- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •5В030100 «Құқықтану» мамандығы үшін
- •Баға қоюдың критерийлері
- •Дәрістердің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Практикалық (семинарлық) сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Аралық бақылау Пән бойынша №1 аралық бақылауды тапсыру үшін жобаның тақырыптары
- •Пән бойынша №2 аралық бақылауды тапсыру үшін коллоквиум сұрақтары
- •5 Тақырып. Патенттік құқық. Жоспар:
- •Патенттік құқықтың жалпы сипаттамасы.
- •Объектінің патентке қабілеттігінің шарттары.
- •6 Тақырып. Патентке өтініш беру және патент алу тәртіптері. Жоспар:
- •Патент алу жөнінде өтінім беру тәртібі.
- •Патент алуға деген өтінімге сараптама жасау. Патентке байланысты дауларды қарау.
- •7 Тақырып. Азаматтық айналым қатысушыларын және олардың өнімдерін дараландыру құралдары туралы заңнама. Жоспар:
- •Тауар таңбасының түсінігі және құқықтық қорғалуы.
- •Тауар шығарылатын жердің атауына деген құқықтарды қорғау.
- •8 Тақырып. Жаңалықтарды құқықтық қорғау. Жоспар:
- •Жаңалық түсінігі, мәні, белгілері.
- •9 Тақырып. Қызметтік және коммерциялық құпияны
- •Жоспар:
- •Коммерциялық құпияның жалпы сипаттамасы.
- •Коммерциялық құпияны құқықтық қорғау.
- •10 Тақырып. Интегралдық микросхема топологияларының түсінігі және оларды құқықтық қорғау. Жоспар:
- •Интегралдық микросхема топологияларының түсінігі, мәні.
- •Интегралдық микросхема топологияларын құқықтық қорғау.
- •11 Тақырып. Селекциялық жетістіктерді құқықтық қорғау. Жоспар:
- •Селекциялық жетістіктердің түсінігі, мәні.
- •Селекциялық жетістіктерді құқықтық қорғау.
- •12 Тақырып. Интеллектуалдық меншікті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық. Жоспар:
- •Авторлық құқықты қорғаудың халықаралық мәселелері.
- •Патент беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
- •Өж орындауға әдістемелік нұсқау:
10 Тақырып. Интегралдық микросхема топологияларының түсінігі және оларды құқықтық қорғау. Жоспар:
Интегралдық микросхема топологияларының түсінігі, мәні.
Интегралдық микросхема топологияларын құқықтық қорғау.
Негізгі ұғымдар: интегралдық микросхема, топология, интегралдық микросхема топологиясы, лицензиат,
1. Интегралдық микросхема - электрондық схема қызметiн атқаруға арналған, түпкiлiктi немесе аралық нысандағы микроэлектронды бұйым, оның элементтерi мен байланыстары бұйым дайындалғанда негiзге алынған материалдың көлемiнде және (немесе) бетiнде бөлiнбейтiн етiп қалыптастырылады;
Интегралдық микросхема топологиясы - интегралдық микросхеманың элементтерi мен олардың арасындағы байланыстар жиынтығының материалдық көзде тiркелген кеңiстiктiк-геометриялық орналасуы;
Автордың шығармашылық қызметiнің нәтижесiнде жасалған топология түпнұсқалық топология болып табылады. Топология түпнұсқа емес деп дәлелденбейiнше, түпнұсқа деп танылады.
Топологияға авторлық құқығы иелiктен алынбайтын жеке мүлiктiк емес құқық болып табылады және ол мерзiмi белгiленбей қорғала бередi. Топологияға айрықша құқықты топологияның авторы не заңда көзделген жағдайларда жұмыс берушi, тапсырыс берушi немесе олардың құқық мирасқорлары иеленедi. Құқық иеленуші топологияны өз қалауына қарай кез келген әдіспен пайдалануға құқығы бар.
Топологияға айрықша құқық басқа тұлғаға шарт бойынша толығымен немесе iшiнара берiлуi мүмкiн, сондай-ақ мұрагерлiк бойынша әмбебап құқық мирасқорлығы тәртiбiмен және құқық иеленушi заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы нәтижесiнде өтедi. Құқық иеленушi екiншi тарапқа топологияны белгiлi бiр әдiспен уақытша пайдалану құқығын лицензиялық шарт арқылы бере алады. Лицензиялық шартта лицензияның түрi көзделмесе, ол айрықша емес жай лицензия деп саналады. Оны лицензиат басқа тұлғаға лицензиялық шартта көзделген жағдайларда ғана бере алады.
Лицензиялық шартта лицензиатқа:
топологияны пайдалану құқығын лицензиардың оны пайдалану мүмкiндiгi мен лицензияны басқа тұлғаларға беру құқығын сақтай отырып (жай, айрықша емес лицензия);
топологияны пайдалану құқығын лицензиардың оны пайдалану мүмкiндiгiн сақтай отырып, бiрақ лицензияны басқа тұлғаларға беру құқығынсыз (айрықша лицензия);
топологияны пайдалану құқығын лицензиардың оны пайдалану мүмкiндiгiн сақтамай және лицензияны басқа тұлғаларға беру құқығынсыз (толық лицензия) беру көзделуi мүмкiн.
