
- •3.1Қысқаша шолу
- •1.1 Қысқаша шолу
- •2.1Ақш экономикасы
- •2.2 Жаңа ұлттық экономикасы
- •3.2 Қазақстан мен Америка қарым-қатынастары; Екі ел арасындағы жан-жақты байланыстардың мақсаты. Қарым-қатынастағы алғашқы қадамдар.
- •3.3 Қазақстан мен Америка қарым-қатынастары; Екі ел арасындағы жан-жақты байланыстардың мақсаты. Қарым-қатынастағы алғашқы қадамдар.
- •Қорытынды
АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІ
«Халықаралық экономикалық қатынастар және менеджмент» кафедрасы
Жаксылыков Гани Еркинович (326 топ)
Тақырып: «Америка Құрама Штаттары »
Курстық жұмыс
Мамандық:5В051000-Мемлекеттік және Жергілікті басқару
Біліктілік: Мемлекеттік және Жергілікті басқару бакалавры
Ғылыми жетекші:
Муратова Р.А. оқытушы
Алматы,2013жыл
ЖОСПАР
Кіріспе
І. Мемлекеттік теория және практика(пайда болуы, мемлекет туралы)
1.1 Қысқаша шолу
1.2 Басқару жүйесі
ІІ. Экономикалық көрсеткіштері
2.1АҚШ экономикасы
2.2 Жаңа ұлттық экономикасы
ІІІ. АҚШ-ның Қазақстанмен байланысы,қарым –қатынасы
3.1Қысқаша шолу
3.2Қазақстан мен Америка қарым-қатынастары; Екі ел арасындағы жан-жақты байланыстардың мақсаты. Қарым-қатынастағы алғашқы қадамдар.
3.3Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан Республикасының арасындағы экономикалық қатынастардың дамуы Қарым – қатынастың жаңа үрдiсi Тартылған инвестиция мен сауда саттықтың экономикалық қатынасы
Қорытынды
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі: Америка Құрама Штаттарының құрылуы, жетіліп дамуы, бүгінгі таңда АҚШ – тың қол жеткізген жетістіктерінің бастау осында.Әрбір ел өз тарихының басталуын білу қаже. Америка Құрама Штаттарының тарихын білу арқылы, біз бүгінгі таңда нақты қорытынды жасай аламыз. Осымен қатар Америка тарихына көптеген өзгерістер әкелген 1787 жылғы Конституция. Жаппай халық қозғалысы барлық жағынан айқындалып, ол тек ортақ өкіметтің әлсіздігін ғана емес, сондай – ақ оған төнген қауіпті де көрсетті. Сондықтан буржуазия мен плантаторлар мемлекеттік құрылысты, біріккен отарларды өзгертуге шешім қабылдады. Бұл жоспарды іске асыру Конвенттің құрылтайына тапсырылды да, ол 1787 жылы жиналды. 55 делегатының құрамына 24 қаржы қызметкері, 11 кеме ұстаушы, 15 құл иеленуші кірген. Конвент мәжілісі халықтан жасырын өткізілді. 1787 жылы Конституция саяси автономияны – штатты жоя алған жоқ. Бірақ оған күшті отарлық билікті қарсы қойды. Конфедерация толық федерацияға көшті. Негізінде Конвент жаңа Конституцияны жазу керек деген тапсырма алған жоқ. Олар Конфедерацияның баптарына кейбір өзгерістер кіргізуге тиісті болған. Ал олар жаңа Конституция жазып шығарды. Шынында Конвенттің жаңа Конституция жазуға құқығы жоқ болатын. Жұмыстың мақсаты: осы таңдап алған тақырым бойынша жұмыс жасаудағы мақсатым Америка Құрма Штаттарының тарихымен толық танысу, зерттеп, зерделеу және де АҚШ-ның басқару жүйесін танысып талқылау. Зерттеу міндеттері: таңдап алған тақырым бойынша зерттеу жұмыстарындағы мақсатыма жету үшін, төмендегідей міндеттер қойдым. - Америка Құрама Штаттарының тарихымен толық көлемде танысу; - Экономикалық көрсеткіштерімен танысу; - Америка Құрама Штаттарының мемлекет аралық қарым-қатынастарын баяндау;
І. Мемлекеттік теория және практика(пайда болуы, мемлекет туралы)
1.1 Қысқаша шолу
Америка Құрама Штаттары, АҚШ (ағылш. The United States of America, USA) — Батыс жарты шарындағы ірі ел. Оның барлық жері түгелдей дерлік Солтүстік Америкада. Шығысында Атлант мұхитымен, батысында Тынық мұхитпен шайылады. Солтүстікте Канадамен, оңтүстіктеМексикамен шектеседі.
