Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТГУ курсавой.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
730.28 Кб
Скачать

2.2 Жаңа ұлттық экономикасы

1787 жылы қабылданған және осы күнге дейін күші бар АҚШ конституңиясы шығармашылық данышпандықтың жұмысы еді. Конституция экономикалық хартия ретінде, сол кездегі Мэннен Джорджияға, Атлант мұхитынан Миссисипи ал- қаптарына дейінгі созылған тұтас ұлтты біріктірілген немесе «біріккен нарық» екендігін бекітті. Штаттар арасындағы сауда- саттық кезінде ешқандай тарифтер немесе салықтар болмауы керек еді. Конституция федералдық үкіметтің шетел мемлекеттері мен штаттар арасындағы сауда-саттықты реттеуге, банкроттықтың жалпы заңдарын, ақша және оның мазмұнын реттеуге, салмақ пен өлшем стандарттарын, пошта мен жол жасау және патенттер мен интеллектуалды меншікті басқару ережелерін бекітулі қамтамасыз етті. «Инттелектуалды меншікті» маңыздылығын мойындау 20-шы ғасырдың соңында сауда-саттық келісімдерде үлкен роль атқарды. Ел негізін қалаушы әкелердің бірі және қазыналықтың бірінші хатшысы Александр Гамильтон федералдық үкіметтің импортты ақтаушы тарифтерін бекітіл, ашық жәрдем ақша беріп, өндірістің жас салаларын өсіретін экономикалық даму стратегиясын жақтады. Ол федералдық үкіметті ұлттық банк ашуға және революциялық соғыс нәтижесінде колониялардан жиналған қоғамдық ақшаларды қабылдауға шақырды. Жаңа үкімет Гамильтонның кейбір ұсыныстарын енжар қарады; алайда ол тарифтерді американың сыртқы саясатының маңызды бөлігіне айналдырды - бұл ұстаным 20-шы ғасырдың ортасына дейін өз қуатын сақтады.

Бірінші америкалық фермерлер ұлттық банк кедейлердің есебінен байларға қызмет етеді деп қорыққанмен де, бірінші Құрама Штаттарының Ұлттық Банкі 1791 жылы өзінің қызметін бастауға рұқсат алды; банк 1811 жылы ісін тоқтатыл ісін мирасқор банк жалғастырды. Құрама Штаттар әртүрлі теңіздік-тасымалдаушы, өндіріс және банктық жүйе арқылы экономикалық дамуға талпынудың қажеттілігіне Гамильтон кәміл сенді. Гамильтонның саяси бәсекелес Томас Джефферсон өзінің философиясын қоғамдық тұлғаны саяси және экономикалық тираниядан қорғауға негіздеді. Ол кіші фермерлерді «ең қымбатты азаматтар» деп мақталы. 1801 жылы Джефферсон президент болып (1801-1809), орталыққа бағынбайтын аграрлық демократияны қолдады.

Американдықтардың пікірінше, нарық күштері еркін болса, сұраныс пен ұсыныс тауар мен қызметтің бағасын анықтайды. Ал бағалар бизнеске не өндіру керектігін айтады: егер тауарға экономика өндірген мөлшерден көп сұраныс болса, оның бағасы артады. Мұны сезген компаниялар табыс табу мақсатымен сұранысы жоғары тауарды өндіре бастайды. Керісінше, тауарға сұраныс азайса, бағасы төмендейді, сонда өндірушілер басқа тауар өндіруге кіріседі. Бұл жүйе нарықтық экономика деп аталады. Социалистік экономика нарықтық экономикадан орталықтан түскен жоспар мен мемлекеттік меншіктің көп болуымен ерекшеленеді. Американдықтардың көбі салықтық түсімдерге иек артқан, нарықтық талаптарды ұстанбайтын социалистік экономиканың тиімсіз болатындығына сенеді.

