Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Интеллектуалды меншік ыы азаша ДОТ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.69 Mб
Скачать

6 Тақырып. Патентке өтініш беру және патент алу тәртіптері. Жоспар:

    1. Патент алу жөнінде өтінім беру тәртібі.

    1. Патент алуға деген өтінімге сараптама жасау. Патентке байланысты дауларды қарау.

Негізгі ұғымдар: патент алу, сараптама, дау, өнертабысты қорғау.

1. Қорғау құжатын алуға өтiнiмдi сараптама жасау ұйымына Заңның 10 бабының 1 тармағына сәйкес қорғау құжатын иелену құқығы бар адам бередi. Қорғау құжатын беру туралы өтiнiм мемлекеттік тiлде немесе орыс тiлiнде берiледi. Өтінiмнiң өзге құжаттары мемлекеттiк, орыс немесе басқа тiлде берiледi.

Өнертабысқа қорғау құжатын беруге өтiнiм бiр өнертабысқа немесе өзара байланыстылығы өнертапқыштық бiр ойды құрайтын өнертабыс тобына берiледi. Өтiнiм құрамына мыналар кіреді: 

  • өнертабыс авторлары және атына қорғау құжаты сұралып отырған адамдар, олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан орны көрсетiлген қорғау құжатын беру туралы өтiнiм; 

  • бiлiмнiң тиiстi саласындағы маманның өнертабысты жүзеге асыруы үшiн толық, жеткiлiктi ашылған сипаттамасы; 

  • өнертабыстың мәнiн бiлдiретiн және толық негiзделген формуласы; 

  • егер өнертабыстың мәнiн түсiну үшiн қажет болса, сызбалар және өзге де материалдар; 

  • реферат; 

  • сенiмдi өкiлдер арқылы iс жүргiзiлген жағдайда - сенiмхат; 

  • өнертабысқа патент сұралған кезде Заңда көзделген өтiнiш болуға тиiс. 

      Өнертабысқа өтiнiмге өтiнiм беруге белгiленген мөлшерде ақы төленгенiн растайтын құжат және оның мөлшерiн азайту негiздемесiн растайтын құжат қоса тiркеледi, оларды өтінімге қоса немесе өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде тапсыруға болады. Төлем жөнiндегi құжаттар белгiленген мерзiмде тапсырылмаған жағдайда өтiнiм берiлмеген болып есептеледi. 

Өнертабысқа өтiнiм берiлген күн сараптама жасау ұйымына өнертабысқа қорғау құжатын беру туралы өтiнiм түскен күнi бойынша белгiленедi,

Пайдалы модельге қорғау құжатын беруге өтiнiм бiр пайдалы модельге немесе байланыстылығы бiр өнертапқыштық ойды құрайтын пайдалы модельдер тобына қатысты болуға тиiс. Өтінім құрамына жоғарыда аталған құжаттар кіреді.

Өнеркәсiп үлгiсiне қорғау құжатын беруге өтiнiм құрамында мәлiмделген үлгi туралы толық түсiнiк беретiн бұйымның немесе макеттiң кескiнi бейнеленген қайта жасауға жарамды жиынтығы, егер өнеркәсiп үлгiсiнiң мәнiн ашу үшiн қажет болса, бұйымның жалпы түрiнiң сызбасы, эргономикалық тәсiмi, конфекциялық картасы, өнеркәсiп үлгiсiнiң елеулi белгiлерiнiң тiзбесiн қамтитын сипаттамасы болуы тиіс. 

Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң басымдығы өтінiм берiлген күн бойынша белгiленедi. 

2. Өтiнiм түскен күннен бастап екi ай өткен соң сараптама жасау ұйымы ол бойынша ресми сараптама өткiзедi. Өтiнiм берушiнiң жазбаша өтініші бойынша ресми сараптама аталған мерзiм бiткенге дейiн басталуы мүмкiн.