АҚШ климаты біркелкі қоныржай және субтропикті болып келеді. Ал солтүстіктегі Аляска штатында қыстыгүні арктика суығы байқалып тұрады.
АҚШ – көптеген атақты тұлғалардың отаны. Соның ішінде аса көрнекті саяси қайраткерлер Бенджамин Франклин, Авраам Линкольн, Роберт Фултон, Томас Эдисон, Марк Твен және т.б. бар.
Америка Құрама Штаттары (АҚШ), Америка – Солтүстік Америкадағы мемлекет, федеративтік республика. Аумағы 9363,2 мың км². Халқы 302 млн. Астанасы – Вашингтон қаласы. Тұрғын халқының саны жағынан ірі қалалары: Нью-Йорк, Чикаго, Лос-Анджелес, Сан-Франциско,Филадельфия, Детройт, Бостон, Хьюстон, Вашингтон, Даллас, Питсбург, Балтимор, Сиэтл, т.б. 50 штат пен 1 федералдық (астаналық) округке бөлінеді. Бірімен-бірі шектесіп жатқан 48 штаттан және құрлықтың солтүстік-батысындағы Аляска, Тынық мұхиттың орталығындағы Гавай аралдарынан құрылған Гавай штаттарынан тұрады. Мемлекеттік тілі – ағылшын тілі. Халықтың 66%-ы – протестанттар, 26%-ға жуығы католиктер. Үкімет пен мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы орган – палата мен сенат өкілдерінен тұратын екі палаталы парламент (конгресс).
АҚШ аумағының басым көпшілігі Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа дейінгі ендік бағытта созылып жатқан қоңыржай және субтропиктік белдеуде орналасқан. Аляска штаты субарктика және арктикалық, ал Гавай штаты – Тынық мұхиттың тропиктік белдеуінде. Жер бедерінің 1/2-ін (елдің батысында) биік таулы жоталар мен таулы үстірттер алып жатыр. Кордильер мен Аппалачи тауларының аралығында елдің ішкі жазықтары (Орталық Ұлы жазықтар) орналасқан. Атлант мұхиты жағалауларын бойлап Атлант маңы және Мексика маңы ойпаттары жатыр. АҚШ-тағы ең биік тау – Аляска түбегіндегі Мак-Кинли (6193 м). Жер қойнауы кен байлықтары мен минералды шикізатқа өте бай. Оның ішінде темір, никель, кобальт, алтын, күміс, уран кентасы қоры жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орында. Тас көмір (Аппалачи таулары), мұнай мен газ (Мексика ойпаты, Ұлы жазық) табылған. Ал Кордильер таулары түсті және қара металл шикізаттарына бай келеді.
Қаңтар айының орташа температурасы Аляскада –18ӘС, Орталық жазықтың солтүстігінде –24,8ӘС. Елдің оңтүстік-батысында қаңтар айының орташа температурасы 12ӘС-тан, Флорида түбегінде 20ӘС-қа дейін жетеді. Шілде айының орташа температурасы батыс жағалауда 14 – 22ӘС, шығыста 16 – 22ӘС-қа дейін ауытқиды, ал орталығындағы жазық өңірлерде 32ӘС-қа дейін көтеріледі. Батыс жарты шардағы ең жоғарғы температура Ажал аңғарында (56,7ӘС) байқалды. Жауын-шашынның мөлшері Алясканың жел өтіндегі тау беткейлері мен Тынық мұхит жағалауында 3000 – 4000 мм; шығыс және теңіз жағалауы белдемінде 1000 – 2000 мм; Орталық жазықта 600 – 900 мм, Ұлы жазықта – 400 – 600 мм, Мохаве шөлінде (Ажал аңғары) – 100 мм-ден де аз. Жауын-шашынның көп мөлшері Гавай аралдарында (10000 мм). Ең ірі өзендері: Миссисипи (ұзындығы Миссури саласымен бірге 6420 км), Огайо, Колорадо, Колумбия, Рио-Гранде, Юкон. Көпшілігі Атлант және Тынық мұхит алабына жатады. Дүние жүзіне әйгілі көлдер жүйесін елдің солтүстік-шығысындағы Ұлы көлдер құрайды (Жоғарғы көл, Гурон, Мичиган, Эри, Онтарио). Олардың барлығы бір-бірімен жалғасып, 245 мың км² аумақты алып жатыр. Эри мен Онтарио көлдерін байланыстыратын Ниагара сарқырамасы осы тұста орналасқан. АҚШ аумағында 270-ке жуық мемлекет қорғауындағы табиғи аймақтар (ұлттық саябақтар, табиғат ескерткіштері, қорықтар) бар. Олардың ірілері: Йеллоустон, Йосемит, Секвойя, Гранд-Каньон, т.б.
