- •Заң факультеті Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Заң факультеті Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші
- •Бағалау саясаты
- •Баға қоюдың критерилері
- •Дәрістердің күнтізбелік – тақырыптық жоспары
- •Семинарлық сабақтардың күнтізбелік – тақырыптық жоспары
- •Өж тапсырмаларының күнтізбелік тақырыптық жоспары
- •Үлестіріп берілетін материал өж № 3
- •3 Кесте
- •Үлестіріп берілетін материал өж № 4
- •4 Кесте
- •Күнтізбелік - тақырыптық жоспары
- •Студенттердің білімін бақылау және бағалау материалдары Реферат тақырыптары:
- •1. Қылмыс істеу сатылары.
- •Студенттердің білімін бақылау және бағалау материалдары
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер:
Б.Қ. Төлеубеков (Жалпы б.) Оқулық-Алматы Жеті-жарғы 2000 ж.
А.В. Наумов Ресей қылмыстық құқығы (Жалпы б.) Лекциялар курсы. М, Бек баспасы,1999 ж.
Д.Б. Бұғыбай Қылмыстық құқық (Жалпы б.) Лекциялар курсы Алматы,2003 ж.
А.Н. Ағыбаев Қылмыстық құқық (Жалпы б.) Алматы 1998ж.
А.Н. Ағыбаев Қылмыстық құқық (Жалпы б.) Алматы 1999ж.
ҚР Қылмыстық құқық (Жалпы б.) Оқулық Алматы Жеті-жарғы 2001ж.
Қосымша әдебиттер:
Уголовное право РК. Часть Общая. М. 1998.
Уголовное право РФ. Часть Оьщая. М., 1998.
Курс советского уголовного права, т.т. 1-6, М., 1968-1971г.г.
Карпушин М.П., Курляндский В.И. Уголовная ответственность и состав
преступления. М., 1974.
Похмелкин В.В. Социальная и уголовная ответственность. Красноярск., 1990.
Марцев А.И. Преступление: сущность, содержание. Омск, 1986.
Царетели Т.В. Причинная связь в уголовном праве. М., 1963.
Лазарев А.М. Субъект преступления. М., 1981.
Устименко В.В. Специальный субъект преступления. Харьков, 1989.
Орымбаев Р.О. Специальный субъект преступления. Алма-Ата., 1977.
Рарог А.И. Вина и квалификация преступлений. М. 1982.
Волков Б.С. Мотивы преступлений. Казань. 1982.
Джекебаев У.С., Рахимов Т.Г. Судакова Р.Н. Мотивация преступления,
Алматы,1979.
Якушин В.А. Ошибки и ее уголовно-правовое значение. Казань. 1988.
Баулин Ю.В. Обстоятельства, исключающие преступность деяния, Харьков, 1991.
Ткаченко В.И. Ответственность за превышение пределов необходимой обороны.М. 1979.
Караулов В.Ф. Стадии совершения преступления. М. 1989.
Тер Акопов А.А. Добровольный отказ от совершения преступления. М., 1986.
Бурчак Ф.Г. Соучастие: социальные, криминологические и правовые проблемы.М., 1986.
Козлов А.П. Виды и формы соучастия в уголовном праве. Красноярск., 1992.
Баймурзин Г.И. Ответственность за прикосновенность к преступлению. Алма Ата, 1968.
Малков В.П. Множественность преступлений и ее формы по советскому
уголовному праву. Казань, 1982.
Караев Т.Э. Повторность преступлений. М., 1983.
Панько К.А. Рецидив в советском уголовном праве. Воронеж, 1983.
Нормативтік құқықтық актілер:
Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне 1997ж. енгізілген өзгерістермен.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумы қаулыларының жинағы. 1-2том, Алматы, 1997.
Уголовный кодекс Республики Казахстан /Толкование и коммен-тирование/ Алматы, 1998. вып. 2.
Судебная практика. Алматы, 2007.
Комментарий к уголовному кодексу Казахской ССР. Алматы,1990.
Комментарий к уголовному кодексу Республики Казахстан. Алматы, 1999.
Қылмыстық-атқару кодексі. Алматы. 2000ж.
Постановление Пленума Верховного Суда РК «О применении законодательства, регламентирующего ответсвенность за посягательства на жизнь и здоровье граждан» от 23.12.1994г.
О практике рассмотрения судами уголовных дел о рецидивных преступлениях от 27.05.1994г.
О соблюдении судами законности при назначении наказания от 24.07.1993г.