Жазбаша нысанның немесе тiркеу туралы талаптың сақталмауы лицензиялық шарттың жарамсыздығына әкеп соғады.
Жұмыс берушi мен автордың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, қызметтiк мiндеттердi немесе жұмыс берушiнiң нақты тапсырмасын орындау тәртiбiмен жасалған топологияға айрықша құқық жұмыс берушiге тиесiлi болады.
Топологияның авторы немесе өзге де құқық иеленушi тiркеуге өтiнiм беру арқылы топологияны уәкiлеттi органда тiркеуге құқылы.
Топологияға айрықша құқық топология тiркелген күннен бастап он жыл бойы қолданылады. Топология тiркеуден өтпесе, аталған он жылдық мерзiм осы топологияның немесе осы топология бар интегралдық микросхеманың дүние жүзiнiң кез келген елiнде алғаш пайдаланылуының құжатпен расталған күнiнен бастап есептеледi.
Уәкiлеттi орган мынадай қызметтер атқарады:
топологияларды тiркеуге өтiнiмдердi қарауға қабылдайды, оларды қарау және топологияларды тiркеу;
топологияларды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу;
тiркеу туралы куәлiктер беру;
тiркелген топологиялар туралы мәлiметтердi бюллетеньде жариялау;
тiркеуге өтiнiмдердi жасауға және ресiмдеуге қойылатын талаптарды белгiлеу;
тiркеу тәртiбiн, тiркеу туралы куәлiктiң нысанын, онда көрсетiлетiн мәлiметтердiң құрамын, сондай-ақ бюллетеньде жарияланатын мәлiметтердiң тiзбесiн белгiлеу;
сенiм бiлдiрiлген патенттi өкiлдерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, оларды аттестаттау және тiркеу тәртiбiн айқындау.
2. Құқық иеленушiнiң рұқсатынсыз топологияның түпнұсқалық болып табылмайтын бөлiгiн ғана көшiрудi қоспағанда, оны интегралдық микросхемаға енгiзу арқылы немесе өзге де жолмен оны тұтастай немесе оның бiр бөлiгiн көшiруге, топологияны, интегралдық микросхеманы немесе осындай интегралдық микросхемасы бар бұйымды қолдану, әкелу, сатуға ұсыну, сату және т.б әрекеттер айрықша құқықты бұзу болып табылады.
Мына әрекеттер автордың айрықша құқықтарын бұзу деп танылмайды:
Заңның 7-бабы 4-тармағының 2) тармақшасында аталған iс-әрекеттердi жасау, егер тұлға осы интегралдық микросхемалардың айрықша құқықты бұза отырып дайындалғанын және таралып жатқанын бiлмесе және бiлуге тиiс болмаса;
топологияны пайда табусыз жеке мақсаттарына, сондай-ақ бағалау, талдау, зерттеу немесе оқыту мақсатында пайдалану;
қорғалатын топологияны оның өзiн бағалау немесе талдау негiзiнде жасалған түпнұсқалық басқа топологияға енгiзу мен Заңның 7-бабының 4-тармағында аталған iс-әрекеттердi осындай топологияға қатысты жасау;
азаматтық айналымға заңды жолмен енгiзiлген қорғалатын топологиясы бар интегралдық микросхеманы тарату;
Заңның 7-бабының 4-тармағында аталған iс-әрекеттердi басқа автор жасаған топологияға тәуелсiз, ұқсас түпнұсқалық топологияға қатысты жасау.
Топологияға құқықтарды қорғауды сот мына шараларды қолдпну арқылы жүзеге асыра алады:
құқықтарды тану, құқық бұзылғанға дейiн болған жағдайды қалпына келтiру, құқықты бұзатын немесе оны бұзу қатерiн төндiретiн iс-әрекеттердiң жолын кесу;
құқық бұзушының келтiрiлген залалдар орнын толтыруы және моральдық зиянды өтету, залалдың орнын толтырту орнына айрықша құқықты бұзушы тапқан табысты өндiрiп алу;
айрықша құқықты бұзушының заңдарда белгiленген он мыңнан елу мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш сомасында өтем төлету. Өтем мөлшерiн сот залалдың орнын толтыру немесе табысты өндiрiп алу орнына белгiлейдi;
айрықша құқықты бұзады деп танылған интегралдық микросхемалар мен осындай микросхемаларды қамтитын бұйымдарды, сондай-ақ оларды дайындауға арналған материалдар мен жабдықтарды жою немесе құқық иеленушiнiң пайдасына алып қою;
бұзылған құқық кiмге тиесiлi екендiгi туралы мәлiметтердi енгiзе отырып, орын алған бұзушылық туралы мiндеттi түрде жариялау;
заң актiлерiнде көзделген, топологияға құқықтарды қорғауға байланысты өзге де шаралар қабылдау жолымен жүзеге асырады.
Егер лицензиялық шартта көзделсе, айрықша құқықты бұзушыға лицензиат та талап мәлiмдеуi мүмкiн.
