Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ ОСНОВЫ ЭКОНОМИКИ (ОПОРНЫЙ КОНСПЕКТ).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
793.6 Кб
Скачать

§1. Кәсіпкерліктің мәні

Әдебиеттерде кәсіпкерлік әрекеттің көптеген анықтамалары бар.

Кәсіпкерлік – бұл жаңашылдық, экономикалық дамудың жаңа мүмкіндіктері мен баламаларын іздеу, ескі стереотиптер мен шекараларды жеңу.

Кәсіпкерлік – материалдық пайда алу мақсатында өнім мен қызметтер жасау үшін, адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, өндіріс факторларын ұйымдастыру және біріктіру.

Кәсіпкерлік – бұл пайда алу мақсатындағы субъектінің шаруашылық әрекеті және жаңашылдықпен, ресурстарды пайдаланудың тиімдірек тәсілдерін табумен, жаңа перспективаларға ашықтығымен, тәуекелге баруға дайындығымен ерекшеленетін, шаруашылық жүргізудің ерекше шығармашыл түрі.

Кәсіпкерлік – мүлікті пайдаланудан, тауарларды сатудан, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден жүйелі кіріс, пайда алуға бағытталған, бастамашыл, дербес, өз атынан, тәуекелді, өзінің мүліктік жауапкершілігіне қарай жүзеге асырылатын, жеке және заңды тұлғалардың әрекеті.

Келтірілген анықтамаларға сәйкес кәсіпкерліктің келесідей ерекше белгілерін анықтауға болады:

  • жаңашылдық – жаңа өнім өндіру, өндірісте жаңа алдыңғы қатарлы технологияларды қолдану, ресурстардың жаңа түрлерін пайдалану, сатудың жаңа нарықтарын меңгеру.

  • экономикалық еркіндік және басқарушы субъектілердің дербестігі;

  • тәуекелге бару қабілеті мен дайындығы.

  • кәсіпкерлік әрекет мотивациясы, яғни бұл кәсіпкерді қызметтің бұл түрімен айналысуға итермелеген себептер. Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру кезінде адамдардың басшылыққа алатын екі мотивті: билік пен ақша.

Нарықтық қатынастардың негізгі қатынастарының бірі фирма болып табылады. экономикалық әдебиеттерде «кәсіпорын», «фирма» дене ұғымдар кеңінен қолданылады. Кәсіпорын – фабрика, ферма, дүкен түрінде ұйымдастырылған бір бағыттағы өндіріс, ол тауарлар мен қызметтерді өндіру және жүзеге асыру бойынша арнайы функцияларды орындайды. Фирма (көп салалы өндіріс) – бұл бір немесе бірнеше кәсіпорындарға ие және табысқа қол жеткізу мақсатында тауарлар мен қызметтерді өндіру үшін ресурстарды қолданатын ұйым. Қазіргі ғалымдардың пікірінше фирмалар нарық агенттерінің қауіп-қатер мен белгісіздікті төмендету мақсатында пайда болған.

Сонымен қатар «бизнес» және «коммерция» ұғымдарын ерекшелейді.

Коммерция – бұл тауарды сатып алу сату арқылы пайда көруді көздейтін кәсіпкерлік қызметтің бір түрі (берілген жағдайда тауарлар мен қызметтерді өндіру тұспалданбайды).

Бизнес коммерция және кәсіпкерлік ұғымын, сонымен қатар қызметтің белгісіз түрлерін қамтиды.

Кәсіпорындардың шаруашылық әрекеті олардың сыртқы және ішкі ортамен өзара әрекеттестік жағдайларында өтеді. Кәсіпорынның ішкі ортасы, кәсіпорынның шаруашылық қызметі тәуелді болып келетін мақсаттар мен міндеттерді, құрылымдарды, қолданылатын технологиялар мен адамдарды қамтиды. Олар кәсіпорындардың ішінде қалыптасатын қатынастардан құрылады.

Сыртқы ортаға кәсіпорынның өнім берушілермен, тұтынушылармен, несие берушілермен, бәсекелестермен, мемлекеттік және қоғамдық құрылымдармен және т.б. өзара әрекеттестігі жатады. Бұның өзінде, экономикалық қатынастардың жүйесіне тартылған әрбір субъект өзінің жеке мүдделеріне ие болады. Сондықтан кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің нәтижелілігі бұл қызығушылықтардың үйлесімділігіне, жеке шаруашылық ететін субъектілердің мақсаттары арасында динамикалық тепе-теңдікке қол жеткізу дағдысына тәуелді болады.