Сборник Постановлений Пленума Верховного Суда РК, Алма-Ата, 1986.
«ҚР Қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)» пәнін оқып үйренуге арналаған әдістемелік нұсқаулар
Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша студенттердің өзіңдік жұмыстары аудиторияда оқытылмайтын немесе шолып қарастырған материалдарды оқып білу жатады. Өзіндік жұмыстардың тақырыптары студенттің мамандығына және осы мамандық бойынша өзіндік жұмыстарға берілетін сағат көлеміне байланысты анықталады.
Студенттер №1,2,3,4 тақырыптарды өткеннен кейін №1 Өзіндік жұмысты орындап мұғалімге жіберуі қажет.
Студенттер № 5,6,7 тақырыптарды өткеннен кейін №2 Өзіндік жұмысты орындау керек.
Студенттер № 8,9,10,11 тақырыптарды өткеннен кейін №3 Өзіндік жұмысты орындау керек.
Студенттер № 12,3,14,15 тақырыптарды өткеннен кейін №4 Өзіндік жұмысты орындау керек.
Қашықтықтан оқыту формасы бойынша оқитын студенттер өз бетімен теориялық материалдарды оқып үйреніп, семинар және тәжірибелік-лабораториялық, өзіндік жұмыстарды орындап, тест немесе тексеру сұрақтарына жауап беру керек.
№1,2,3,4,5,6,7,8 –тақырыптарды оқып-үйренгеннен кейін №1 Аралық бақылауды өткізу қажет.
№9,10,11,12,13,14,15 –тақырыптарды оқып-үйренгеннен кейін №2 Аралық бақылаудан өту керек.
Курсты оқып-үйренуді әдебиетті іріктеуден бастау керек, бірақта ұсынылған әдебиеттер тізімі (Силлабусты қара) барлық әдебиетті қамтымаған. Сондықтан, курс бағдарламасында қарастырылған сұрақтар бар болатын әдебиеттің кез келгенін пайдалануға болады.
Төменде курстың жекелеген тақырыптары бойынша, әр тақырып бойынша әдебиеттер көрсетілген әдістемелік нұсқамалар берілген.
1-тақырып - «Қылмыстық құқықтың түсінігі, міндеттері мен жүйесі.»
Қылмыстық құқық - іс-әрекеттің жазаланушылығын және қылмыстылығын бекітетін заң нормаларының жүйесі. Қылмыстық құқық өркениеттің және мәдениеттің құбылысы және құқықтың жеке сапасы.
Қылмыстық құқық - тарихи негізділігі, дүниежүзілік өркениеттің дамуы мен қылмыстық құкыктың жетілуі. Қылмыстық құкықтың пәні және әдісі. Қылмыстық-құқықтық реттеу панінің және әдісінің ерекшелігі және баска құқық салаларының әдісі мен пәндерінен айырмашылығы.
Әдебиет: [1,2,4,5]
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Қылмыстық құқықтың түсінігі.
2. Қылмыстық құқықтың міндеттері мен жүйесі.
2-тақырып – «Қылмыстық заң»
Қылмыстық заң үғымы мен маңызы және оның негізгі мазмұны. Жеке тұлғаның мүддесін қорғау қажеттілігі, қоғам мен мемлекет мүддесін қорғау - қылмыстық заңды шығару немесе өзгерту негізі ретінде. Қылмыстық заңның функциялары.
Қылмыстық заңның заңға сәйкес нормативтік актілер алдындағы басымдылығы.
Қылмыстық заңның халықаралық құжаттарға сәйкес келу міндеттілігі. Республикада қолданылып жүрген қылмыстық заң.
Қылмыстық заңдардың құрылымы. Қылмыстық құқықтық нормалардың түсінігі мен ерекшелігі. Қылмыстық заңнамадағы Жалпы және Ерекше бөлім нормаларының кұрылымы. Диспозиция мен санкцияның түсінігі және түрлері.
Қылмыстық заңдардың кеңістіктегі әрекеті. Қылмыстық заңдардың аумақтық қағидаларының әрекеті. Қылмыс жасалған жерді анықтау және қылмыстық заңдардың кеңістіктегі әрекеті.
Әдебиет: [1, 2, 4,3]
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Қылмыстық құқықтың пәні және түсінігі.
2.Қылмыстық құқықтың міндеттері.
3.Қылмыстық құқықтың принциптері.
3-тақырып – «Қылмыстың түсінігі.»