      Өнертабысқа өтiнiмнiң ресми сараптамасын еткiзу барысында қажеттi құжаттардың бар-жоғы және оларға қойылатын талаптардың орындалуы тексерiледi, өтiнiмнiң берiлген күнi, ұсынылған өтiнiмдi өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiлерге жатқызу мүмкiндiгi айқындалады, сондай-ақ өнертабыстың бiрлiгi тексерiледi. Алдын ала патент өтiнiм берушiнің тәуекелiмен және жауапкершiлiгiмен берiледi. 

Егер ресми сараптама нәтижесiнде өтiнiм өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiлерге жататындығы анықталса және құжаттары белгiленген талаптарға сай келсе, өтiнiм берушiмен келiсiлген формуламен алдын ала патентке сараптама жасау ұйымының оң қорытындысы берiледi. Ал, өтiнiм қорғалмайтын өнертабыс объектiлерiне жататыны анықталса, сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы берiледi.

Пайдалы модельге өтінімі келiп түскен күннен бастап екi ай өткен соң сараптама жасау ұйымы ол бойынша формальды сараптама жүргiзедi. Формальды сараптама жүргiзу барысында қажеттi құжаттардың бар-жоғы және оларға қойылатын талаптардың орындалуы тексерiледi, өтiнiм берiлген күн, мәлiмделген ұсынысты пайдалы модель ретiнде қорғалатын объектiлерге жатқызу мүмкiндiгi айқындалады, сондай-ақ пайдалы модельдiң бiрлiгi тексерiледi. Егер ресми сараптама нәтижесiнде өтiнiмнiң пайдалы модельдер ретiнде қорғалатын объектiлерге жататыны және құжаттардың белгiленген талаптарға сәйкестiгi анықталса, патентке сараптама жасау ұйымының оң қорытындысы берiледi, ал, қорғалмайтын объектiлерге жататыны анықталса, сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы берiледi.

Өтiнiм берушi сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысына ол жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiм iшiнде уәкiлеттi органға қарсылық беруге құқылы. Қарсылықты оның түскен күнiнен бастап екi ай мерзiмде шағым кеңесi қарауға тиiс. 

Өнеркәсіптік үлгіге деген өтінім сараптамасы да жоғарыдағы тәртіппен жүргізіледі.

Сараптама жасау ұйымы ҚР Өнертабыстарының мемлекеттiк тiзiлiмiне, ҚР Пайдалы модельдер мемлекеттiк тiзiлiмiне немесе ҚР Өнеркәсiп үлгiлерi мемлекеттік тiзiлiмiне тиiсiнше өнертабысты, пайдалы модельдi немесе өнеркәсiп үлгiсiн енгiзедi. Уәкiлеттi орган патенттi беру туралы мәлiметтердi бюллетеньге жариялай отырып, патент иеленушiге тиiстi қорғау құжатын бередi. Атына қорғау құжаты сұралған адам бiрнешеу болған жағдайда оларға бiр қорғау құжаты берiледi. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң патент иеленушi болып табылмайтын авторына уәкiлеттi орган оның авторлығын растайтын ресми куәлiк бередi. Қорғау құжаты мен автор куәлiгiнiң нысанын, оларда көрсетiлген мәлiметтер құрамын уәкiлеттi орган белгiлейдi.

Сараптама жасау ұйымы өнертабысқа алдын ала патент немесе пайдалы модельге патент беру туралы мәлiметтердi өтiнiм берiлген күннен бастап - он сегiз ай, ал өнеркәсiп үлгiсiне - он екi ай өткен соң бюллетеньде жариялайды. Өтiнiм берушiнiң өтiнiшi бойынша уәкiлеттi орган мәлiметтердi аталған мерзiмнен ерте жариялауы мүмкiн. Сараптама жасау ұйымы өнеркәсiптiк меншiк объектiсi ҚР тиiстi Мемлекеттiк тiзiлiмiне тiркелген күннен бастап екi ай iшiнде өнертабысқа немесе өнеркәсiп үлгiсiне патент беру туралы мәлiметтердi бюллетеньде жариялайды. Автордың қорғау құжаты туралы жарияланған мәлiметтерде автор ретiнде аталудан бас тартуға құқығы бар. Қорғау құжатын беру туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiн кез келген тұлға өтінiмнiң материалдарымен және сараптама жасау ұйымы дайындаған ақпараттық iздестiру туралы есеппен танысуға құқылы.

