Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
12-13 г Руб. №2 ОГ ОЗ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
46.24 Кб
Скачать

Нұсқа/ Вариант № 1

1. Тағам өнімдерін гигиеналық сараптаудың негізгі міндеті нені анықтау болып табылады?

- өнімнің мемлекеттік стандартқа сай келуін

- өнімді өткізу жағдайын

+ өнімнің денсаулық үшін құндылығы мен зияндылығын

- өнімнің органолептикалық және физикалық- химиялық көрсеткішін

-өнімнің эпидемиологиялық және токсикологиялық қауіпсіздігін

2. Қандай тағамдарды мектепке дейінгі балалар мекемелерінде пайдалануға болады?

- ет қосылған құймақ

- флот макароны

- паштеттер

- саңырауқұлақтар

+ ірімшік қосылған құймақ

3. Тағамнан уланулаларды санитарлық-эпидемиологиялық зертеуді кім жүргізеді?

- аурухананың бас дәрігері

- фельдшер

+ санитарлық дәрігер

- инфекционист

- бактериолог

4. Жедел ішек инфекцияларымен салыстырғанда тағамнан улануға тән емес белгі:

- тағамнан уланудың жаппай болуы

- аурудың кененттен басталуы

+ контагиоздылығы

- сырқаттың тағамды қабылдаумен байланыстылығы

- қысқа инкубациялық кезең

5. Дезинтеграция тозаңы – не бойынша жіктелетін тозаңның әртүрлілігі:

+ түзілу әдісі бойынша

дисперстілігі

электрлік зарядталуы

ағазаға түсу жылдамдығы

өкпеде шөгу жылдамдығы

6. Иондаушы сәулелердің ашық көздерімен жұмыс кезіндегі сәулелену әсерінің ерекшелігі:

+ қызметкер ішкі және сыртқы сәулеленуге ұшырауы мүмкін

қызметкер тек қана сыртқы сәулеленуге ұшырауы мүмкін

қызметкер тек қана ішкі сәулеленуге ұшырауы мүмкін

қызметкер генерациялық иондаушы сәулелер электр желісіне қосылып тұрған уақыт

ішінде ғана сәулеленуге ұшырауы мүмкін

сәулелену дозасының фракциясының өтуі биологиялық эффектінің дәрежесін төмендетеді

7. Адам ағзасына әсер етуді анықтайтын дыбыстың (шудың) негізгі физикалық параметрлері:

+ жиілік құрамы

интерференция

резонанс

кумуляция

дифракция

8. Елді мекенге неғұрлым жақын орналастыруды қажет ететін аурухана мекемелері

- жалпысоматикалық

- психоневрологиялық

- кардиоорталықтар

+ емханалар

- орман санаториялары

9 .Аурухананың жер учаскесін таңдау кезінде шешілмейтін сұрақтар:

- тұрғын құрылыстардан ЕПМ оқшаулануы

- өндірістік объектілерден қашықтығы

- үлкен магистралдардың барлығы және одан алшақтығы

- жер еңістігінің болуы

+ аурухана қуаттылығы

10.Палаталық секция дегеніміз

- әр түрлі сырқаты бар науқастарды орналастыруға және емдеуге арналған палаталар мен қосымша бөлімшелер кешені

- әр профильдегі науқастарды орналастыруға және емдеуге арналған қосымша бөлімшелер кешенінсіз палаталар

- аурухана бөлімшесімен бірге орналасқан қосымша бөлмелер кешені

+ бір сырқат түріндегі науқастарды орналастыруға және емдеуге арналған палаталар мен қосымша бөлімшелер кешені

- науқастардың күндізгі болатын бөлмелер кешені

1. Полиграфиялық өндіріс жұмысшыларына кезекті профилактикалық мед. байқау жүргізгенде үш адам (әйелдер) бастың сынып жиі ауруына, тез қажуға, бұлшық еттерінің ауруына, саусақтардың дірілдеуіне, жеке бұлшық еттердің өздігінен тартылуына шағым жасады.

Анамнез жинағанда белгіленді: осы өсдірістегі цехта жұмыс істегендеріне еңбек стаждары 8 жылды құрайды. Байқау кезінде тері жамылғысының сұр-жасыл реңді боздануы, шырышты қабықшаларының боздануы анықталды. Алдыңғы тістерінің қызыл етінің шырышты қабаты өзгерген: тістердің бойында қара-сұр жолақтар көрініп тұр. Қолдың бұлшық етіне пальпация жасағанда нерв жолының бойы ауырсынады

Тапсырма. Қандай кәсіптік ауру туралы айтылып тұр?

Сұрақтар.

1. Диагнозды бекіту үшін қандай зерттеулер жүргізу керек?

2. Берілген аурудың алдын алу үшін қандай профилактикалық шаралар қажет?

Нұсқа/ Вариант № 2

1. Тағамдық токсикоинфекциялардың қайсысы сапасыз сүт пен сүт тағамдарын пайдаланумен неғұрлым жиі байланысты?

- сальмонеллездер

- колибактериалды токсикоинфекциялар

- шартты-патогенді микрофлорамен улану

- ботулизм

+ стафилококковые интоксикации

2. Ас блогі қызметкерлерінің қолындағы іріңді ауру қандай тағамнан уланудың себебі болуы мүмкін?

- ботулизмнің

- салмонеллездің

- дизентирияның

+ стрептококті токсикоинфекцияның

- алиментарлы дистрофияның

3. Ересек адамның рационнындағы кальций және фосфор тұздары арасындағы неғұрлым қолайлы қатынас:

- 1:1

+ 1:1,5

- 1:2

- 1:2,5

- 1:3

4. Қандай аурудың негізі артық энергетикалық баланстан болады?