Қазіргі АҚШ жерінде ежелден үнділер өмір сүрді. Христофор Колумб Американы ашқаннан кейін (1492—1503) 16 ғасырда Англия, Испания, Нидерланды, Франция, Швеция Солтүстік Американы отарлауға кірісті. 18 ғасырдың 60-жылдарына қарай Англия Солтүстік Американы түгел дерлік басып алды. 17 ғасырдың басында Америкаға ауыр жұмыстарға пайдалану үшін Африкадан құлдар әкелу басталды. Отарлық қанаудың күшеюі тәуелсіздік жолындағы соғысты туғызды (1775 – 83). 1776 ж. 4-шілдеде Тәуелсіздік декларациясы қабылданды, онда АҚШ-тың құрылғандығы жарияланды. 13 ағылшын отары бірігіп, дербес мемлекетке айналды, 1-Америка-буржуазиялық революциясы деп аталған тәуелсіздік соғысында Англия жеңіліс тапты. 1783 ж. бітім шарты бойынша Англия АҚШ-тың тәуелсіздігін мойындады. 1787 ж. АҚШ Конституциясы қабылданып, елдің бірінші президенті болып Джордж Вашингтон сайланды. 1776 ж. құрлық аралық конгресс қабылдаған Тәуелсіздік декларациясы жобасының авторы, қоғам құрылысын демократияландыруға үлкен үлес қосқан Томас Джефферсон 1800, 1804 ж. АҚШ президенті болып сайланды. Ол түрлі әлеуметтік топтардың арасында мәмілеге келтіру саясатын жүргізді. Кейбір реакциялық заңдарды жойып, армияны, флотты, мемлекеттік аппаратты қысқартты. Ресеймен дипломатиялық қатынас орнатты. 19 ғасырдың 1-жартысында АҚШ жері әжептәуір ұлғайды. 1803 ж. АҚШ Батыс Луизиананы, 1819 ж. Флориданы, 1867 ж. Алясканы қосып алды. 1823 ж. Монро доктринасы жарияланып, мұнда Америка және Еуропа бір-бірінің ішкі істеріне араласпауға тиісті деп көрсетілді. 1809 ж. елге құл әкелуге тыйым салынды. Алайда бұл іс жасырын түрде жалғаса берді. 1790 ж. АҚШ-та 760 мың зәңгі құл болса, 1860 ж. олар 4 млн-ға жетті. Ауыр езгіге және қорлауға шыдамаған құлдар көтерілістер жасады, солтүстікке қашты. Солтүстікте бірқатар штаттарда құлдық жойылды.
1-дүниежүзілік соғыста АҚШ Антанта жағында болды. Екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы Франклин Рузвельт әкімшілігінің реформалары АҚШ тарихында ерекше орын алды. «Жаңа бағыт» деп аталған осы реформалар елді ауыр экономикалық дағдарыстан шығарды және қоғамның демократиялық үлгісін қалыптастырды. Рузвельт сыртқы саясатта да өзгеріс жасады. Латын Америкасында «тату көршілік», Еуропада «оқшаулану», Азияда «ашық есіктер» саясатын жүргізді. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде АҚШ фашизмге қарсы мемлекеттер одағын құруға белсене қатысып, Тынық мұхитта, Еуропада, Африкада соғыс қимылдарын жүргізді. Соғысқа 1941 ж. 7 желтоқсанда кірісіп, 1945 ж. 2 қыркүйекте аяқтады. Соғыстан кейін АҚШ, КСРО бөлек-бөлек әскери-саяси одақтар құрып, дүние жүзін екі лагерьге бөлуді іске асырды. Осы «қырғи-қабақ соғыс» 80-жылдардың ортасына дейін созылды. Қазақстан егемендік алғаннан кейін АҚШ-пен дипломатиялық қатынастар орнатылды. АҚШ – экономикасы дамыған мемлекет. Жер қойнауы отын-энергетикалық шикізаттарға, темір, түсті металл қазбаларына, табиғи күкіртке, уран шикізаттарына, фосфориттерге, калий тұздарына, т.б. пайдалы кендерге бай. АҚШ мемлекеті өз жерінің табиғи байлықтарын бей-берекет пайдаланбай, ұқыптылықпен қарап, көп минералдық ресурстарды сырттан тасиды.
