
Қорытынды
Сонау бір бағзы замандарда-ақ Ж.Б.Ламарк айтқан екен: “Адамның міндеті алдын-ала жер шарын тіршілік етуге жарамсыз етіп тастап, өзінің тегін жоюда жатыр деп айтуға болады”.
Адам - Жер сәбиі, табиғаттың бір кішкене бөлшегі, биосфера дамуының нәтижесі. Қазіргі уақытта ол өзінің іс-әрекетімен тіршілік жасайтын қоршаған ортадағы табиғи тепе-теңдікті бұзып, оның құлдырауына әкелуде.
Табиғат байлығын тиімді пайдалану, қоршаған орта, жер, су тазалығын сақтау, олардың зиянды заттармен ластануына жол бермеу - көкірегі ашық, көңілі ояу әрбір азаматтың парызы.
Қазақстанда туылып, “қазақ” деген ұлы есімге ие бола отырып,өз жеріміздің табиғатын өзіміз аялай алмасақ елдің өркениетін алға аттатып жатырмыз деп санаймыз ба? Қасіреттің қисық таяғы танауға тірелгенде, яғни табиғат көз жасыннан пайда болған зиянды әрекеттердің халқымызға зардабы тигенде ғана қимылдаймыз ба,әйтөуір басымызға бәле тігілгенде барып басты қиындықты шешуге кірісеміз. Сондықтан да бүкіл қазақстандықтарға айтарым – осы бастан табиғатқа деген көзқарасты жылытсақ, жан азабын шекпейміз деп ойлаймын. Әрине, оны іске асыратын келешек ұрпақ, жастар, яғни біздің қолымызда!
Пайдаланылған әдебиеттер
К. Бозтаев, Семей полигоны “Қайнар қасіреті” ,“ Қазақстан” 1997 ж.
Атмосфера,ғалам ластануы және зардаптары. 2005 ж.
З.М.Молдахметова,А.М.Ғазалиев,С.Д.Фазылов.Оқу әдістемелік құрал.
Ғ. Сағымбаев «Экология негіздері»
Экология курсының бағдарламасы «География және табиғат» 2005
Экология мәдениетінің өркендеуі «Атамекен» 2000ж. 26 шілде
Дүние жүзінің мұхиттарының ластануы.«География және табиғат»