Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Интеллектуалды меншік ыы азаша ДОТ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.69 Mб
Скачать

12 Тақырып. Интеллектуалдық меншікті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық. Жоспар:

  1. Авторлық құқықты қорғаудың халықаралық мәселелері.

  2. Патент беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық.

Негізгі ұғымдар: авторлық құқықты қорғау, патент беру, халықаралық ынтымақтастық.

1. Халықаралық мәдени ынтымақтастықты дамыта отырып ҚР мұндай ынтымақтастық әрбір мемлекеттің егемендігін, заңдары мен әдет-ғұрыптарын сыйлау негізінде жүзеге асыруы тиіс деп бекіткен. Халықаралық мәдени ынтымақтастықты жүзеге асыру барысында авторлық құқықтарды қорғау бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Әдеби туындыларға, ғылымға, өнерге қатысты құқықтардың жалпы ерекшелігі – бұл аталған құқықтар аумақтық сипатта болады. Мысалы, мүлікке меншік құқығы ол мүлік бір мемлекеттің аумағынан басқасына ауысқан кезде танылып сақталады, ал авторлық құқық объектілеріне деген құқықтың әрекеті туынды шығарылған мемлекеттің аумағымен шектеледі және өзге мемлекеттермен халықаралық келісім болмаса ол құқық танылуға жатпайды. Сондықтан, бір мемлекетте басып шығарылған әдеби туынды автордың келісімінсіз және оған қаламақы төленбей басқа мемлекетте басып шығарылуы мүмкін. Мұндай әрекеттерге туындыны бірінші болып шығарған баспа қарсылық білдіре алмайды. Сондықтан, авторлық құқық объектілерін шет елдерде қорғау үшін олардың арасында өзара тану және авторлық құқықтарды қорғау жөнінде келісім болуы тиіс. Ол келісім мемлекетішілік заңдарда көрініс тауып, шетелдіктер аталған объектілерді жергілікті заң актілеріне негіздей отырып пайдалана алатын болуы тиіс.

Авторлық құқықтарды қорғау үшін унификация жүргізу нәтижесінде халықаралық ұйымдар осы салада бірнеше конвенциялар мен келісімдер қабылдады. Қазіргі уақытта ҚР төмендегідей конвенциялардың, келісімдердің қатысушысы болып табылады:

  1. «Өнеркәсіптік меншікті қорғау туралы» 1883 ж. Париж Конвенциясы.

  2. «Тауар белгілерін тіркеу туралы» 1891 ж. Мадрид келісімі.

  3. «Авторлық құқықтар туралы» 1952 ж. Жнева Конвенциясы.

  4. «Интеллектуалдық меншіктің бүкіләлемдік ұйымын бекіту туралы» Стокгольм Конвенциясы.

  5. «Патенттік кооперация туралы шарт» 1970 ж. Вашингтон.

  6. «Евразиялық патенттік Конвенция» 1994 ж. Москва.

  7. «Әдебиет және бейнелеу туындыларын қорғау туралы» Берн Конвенциясы.

Осы аталған халықаралық нормативтік актілерге сәйкес ҚР авторларының құқықтары шет елдерде және шетелдік авторлардың құқықтары біздің мемлекетте қорғалуы және танылуы тиіс.

Шетел азаматтарының авторлық құқықтарының көлемі ҚР Азаматтық Кодексі және басқа заң актілері негізінде анықталады. Ол актілерге сәйкес бұл құқықтар шығармашылық қызмет нәтижесі болып табылады, олардың мазмұнына, нысанына, маңыздылығына қарамастан авторлық құқық ережелері тарайды. ҚР аумағында жарияланған туындыларға авторларының азаматтығына қарамастан ҚР-ң авторлық құқыққа байланысты нормалары қолданылады. ҚР қабылдаған халықаралық шарттарға сәйкес, авторлық құқық объектісіне деген құқықтың иесі сол құқықты иеленуге негіз болған заңдық факт қай мемлекетте орын алса, сол мемлекеттің ішкі заңымен анықталады, осыған байланысты 3 ереже бекітіліген:

  1. ҚР аумағында алғаш рет жарияланған туындыға шетелдік автордың авторлық құқығы ҚР заңдарымен танылып қорғалады.

  2. ҚР азаматтарының шет елдерде жарияланған туындыларына авторлық құқықтарды ҚР таниды және қорғауға алады.

