Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЗЕРТТЕУ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
349.29 Кб
Скачать

1924 Жылы Жаяу Мұсамен кездескенде «Қызылжарда Көкшенің үйінде жатып орысша

оқыдым» - деп, өзі айтып отыратын. Жаяу Мұсаның Қызылжарда орысша оқығанын

қырдан барған кісілерге Көкшенің өзіде кейінірек әңгімелеп отыратын болған.

Баянауладан Қызылжарға барған кісілердің Көкшенің үйіне соқпайтын болмаған. Әсіресе

Қызылжарға айдалған кісілер Көкшемен оның баласы Бибасты қалайда тауып олардан

қалай босанудың ақылын сұрайтын болған. Ондай айдауда болған Ораз Шәуке Төкеннің

баласы. Ораздың айтуы бойынша Бибас зарыққан кісілердің атынан орысша арыз жазып

олардың ісінің жеңілуіне үлкен көмек көрсететін болған. Баян ауладан барған Ораздан

Бибас Жаяу Мұсаның жайын көп сұрап отырады. Жаяу Мұсаның Қызылжарда орысша

оқығанын айтып отырады. Жаяу Мұсаның Қызылжарда орысша оқығаны оның орысша

сөйлеуінен, әдемі сауатты жазуынан көрініп тұрады. 1924 жылы мен оның үйінде

болғанымда 90-нан асқан әдемі қарт: «без пропуска не допущу» - деп есігін жауып,

қалжыңдап біраз тұрып, содан кейін көзінің жасын мөлдіретіп, құшағын жайып иіскей

бастады. Менің келгенімді оған жүгіріп барып хабарлаған келіні Жанкүміс еді. Жаяу

Мұсаның орысша жазып жақсы сөйлейтіні дала өлейетін билеген ұлықтардың бәріне

белгілі болған. Жазған арыздарының кейбірінде «өзім хат білмегендіктен басқа кісіге қол

қойдырдым» дегенге патша ұлықтары нанбаған. Оған қысқа екі мысал келтіруге болады.

«Муса Байжанов умеет писать не только по-киргизски, но и по-русски»15. В деле пять

прошений, написанных лично Мусой Байжановым по-русски, первое и третье прошения

подписаны, якобы за его неграмотностью, другим человеком. Но он был известен властям

как грамотный человек и его почерк был узнан чиновниками канцелярии губернатора»

(тағы сонда).

Демек, бұл айтылған орысша білімді Жаяу Мұса бір ғaнa Қызылжар қаласында алып,

кейін Омбыда болған кезінде оны толықтыра түседі. Бірақ Қызылжардан Омбыға қай

жылы келгенін кесіп айту қиынырақ. Ол туралы ешбір документ жоқ. Дегенмен, шамалап

айтқанда Жаяу Мұса Омбыға елуінші жылдардың соңы мен алпысыншы жылдардың бас

14

Ф. 345, оп, д. 2230, л. 335 об.

15

ГАО, ф.З, оп. 8, д. 12788, л. 19. 57

кезінде келуі күдіксіз. Омың Омбыға келуі де туысқаны Көкшенің ақылымен оның

жәрдемінсіз болмауға тиісті. Өйткені Көкшенің Омбымен байланысы аз болмаған.

Омбыда қызмет істейтін таможныйдың кісілері, қазақ офицерлері, оқушылар Қызылжарға

келгенде оның үйінде болмай кетпеген. Көкшенің сондай байланысы болған кісінің бірі

Сұлтанғазы Уәлиханов. Тегінде Көкше інісі Жаяу Мұсаны осы Сұлтанғазыға жібергені

байқалады. Жаяу Мұсаның өзінің айтуынша Омбыға келісімен ол осы Сұлтанғазыны

тауып, оның үйінде жатып, шүйіркелесіп дос болып кетеді. Осы жақындасудың

нәтижесінде кейін ол Сұлтанғазыға еріп Польшаға барды. Онымен бірге Черняев

экспедициясына қатынасады. Польшаға барудың себебі сол кездегі болған үлкен саяси

оқиға поляктардың 1863-1864 жылғы шаруалардың көтерілісімен байланысты болған.

