Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖБ лекциялары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
316.59 Кб
Скачать

11 Дәріс: материалды-техникалық жабдықтау

Материалды-техникалық жабдықтаудың негізгі қызметі кәсіпорынды өз уақытында және тоқтаусыз, шикізат пен материалдармен қамтамасыз ету.

Материалды-техникалық жабдықтау бөлімінің қызметінің міндетіне негізгі және қосалқы материалдар, отындар, жартылай фабрикаттар, құралдар және технологиялық жабдықтау, құрал-жабдықтар, станоктар, ақпараттар және агрегаттармен қамтамасыз ету.

Материалды-техникалық жабдықтаудың жүйесінің материалды-техникалық жабдықтау бөліміне қол асты(ндағы жабдықтау қоймалары кіреді. Материалды-техникалық жабдықтаудың сипаттамасы болып табылады: материалдың классификациясы және индексациясы, шығындарды нормалау және матералдар қоймасы, кәсіпорынның материалдарға деген мұқтаждығын анықтау, шаруашылық қойманың ұйымы және цехтарды кәсіпорындық тәсілдермен жабдықтау жүйесі.

Материалдарды топтастыру және индексациялау

Қазіргі кәсіпорындардың көпшілігі номенклатуралы материал мұқтаждығын көруде. Кәсіпорынның қызметін жақсарту мақсатында , жаңа материалдар іздеу, өнімнің сапасын және құрамын жақсарту үшін, кәсіпорынның жағдайын жөндеп материалды қолдану үшін топтастырып, индексациясын қамтамасыз ету қажет. Бұл жұмыс оперативті және бухгалтерлік есеп үшін қажет.

Әр бөлімге ондық жүйе бойынша индекс беріледі. Топтастыру және индексация кесте жүзінде орындалады, әр қайсысына жеке индекс қойылып, техникалық жағдайы ескеріледі, стандарттары немесе сертификаттары сату барысында көрсетіледі.

Материалдың шығындарын нормалау

Материалды топтастыру номенклатурасы әр позиция бойынша материалдың шығындарын нормалау үшін қажет. Сонымен қатар материалдар шығынының нормалары өнімді өндіріп, дайындауға, өнімнің өзіндік бағасын есептеуге, материалдар қорларын өнімді қолдануға қажет.

Материалдар шығыны дегеніміз бұл шығын мөлшерін анықтау, кәсіпорын өнімінің жағдайын, кәсіпорынға, техникаға, технологияға, түрлерге бағытталған шығын.

Өндірілген материал шығындарының нормасы, пайдалы материалдар шығыны деп атауға болмайды, бірақ орны толмас шығындар, ұйымдық себептермен, жұмыскерлердің төмен квалификациясымен анықталады.

Материалдар қорын нормалау

Материалдар шығынын нормалауда материалдар қорын нормалауға көңіл аудару қажет. Қор көлемі өнеркәсіп тұрақтылығын қамтамасыз ету қажет. Материал қорының бір бөлігі болып қазіргі қор саналады. Қазіргі қордың көлемі екі көрсеткіштен тұрады: материалдардың тәуліктік орташа мерзімдер шығындары және материалды енгізу мерзімі.

Логистика функциясы және сипаттамасы

«Логистика» термині ең алғаш рет әскер ғылымында айтылған және әскери қосылғыштардың байланысымен қамтамасыз етліген. Екінші әлемдік соғыстан кейін бұл түсінік макро және микроэкономика проблемаларында қолданыла бастайды. Логистика өнеркәсіптегі жалпы фокторлармен байланысқан кешенді мәселелерді шешеді. Кәсіпорында жабдықтау және логистика бөлімдерінде олардың өзіндік байланысы қажет.

Қазіргі уақытта кәсіпорында сапалы материалдарға деген қызығушылық кең қарастырылады.

Логистикада сақтау, тасымалдау шаралары, жұмыс уақытын жоспарлау және қайта топтастыру факторымен есептеледі.

Сонымен қатар, логистика жалпы ішкі фирмалық функция болып бөлімдерге бөлінеді: уақытша ауысу графигін жоспарлау, сонымен қатар ауыспалы объектілердің қайта топтастыруының пайда болу есебін қарастырады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Материалды-техникалық жабдықтаудың негізгі мақсаттары?

  2. Материалдардың шығындарын нормалау?

  3. Логистиканың функциялары?

  4. Материалдардың запастарын нормалау?