5. Дүниежүзілік валюта жүйесі.
- •§6. Протекционизм және еркін сауда
- •Сабақ №21. Сынақ сабақ
§1. Экономика ұғымы және оның мәні.
«Экономика» сөзі көне грек сөзінен шыққан: сөзбе-сөз, oikos – үй, шаруашылық; nomos – ереже, заң, жиынтығында – шаруашылықты жүргізу ережесі дегенді білдіреді. Берілген сөзді айналымға Ксенофонд енгізген болатын.
Қазіргі уақытта экономика сөзі келесі мағыналарға ие:
экономика – бұл сөздің кең мағынасындағы шаруашылық, яғни адам өзінің іс-әрекеті үшін пайдаланатын барлық қажетті объектілер;
экономика – бұл шаруашылықты жүргізу бойынша адамдар арасындағы қарым-қатынас жүйесі;
экономика – бұл адам қажеттіліктерінің шексіздігі кезіндегі ресурстар мен мүмкіндіктердің шектеулі сипатқа ие болуымен байланысты, заңдар шығаратын және іс-әрекеттің көптеген нұсқаларының арасында тиімді талдау жасауға мүмкіндік беретін дербес ғылым;
Экономика бір жағынан сандық ғылым болып табылады, өйткені өзінің есептеулерінде математикалық әдістерді пайдаланады; сандық санаттар ретінде мыналар болуы мүмкін: өндіріс көлемі; уақыт нормасы; еңбек өнімділігі; өнімнің бірлігін шығаруға кеткен еңбек шығындары; пайда және т.б.
Сонымен қатар экономика сөздік ғылым болып табылады, ол сапалық санаттарды – (тиімділікті, рухани мүдделерді, өнімдер сапасын, қайырымдылықты) пайдаланады.
Экономика зерттелетін құбылыстардың ауқымдылығына орай екі түрге бөлінеді:
1) макроэкономика ірі салмақтар, аудандар, мемлекеттер және жалпы әлемдік экономика тұрғысында экономикалық құбылыстарды зерттейді.
2) микроэкономика жеке адамға, жеке отбасына, жеке кәсіпорынға немесе кәсіпорындар тобына қатысты экономикалық үрдістерді зерттейді.
§2. Экономикалық теория пәні
Ғылым ретінде жалпы экономикалық теорияның зерттеу пәнін алғаш рет экономикалық теорияның классикалық мектебінің өкілі А.Смит тұжырымдады. Оның ойынша, бұл ғылым объективті адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз, осы қоғамдағы материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну заңдарын, адамдардың әртүрлі класстарының және топтарының арасында өнімнің бөлінуінің табиғи тәртібін және осы бөлумен байланысты қатынастарды зерттеу керек.
П.Самуэльсон пәннің өзіндік жалпылама анықтамасын келтіреді: «Экономикалық теория әртүрлі тауарларды өндіру үшін және түрлі адамдар мен қоғам топтарының арасында осы шақта және болашақта тұтыну мақсатында оларды бөлу үшін, ақшаның көмегімен және оның қатысынсыз, уақыт ағымында адамдар мен қоғам сирек өндіргіш ресурстардың қайсысын таңдайтындығы туралы ғылым».
К.Макконнелл мен С.Брю атап айтқандай: «Бұл ғылымның мәселелері әдетте жеке емес, қоғамдық көзқарас тұрғысынан зерттеледі. Тауарларды өндіру, айырбастау және тұтыну жалпы қоғам тұрғысынан қарастырылады».
Адамдардың мінез-құлқы қандай да бір әлеуметтік-экономикалық қатынастардың себебі емес, салдары. Әлеуметтік-экономикалық қатынастардың дамуының экономикалық санаттары мен экономикалық заңдары аралық әсері арқылы, жалпы экономикалық теория адамдардың арасындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастарды зерттейді деген қорытынды жасауға болады.
Экономикалық теорияның зерттеу нысаны сирек қорларды басқару бойынша адамдардың іс-әрекетін басқару болып табылады.