Қылмыстың түсінігі және әлеуметтік мәні. Қолданылып жүрген қылмыстық заңдағы қылмыстың анықтамасы. Қылмыс жеке тұлғаға, оның құқықтары мен бостандықтарына, қоғам және мемлекет мүддесіне қолсұғушылықтың ең қауіптісі. Қылмыс деп танылған әрекеттердің тарихи өзгермелік сипаты.
Материалды және формальді қылмыстар анықтамасы және олардың айырмашылығы. Қылмыс белгілері және онын мазмұны.
Әкімшілік, азаматгық, тәртіптік және тағы басқа құқық бұзушылықтардан қылмыстың айырмашылығы.
Қолданылып жүрген заңнамадағы қылмыстарды жіктеу және оның сипаттамасы. Қылмыстық заңда бөлінген қылмыстың әр топтарының белгілері. Қылмыстарды жіктеу түсінігі.
Әдебиет: [3,6,31]
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Қылмыстың мазмұны.
2.Қылмыс белгілері.
3.Қылмыс санаттары.
4-тақырып «Қылмыстың құрамы.»
Қылмыстық құқық бойынша қылмыс құрамының түсінігі. Қылмыс пен кылмыс құрамының арақатынасы.
Қылмыс құрамы қылмыстық жауаптылықтың негізі.
Қылмыс құрамының құрылымы. Қылмыс құрамының элементтері мен белгілері. Қылмыс құрамының түрлері.
Қылмыстық занды қолдану үшін қылмыс құрамының белгілерін орнатудың маңызы. Қылмыстық іс бойынша дәлелденуге тиіс қылмыс құрамы және мән-жайлар.
Қылмыстың құрамы деп - Қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс - әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз.
Әдебиет: [3,1,4,6]
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Қылмыс құрамының ұғымы.
2.Қылмыстың факултативті элементтері.
3.Қылмыс құрамының белгісі.
5-тақырып – «Қылмыстық жауаптылық және оның негізі.»
Қылмыстық жауаптылық - заңды жауаптылықтың бір түрі. Қылмыстық құқық ғылымындағы қылмыстық жауаптылық мәселесі. Қылмыстық жауаптылықтың мәні.
Қылмыстық құқық теориясындағы қылмыстық жауаптылықтың негізі. Қылмыстық заң қылмыстық жауаптылықтың негізі туралы.
Қылмыстық-құкықтық қатынастар және қылмыстық жауаптылық. Қылмыстық-құқықтық қатынастардың субьектілері, олардың құқықтары мен міндеттері. Қылмыстық құқық ғылымындағы қылмыстық-құқықтық қарым-қатынастар мәселесі туралы.
Қылмыстық жауаптылықтың туындауы және оны жүзеге асыру нысандары. Қылмыстық жауаптылықтың тоқтатылуы, қылмыстық жауаптылықтан босату. Қылмыстық жауаптылық, жаза және өзге де қылмыстық-құқықтық әсер ету шаралары.
Әдебиет: [9,14].
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Түсінігі және түрлері.
Ескеру мерзімі және оларды есептеу.
Сотталғандықтан арылу және жою.
6-тақырып – «Қасақана қылмыс жасау сатылары.»
Қасақана қылмыс жасау сатыларының түсінігі және түрлері.
Қасақаналықты табу, оның жазалаушылығы.
Аяқталған қылмыстың түсінігі. Қылмыс құрамының конструкциясы және қылмыстың аяқталу сәті.
Аяқталмаған қылмыс (алдын-ала қылмыстық әрекет). Қылмысқа дайындалғаны және оқталғаны үшін қылмыстық жауаптылық негізі.
Қылмысқа дайындалу түсінігі және белгілсрі. Дайындалудың қасақаналықты анықтаудан айырмашылығы. Қылмысқа дайындалудың жазаланушылық шектері.
Қылмысқа оқталу түсінігі және белгілері. Оқталудың қылмысқа дайындалу мен аяқталған қылмыстан айырмашылығы. Оқталудың түрлері.
Қылмыстан өз еркімен бас тарту және оның белгілсрі. Шын өкіну, оның қылмыстан өз еркімен бас тартудан айырмашылығы және қылмыстық-құқықтық маңызы. Қылмыстарды ашу, алдын алу, жою және келтірілген зардаптың орнын толтыру үшін соттар мен құқық қорғау органдарының өз еркімен бас тарту және шын өкіну туралы нормаларды қолдануы.
Әдебиет: [6,24,26].
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Қасақана қылмыс жасау сатыларының түсінігі және түрлері.
Аяқталған қылмыстың түсінігі.
