- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •5В030100 «Құқықтану» мамандығы үшін
- •Баға қоюдың критерийлері
- •Дәрістердің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Практикалық (семинарлық) сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Аралық бақылау Пән бойынша №1 аралық бақылауды тапсыру үшін жобаның тақырыптары
- •Пән бойынша №2 аралық бақылауды тапсыру үшін коллоквиум сұрақтары
- •5 Тақырып. Патенттік құқық. Жоспар:
- •Патенттік құқықтың жалпы сипаттамасы.
- •Объектінің патентке қабілеттігінің шарттары.
- •6 Тақырып. Патентке өтініш беру және патент алу тәртіптері. Жоспар:
- •Патент алу жөнінде өтінім беру тәртібі.
- •Патент алуға деген өтінімге сараптама жасау. Патентке байланысты дауларды қарау.
- •7 Тақырып. Азаматтық айналым қатысушыларын және олардың өнімдерін дараландыру құралдары туралы заңнама. Жоспар:
- •Тауар таңбасының түсінігі және құқықтық қорғалуы.
- •Тауар шығарылатын жердің атауына деген құқықтарды қорғау.
- •8 Тақырып. Жаңалықтарды құқықтық қорғау. Жоспар:
- •Жаңалық түсінігі, мәні, белгілері.
- •9 Тақырып. Қызметтік және коммерциялық құпияны
- •Жоспар:
- •Коммерциялық құпияның жалпы сипаттамасы.
- •Коммерциялық құпияны құқықтық қорғау.
- •10 Тақырып. Интегралдық микросхема топологияларының түсінігі және оларды құқықтық қорғау. Жоспар:
- •Интегралдық микросхема топологияларының түсінігі, мәні.
- •Интегралдық микросхема топологияларын құқықтық қорғау.
- •11 Тақырып. Селекциялық жетістіктерді құқықтық қорғау. Жоспар:
- •Селекциялық жетістіктердің түсінігі, мәні.
- •Селекциялық жетістіктерді құқықтық қорғау.
- •12 Тақырып. Интеллектуалдық меншікті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық. Жоспар:
- •Авторлық құқықты қорғаудың халықаралық мәселелері.
- •Патент беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
- •Өж орындауға әдістемелік нұсқау:
8 Тақырып. Жаңалықтарды құқықтық қорғау. Жоспар:
Жаңалық түсінігі, мәні, белгілері.
Негізгі ұғымдар: жаңалық, қасиет, интеллектуалдық меншік құқығының объектілері.
1. Біздің елімізде жаңалықтардың құқықтық қорғалуы ХХ ғасырдың 50-ші жылдарынан басталады. Сол уақыттан бастап 90-шы жылдарға дейін жаңалық ретінде ұсынылған 30 мың өтініштің ішінен тек 450-ге жуық ғылыми тұжырымдама жаңалық деп танылған. Осыған байланысты жаңалықтарды құқықтық қорғау институтының қажеттілігі дау тудырып келді. Бірақ, соған қарамастан, жаңалықтың құқықтық табиғатын қарастыру интеллектуалдық меншік құқығы объектілерінің жүйесін толығырақ түсінуге мүмкіндік береді.
Жаңалық дегеніміз, таным деңгейіне түбегейлі өзгеріс енгізетін, бұған дейін белгісіз, бірақ объективті түрде бар болған материалдық әлемнің заңдылықтарын, қасиеттерін және құбылыстарын анықтау.
Яғни, бұдан туындайтындай, жаңалықтар тек жаратылыстану ғылымдарына байланысты қолданылады және құбылыстарды, қасиеттерді және заңдылықтарды қамтиды. Жаңалықтың мазмұны – аталған объектілерді анықтау, яғни материалдық әлемді тану мәселелерін шешу. Анықтамада жаңалықтың құқықтық қорғалу қабілетіне қойылатын талаптар да көрсетілген. Ол біріншіден, ғылыми тұжырымдаманың абсолютті, әлемдік деңгейде жаңа болуы, екіншіден, таным деңгейіне өзгеріс енгізетіндей дәрежедегі түбегейлілігі, және үшіншіден, ақиқаттығының дәлелді болуы.
Жаңалықтың табиғатына сәйкес, оның авторы жаңалыққа деген монополиялық құқық иеленбейді. Жаңалық анықтала салысымен жалпыға ортақ игілікке айналады және одан кейінгі ғылыми зерттеулерде және техникалық мәселелерді шешуде еркін қолданыла береді. Бірақ, жаңалық авторына бірқатар құқықтар мен жеңілдіктер беріледі. Ол жаңалыққа деген авторлық есім құқығы, сыйақыға деген құқық т.б.
9 Тақырып. Қызметтік және коммерциялық құпияны
құқықтық қорғау.