  3. Шет елдік азаматтардың шет елдерде жарияланған туындыларына авторлық құқық тек халықаралық конвенциялар мен келісімдердің негізінде ҚР-да танылып қорғалуға жатады.

Шетелдік авторлардың шет елдерде жарияланған туындыларына қатысты екі түрлі режим әрекет етеді және осыған байланысты туындылардың өзі екі топқа бөлінеді:

  • қорғалатын туындылар яғни ҚР 1952 ж. «Авторлық құқық туралы» Женева Конвенциясының және «Әдебиет және бейнелеу туындыларын қорғау туралы» Берн Конвенциясының қатысушысы болғаннан кейін жарияланған туындылар. Сонымен бірге КСРО және ҚР бекіткен «Авторлық құқықтарды өзара тану және қорғау туралы келісімдердің» әрекеті тарайтын туындылар осы топқа жатады;

  • қорғалмайтын туындыларға қатысты режим әрекетіне бағынышты туындылар. Қорғалмайтын туындылардың авторлары авторлық құқықтарын қорғауда кедергілерге жиі ұшырайды.

Автролық құқық туралы бүкіләлемдік Конвенция қазір екі түрлі нұсқада әрекет етеді. Әлемнің 97 мемлекеті бұл Конвенцияның 1971 ж. Парижде қабылданған мәтінін ратификацияласа, 36 мемлекет, соның ішінде ҚР аталған Конвенцияның 1952 ж. Қабылданған мәтінін қолданады. Бұл нұсқа интеллектуалдық меншік объектілерін қорғаудың қажетті минимумын ғана қамтамасыз етеді. Конвенцияның қатысушысы болып табылатын мемлекеттердің арасында қазақстандық туындыларға қорғау қамтамасыз етіледі. Оған сәйкес авторлық құқық автордың өмір бойы және ол қайтыс болған соң 25 жыл бойы әрекет етеді. Қазақстан Берн Конвенциясына қосылғаннан кейін қазақстандық авторлардың туындылары әлемнің 147 мемлекетінде танылып қорғалады.

2. Өнертабысты, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні қорғау құжаты болып табылатын патент өзі берілген мемлекеттің аумағында ғана құқықтық қорғауға ие болады, ондай қорғауды басқа мемлекетте де алу үшін тиісті шет мемлекетке өтініш беру қажет. Бір мемлекетте пайда болған өнертабысқа деген субъективтік құқық, басқа мемлекетте танылмайды, тек жаңа өтініш беру негізінде жаңа субъективтік құқық пайда болады. Ол үшін өтініш берілетін өнертабыс тиісті шет мемлекетте бұрын орын алмаған жаңа болуы тиіс. Оны анықтау үшін арнайы тағайындалған сараптама жүргізіледі. Өнертабысқа деген шетел азаматтарының құқықтары өзара түсіністік қағидасына сәйкес анықталады. ҚР халықаралық шарттарына сәйкес, шетел азаматтары ҚР азаматтарымен дәрежеде алдын ала патент және патент алуға құқылы.

ҚР азаматтары өзге мемлекетте өздерінің патенттелетін объектілеріне деген құқықтарын қорғау үшін сол мемлекетте патент алуы тиіс. Патенттелетін объектілерді шет мемлекеттерде қорғау ең алдымен экономикалық мүддені қамтамасыз ету мақсатымен жүргізіледі. Шетелде патенттеудің басты мақсаттарының бірі өндірістік экспортты қамтамасыз ету және шетелдік фирмаларға отандық өнертабыстарды пайдалануға деген лицензияларды тиімді түрде сатуға жағдай жасау. 1970 ж. Қабылданған Патенттік кооперация туралы шарт бір өнертабысқа бір мезгілде бірнеше мемлекетте патент алу мүмкіндігін жеңілдеткен. Ол үшін тұлға Патенттік Ведомствоға өтінім берген кезде басқа да шартқа қатысушы елдерден патент алу қажеттігін көрсетеді. Ол өтінімнің бір данасы интеллектуалдық меншіктің Бүкіләлемдік ұйымына жіберіледі. Ол ұйым өтінімге халықаралық сараптама жүргізеді. Сараптама нәтижесігнде объектінің патент қабілеттігі танылса, ұйымға мүше барлық мемлекеттерде қазақстандық патент иеленушінің құқықтары қорғалуы тиіс болады.