Патша үкіметі халықаралық қауым пікірін ушықтырмау мақсатымен бұл көтерілісті сапта

тұрған негізгі әскермен жаншымай, оның бұратана халықтардан құрастырған жеңіл

қосындармен баспақшы болады. Осы ретте Тобол қаласында, Орынборда, Уфада, Қазанда

«өз тілегімен» барушылардан қосын түзеп, оларды басқаруға жас офицер Сұлтанқазы

Уәлихановты тағайындайды. Қосынның негізі Тобол қаласында ұйымдасқан. Оны

ұйымдастыруға Сұлтанқызы Тоболға аттанғанда Жаяу Мұса онымен бірге барып

Польшаға жіберетін әскердің қатарына қосылады. Халықаралық саясатта поляк

көтерілісін басушы Азия елі деп көрсету үшін әскердің идея басшылығына қазақ

халқының уәкілдері ретінде бірнеше аға сұлтандар, билер шақырған, олардың ішінде

Ақмоланың аға сұлтаны Ыбырай Жайқыбаев, Көкшенің сұлтаны Ғапар Манадаев,

Баянауладан Секербай Малгелдин, Қызылжардан штабс-капитан Ахатов. Поляк

көтерілісін басуда бұлар ерекше белсенділік көрсеткен соң, патша үкіметі бұлардың

бәріне қымбат сый тартады. Өздеріне жоғарғы шен береді16. «За отличие в подавлений

польских мятежников производятся в следушие чины Ибрагим Жайыкбаев, Секербай

Малгелдин, Гапар Манадаев (Тактамышев), штабс-капитан Акатов». Бұл кезде Шоқан

Омбыда болатын. Бірақ бұл пасық іске ол әрине қатынаспаған. Патша үкіметінің бір елді

бір елге жендет етіп салатынын бұрыннан жақсы білетін Шоқан бұған жирене қараған.

Оның үстіне Поляк революционерлерінің қазақ бұқарасының мүддесі туралы ашық

жазатынына ерекше мән беретін. Сондықтан оның аты оқиғамен байланысты ешбір

деректе кездеспейді. Патша үкіметінің поляк көтерілісін басуға қазақтарды шақыруының

екінші бір саясаты поляк жазушыларының көзіне бұл елді құбыжық етіп көрсетіп,

олардың бұл елге деген махаббатын суыту еді.

Сөйтіп ұлт қосынын басқарушы Сұлтанғазы бір топ әскермен Литваға барып Вильно

қаласын салық етіп, көтеріліс шығарушыларға осы арадан қимыл жасайды. Бұл әскерімен

бірге жүрген Жаяу Мұса әскердің қай жерде болғанын, қай қалада тоқтағанын күнделік

дәптеріне жазып отырады. Бір көңіл қоятын нәрсе Жаяу Мұса қара сөзбен жазбай барлық

дәптерлерін өлеңмен жазған. Өзі туралы жазғанында ол былай дейді:

Мекен жай оның жүрген Омбы болды

Тоболды тауық жылы барып көрді

Орынбор арқылы Қазанда бір ай жатып

От арба Нижний де міне енді

Мәскеуді, Владимир басып өтті

Петербор апрельде барып жетті

Стамбулдың патшасы Мамедәлі

Таныс боп Петерборда қылған кепті

16

Русский - Инвалид, 1864, №155, стр. 58

Ол жерде көп адамның көзін көрген

Петерборда не барын, бәрін білген

Әртүрлі мемлекетті көремін деп

Құданың құдіретімен жаһан кезген

Вильно, Варшау, Литва, Поляктардың

Соғысын гвардиямен жүріп көрген.

Жаяу Мұсаның бұл жазулары ол туралы жазылған бұрынғы ойлардан бүтіндей басқа.

Әншіні зерттеушілер әдетте оны Тоболға каторгаға айдатып кейін оны әскерлік міндетпен

(солдачина) өзгертті деп нандырады. Жаяудың өмірі, өз жазулары бұған бүтіндей қиғаш

жатыр. Оның үстіне Жаяуды каторгаға айдалғаны туралы архивте ешбір дерек жоқ. Егер

Мұсаны Тобол қаласына жер аударса ол туралы Алматы мен Тобол архивтері мәліметке

сыңсып тұрған болар еді. Сібірге айдалған Торайғыр, Ғұбайдулла туралы мәліметтер том-

томымен сақталып тұрған жоқ па?

Жаяу Мұсаның өз жазуы бойынша әскери жұмысқа ол еш уақытта зорлаумен бармаған.

Ол өзінің тілегі бойына әрбір мемлекетті көріп, қызық көру үшін, және өзінің андасы

әскер бастығы Сұлтанғазы Уәлихановтың шақыруымен барған. Оның үстіне әскерде

жүргенде жазалы кісілердей еріксіз болмаған. Қай жерде жүрсе де ол өз еркімен жүріп көп

нәрсені білуді өзіне мақсат еткен. Әскер Қазанда бір ай тұрғанда Жаяу Мұса Қазан

қаласын емін-еркін аралап Қазан қыздарымен танысып олар туралы әдемі ән шығарады.

Татар музыкасына ерекше ой бөледі. Ойынан көп заман кетпейтін естеліктер сақтайды.

Мәскеу, Петербор, Литваға барғанда да осыны істейді. Литва қыздарының билеу

тактикасына қосылып секірме ырғақпен келетін әндер шығарады. Міне мұның барлығы