Аралас экономика жүйесінде халық экономиканы бағыттауда тек тұтынушы ретінде ғана емес, сондай-ақ, сол экономиканың саясатын жасайтын шенеуніктерді сайлау арқылы да әсерін тигізеді. Соңғы жылдары тұтынушыларды әкімдердің қауіпсіздігі, кейбір өнеркәсіп салалары ұсынған экологиялық шаралар, денсаулыққа төнетін потенциалды қауіп жайы алаңдатып отыр. Үкімет жауап ретінде тұтынушы мүдделерін қорғайтын және халықтың жақсы тұрмысын қамтамасыз ететін агенттікттер құрды. Сонымен бірге, АҚШ экономикасы басқа бағытта да өзгерді. Тұрғындар мен жұмыс күші фермалардан қалаларға, даладай зауыттарға, әсіресе қызмет көрсету саласына, кетті. Бүгінгі экономикада қоғамдық және жекеменшік қызмет көрсету саласында жұмыс істеушілер саны өнеркәсіптік немесе ауылшаруашылық тауар өндірушілер санынан бірнеше есе артық. Экономиканың кешенделуіне орай санақ бойынша соңғы ғасыр бойына өзіндік қызметтен басқалардың жұмысына ұзақ мерзімге бағытталған жедел ауысу көп кездескен. Федералды үкімет экономиканың жалпы бағытын белгілен, жылдам өсімді, жұмыстандырудың жоғары деңгейін және бағалардың тұрақтануын қамтамасыз етуді негіздейді. Үкімет шығын мен салық мөлшерін реттеп (фискалдық саясат) немесе ақшамен қамтамасыздандыруды басқарып және кредиттің пайдалануын қадағалай отырып (монетарлық саясат), нәтижесінде баға мен жұмыссыздық деңгейіне әсер ететін экономикалық даму қарқынын баяулатып немесе жылдамдатып отырады. 1930-шы жылдардағы Ұлы Депрессиядай кейінгі жұмыссыздық пен экономикалық дамудың бәсеңдеген кезеңдері АҚШ экономикасы үшін жақсы дәріс болды деп есептелінеді. Экономикаға шындап дағдарыс қаупі төнгенде, үкімет экономиканы күшейту мақсатымен мемлекеттік қордағы ақшаны пайдаландыр тұтынушылар көбірек ақша жұмсасын деп салықты азайтты. 1970-ші жылдардағы бағалардың өсуі, әсіресе энергия көздері үшін, инфляция қаупін тудырды. Нәтижесінде, мемлекет басшылары салықтың азаюына қарсы тұрып, қосымша ақшамен қамтамасыз етіп шығынды шектеудің орнына, инфляцияны болдырмауға көңіл белді.

Экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ететін амал-әрекеттер де 1960-шы және 1990-шы жылдар аралығында елеулі өзгерістерге ұшырады. 1960-шы жылдары үкімет салық саясаты, яғни мемлекеттік кірістерді басқару арқылы экономикаға әсер етемін деп ойлаған. Бірақ мемелекеттік шығындар мен салықты президент пен Конгресс бақылауға алған соң, сайланушы шенеуніктер экономиканы жүргізуде маңызды роль атқарады. Ақша құнының құлдырауы, жұмыссыздық, бюджет тапшылығы кезеңдері халықтың салық салу саясатқа деген сенімін әлсіретті. Оның орнына проценттік ставкілер арқылы елді ақшамен қамтамасыз етуді қадағалайтын монетарлық саясаттың танымалдылығы артты. Монетарлық саясат Конгресс пен президентке тәуелсіз Федералдық сақтық қор кеңесі деген атпен белгілі, мемлекеттің орталық банкінің басшылығымен жүзеге асады.

АҚШ-тың федералдық үкіметі жеке кәсіпорындарды түрлі тәсілдермен реттеп отырады. Экономикалық реттеулер тікелей немесе жанама түрде бағаларды қадағалауға бағытталған. Әдетте үкімет электр энергиясы қызметі үшін деңгейінен жоғары бағасын асырмау сияқты монополияларды болдырмауға тырысты. Сондай-ақ, кейде үкімет экономикалық бақылауын өнеркәсіптің басқа салаларына да тарататын. Ұлы Депрессиядан кейінгі жылдары үкімет ұсыныс пен сүранысқа байланысты жылдам өзгеретін ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жүйесін жасады. Көптеген басқа салалар - жүк тасу және кейінірек, әуе жолдары - бағалардың түсуін қысқартатын өзіндік реттеу әдістерін тапты.