Қорғау құжатына бүкiл қолданылу мерзiмi iшiнде оны беруге қарсы қарсылық бойынша:

  • қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсi Заңда белгiленген патент қабiлеттілiгi талаптарына сәйкес келмесе;

  • өнертабыстың, пайдалы модельдiң формуласында немесе өнеркәсiп үлгiсiнiң елеулi белгiлерi жиынтығында өтiнiмнiң бастапқы материалдарында болмаған белгiлер болса; 

  • қорғау құжаты өтiнiм берушiнiң Заңның ережелерiн бұзуы жағдайында берiлсе; 

  • қорғау құжатында автор немесе патент иеленуші дұрыс көрсетiлмесе дау айтылуы және толық немесе iшiнара жарамсыз деп танылуы мүмкін. 

Шағым кеңесi шешiмiнiң немесе сот шешiмiнiң негiзiнде қорғау құжаты толық немесе iшiнара жарамсыз деп танылады. Қорғау құжатының қолданылуы: 

  • бюллетеньде қорғау құжаты қолданылуының мерзiмiнен бұрын тоқтатылғаны туралы мәлiметтер жарияланған күннен бастап уәкiлеттi органға патент иеленушi берген арыз негiзiнде;

  • белгiленген төлем мерзiмiнiң өткен күнiнен бастап қорғау құжатын күшiнде ұстау үшiн белгiленген мерзiмде төлем төленбеген жағдайда мерзiмнен бұрын тоқтатылады. 

Тоқтатылған патенттің қолданылуы, патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша патенттi күшiнде сақтау үшiн төленетiн төлемнiң мерзiмi бiткен күннен бастап үш жыл iшiнде, патенттiң қолданылуын қалпына келтiруге төлем туралы құжат берiлген жағдайда, қалпына келтiрiлуi мүмкiн. Патенттiң қолданылуы тоқтатылған күн мен қалпына келтiрiлген күн аралығындағы кезеңде ҚР аумағында патентпен қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалана бастаған немесе оған қажеттi дайындық жасаған кез келген адам оны одан әрi осындай пайдаланудың көлемiн ұлғайтпай, тегiн пайдалану құқығын сақтап қалады (соңынан пайдалану құқығы).

Патентке байланысты дауларды қарау. Патенттік қатынастардан туындайтын даулар алдымен Шағым кеңесінде қаралады. Шағым кеңесi Заңға сәйкес берiлетiн қарсылықтар бойынша дауларды сотқа дейiн қарау жөнiндегi уәкiлеттi органның мамандандырылған құрылымдық бөлiмшесi болып табылады. Берiлген қарсылық шағым кеңесiнiң алқа отырысында белгiленген мерзiм iшiнде қаралуға тиiс. Қарсылықтарды қарау мерзiмi қарсылық берген адамның, сондай-ақ патент иеленушiнiң өтінішi бойынша ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол қарсылықты қарау үшiн белгiленген мерзiм өткен күннен бастап алты айдан аспауы керек. Шағым кеңесiнiң шешiмiне қарсылық берген адам немесе патент иеленушi өздерi шешiмдi алған күннен бастап алты ай iшiнде оған сотқа шағымдануы мүмкiн. Мынадай даулар сот тәртібімен қаралуы тиіс:

  • өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне авторлық туралы;

  • қорғау құжатының дұрыс берiлуi туралы;

  • патент иеленушiнi анықтау туралы;

  • күштеп лицензия беру туралы;

  • патент иеленушiнiң қорғалатын өнеркәсiптік меншiк объектiсiн пайдалануға айрықша құқығын және басқа да мүлiктiк құқықтарын бұзушылық туралы;

  • қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға лицензиялық шарттардың жасалуы мен орындалуы туралы;

  • алдыңғы және соңынан пайдалану құқығы туралы;

  • жұмыс берушінің авторға сыйақы төлеуi туралы;

  • заңда көзделген өтемақыларды төлеу туралы даулар.