
- •Заң факультеті Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Заң факультеті Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші
- •Бағалау саясаты
- •Баға қоюдың критерилері
- •Дәрістердің күнтізбелік – тақырыптық жоспары
- •Семинарлық сабақтардың күнтізбелік – тақырыптық жоспары
- •Өж тапсырмаларының күнтізбелік тақырыптық жоспары
- •Үлестіріп берілетін материал өж № 3
- •3 Кесте
- •Үлестіріп берілетін материал өж № 4
- •4 Кесте
- •Күнтізбелік - тақырыптық жоспары
- •Студенттердің білімін бақылау және бағалау материалдары Реферат тақырыптары:
- •1. Қылмыс істеу сатылары.
- •Студенттердің білімін бақылау және бағалау материалдары
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
|
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті |
СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2009 1 басылым |
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ |
||
Оқу-әдістемелік кешені |
Ф.4.09-02 |
|
01.02.2009 ж. |
Заң факультеті Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Бірінші проректор – оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор
________________Жакыпова Ф.Н.
«_____»________________2011 ж.
ҚР Қылмыстық құқығы (жалпы бөлім) пәнінің
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Мамандық: 5В030100 «Құқықтану»
Оқыту түрі: қашықтықтан оқыту
Талдықорған 2011
Оқу - әдістемелік кешенді типтік оқу бағдарламасына сәйкес және МЖМБС
негізінде 5В030100 «Құқықтану» мамандығына з.ғ.к, доцент Е.Ж.Беисов кұрастырған.
____________________
(оқытушының қолы)
Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының отырысында қарастырылды
« » 2011 жыл № хаттама
Кафедра меңгерушісі з.ғ.к. Б.А. Сериев
«_____»__________ 2011 жыл. №______ хаттама
Заң факультетінің әдістемелік кеңесі мақұлдаған.
Әдістемелік бюроның төрайымы: ___________ А.Б. Жуниспаева
.
|
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті |
СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2009 1 басылым |
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ |
||
Силлабус |
Ф.4.09-04 |
|
01.02.2009 ж. |
Заң факультеті Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы
С И Л Л А Б У С
ҚР Қылмыстық құқығы (жалпы бөлім) пәні бойынша
Мамандық: 5В030100-Құқықтану
Оқыту түрі: қашықтықтан оқыту
Курс 1
Семестр 1
Кредит саны 3
Барлық сағат саны: 135
Барлық аудиториялық сағат 27
соның ішінде:
дәрістер 3
семинар сабақтары 3
Консультациялар F2F 21
Барлық қашықтықтан оқыту 108
соның ішінде СӨЖ: 78
дәрістер 27
семинар сабақтары 27
ӨЖ 24
Консультация on-line, off-line 30
Аралық бақылау 2
Емтихан 1 семестр
Талдыкорған 2011
Оқытушы туралы деректер:
Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының доценті, з.ғ.к. – Беисов Ербол Жақсыбекұлы
Телефон: 87016417919, 87004654071
Консультация сағаттары:
Консультация кестесі бойынша кафедрада
Пән: ҚР Қылмыстық құқық (жалпы бөлім)
Уақыт: Бекітілген бойынша
Кредит: 3
Пән: ҚР Қылмыстық құқық
Пәннің пререквизиттері.
Осы курсты оқу үшін алдын-ала оқытылатын пәндер:
Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы
Мемлекет және құқық теориясы
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары
Қазақстан республикасының мемлекет және құқық тарихы
Пәннің постреквизиттері:
Осы курсты игергеннен кейін оқытылатын пәндер:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы
Криминология
Криминалистика
Прокурорлық қадағалау
Сот дәлелдеу теориясы т.б.
Пәнге қысқаша сипаттамасы:
Курсты оқу барысында студенттер, қылмыстық заңның мезгілге және кеңістікке қарай қолданылуы, қылмыс дегеніміз не және іс-әрекеттің қоғамға зияндылығы, құқыққа қайшылығын жоятын мән-жайлар туралы қылмыс істеудің сатылары және одан өз еркімен бас тарту: қылмысқа қатысу, оған жанасушылық, қылмыстық жаза дегеніміз не; оның жүйелері мен түрлері; жазаны орындауды кейінге қалдыру, қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату және оның түрлері туралы; Сондай-ақ жаза тағайындау, қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату, жасы кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы; медициналық және тәрбиелік сипаттағы еріксіз шаралар туралы толық түсінік алады.
Қылмыстық құқық курсының бағдарламасына, қылмыстық заңның Ерекше бөлімінде көзделген Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің тиісті баптарына сәйкес нақты іс-әрекеттерді дұрыс саралауға мүмкіндік беретін қылмыс құрамының түсінігі мен белгілері де кіреді.
Оқу пәннің негізгі мақсаты:
Студенттерге қылмыстық заң пәнінен тиянақты білім беру, қылмыстық құқықтың жалпы ережелері мен принциптері, оның негізгі ұғымдары мен институттарын түсіндіру, сондай-ақ нақты қылмыс түрлерінің белгілерімен, олардың жазаланушылық шектерімен таныстыру қылмыстық заңның мезгілге және кеңістікке қарай қолданылуы, қылмыстың түсінігі және іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын жоятын мән-жайлар туралы толық түсінік беру болып табылады.
Пәннің міндеттері:
Студенттердің заң жөнінен ойлау қабілетін дамыту, қылмысты саралау мәселелерінде оны дұрыс қолдануға машықтандырып үйрету, жинақталған білімді басшылыққа ала отырып, өзінің қоғамға пайдалы қызметінің тиісті салаларында оны дұрыс пайдаланып, заңдылықтың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету болып табылады.