АҚШ өнеркәсібі – бүкіл экономиканың жетекші саласы. Оның энергиялық балансында мұнай мен газ маңызды орын алады, ауыр және жеңіл өнеркәсібі өркендеген. Машина жасау өнеркәсібі автомобиль, авиация электр техникасы салаларына түрлі жабдықтар өндіреді. Атом өнеркәсібі, тоқыма және тігін өнеркәсібі айрықша дамыған. АҚШ-тың ауыл шаруашылығында механикаландырылған фермерлік шаруашылықтар жетекші рөл атқарады. Онда өндірілетін негізгі дақылдарға бидай, арпа, сұлы, қара бидай, жүгері, соя бұршақтар, картоп, қант қызылшасы, мақта жатады. Мал шаруашылығында сиыр, шошқа, қой өсіріледі, тауық пен күрке тауық өсіру жаппай дамыған. АҚШ-тың бір жылғы ұлттық табысы жан басына шаққанда 25 мың долларға жуық. Негізгі сауда серіктестіктері – Батыс Еуропа елдері, Канада, Мексика, Жапония. АҚШ-пен Қазақстанның экономикалық байланысы 20 ғасырдың 90-жылдарында дами бастады. Ондаған американ фирмалары мен кәсіпкерлері және белгілі банкілер Қазақстанда түрлі салалар бойынша жұмыс істейді (мысалы, мұнай өндірумен айналысатын «Шеврон», «Shell», «Мобиль» компаниялары мен «Prіse Waterhause» есеп аудит консалингтік компаниясы, т.б.).
1.2 Басқару жүйесі
АҚШ үкіметі үш тармаққа бөлінеді:
Заң шығарушы: АҚШ Парламенті — Конгресс деп аталады. Конгресс тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенаттан және Өкілдер Палатасынан тұрады.
Атқарушы: АҚШ Президенті — мемлекеттің басшысы, бас әскери қолбасшы, ол заң жобасын жою құқығына ие болады
Сот: Жоғарғы Соты және федералдық соттар
АҚШ-да екі бас партия бар:
Демократиялық партиясы — 1824 ж. құрылған. Джон Кеннеди, Билл Клинтон, Барак Обама осы партияның мүшелері.
Республикалық партиясы — 1854 ж. құрылған. Джордж Буш, Рональд Рейган осы партияның мүшелері. Әкімшілік құрылысы Штаттар : Айдахо (ID) Айова (IA) Алабама (AL) Аляска (AK) Аризона (AZ) Арканзас (AR) Вайоминг (WY) Вашингтон (WA) Вермонт (VT) Вирджиния (VA) Висконсин (WI) Гавай (HI) Делавер (DE) Джорджиа (GA) Батыс Вирджиния (WV) Иллиноис (IL) Индиана (IN) Калифорния (CA) Канзас (KZ) Кентукки (KY) Колорадо (CO) Коннектикут (CT) Луизиана (LA) Массачусетс (MA) Миннесота (MN) Миссисипи (MS) Миссури (MD) Мичиган (MI) Монтана (MT) Мэн (ME) Мэрилэнд (MD) Небраска (NE) Невада (NV) Нью-Гэмпшир (NH) Нью-Джерси (NJ) Нью-Йорк (NY) Нью-Мексико (NM) Огайо (OH) Оклахома (OK) Орегон (OR) Пенсильвания (PA) Род-Айленд (RI) ;Солтүстік Дакота (ND) ;Солтүстік Каролина (NC) Теннесси (TN) ;Техас (TX) ;Флорида (FL) Оңтүстік Дакота (SD) ;Оңтүстік Каролина (SC) ;Юта (UT)
ІІ. Экономикалық көрсеткіштері