- алиментарлық дистрофия - квашиоркор - маразм + алиментарлық семіру - тениидоз 5 . Ашық иондаушы сәулелену көзімен жұмыс істегенде не өзгереді?

+ішкі сәулелену дозасы сәуле қабылдайтын тінге дейінгі аз қашықтыққа байланысты тез өседі

- қызметкер тек сыртқы сәулеленуге ғана ұшырауы мүмкін

- қызметкер тек сыртқы сәулеленуге ғана ұшырауы мүмкін

-қызметкер иондаушы сәулелер шығаратын қондырғылар электрлік желіге қосылып тұрған уақыт ішінде ғана сәуле қабылдауы мүмкін

-сәуле қабылдау дозасының фракциялануы биологиялық эффект дәрежесін барынша төмендетеді

6. Көлікте жұмыс істеген кезде улануға неғұрлым қауіп туғызады:

агрессивті сүйықтықтар булары

цианды қосылыстар

кейбір металдар булары

күкіртсутегі және көміртегі

+азот тотығы мен көміртегі

7. Қажумен күрестің мақсаты:

оны болдырмау

+оның басталуын кешіктіру

жақсы көңіл-күйді қамтамасыз ету

сауықтыру бойынша жоғары тиімді шараларды қамтамасыз ету

шынығу процесінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ету

8. Боксталған инфекциялық бөлімшелердің палаталардан тұратын

бөлімшелермен салыстырғанда артықшылықтары:

- инфекция түрі әртүрлі науқастардың түсуіне мүмкіншілік жасайды

- жасына және жынысына байланыссыз науқастарды оқшаулау

мүмкіндігінің болуы

- құрылысының үнемділігі

- орынның іркілу уақыты аз

+ ауруханаішілік инфекцияның болу мүмкіндігі азайады

9. Аурухананың жер учаскесінің ауданы тәуелді емес:

+ аурухананың түрі

- аурухананың қуаттылығы

- құрылыстау жүйесі

- ауруханада болжамдаған койка саны

- қырылыстау пайызы

10. Қолайлы емдік-қорғаныс және эпидемияға қарсы тәртіпті қамтамасыз ететін ауруханалардың құрылысытану жүйесін көрсет:

- орталықтандырылған

- орталықтандырылмаған

+ аралас

- блокты

- әмбебап

2. Мақта-қағаз комбинатында ауаның тазаңдануына сынама алынған. 20 л/мин. жылдамдықпен 15 минөт бойы ауадан сынама алғанда тозаң салмағы 4,0 мг. құрады. Тозаңның сынамасы 20 град. температурада және 740 мм сынап бағ. Барометрлік қысымда алынды.

Тапсырма. Егер өсімдік текті тозаңның ШРЕК-і 4 мг/м3 болғанда, комбинат ауасының тозаңдану денгейіне гигиеналық баға беріңдер

Сұрақтар:

Түзілу тәсілі бойынша тозаңның қандай түрлері бар?

Ауадағы тозаң мөлшерін нормалаудың принципі қандай?

Тозаң факторымен болатын кәсіптік аурулар.

Тозаңның түзілумен байланысты өндірістік процестерді көрсетіңдер

Нұсқа/ Вариант № 3

1. Тағам өнімдерінің "презервациясы" деген не?

+ өнімнің сақталуын ұзарту үшін бактериостатиктерді қолдану

- өнімнің сақталуын ұзарту үшін пастеризацияны қолдану

- өнімнің сақталуын ұзарту үшін стерилизацияны қолдану

- дәмдегіштер мен тағамдық қоспаларды қосу арқылы өнімнің тағамдық қасиетін жақсарту

- өнімді ұзақ сақтау үшін өнімді герметизациялау

2. Ұнның қандай сорты биологиялық жағынан неғұрлым құнды болып саналады?

- жоғары сортты ұн

- құймақ ұны

- 1 сортты ұн

+ обой ұны

- 2 сортты ұн

3. Ұн өнімдері ағза үшін ненің көзі болып табылады?

- майлар мен микроэлементтердің

- ақуыздар мен майлардың

+ көмірсулар мен дәрумендердің

- дәрумендер мен микроэлементтердің

- ақуыздар мен клетчатканың

4. Төмендегі анықтаманың қайсысы сапалы толыққұнды тамақтануды білдіреді?

тағам жасына, жынысына және зат алмасу процестерінің қарқындылығына байланысты организмнің энергетикалық қажеттілігін қанағаттандыруы тиіс

+ тағам құрамында барлық қажетті тағамдық заттар болуы тиіс

тағамдық заттар тағам құрамында белгілі бір арақатынаста болуы тиіс

тағам ұлттық ерекшеліктер мен әдет-ғұрыпты қанағаттандыруы тиіс

тағамды қабылдау адамның биологиялық ритміне сәйкес болуы тиіс

5. Қандай жағдайда сәуле қабылдау сипаты аралас болып табылады?

- егер ЭМӨ әсеріне бір мүше немесе дененің жартысы ұшыраса

- бір ғана ЭМӨ көзінен сәуле қабылдаса

- бір бөлікті құрамның бір немесе бірнеше ЭМӨ көзінен сәуле қабылдау

- қуаттылығы бірдей екі немесе одан көп ЭМӨ көзінен сәуле қабылдау

+ әртүрлә жиілікті диапозондағы екі немесе одан көп ЭМӨ көзінен сәуле қабылдау

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]