- •§ 1. Кіріспе: «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны. «Алаш» ұғымының жаңғыруы мен жандануы
- •3. Тапсырма.
- •1. Тапсырма
- •3 Тапсырма.
- •9 Тапсырма. Кестені толтыр:
- •10 Тапсырма.
- •1 Тапсырма. Сұрақтар мен тапсырмалар:
- •2 Тапсырма. Венн диаграммасын орында.
- •Азаматтық қарсыласу кезеңінде
- •Барысындағы қызметі
- •3. Сұрақтарға жауап бер.
- •§22. Алашорда қозғалысы қайраткерлерінің кеңестік Қазақстан тұсындағы қоғамдық саяси қызметтері
- •§23. Большевиктік үкімет тұсындағы Алаш қозғалысын қаралау саясаты
- •§24. Кеңес өкіметі жылдарындағы Алаш туралы таным- түсінік эволюциясы
- •3 Тапсырма. Мәтінмен жұмыс.
- •§25. Ел тарихында Алаш қайраткерлері есімдерінің жаңғыртылуы
- •2 Тапсырма.
- •§26. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан ұлттық қозғалыс көсемі
- •Тапсырма.
- •Тапсырма.
- •§27. Алаш қайраткерлерінің ағартушылық саласындағы қызметі және ғылыми ізденістері
- •§28. Алаш зиялыларының Түркістан кезеңі
- •§29. Алаш зиялыларының мәдени ұйымдары және олардың маңызы
- •1 Тапсырма. Кесте толтыр
- •30. «Алаш» баспасөзі және қазақ қоғамы: «Қазақ» газеті (1913-1918жж)
- •2 Тапсырма. Қазақ газетінің қазақ қоғамындағы ролі.
- •§33. Алаш қозғалысындағы Кереку өңірінің тұлғалары
Тапсырма.
«Әлихан Бөкейхановтың саяси қоғамдық қызметі» тақырыбына эссе жазыңдар.
Тапсырма.
Әлихан Бөкейхановтың шежіресін қарастырып келіңдер.
§27. Алаш қайраткерлерінің ағартушылық саласындағы қызметі және ғылыми ізденістері
1 тапсырма. Суреттердегі таныған тұлғалардың есімін жазып, тарихын баянда:
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мұхамеджан Тынышбайұлы, теміржол инженері, тарихшы, Алаш қайраткері, әрі Түркістан мұхтариятының (Қоқан автономиясының) бірінші төрағасы. "Қазақ" газеті авторларының бірі.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
§28. Алаш зиялыларының Түркістан кезеңі
Халел Досмұхамедұлы (1883-1939), "Алаш" қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. «Қазақ» газеті авторларының бірі.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
1тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Тексті оқып, мазмұндап, сұрақтар құрастыр.
Бүкілқазақтық 2-съезде автономияны жариялау мерзімі жөнінде қызу айтыстар болды. Бұл айтыстардың негізінде қазақ автономиясын жариялауға байланысты өлкені мекендеген қазақ емес халықтардың (ең алдымен орыстардың) пікірін білу және жариялауға тиісті автономияға Түркістан өлкесін мекендеген оңт. қазақтарының қосылу-қосылмау мәселесін нақтылы шешу қажеттігі жатты. Бұл мәселеде бір-біріне қарама-қайшы екі бағыт қалыптасты. Бір бағытты Ә.Бөкейханов басқарды. Оны жақтаушылар съезде өкілдері болмаған Қазақстанды мекендейтін орыстардың еркін білмейінше автономия жариялауды кідірте тұру қажет деді. Ж.Досмұхамедов бастаған Орал обл. мен Бөкей Ордасының өкілдері автономияны дереу жариялауды қажет деп санады. Дегенмен ұлттық, жалпыхалықтық мүддені жеке бастарының саяси ұпай жинауынан жоғары қойған Ә.Бөкейханов пен Ж.Досмұхамедовтың жақтастары Алаш автономиясын жариялау мерзімі туралы ортақ, ымыралы келісімге келді. Екі жақтың көзқарастарын жақындатуға алғашында бүкіл қазақ жерін Түркістан (“Қоқан”) автономиясының құрамына енуін жақтаған, ал соңынан бұл пікірінен бас тартқан Мұстафа Шоқай оңды рөл атқарды. Съезд қабылдаған ымыралы қаулының негізгі баптары мыналар еді: “1) Бір айдың ішінде Алашорда Түркістан қазағын бүкіл Алашқа қосып алады, қосып алса-алмаса да бір айдан кейін халыққа білдіреді... 2) Егер бір айдан кейін Алаш баласы (қазақтар - К.Н.) қосылмаса һәм қалған Алашқа иғлан (жария - К.Н.) етілмесе, әркім өз күнін өзі көреді. 3) Егер Түркістан қазағы бір айда бізге қосылса, автономияны қашан иғлан ету ықтияры Алашордаға берілсін”.
«Талап» қоғамының мақсаттары мен міндеттері Халық ағарту комиссариатының Мемлекеттік ғылыми кеңесінің бекітуіне ұсынылған 1922 жылдың 4 желтоқсанындағы «Қазақ мәдениетін көркейтушілердің «Талап» қоғамының» жарғысында белгіленді. Жарғының толық мәтіні 1923 жылы «Сана» журналының бірінші санында жарияланды. Онда «Талап-тың» мақсаты «Қазақ-қырғыз халқының мәдениетінің өркендеуіне жәрдем келтіру» деп айқындалып, нақты міндет белгілеген болатын.
Кеңестік билік жағдайында қазақ зиялылары «Талап» қоғамының қызметі арқылы елдегі сауатсыздықты жойып, әдебиет пен тілді, ұлттың тарихын зерттеу, ұлт мәдениетін өркениетті деңгейге жеткізуді мақсат тұтты. Осындай шаралардың қатарында зиялылар арасында әр апта сайын тұрақты түрде әртүрлі өзекті тақырыптарда талқылаулар, дәрістер өткізілді. Айталық, түркі моңғол тарихы бойынша М.Тынышпаев екі рет дәріс оқыса, қазақ әдебиетінің дамуы жайында М.Әуезов, археология мәліметтеріне сүйене отырып, Түркістанды мекендеген халықтар туралы Х.Досмұхамедов, ауылдағы халық ағарту ісінің мәселелері бойынша С.Қожанов, Ы.Алтынсариннің өмірі мен қызметіне М.Есболов, Абайдың шығармашылық мұрасына арнап М.Жұмабаев дәріс оқыған.