Қылмысқа дайындалу түсінігі және белгілсрі.
7-тақырып - «Қылмысқа қатысу.».
Қылмысқа қатысу ұғымы. Қатысып жасалған қылмыстардың қоғамға қауілтілігінің жоғарылылығы. Қатысудың субъективтік және объективтік белгілсрі.
Қатысу нысандары және оның жіктелу межелсрі. Қатысу нысандарының заңды сипаттамасы. Қылмысты адамдар тобы, алдын-ала сөз байласу бойынша ұйымдасқан топтың және қылмыстық ұйымның жасауы. Қатысу нысандарының қылмыстык-құқыктық маңызы.
Қылмыстық заң бойынша қатысушылардың түрлері, олардың заңды сипаттамасы. Орындаушының, ұйымдастырушының, айдап салушының және көмектесушінің түсініктері. Жанама орындаушының түсінігі.
Әдебиет: [4,7,24].
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Түсінігі, түрлері және нысандары.
2.Қатысушылардың түрлері .
3.Қылмысқа жанасушылық.
8-тақырып – «Қылмыстардың көптілігі.»
Кылмыстардың көптілігінің түсінігі және белгілері. Қылмыстардың көптілігінің нысандары.
Қылмыстардың бірнеше рет жасалуының түсінігі және оның белгілері. Кылмыстардың бірнеше рет жасалуының түрлері. Қылмыстардың бірнеше рет жасалуының жалғаспалы қылмыстардан айырмашылығы. Бірнеше рет жасаған деп тануға негіз бермейтін жағдайлар.
Қылмыстардың жиынтығының түсінігі және белгілері. Қылмыстардың жиынтығының түрлері. Қылмыстардың жиынтығының күрделі жеке кылмыстардан айырмашылығы.
Қылмыстардың қайталануының түсінігі және белгілері. Қылмыстардың кайталануының түрлері. Жалпы, арнайы және пенитенциарлы кайталану.
Әдебиет: [10,25].
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Түсінігі және сипаттамасы.
2.Қылмыстың көптігінің түрлері.
3.Құрамы.
9-тақырып – «Іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлар.»
Қылмыстық құқық бойынша іс-әрекеттің кылмыстылығын жоятын мән-жайлардың ұғымы. Іс-әрекеттін қылмыстылығын жоятын мән-жайлардың түрлері және заңды табиғаты.
Қажетті қорғану. Қажетті қорғанудың заңға сәйкестік шарттары. Тұлғаны және кұкыктық тәртіпті қорғау үшн қажетті қорғанудыц маңызы. Қажетті қорғану шегінен шығу. Жалған қорғану және оның құқықтық салдары. Қорғануға итермелеу.
Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру. Кылмыскерді ұстау кезінде зиян келтірудің заңға сәйкестік шарттары. Қолсұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде шегінен шығу үшін жауаптылық.
Аса қажеттілік. Аса кажеттілік жағдайында зиян келтірудің заңға сәйкестік шарттары. Аса кажеттіліктің қажетті қорғаудан айырмашылығы.
Орынды тәуекел ету. Орынды тәуекел етудің заңға сәйкестік шарттары. Орынды тәуекел ету жөніндегі заң нормасының әлеуметтік маңызы. Орынды тауекел деп танымаудың шарттары.
Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу.
Бұйрықты немесе өкімді орындау.
Жедел іздестіру шараларын жүзеге асыру.
Әдебиет: [9,14,15,17,30].
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Түсінігі.
2.Қажетті қорғану және жалған қорғану.
3. Қажетті қорғанудың заңға сәйкес шарттары
10-тақырып «Жаза түсінігі және мақсаттары.»
Қылмыстық жаза түсінігі мен мәні. Қылмыстық құқық ғылымындағы жаза теориялары. Қылмыстық жазаның тарихи өзгермелі сипаты. Жазаның әкімшілік және тәртіптік, сондай-ақ басқа да мемлекеттік мәжбүрлеу шараларынан және қоғамдық ыкпал етуден айырмашылығы.
Мемлекеттің қылмыстылықпсн күрес жүйесіндегі жазаның орны.
Жаза мақсаттары. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру. Сотталғандарды түзеу. Жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру. Жалпы және арнайы ескерту.
Жазаның тиімділігі ұғымы. Жазаның тиімділігін арттыру жөніндегі мемлекеттік және әлеуметтік шаралар. Жазаның тиімділігін арттыру және жаза мақсаттарына жетудегі сот пен құқық қорғау органдарының рөлі.