Жоспар:
Коммерциялық құпияның жалпы сипаттамасы.
Коммерциялық құпияны құқықтық қорғау.
Негізгі ұғымдар: қызметтік құпия, коммерциялық құпия, үшінші тұлға, ақпарат, лицензия.
1. Коммерциялық құпия дегеніміз, үшінші тұлғаларға белгісіз болуы себепті шынайы немесе потенциалды түрде құнды болып табылатын, және оның жария болмауын қамтамасыз ету мақсатында иесі белгілі бір шаралар қолданатын ақпарат. Интеллектуалдық меншік объектілеріне қажет барлық белгілерге ие бола отырып коммерциялық құпия өзіндік қасиеттерімен ерекшеленеді.
Біріншіден, мұнда ақпаратқа деген нақты бір тұлғаның монополиясы орын алады. Коммерциялық құпияның иесіне берілетін құқықтық құралдар интеллектуалдық меншіктің басқа объектілерінің иелеріне қарағанда қорғауды аз қамтамасыз етеді. Сондықтан мұнда бұл объектілерге деген құқықтардың қорғалуы бірінші кезекте құқық иесінің өзі қолданатын шараларға тығыз байланысты.
Екіншіден, бұл объект құрамына кез келген ақпарат жатуы мүмкін. Интеллектуалдық меншіктің басқа объектілеріне нақты талаптар қойылады, ал коммерциялық құпия санатына өндіріске, басқаруға, қаржыға кәсіпкердің басқа да қызметіне қатысты кез келген ақпарат жатуы мүмкін. Бірақ, кәсіпкердің коммерциялық құпияға жатқыза алатын объектілеріне заң шектеулер қояды. Мысалы, ұйымның құрылтай құжаттары, лицензиясы, кәсіпорынның қаржылық жағдайын тексеруге қажет бекітілген нысандағы есеп құжаттары т.б.
Коммерциялық құпияны құқықтық қорғаудың мерзімдік шегі болмайды. Оған деген құқық ақпаратқа деген нақты монополия сақталған уақытта әрекет ете береді.
Сондай-ақ, коммерциялық құпияның құқықтық қорғалуы ресми бекітуді, белгілі бір шарттарды орындауды, мемлекеттік баж төлеуді талап етпейді. Коммерциялық құпия санатына жататын ақпараттарға заң белгілі бір талаптар белгілейді. Мұндай объектілердің қорғауға қабілеттігін тексеру алдын ала тәртіппен емес, тек ондай құқықтар бұзылған, дауланған жағдайларда жүзеге асырылады.
2. Үшінші тұлғаларға құнды болып табылмайтын, олардың мақсатын.а жетуі үшін қолданылмайтын ақпарат коммерциялық құпия болып табылмайды. Ақпарат коммерциялық мүддесі жоқ тұлғаларға (қызмет міндеттерін атқару барысында ол ақпаратты білген тұлғалар) белгілі болған жағдайда да коммерциялық құпия санатына жатады. Коммерциялық құпияға еркін түрде ие болу мүмкін емес болуы қажет және оның иесі ақпараттың құпиялығын сақтауға бағытталған шаралар қолдануы тиіс.
Құқық иесі ақпаратты қорғау мақсатымен өзі белсенді әрекеттер жасай алады. Ол мақсатта кәсіпорын өз қызметкерлерімен, басқа да тұлғалармен оларға белгілі болған ақпаратты таратпау туралы келісім жасайды, оны бұзғандарға жауапкершілік шараларын қолданады. Кәсіпорын сондай-ақ үшінші тұлғалардан ақпаратты заңсыз иеленуден бас тартуды талап ете алады. Коммерциялық құпияны заңсызх әрекеттер арқылы иеленуге тыйым салынады. Егер тұлға ақпаратты иесінің келісімінсіз, бірақ заңды жолмен иеленген болса құқық бұзушы деп есептелмейді.
Егер бұл үшінші тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтірмесе коммерциялық құпияның иесі оны кез келген уақытта жариялай алады, сондай-ақ шарт негізінде ол ақпаратты үшінші тұлғалардың пайдалануына бере алады.
Коммерциялық құпияның иесі оны қорғау мақсатында соттық немесе әкімшілік сипаттағы шараларды қолдана алады. Ол мақсатта құқық бұзушы тұлғадын заңсыз иеленген құжаттарды қайтаруды талап ету, пайдалануға тыйым салу. Егер құқық бұзушылық салдарынан құқық иесіне шығындар келтірілген болса ақпаратты заңсыз иеленген тұлға оны өтеуі тиіс. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпараттарды заңсыз иелену әрекеттерінде қылмыстың құрамы болса оны жасаған тұлғаларға белгіленген тәртіппен қылмыстық жауапкершілік шаралары қолданылады.
