
2.4 Радиациялық ластану
Радиоактивті ластану - қоршаған ортаға өте қауіпті әсер әкелетін физикалық ластанудың түрі. Бұл ластану адам денсаулығы мен тірі организмдерге радиациалық сәулелену арқылы зиянды әсер жасайды. Қазіргі уақытта дамыған елдерде ядролық энергетиканың дамуына байланысты қоршаған ортаның радиациалық ластануы үлкен қауіп тудыруда. Ластанудың бұл түрі химиялық ластанудан кейіи екінші орынға шықты. Радиациалық ластануды мынадай топтарға бөледі:
1) радиоактивті заттардың бөлінуінің нәтижесіңде пайда болатын альфа- (гелий адрасы), бета- (жылдам элекгрондар) бөлшектердің және гамма-сәулеленулердің әсерінен болатын радиациалық ластану (физикалық ластану түрі);
2) қоршаған ортадағы радиоактивті заттардың мөлшерінің көбеюіне байланысты болатын ластану (химиялық ластану түрі).
Ортаның радиациялық ластануына атом қаруын сынау аз үлесін қосқан жоқ, ол радионуклеидті жауын-шашынның түсуіне әкелді. Радионуклидтер — бұл элементтердің электрондарды атомдардан шығарып, оларды басқа атомдарға оң және теріс иондар жұбын түзуімен қосуға қабілетті радиобелсенді сәулелену шығаратын изотоптары. Мұндай сәулеленуді иондаушы деп атайды. Кейбір заттарда барлық изотоптар радиобелсенді болып табылады. Атап айтқанда, оларға технеций, прометий, сондай-ақ Д.И.Менделеев кестесінің полонийден басталып трансураңдылармен бітетін барлық элементтері жатады.
Гелий ядроларынаи (альфа-сәулелену) немесе жылдам электрфадардан (бета-сәулелену) тұратын бөлшектер ағынын корпускулалық сәулелену деп атайды. Электромаганитті иондаушы сәулелену - бұл гамма-сәулелену мен оған жақын рентгендік сәулелену. Альфа- және бета-сәулелену негізінен организмге түскен кезде оған әсер етеді, ал гамма-сәулелену организмнен тысқары тұрып та оған әсер ете алады.
Иондаушы сәулелену жоғары дамыған ағзаларға, бірінші кезекте адамға аса күшті әсер етеді. Оган микроағзалар төзімдірек келеді. Эксперименттік зерттеулер белсенділігі 3,7-1014 Бк (10 мың Ки) гамма-сәулеленудің (кобальт-60, цезий-137) қуатты көздерінің қасында жоғарғы топтағы бірде-бір өсімдік немесе жануар тірі қалмайтындығын көрсетті. Түрлі радинуклидтердің организмге әсері аса сан алуандығымен ерекшеленеді, әйтсе де жалпы алғанда, оларға мутагенді және бластомогенді эффектке тән. Мысалы, 131-иодтың аз мөлшерінде қалқанша бездің қызметі бұзылады, ал көп мөлшерінде - зиянды ісіктер түзіледі.
Радиациялық ластанудың көздері. Радиациялық қауіптердің әсерлері шыққан тегі бойынша табиғи және антропогенді болып бөлінеді. Табиғи факторларға қазба рудалары, жер қабаттарындағы радиоактивті элеметтердің бөлінуі кезіндегі сәулелену және т.б. жатады. Радиациялық қауіптің антропогендік әсерлеріне радиоактивті заттарды өндіруге және қолдануға, атом энергиясын өндіруге және ядролық қаруды сынауға байланысты жұмыстар жатады. Сонымен адам өміріне өте қауіпті радиациалық антропогендік әсерлер адамзаттың мына іс-әрекеттерімен тығыз байланысты:
-атом өнеркәсібі;
-ядролық жарылыстар;
-ядролық энергетика;
-медицина мен ғылым.
Бұлар қоршаған ортаны радиоактивті элементтермен және радиациялық сәулеленумен ластайды. Бұдан басқа атом өнеркәсібі радиоактивті қалдықтардың көзі болып, адамзатқа жаңа үлкен қауіпті және әлі шешімін таппаған мәселені оларды көму мен жою мәселелерін алып келді.
Келесі бір қауіпті радинуклид — стронций-90, ол ядролық сынақтардың нәтижесінде түзіледі (жартылай бөліну периоды 27,7 жыл). Ол ағзаға асқазан-ішек трактісі, өкпе, тері жабыны арқылы түсіп, қаңқа мен жұмсақ ұлпаларға жинақталады. Стронций қанда патологиялық құбылыстар тудырады, ішке қанның құйылуына, сүйек кемігінің құрылысының бұзылуына әкеледі. Зақымданған соң ұзақ мерзімнен кейін (келесі ұрпақтарда) ісіктер, ақ қан ауруы болуы мүмкін.
Ядролық жарылыстар. 1993 жылға дейін әр елдегі 5 ядролық полигондарда Невадада (АҚШ, Ұлыбритания), Жаңа Жерде (Ресей), Семейде (Қазақстан), Муруроада (Франция), Лобнорда (Қытай) 2000-нан аса ядролық жарылыстар жасалды.
Биосфера мен адамзатқа ең үлкен зиянгершілікті 1980 жылға (Қытай) дейін атмосферада жасалған ядролық жарулар әкелді. Негізгі ядролық мемлекеттер бұндай жарылыстарды 1962 ж (СССР) және 1963 (АҚШ) тоқтатқан болатын. Ең үлкен ядролық ластануға Қытайда жасалған атмосфералық (күші 3 мегатонна) ядролық жарылыс әкелді. Бұл жарылыстың зардабы әлі күнге дейін Орта Азияда, Орталық Азияда, Сібір мен Алыс Шығыста сақталып келеді. Ядролық жарылыстар радиоактивті өнімдердің бүкіл жер шарына таралуына жағдай жасап отыр. Бұл заттар атмосферадан жауын-шашын арқылы топыраққа, суға араласып, тағамдар арқылы адамдар мен тірі жәндіктер организміне түсуде.
Ауадағы жарылыстардан басқа 50-ші жылдардың соңынан бастап көптеген жер асты (1957, АҚШ; 1965, СССР) жарылыстары жасалды, бұл жарылыстар 90-шы жылдарға дейін больп тұрды. Бұл 5 ядролық суперполигонға тағы да екіжүздей жер шарының әр аймағындағы (Пакистан, Индия, т.б.) полигондарды қоссақ, олардың биосфераны радиоактивті ластануға қосқан үлесін өздеріңіз ойлап көріңіздер.
Ялролық энергетика. Әлемдегі бірінші атомдық элекгростанция (АЭС) 1954 ж СССР-да Обнинск қаласында тұрғызылды. Қазіргі уақытта АЭС 30-ға жуық елдерде жұмыс істейді. Ядролық электроэнергияиың бүкіләлемдегі үлесі әзірше 17%. Бұл көрсеткші бойынша алдыңғы орында Франция келеді: бұл елде бүкіл электроэнергияның 75% АЭС өндіріледі. Электроэнергияны АЭС өндіретін елдердің ішінде Ресей 18-ші, ал АҚШ 11-ші орында келеді. Ядролық энергетиканың дамуы әлі шешімін таппаған радиоактивті қалдықтарды сақтау мен қайта өңдеу мәселелерін алға қойып отыр.