Экономикалық реттеудің басқа формасы - нәсілшілдікке қарсы заң, тіке реттеудің қажет еместігін қаматамасыз ету арқылы, нарықтық қуатын күшейтуге талпыну. Үкімет пен кей кезде жеке жақтар бәсекелестікті мөлшерден тыс шектейтін әрекет немесе қосылуды рұқсат етпейтін заң ретінде нәсілшілдікке қарсы заңды пайдалайды. Сондай-ақ, үкімет жеке компанияларды бақылау арқылы қоршаған ортаның тазалығын сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәрізді әлеуметтік мақсаттарды орындайды. Дәрі-дәрмек пен азық-түлік өнімдерін қадағалайтын басқарма кейбір зиянды өнімдерге тыйым салады; Кәсіпкерлік қауіпсіздігі мен денсаулық сақтау әкімшілігі жұмысшыларды жұмыс уақытындағы қауіп-қатерден қорғайды; Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі агенттік ауа мен судың ластанбауын қадағалайды.

Өткен ғасырдың соңғы үш он жылдығында американдықтардың реттеуге деген көзқарастары едәуір өзгерді. 1970-ші жылдардан бастап саясаткерлер экономикалық реттеулер әуе және жүк тасымалдау саласында тиімсіз компанияларды тұтынушыға зиян келтіріп қолдайтынына абыржи бастады. Сол уақытта технологиялық өзгерістер кезінде табиғи монополия саналатын телекоммуникаңия сияқты кейбір салаларда жаңа бәсекелестіктер тудырды. Бұның бәрі жеңілдетілген заңдар үрдісіне әкелді.

1970-ші, 1980-ші және 1990-шы жылдары екі саяси кампаниялардың басшылары экономикалық реттеу ауқымын азайтудың жақтаушылары болғанымен, әлеуметтік мақсаттарға жету үшін жасалған әрекеттер жөнінде келіспеушіліктер болды. Әлеуметтік реттеудің Ұлы Депрессиядан кейінгі, Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде, сондай-ақ, 1960-шы, 1970-ші жылдары маңызы артты. Алайда,Рональд Рейган презенденті құрып тұрған 1980-ші жылдары үкімет экономикалық реттеулер еркін кәсіпкерлікке кедергі тудырады және бизнес құнының жоғарлауы инфляцияға әкеледі деп жұмысшыларды, түтынушыларды, қоршаған ортаны қорғау шараларынан бас тартты. Осы уақытқа дейін көптеген американдықтар ерекше жағдайлар мен ағымдар жайлы қобалжу танытады, өйткені олар үкіметтің кейбір салаларда, қоршаған ортаны қорғау секілді, жаңа нормаларды шығаруға мәжбүр етеді.

Кейбір азаматтар өз сайлаған өкілдері белгілі бір мәселе айналасында жедел және мұқият жұмыс атқармағанын сезсе, сотқа жүгінетін. Мысалы, 1990-шы жылдары жеке адамдар мен үкімет темекі шегудің денсаулыққа тигізген зияны үшін темекі шығаратын компаниялармен соттасты. Сөйтіп, темекі шегуден болған дерттерді емдеу құнын өтеу үшін штаттарды ұзақ мерзім ақшамен қамтамасыз етіп тұрған ірі қаржы құрылымдары жұмыс істеді.

Үкімет көптеген тікелей қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Мысалы, федералдық үкімет ұлттық қауіпсіздікті, космостық зерттеулерді, жаңа өнімнің пайда болуына әкелетін зерттеулерді, жүмысшылардың кәсіпкерлігін арттыратын бағдарламаларды қаржыландыра ды. Үкімет шығындары жергілікті, аймақтық экономикаларға, тіпті ел экономикасының қарқынына да әсерін тигізеді. Штаттар үкіметі жол қүрылысы мен көптеген жолдар- дың қалыпты жағдайда болуын қадағалайды. Штатқалаграфство әкімшіліктері қоғамдық мектептерді қаржыландыруда маңызды рөл атқарады. Жергілікті үкімет негізінен өрт қауіпсіздігі, полиция қызметіне жауап береді. Осы салалардың әрқайсысына жұмсалған үкімет шығыны жергілікті экономи- каға әсер еткенмен, федералдық шешімдердің экономикадағы әсері көбірек.