Әдебиет: [10,24,41].
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Жазаның түсінігі.
2. Жазаның мақсаттары.
3. Жаза теориялары.
11-тақырып – «Жаза жүйесі мен түрлері.»
1. Жаза жүйесінің тусінігі және маңызы.
Қылмыстық заңнама тарихындағы және Қазақстан Республикасының қолданыстағы Қылмыстық Кодексіндегі жаза жүйесі.
Қылмыстық заңнама бойынша жаза жүйесі. Негізгі және қосымша жазалар, әрі қосымша әрі негізгі жазалар түрлері.
Жазаның жүйелері деп қолданылып жүрген қылмыстык заңда белгіленген соттар үшін міндетті және тұжырымды, ауырлығына қарай белгілі тәртіппен орналасқан жазаның түрлерін айтамыз.
Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар үшін міндетті болып табылатын жекелеген жазаларды қолданудың шарты, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның өзі республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау кызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Әдебиет: [12,24,38].
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Жазаның жүйесі.
2. Жазаның түрлері.
3. Мүлікті тәркілеу және оның түрлері .
12-тақырып – «Қылмыстық жауаптылықтан босату.»
Қылмыстық жауаптылықтан босату ұғымы және маңызы. Қылмыстық жауаптылыктан босатудың тиімділігі. Қылмыстық жауаптылықтан босату және кылмыстық заңнама міндеттерін жүзеге асыру.
Қылмыстық жауаптылыктан босатудың негіздері мен тәртібі. Қылмыстық жауаптылыктан босатудың түрлері. Қылмыстық жауаптылыктан босатудың қылмыстық -құқықтық салдары.
Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылыктан босату.
Қажетті қорғану шегінен асқан кезде кылмыстық жауаптылықтан босату.
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылыктан босату.
Ескеру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату. Ескіру мерзімдерін үзу және тоқтата тұру. Ескіру мерзімін қолданбау. Қылмыстық жауапқа тарудың мерзімінің ескіруі деп қылмыс істеген уақыттан бастап, кінәлі адамды сол қылмысы үшін заңда көрсетілген шарттарға сәйкес жауапқа тартуға мүмкіндік беретін уақыттың өтуін айтамыз. Мұндай мерзімнің өтуі қолданылатын шараның тиімділігін, қажеттілігін жояды, сондықтан да ол қылмыс ескірген қылмыс қатарына жатқызылады. Қылмыстық кодексте (69-бап) мұндай жауаптылықтан босатудың негіздері істелген қылмыстың ауырлығына байланысты болып көрсетілген.
Әдебиет: [20,28, 29].
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Қылмыстық жауаптылықтан босату ұғымы және маңызы.
2. Қылмыстық жауаптылықтан босатудың тиімділігі.
3. Қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері мен тәртібі.
13-тақырып – «Жазадан босату.»
Жазадан босатудың ұғымы. Жазадан босатудың негіздері, түрлері және бұл институттын әлеуметтік-құқықтық маңызы.
Жаза өтеудегі шартты түрде мерзімінен бұрын босату. Жаза өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың негіздері мен тәртібі.
Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру. Бұл институттың жаза өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатудан айырмашылығы.
Жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жазаны өтеуін кейінге калдыру. Жазаны өтеуін кейінге қалдырудың салдары, тәртібі және мерзімдері.
Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату. Бұл босатудың түрлері.
Төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеуді кейінге қалдыру.
Айыптау үкімінін ескіру мерзімі өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату. Ескіру мерзімдері, ескіру мерзімдерінің үзілуі және оларды жандандыру. Өлім жазасына сотталған тұлғаға ескіру мерзімдерін қолдану.
Әдебиет: [23,24,29].
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Жазадан босатудың ұғымы.
2. Жазадан босатудың негіздері.
3. Жаза өтеудегі шартты түрде мерзімінен бұрын босату .
14-тақырып – «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық 18 жасқа жетпей қылмыс жасаған тұлғалардың қылмыстық жауаптылығының жалпы ережелері»
Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының әлеуметтік сипаттамасы.
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері,
Кәмелетке толмағандарға жаза тағындау ерекшеліктері.
18 жасқа дейінгі тұлғаларды қылмыстық жауаптылықтан босату.
Кәмелетке толмағандарға қолданылатын тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу сипатындағы шаралар. Бұл шаралардың қылмыстық жазадан айырмашылығы.
Әдебиет: [9,10,12,21].
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Жалпы сипаттама.
2.Жаза түрлері.