1997 жылы федералдық штаттық және жергілікті шығындар ішкі жалпы өнімнің 18 пайызын құрады.Сонымен қатар үкімет бизнес пен қатар жекелей азаматтарға әртүрлі көмек көрсетеді. Ол студенттерге оқу үшін несие, кіші бизнес кәсіпорындарына техникалық көмек пен төмен пайызды несие бөледі. Үкімет демейтін кәсіпорындар кредиторлардан ипотекалық бекітпелерді сатып алып, оларды құнды қағазға айналдырады, оны инвесторлардың сатып алуға немесе сатып жіберуге мүмкіндігі бар, бүл шаралар үйлерді жалға беруді күшейтеді. Үкімет импортты шектейтін шет елдердің саудалық барьерлерін болдырмау үшін экспортта белсенді түрде алға жылжытады.

Үкімет өздерін қамтамасыз ете алмайтын жеке адамдарды қолдайды. Жұмыс берушілер мен жүмысшылар салығымен қаржыландыратын әлеуметтік қамсыздандыру американдықтардың зейнетақы кірістің көп бөлігін құрайды. «Медикэр» бағдарламасы қарттарға көрсетілетін медициналық қызмет қүнының көп бөлігін мойнына алады. «Медикэйд» бағдарламасы табысы төмен отбасыларына медициналық көмек көрсетуді қаржыландырады. Көптеген штаттарда үкімет жан-дүниесі ауыратын немесе ауыр сырқаттарға ұшыраған адамдарға арнаулы мекемелер ашқан. Федералдық үкімет кедей отбасыларына азық-түлікпен жәрдем береді және де федералдық және штат үкіметтері бірге отырып, табысы төмен бала-шағалы ата-аналарды қолдау үшін әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз етеді.

Бұл бағдарламалардың көпшілігі, Әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламасын қоса алғанда, өз түбірін 1933-1945 жылдар аралығында АҚШ президенті қызметін атқарған Франклин Рузвельттің «Жаңа Бағыт» бағдарламасынан тамырландырылады. Рузвельт реформаларындағы негізгі түйін-кедейшілік адамгершілік азғындаудан емес, керісінше, әлеуметтік және экономикалық себептердің нәтижесі болып табылады деген сенім. Бұл көзқарас табысқа жету - Құдайдың рахымынан, жолдың болмауы - Құдайдың қахарынан деп түсінетін Көне Англияда қалыптасқан қоғамдық ұғымдарды теріске шығарды. Бұл америкалық әлеуметтік-экономикалық ақыл-ойдың маңызды өзгерісінің көрінісі еді. Дегенмен, әлеуметтік қамтамасыз ету төңірегіндегі мәселелерге қатысты пікірталастарда ескі көзқарастардың жаңғырығы бүгін де байқалып қалады.

Медикэр мен Медикейдті қоса алғанда жеке адамдарға және отбасыларға көмек көрсетуге арналған көптеген бағдарламалар Линдон Джонсон президент болып тұрған (1963-1969) кезеңде 1960-шы жылдары «Кедейшілікпен күрестен» бастау алған болатын. Бүл бағдарламалардың кейбіреулері 1990-шы жылдары қаржылық қиыншылықтарға тап болғанына және әртүрлі реформаларға ұшырағанына қарамастан Құрама Штаттардағы екі саяси партия тарапынан да күшті қолдау тауып отырды. Әрине жұмыссыздарды әлеуметтік түрғыдан қамтамасыз ету мәселені шешпейді, олардың кіріптарлығын арттыра түседі деген сыншылар да болды. Билл Клинтонның президенттік қызметі (1993-2001) кезінде 1996-шы жылы қабылданған әлеуметтік жүйені реформалауға қатысты заңдарға сәйкес адамдардың төлемдер алу мерзіміне шек қойылды.

ІІІ. АҚШ-ның Қазақстанмен және шет елдермен байланысы,қарым –қатынасы

3.1Қықаша шолу

Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынастың маңызы өте зор. 1991 жылғы 25 желтоқсанда АҚШ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін таныды. Қазіргі кезде АҚШ-Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы. 1997 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік бағдарламасы жасалды.

  Екі ел арасында Қарашығанақ кеніші жөнінде және Каспий қайранын бөлісу жөнінде келісімдерге қол қойылды.

  1999 жылғы желтоқсанда Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісімде – екі ел арасындағы серіктестікті одан ары дамыту, АҚШ-тың Қазақстанға демократиялық, экономикалық өркендеуде қолдау көрсету, аймақтық, ғаламдық негізде тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану сияқты мәселелер қаралды.

  АҚШ Қазақстанға мәдениет пен білімді дамыту саласында үлкен қолдау көрсетуде “Болашақ” бағдарламасы шеңберінде қазақстандық студенттер АҚШ, Франция, Германия оқу орындарында оқиды.

Қазіргі АҚШ Еуразияның жаңа ұлы державасы атануға ашық түрде талас жүргізіп отыр. АҚШ-тың жетекші саясаттанушыларының бірі, стратегиялық және халықаралық мәселелерді зерттеу орталығының кеңесшісі З. Бжензинскийдің пікірінше, «Американың әлемдік деңгейде жалғыз ұлы державалық рөлі Еуразияға қатысты толыққанды және ашық стратегия жасаудың қажеттілігін нық бекітіп отыр. Бжезинский алдымен АҚШ-тың Еуразияда саяси плюрализмді бекіту қажеттігін айтады. Ол үшін басымдық АҚШ-қа қарсы коалиция құрылудың мүмкіндігін жоққа шығаратын саяси әдістер мен дипломатиялық басқаруға берілуі тиіс. Еуразияны америкаландырудың екінші кезеңінде америкалық басқарумен трансеуразиялық қауіпсіздік жүйесін құруы мүмкін стратегиялық әріптестер пайда болуы керек. Ұзақ мерзімді жоспар бойынша, мұның бәрі ғаламдық деңгейдегі ұзақ саяси жауапкершілік жүйесінің негізі болуы мүмкін. Қазіргі саяси үдерістер зерттеушілерге әлемнің дамуын анықтайтын болашақтың түрлі жолын болжауға итермелейді. Алғашқысы ХХІ ғасырдың басында басталып, бірнеше онжылдықтарға созылатын АҚШ-тың күштілігімен сипатталады. Екінші сценарий АҚШ-тың ғаламдық деңгейдегі маңызды геосаяси бәсекелестерінің көшін бастаған Қытайдың немесе Еуро Одақтың әлемдік аренеаға шығуымен анықталады, бұл ретте әлем  биполярлық-екі полярлық әлемге айналады. Үшінші болжам ретінде көп полярлық жүйе алынады, Қытай, Германия, Ресей, Үндістан тәрізді елдер өзіндік аймақтарда әсер ете алатындай жол. Осы болжамдардың мемлекеттердің геосаяси мүдделерін жүзеге асыруда өзіндік тетіктерін ұсынады.

  АҚШ Қытаймен геосаяси тұрғыда тіл табысу үшін көптеген жолдарды қарастыруда. Олардың бірі ретінде Қытаймен шектесетін Қазақстан мен Моңғолия елдеріне ерекше назар аударуын атап өтуге болады. Қытаймен шекараласа Қазақстанға назарын аударуы түсінікті: шекаралас аймақта этникалық, мәдени-тарихи, діни сабақтасқан байланыс бар. Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық районында этникалық қазақтар көп шоғырланған. АҚШ-ты Қазақстанның көршісі деп атау қиын. Алайда, Орта Азиялық аймақтың геосаясаты туралы айтқанда, АҚШ-тың көреген «көзі» мен «ұзын қолын» ескермеу тағы да қиын. АҚШ соңғы екі-үш жыл көлемінде ғана өзінің аймақтық геосаяси көзқарастарын қайта қарастырып, Қазақстанға айрықша назар аудара бастады. Осыған дейін, Құрама Штаттардың геосаяси бағыты барлық Орталық Азия республикаларымен, Ауғанстанмен шектесетін Өзбекстанға бұрылып келген. Алайда, 2005 жылы Әндіжанда болған қанды қырғын Ташкент пен Вашингтонның қарым-қатынасын суытып, американдықтардың Астанаға қарай белсенді қадамдар жасауына мәжбүр етті. Бұған қатысты дәйектер де табыла кетті. Қазақстанға аймақтағы ең ірі американдық инвестиция құйылған, Қытаймен ұзақ шекарасы бар, мұнайдан басталатын мол табиғи қоры «Үлкен Орталық Азияны» құру жоспарын жеңілдетеді. Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынаста Қазақстанның негізгі мақсаты – супердержаваны өзінің аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қабілетін ең алдымен эконмикалық және диломатиялық әдіспен дәлелдеу, осы арқылы мәртебелі бонустар иелену.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]