3.Жауаптылық пен жазадан босату
15-тақырып – «Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары»
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түсінігі. Бұл шаралардың түрлері, қолданылу мақсаттары, олардың құндылықтық табиғаты. Олардың жазадан айырмашылығы.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану негіздері.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлері. Емханалық мәжбүрлеп қадағалау және психиатрда емделу. Психиатриялық стационарда мәжбүрлел емдеу, оның түрлері.
Медициналық сипатгағы мәжбүрлеу шараларын ұзарту, өзгерту және тоқтату. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарттарын қолданғаннан кейін жаза тағайындау.
Әдебиет: [8,16,33].
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Шаралардың түсінігі.
2.Мақсаттары мен түрлері
3.Ұзарту, өзгерту және тоқтату
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы
ҚР Қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)
Кафедра: Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы
Тютор: Беисов Ербол Жақсыбекұлы
Мамандық: 5В030100 «Құқықтану»
Кредит саны: 3
Студенттер саны:
Әдебиет түрі |
№ |
Шифр |
Әдебиет атауы |
Бар болуы |
Ескерту |
|
Кітапханада
|
% |
|||||
Негізгі |
1 |
Х628.10(2К)я73 А23
|
Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлiм [Мәтін]: Оқулық / А. Ағыбаев.- 4-ші басылым өңд., толықт.- Алматы: Жетi жарғы, 2007.- 360 б. |
70 |
|
|
2 |
Х628.10(2К)я73 А23
|
Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлiм [Мәтін]: Оқулық / А. Ағыбаев.- Алматы: Жетi жарғы, 1999.- 320 б. |
10 |
|
|
|
3 |
Х628(2К) К63
|
Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан. Общая и Особенная часть. [Текст] / Под общ. ред. И.Ш. Борчашвили.- 2-е изд., испр. и дополненное.- Алматы: Жетi жарғы, 2007.- 992с.
|
28 |
|
|
|
4 |
Х628(2К)-324 Қ 18
|
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне түсiнiк [Мәтін].- Алматы: ЖШС Баспа, 2001.- 704б. |
10 |
|
|
|
5 |
Х628.10(2К)я73 Қ 18
|
Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы. [Мәтін]: Жалпы бөлім / Жауапты редакторлары Е.О.Алауханов, С.М.Рахметов.- Алматы: Жетi жарғы, 2001.- 272б. |
17 |
|
|
|
6 |
Х628.10(2К)-3 Қ18 |
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі: Қазақстан Республикасының кодексі. 2004 жылдың 10 сәуіріне дейінгі өзгертулер мен толықтырулар енгізілген ресми мәтін [Мәтін].- 2-ші басылымы.- Алматы: Жетi жарғы, 2004.- 504 бет. |
15 |
|
|
|
Қосымша |
7 |
Х628.10я73 Н28
|
Наумов А.В. Қылмыстық құқығы. Жалпы бөлім. [Мәтін]: Лекциялар курсы / А.В. Наумов.- Қайта өңделіп және толықтырылып, 2-ші басылуынан аударылды/ Аударған Н.О. Дулатбеков.- Астана: Фолиант, 2001.- 660 бет. |
20 |
|
|
8 |
Х628.10-3я73 А39 |
Алауханов Е. Қылмыс құрамы [Мәтін]: Практикалық оқу құралы / Е. Алауханов, С. Үмбетәлиев, С. Рахметов.- Алматы: Өркениет, 2000.- 192 б. |
10 |
|
|
|
9 |
Х628.101(2К) Ә 67
|
Әпенов С.М. Қылмысқа қатысушылық: Теория және практика мәселелері [Мәтін] / С. М. Әпенов.- Алматы: Заң әдебиеті, 2006.- 173б. |
20 |
|
|
|
10 |
Х628.101(2К)я73 Ә 67
|
Әпенов С.М. Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері [Мәтін]: Оқулық / С.М. Әпенов.- Алматы: Заң әдебиеті, 2006.- 332бет. |
32 |
|
|
|
11 |
Х628.10я73 Н28
|
Наумов А.В. Ресей қылмыстық құқығы. Жалпы бөлім. [Мәтін]: Лекциялар курсы / А. В. Наумов.- Қайта өңделіп және толықтырылып, 2-ші басылуынан аударылды/ Аударған Н.О. Дулатбеков.- Астана: Фолиант, 2005.- 712б. (Общее кол-во-8,Ост.-8) |
8 |
|
|
|
Анықтама материалдар |
12 |
|
|
|
|
|
